400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жер ана туралы мысал» әдеби-сазды қойылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жер ана туралы мысал» әдеби-сазды театралдық қойылымы, экологияны қорғау бойынша.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Шардара қаласы

М.Горький атындағы ЖББМ

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Найманова А.А.

«Жер ана туралы мысал» әдеби-сазды қойылымы

Музыка

Слайд

Қойылым

Қатысушылар



Құстардың сайрағаны, жел, сылдыраған судың дыбысы

1 минут


«Хафиз» күйі


«Шабыт» биінен қимылдар























«Добро и зло» биіндегі музыка

ютуб


Күркіреген найзағай дыбысы

Қорынышты музыка



Жер шары


Көркем табиғат,

Қазақстанның көрікті табиғаты:


Қос аққудың суреті немесе видеосы




Бақытты отбасы суреті


Жер шарында адам санының көп екенін көрсететін сурет


Еңбек даласы, жер жыртқан адамдар, құрылыс алаңындағы адамдар

Қоқыс-қалдықтар

Жан-жануарлардың қырылуы

Қазып алынған шұқыр жерлер, шахта

Мұнай алу, алтын қазу

Зауыт түтіндері

Лас су


Найзағай, өртенген орман, су тасқыны, цунами, жер сілкінісі видеосы


Жер ана туралы мысал

Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады


Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды.

Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.

Уақыт өте келе олар балалы болды


Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздері де нәресте сүйді, бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді, алыстай бері....



Жер ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңірадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.
Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинады, бірақ арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.

Ал Жер ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, Тәңірадамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті.


Ортаға Жер ана болып қыз шығады, табиғатқа қуанғандай билеп, айналып жүреді (қасына еріп, құстар да билейді)




Тәңірадам кейіпіндегі ер бала шығады, Жер анамен қол ұстасып айналады.



Құстар себетпен нәрестені әкеліп береді

Құндақтаулы қуыршақ баланы ұстап, бақытты отбасын құрғанын көрсетеді.


Жер Ана мен Тәңірадам сахнадан шығып кетеді

Ақ киімді қыздар сахынадан айналып өтеді

Қара киімді қыздар айналып өтеді


«Добро и зло» биі арқылы адамдардың жақсылық пен жамандықтың шайқасын көрсетеді










Найзағай, өртенген орман, су тасқыны, цунами, жер сілкінісі видеосы


Ақ киімді, қара киімді қыздар сахына төрінде табиғат құдіретінен қорқып, кешірім сұраған қимыл көрсетіп, қатып қалады

Жер ананың дауысы жаңғырып шығады


Жер шары










Семейдегі ядролық жарылыс

Кеуіп кеткен Арал теңізі

Соғыс, адамдардың бір-бірін қыруы

Жер сілкінісі

Өртке оранған дала

Су тасқыны, цунами











Жер-ана:
-Ей, адамдар, дүниенің төрт бұрышында өмір кешкен адамдар, сендерге не керек – жер ме? Мына мен –жермін, мен барлық адам баласына бірдеймін, маған таласуларыңның керегі жоқ, маған ынтымақ керек! Еңбек керек! Бір дән тастасаңдар, жүз дән етіп беремін, шырпы тастасаңдар, шынар қылып беремін, бақ отырғызсаңдар мәуелетіп беремін, мал жайсаңдар, шөп болып беремін, үй тұрғызсаңдар, дуал боламын, үрім-бұтақтарың көбейсе, бәріңе жай боламын! Мен таусылмаймын, мен қабағымды шытпаймын, мен кеңмін, бәріңе де жетемін!


Мен жер едім жер едім,

Адамзаттың төрі едім.

Адамзатым адасып,

Өртке оранды өзегім.

Мен жер едім жер едім.

Асыл қазына кен едім.

Ғарышта Құдай қалқыткан

Доп домалақ дене едім.

Мен жер деген ана едім,

Дақ түспеген ақ едім.

Тілгіленіп сау тәнім,

Тарттым ауру әлегін.

Мен жер едім, жер едім.

Жыртылды жасыл желегім.

Таңдайым кеуіп тамсандым

Былғанып теңіз қорегім.

Мен жер едім жер едім,

Ұлт ұлысқа тең едім.

Тірі жанға құт мекен

Өлгендерге көр едім.

Мен жер едім пенделер,

Мекен жоқ маған тең келер.

Қиқымыма таласып,

Қырылыспай жөнге кел!!!


Жер Ана ортада тұрып дауысы жаңғырып тұрып монолог айтады








Биші қыздар сахынадан шығып кетеді

Өлең оқуға лайық баяу музыка

Табиғатты аялауға шақыратын ұрандар, логотип тб



















Қоқыс жинаған адамдар

Ағаш еккен адамдар



Татулық пен бірлік



Табиғатқа , жан-жануарларға қамқорлық жасап жатқан суреттер































































Жер шары ортақ үйіміз екенін көрсететін суреттер








Әдеби монтаж

Табиғатты қорғаушылар хормен ұрандатып шығады:

Табиғатты сақтау-болашақты сақтау! Жасыл жер, мөлдір су, таза ауа!!!


Едіге: Табиғатты сақтайық, қоқысты жерге шашпайық!!!!


Мейрамкүл: Таза су-өмір! Әрбір тамшы маңызды!


Аяулым: Үнемді болайық, ресурстар шексіз емес!


Көркем: Жер,су, ауаның тазалығын сақтауға шақырамыз!


1-оқушы:
-Ей, адамзат, қара түнді күн еткен, қара жерге гүл еккен, Жер-ананы қадірлеп, қорғай біліңдер! Жер-ана бізді өмір үшін күреске шақырды, оны қадірлей білуге үйретті, ешқашанда туған жеріңді, туып өскен, кіндік қаның тамған Жер-анаңды ұмытпа.


2-оқушы

Жер­Ана, жүдеп,
Жұқарып жүйкең тозды ма,
Тұрлаусыз уақыт
Айналымыңнан озды ма?
Опырып, өртеп,
Қиратып,
Жойып,
Жалмаған,
Жындылар енді
Сенің де көрің қазды ма?
Түбіңе сенің
Қалайша жетпек мұндай құл,
Төбеден бағып
Рахымы шексіз құдай тұр.
Қайырын тілеп
Қандай да болсын қайранның
Алладан бұйрық
Келгенше, жерім,
Шыдай тұр!
Мейірбан едің...
Бауырыңа тарттың Айды да,
Батыра көрме
Баланы сәби қайғыға.
Рахмани нұрдан
Жаралып едің, Жер­Ана,
Кеше гөр бізді,
Кешір де жолдан айныма!



3-оқушы

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!


4-оқушы

1-жыршы:
Беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Туған жер ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.


5-оқушы:
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған Жер-Ана Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.


6-шы оқушы Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін оқиды<

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.04.2024
183
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі