жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жер бедері
Сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2. Физикалық география 3.1 Литосфера |
Мектеп: |
||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
|||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Жер бедері |
|
|
||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.3.1.4 Материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстырады. |
||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар істей алады:
|
||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Оқушылар жер бедері түрлерін жіктей алады. Суреттер бойынша жер бедері түрлерін анықтайды. Жер бедері қимасы бойынша ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алады. |
||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар істей алады: Оқушылар жер бедерінің ерекшеліктерін зерттейді, түрлі ақпараттар негізінде (оқылым, қалыптастырады. Ауызша жер бедері түрлерін атай алады. Жазбаша картаға орографиялық бірліктерді түсіреді. Пәнге тән лексика мен терминология: Орография, материктік қайраң, мұхит түбі науасы, материктік беткей, қазаншұңқыр, орта мұхит жотасы, мұхит табаны, арал доғасы Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мұхит түбі жер бедері...................ерекшеленеді Жер бетіндегі жер бедерінің формасы............... Материктер мен мұхиттардағы жер бедері ............ерекшеленеді |
||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Бұл сабақ академиялық адалдық құндылығын дамытуға, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Құндылықты қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, ол қабілеті орташа оқушыларды қолдауға мүмкіндік береді. |
||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Геология ғылымымен байланыстыру арқылы жер бедерінің қалыптасу тарихымен танысады. Картография ғылымдарымен байланыстыру арқылы оқушылардың картамен жұмыс істеу дағдылары дамиды |
||||||||||
|
Бастапқы білім |
Оқушылар 7 сыныпта жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу (эндогенді және экзогенді күштер, жер бедерінің тектоникалық құрылымдарға сәйкестігі туралы білімдерін еске түсіреді. Жер бедерінің қалыптасудағы ерекшелігі туралы білімдерін қолданады. |
||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||
|
Сабақтың басы 0-2 мин
2-7 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.Сыныпта көңілді атмосфера қалыптастыру. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Көрші көршіге тілек айтады. Білімді жаңарту үшін өткен материалды қайталау. 7 сыныптағы оқу мақсаты 7.3.1.3 Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу (эндогенді және экзогенді күштер, жер бедерінің тектоникалық құрылымдарға сәйкестігі). Оқушыларды 3 топқа бөлу. Тапсырма №1: Эндогендік және экзогендік күштерді еске түсіру арқылы берілген суреттерді сәйкестендіріңіз және қалыптасқан жер бедері формасын атаңыз. 1 топ- жер сілкінісі, вулкан атқылау. 2 топ- тау жасалу формасы, литосфералық тақта қозғалысы 3 топ- су арқылы, жер арқылы үгілген жер формалары.(Қосымша №1) Бағалау критерийі. Оқушылар берілген суреттерді эндогендік және экзогендік күштерге жіктейді және жер бедері формасын атайды. |
слайд |
|||||||||
|
Сабақтың ортасы 7-9 мин
9-12 мин
12-20 мин
20-22 мин
22-25 мин
25-35 мин |
Оқушыларды сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийімен таныстыру. Тілдік мақсаттарды түсіндіру. Жаңа терминмен таныстыру Орография (гр. oros – тау, grapho – жазу) – жоталардың, қыраттардың, өзен аңғарларының, қазаншұңкырлар мен бедердің басқа түрлерінің сырт бейнелерін және өзара орналасуын зерттейтін геоморфология ғылымының бір саласы. (С) Ой шақыру. Суреттер сөйлейді Оқушыларды жұпқа бөлу үшін жыл мезгілдерінің айларын алуға болады. Тапсырма №2. Оқушыларды жұпқа бөлу арқылы құрлықтың және мұхит түбінің жер бедерлері суреттерін ұсыну қажет. Оқушылар 7 сыныпқа арналған атласты қолданып және 8 сыныпқа арналаған оқулықты пайдаланып берілген суреттердің атауын анықтап сурет астына жазып шығады. Одан кейін берілген жер бедерін салыстырып материкте немесе мұхит астында орналасқандығына жіктеп шығады. (қосымша №2) (М) Мұғалім түсіндірмесі. Оқушыларға жер бедерінің қимасын оның ішінде мұхит түбі бедері қимасын таныстырып сипаттап береді. Мұхит түбі орографиялық бірліктерін атайды: материктік қайраң, мұхит түбі науасы, материктік беткей, қазаншұңқыр, орта мұхит жотасы, мұхит табаны, арал доғасы т.б . Олардың картада биіктік шкаласы арқылы биіктігі мен тереңдігін анықтауды үйретеді. (С) сынып жұмысы Тапсырма №3. Суреттерді қолданып 7 сынып атласы Дүниежүзінің физикалық картасы бойынша жер бедерінде орналасқан орографиялық бірліктердің орнын анықтайды, құрлықтағы және мұхиттағы биіктіктері мен тереңдіктерін салыстырады (қосымша №2-3) Тапсырма №5. Салынған қималарды Венн диаграммасы бойынша салыстырады.
|
|
|||||||||
|
Сабақтың соңы 35-40 мин |
Бағалау: Оқушылар анықтаған жер бедері бойынша айырмашылықтарын айтып ойымен бөліседі. Кері байланыс. Жетістік сатысы Білемін Түсінемін Істей аламын. Үй тапсырмасы: Орографиялық бірліктерді жаттау. |
|
|||||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||
|
Барлық оқушылар істей алады: Жер бедерінің ерекшелігін біледі. Оқушылардың көбісі істей алады: Жер бедері формаларын анықтайды. Кейбір оқушылар істей алады: Карталарда қарай отырып, мұхитттық және материктік жер бедерінің айырмашылықтарын анықтай алады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Оқушылар эндогендік және экзогендік күштерді ажырата алуын бағалау. Жер бедері формаларын ажыратуын бағалау Венн диаграммасы арқылы материктік және мұхиттық қимасын салыстыра алуын бағалау. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
|||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||
|
|
|||||||||||
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||||
Қосымшалар
Қосымша №1
Қосымша №2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
______________________________ |
_____________________________ |
Қосымша №3


|
https://www.google.kz/search?biw=1366&bih=672&tbm=isch&sa=
|
шағым қалдыра аласыз
















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген