Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жер-ана" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жер-ана 4сынып

Құндылық:ақиқат

Қасиеттер: қамқорлық ,қадірлеу,адамгершілік

Сабақтың мақсаты: «Жер»ұғымының құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу

Міндеттері:

-жердің адам өміріндегі маңыздылығын ашу

-жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастарын дамыту

-жерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Ресурстар: \құралдар,

мәліметтер\

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті:  (Музыка)
«Ғажайып көл»

- Балалар тыныштық сәтінде сендердің көз алдарына не елестеді?
- Сендер қандай жерде бодында деп ойлайсыңдар?

-Қандай сезім пайда болды?

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді

Үнтаспа

Релаксация жаттығулар кітапшасы.




3. Дәйексөз. 4 сынып: «Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз»

Р.Сәтімбекұлы

-Табиғат жаратылысы,құбылыстарытіршілігі-оның тынысы деп аталады.Олардың барлығы адам жанына саулық береді.Жан саулығы-денсаулығыңның негізі.Ал табиғатқа не кіреді?.................Сондықтан да,балалар,табиғатты біз қорғауымыз керек.Жер де табиғаттың бөлшегі.Жер-бәріміздің анамыз.Онсыз тіршілік жоқ.Өткені.....Жер-бәрімізідің асыфраушысы.Өткені.... .Жер-анамыз дейтін себебіміз....Өткені....


4. Әңгімелеу: Өсиет әңгіме

Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық, қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.

Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болыпты.

Үлкен ұлы денсаулық­тың мекенін табиғаттың “Саялы орманынан”, ортаншы ұлы денсаулық­тың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен, ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.

Ұлдарына дән риза болған қария, үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты.

Қария бақытты да баянды, ұзақ ғұмыр кешіпті.

·     Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?

·     «Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?

Оқулық,106бет.

5. Шығармашылық жұмыс. –Балалар,мен қазір тақтаға дөңгелек жасыл қағаз ілемін.Бұл біздің жеріміз.Ал сендер жердің көркейіп,сұлуланып,тіршілікке енуі үшін жұмыла жұмыс жасаңдар.Алдарыңда жатқан қағаздардан жерде тіршілік ететін жерге көрік беретін тіршілік иелерінің суретін салып,коллаж дайындаңдар.

Қорыту:-Міне,балалар,халқымыз «Жақсы болсаң жердей бол,бәрін шыдап көтерген»деген.Жер-анамыз бізге өмір сыйлады.Баршаға қорек береді,өсіреді,көркейтеді.Неғұрлым жеріміз таза болса,соғұрлым адамзаттың дені сау болады.


6. Топпен ән айту. Көктем

Сөзін жазған: Қ.Сыдықов Әнін жазған: А.Жайымов

Көктем келіп шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау,алақай!

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.

Ля-ля-ля-ля, Ля-ля-ля-ля

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.


Дала гүлге толыпты,

Аққу көлге қоныпты.

Алақай-ау,алақай!

Көктем қандай,

Көктем қандай көрікті.

Ля-ля-ля-ля, Ля-ля-ля-ля

Көктем қандай,

Көктем қандай көрікті.

үнтаспан

7. Үй тапсырмасы. Дәптер 41 бет

«Өзін-өзі тану» дәптері 4сынып

8. Соңғы тыныштық сәті. Көздерімізді жұмамыз,бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Көріскенше !

Үнтаспадан жай музыка ойнату.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2019
1253
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12