400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жер Ана - өз үйім

Материал туралы қысқаша түсінік
әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларына, мектеп оқушыларына қажет материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының

аға оқытушылары Үсенбекова Айнагүл Ермекбаевна

Сандыкбаева Өриккүл Дүисеновна



Жер Ана – өз үйім


Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «Жер Ана – өз үйім» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті. Бұл іс – шараға Қытай Халық республикасынан, Өзбекстан Республикасынан, Монғолиядан, Ираннан келген, білім алушы оралман тыңдармандар қатысты. Олар болашақта биолог, тарихшы, эколог және медицина саласы қызметкерлері мамандығын таңдаған жастар. Іс шараға университетіміздің биология факультетінің РһD докторы Нурмаханова Акмарал Садыковна қонаққа шақырылды.

Дөңгелек үстел Жер Ана – барлық адамзаттың бесігі, оның жалғыз екендігі, оны қорғау, аялау біздің борышымыз екендігі туралы видеофильм көрсетілімінен басталды.

Ақмарал Садыковна өз кезегінде ҚазҰУ туралы, оның әлімдік деңгейдегі орны, тарихы туралы айтып өтті. Биология факультетінің қысқаша тарихымен, оның құрамындағы кафедралар туралы әңгімеледі. Сонымен қатар биология пәнін таңдау кезінде Қазақстанда қандай мамандыққа жол ашылатыдығы туралы да айтып өтті.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер:

  • Дүниежүзілік мұхит проблемасы

  • Озон қабатының ыдыраулары

  • Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жойылу себептері

  • Пайдалы қазбалардың азаюы

  • Атмосфераның ластануы

  • Ғаламдық жылу эффектісі

  • Табиғаттқа антропогендік әсерлер

  • Жер қыртысы беті – топырақ қабатының ластануы туралы деректерге сүйеніп тыңдаушылар баяндамаларын оқып, сұрақтар арқылы талқыланы.

Генофондтың жойыла бастауы Ғаламдағы ең ауқымды экологиялық проблема болып табылады. Американдық ғалымдардың зерттеу қорытындысы бойынша саңғы 200 жылда 900 000 түрлі өсімдік пен жануар түрі жер бетінен жоғалған екен. ТМД елдері территориясында генофондтың 10-12% қысқарған. Түрлердің қысқаруының басты себебінің бірі – урбандалудың қарқынды дамуы, ауыл шаруашылығына жерлерді пайдаланудың кеңеюі, орманның кесілуі, өсімдіктер мен жануарлардың табиғи тіршілік ортасының тарылуы. Соңғы 20 жылда 200 млн га орман қышқылды жаңбырлар әсерінен жойылған. Ал, Планета өкпесі болып саналатын тропик ормандарына экологиялық ластану қаупі жоқ емес.

Пайдалы қазбаларды өндірудің негізгі саласы мұнай өндіру, соңғы 10-15 жылда адамзатқа белгілі өндірілген мұнай мөлшерінің 50% тиесілі екенін айта аламыз.

Дүниежүзілік мұхиттың адамзатқа берері мол:

  • Әлемдегі жануартекті нәруызды азықтың 1/6-ін береді

  • Мұхит қойнауындағы фитопланктондар әлемдегі оттегінің 70% фотосинтез кезінде бөліп шығарады, т.б.

Дүниежүзілік мұхиттың химиялық ластануы да алаңдататын өту ауқымды проблема болып отыр. ХХ ғасыр барысында мұхитқа өте көп мөлшерде химия өнеркәсібі мен әскери өндірістің синтетикалық ерімейтін қалдықтары төгілген.

Атмосфераның ластануы глобалды проблема – қышқылды жауындар соның салдары. Озон қабатыныңдағы ауқымды ыдыраған тесіктер туралы ғалымдар өткен ғасырларда ақ дабыл қаққан болатын. Осындай табиғаттың әлемдік деңгейдегі ластану мәселелері талқыланып, тыңдармандар өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында ҚХР – ның және Қазақстанның экологиялық алаңдатушы аймақтары талқыланып, ғылыми деректер, зерттеулер қорытындыларын тілге тиек етіп, әңгіме өрбіттік. Тыңдармандарды Жер Анамыздың қазіргі экологиялық ахуалы – ауқымды жылыну, озон қабатының тесілуі, тұщы су мәселелері алаңдататынын, оған жаны ашитынын білдірді. Белсенді тыңдармандар – Құрманәлі Гүлнар, Арабов Маруфджон, Сағатбек Данияр, Нұртолқын Қайнар экологиялық мәселелер туралы ғылыми әдебиеттерден ізденіп дәлелді мысалдар келтіріп, ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, Қазақстан мен ҚХР – ның экологиялық асқынған аймақтары туралы айтылып оны шешу жолдары туралы да ойларымен бөлісті. Экологиялық мәселелердің жалпы адамзатқа ортақ «ауру» екендігі, Жер Ананы аялау, қорғау қажеттігі барлық буын өкілдеріне аманат екендігін түсінді. Соңында ғаламдық экологиялық проблемаларды ғалымдардың пікірі бойынша шешу жолдары:

1.Халық санының артуын шектеу

2.Энергияны пайдалану мөлшерін қысқарту

3.қалдықтар мөлшерін азайту

4.қайта қалпына келетін экологиялық таза энергияны пайдалануға көшу

5.Ауасы өте ластанған аудандарды тазарту туралы талқылап ой бөлісті. Сабақтың соңында Жер Ананы аялау, қорғау әрбір адамзаттың борышы екенін тыңдармандар жете түсінді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.12.2018
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12