Материалдар / «Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!»

«Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын тақырыбында ашық тәрбие сағаты ворд, слайд нұсқасында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2024
110
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:________________

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мектеп

Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицей

Сынып жетекші

Айғалиев Ербол

Күні

04.12.2023

Сыныбы

10 «Б»

Тақырыбы

«Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!»

Сабақтың мақсаты

Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Құндылығы

Халыққа адал қызмет ету

Ресурстар

Слайдтар, суреттер, қанатты сөздер.

Тәрбие сағатының түрі

Шығармашылық жұмыс

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын, т.б.

Барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Басы

5 минут


І.Ұйымдастыру.

II.Кіріспе.

III. «Тәуелсіздік белгілері – рәміздер» (сұрақ-жауап)

IV. «Кім жылдам?» (мақал-мәтел)

V. «Жылдар сөйлейді»

VI. «Кітап – ақылшы дос».

VII. «Жұмбақ кейіпкер»

VIII. Рефлексия.

ІX. Қорытындылау.


І. Ұйымдастыру:

a) Сәлемдесу;


Топқа бөлінеді..

Ортасы
35 минут

ІІ. Кіріспе. Әнұран орындалады.

Мұғалім: 

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!


         Армысыздар қадірменді ұстаздар, оқушылар! Дүниеде тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халық та жоқ. Тарихқа зерделеп қарасақ, ата-бабаларымыз ел үшін, жер үшін, ел тәуелсіздігі үшін күресті. Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы – атамекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу, қастерлеу. Міне біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына 31 жыл толып отыр. Тәуелсіздік әрине, оңай жолмен келген жоқ. Көшпелі ата-бабаларымыз 3 нәрсенібойтұмардай сақтап келген. Олар: елі, жері, ана тілі. Осы үшеуінсіз қай халық болса да, егемен ел екендігін дәлелдей алмайды. Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы дей отырып, бүгінгі біздің «Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!» тақырыбындағы танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


І топтың сұрақтары

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ата. Ту, Елтаңба, Гимн
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі?Көк, сары
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты?Екі рет
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі.Жұлдыз

5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай?2: 1

6. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. Елтаңба

7.«EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай? (Болашақ қуаты, энергиясы)

8.«Қазақстан — 2050» бағдарламасы қабылданған жыл? (Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)

9.1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ақталуына төрағалық еткен ақын, қоғам қайраткері? (Мұхтар Шаханов)

ІІ топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл?1992 жыл
2. Мемлекеттік рәміздер күні.4 маусым
3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс. Қыран бүркіт
4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар. Қанатты пырақ
5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды?Ел президентін ұлықтау рәсімінде

6. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)

7.Желтоқсан оқиғасына байланысты қандай кинолар бар?
“Аллажар”,“Қызғыш құс”.

8.Жасында Төле бидің түйесін баққан хан кім?
(Абылай хан)

9. Қазақстанның жаңа әнұраны қашан, қай жерде тұңғыш орындалды?

(2006 жылы 11 қаңтарда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың лауазымын ұлықтау рәсімінде)

ІІІ топтың сұрақтары

1.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады.   (Әнұран)

2. Мемлекеттік Әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

3. Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)

4. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

5.Астана Ақмолаға қай жылы көшірілді? 1997ж.

6.Еліміздің Тәуелсіздік алуына себеп болған қандай оқиға? 1986ж. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы.

7.Қазақ хандығы ту тіккен жер (Қозыбасы)

8.ҚР –ның астаналары болған қалаларды ата. (Орынбор, Қызылорда-Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола)

9.Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Компартия Орталық комитетінің І хатшысы қызметін атқарушы, еліміздің іргесін нықтап, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан? (Д.А.Қонаев)


«Кім жылдам?» (мақал-мәтел)

Бұл бөлімде сандарды өсу ретімен орналастыру арқылы мақал-мәтелді табады. Сол мақалдың мағынасын түсіндіреді.

А- 13,А-18, А-20, А-25, О-11,О-22,Л-32,Л-35,Ы-16,Ы-28,Т-12,Н-14, Н-26,Ұ-31,Ұ-34,С-15,С-27,М-21,М-24,Р-23,Б-30,Б-33,Д-19,З-17, З-29

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

А-13,А-18,А-22,А-25,А-28, А-30,О-11,О-15,Т-12,Т-16,Т-27,Н-14,Н-21,Н-23,Б-17,Б-24,С-19,С-26,Д-31,Ы-20,Ы-32,Л-29

Отан отбасынан басталады.


«Жылдар сөйлейді»

Бұл турда тақтаға жылдар мен оқиғалар ілініп тұрады. Оқушылар қай жылда қандай оқиға болғандығын сәйкескендіріп, магнитпен іледі.
1991 жылы –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды. Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубакиров ғарышқа ұшты.
1992 жылы 4 маусымда
Қ. Р Мемлекеттік Рәміздері қабылданды. Қазақстан БҰҰ мүше болды.
1993 жылы 15 қарашада Қ.Р- ң Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді. Ең алғаш конституция осы жылы қабылданды.
1994 жылы –Халықаралық Отбасы жылы» деп жарияланды. Екінші қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев ғарышқа ұшты.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің Ата Заңы – Конституция қабылданды. Абай жылы болып жарияланды. 
1996 жылы 9 желтоқсанда желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Қазақстан парламентінің бірініші сессиясы болды.

1997 жылы -Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы. Тіл туралы заң қабылданды.

1998 жылы-Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы. Ел астанасы Ақмола қалдасына көшті.

1999 жылы-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы. Н.Назарбаев президент болып сайланды.

2000жылы - Мәдениетті қолдау жылы. Түркістан қаласының 1500 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.


2006 жыл 7 қаңтар – Әнұранның жаңа нұсқасы қабылданды.


«Кітап – ақылшы дос».



Picture 8 Picture 6



«Жұмбақ кейіпкер»

Бұл турда оқушылар ұяшықты таңдау арқылы, жұмбақ кейіпкердің кім екенін табу керек және ол туралы аз ғана мағлұмат айтуы қажет.

1-ұяшық. Нұрсұлтан Назарбаев

2-ұяшық. Ляззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков

3-ұяшық. Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов

4-ұяшық. Қазбек би, Төле би, Әйтеке би

5-ұяшық. Әлия мен Мәншүк

6-ұяшық. Абылай хан

























Оқушылар сұрақтарға жауап береді.















































Сандарды өсу ретімен орналастыру арқылы мақал-мәтелді табады. Сол мақалдың мағынасын түсіндіреді.





Жыллар мен оқиғаларды сәйкестендіреді





















Кітаптың авторы немесе кітаптың атауы жасылады. Жасырылға авторды, кітап авторын табу





















Соңы
5 минут

IX. Рефлексия.

Қызыл – маған сынып сағаты ұнады, мен барлығын түсіндім.

Көк – маған сынып сағаты ұнады, бірақ мен толық түсінбедім.

Сары – маған ұнамады, мен ештеңе түсінбедім.

Осы берілген түстерді таңдай отырып оқушылар өз ойларын білдірген стикерлерін жабыстырады


X. Қорытындылау.


Жеңімпаз топ анықталады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ