«Жер кіндігі
–Байқоңыр»
(әңгіме
сабақ)
Кітапханашы:Балалар «космонавтика»-грек
тілінен аударғанда «кеме басқару»деген мағынаны білдіреді екен.Ал
осы космос корабілін орбитаға шығару үшін қуатты ракета двигателі
және отын қажет,ал ракета жоғары температураға төзімді,жеңіл де
берік материалдан болуы тиіс.Негізі осы космос және космосқа ұшу
туралы ғылымның негізін қалаған К.Э.Циолковский болатын,ал оның
арманын,ойын жүзеге асырған бас консруктор Сергей Павлович Королев
басқарған совет ғылымдары мен инженерлер болды.Сондықтан да ғарыш
кеңістігін игеру С.П.Корлевтың есімімен тығыз байланысты.Жердің
тартылыс күшін жеңе отырып,жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға
1957 жылы 4 қазанда көтерілді,бұл күн балалар космос дәуірінің
басталуы болып есептеледі.
Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер
қандай болуы керек?
(оқушылар ойын
тыңдау)
Балалар адам ғарышқа көтерілер
сәтте өте қолайсыз жағдайларға тап болады,қуатты мотор дауысы
құлақты тұндырады,тек орбитаға шыққан сәтте тылсым тыныштық
орнайды,өз салмақтарын сезбейтін халге келеді.Ал осының бәріне
шыдау үшін ғарышкерлерге ең алдымен өте күшті денсаулық,мықты
төзімділік қажет.Болашақ ғарышкерлер ұшу алдында ұзақ жылдар бойы
дайындықтан өтеді.Олар спорттың әр түрімен жаттығып,парашюттерден
секіріп үйренеді.Ұзақ уақыт бойы сурдокамерада (дыбыс өткізбейтін
камера) тұрады,көптеген сындардан өтеді,сондықтан да «Азамат
сыны-ерлік»-деп бекер айтылмаған.Ғарышкерлерге жерден көтерілу мен
түсер сәтте де өте мықты төзімділік қажет,соған шыдау үшін оларды
«центрифуга»-деп аталатын,тағы да басқа ондаған аппараттарда
айналдырып сынақтан өткізеді.Сонымен бірге балалар,ғарышкерлердің
міндеті тек ұшу емес ,олар математика,физика,астрономия сияқты
көптеген ғылымдарды меңгерген жан-жақты болу тиіс,себебі олар
ғарышта атмосфераға,жерге,жұлдыздарға зерттеулер жүргізеді.Міне
сондықтан да «Бәрінен күшті адам-өзіне – өзі сенетін адам»-деп біз
ғарышкер ағаларымызды айта аламыз,себебі олар өздеріне сенгендіктен
осы ұшқыш мамандығын таңдаған.
Ғарышқа алғашында нелерді
ұшырып еді?
(оқушылар ойын
тыңдау)
Лайка- ғарышқа сапар шеккен
әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылы 4 қазанда ғарышқа
салмағы алты келі,жасы он екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2»ғарыш
кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді.Ғарыш кемесі ұшырылғаннан
кейін,шамамен,5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт
артуы мен стресстің салдарынан өледі.Сынақты ұйымдастырушылар о
бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ.Олардың жоспарлауынша
Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.Кеңес
Одағының ғалымдары Лайкамен бірге тағы екі итті жаттықтырған
болатын.Олар:Белка мен Стрелка.Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін
Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып
нақты шараларды анықтап отырды.Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді
жіберген болса,өз кезегінде,АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін
шимпанзелерді пайдаланды.
Ғарышкер киімі қалай
аталады?
Тұңғыш ғарышкерді
атаңыздаршы?
Тұңғыш әйел-ғарышкер
кім?
(оқушылар ойын
тыңдау)
1961 жылы 12 сәуірінде,бір
орынды «Восток» кемесімен,тұңғыш рет Совет Одағының азаматы Юрий
Алексеевич Гагарин ғарышқа көтерілді,С.П.Королевта өз арманына
жеткен болатын.Кейіннен көп орынды «Восход» кемесі іске
қосылды,тағыда көптеген кемелер жасалды,олармен Совет Одағының және
шетелдік ғарышкерлер орбитаға барып,ғарыш кеңістігін зерттеуде өз
үлестерін қосты,олардың ішінде әйел-ғарышкер В.Терешкова да бар
еді.Енді міне балалар қазақ халқының
«Бір қазақ ұшса
ғой »-деген арманы қашан
орындалды?.
Ең алғашқы қазақ ғарышкерін
атаңыз,ғарышқа қашан көтерілді?
(оқушылар ойын
тыңдау)
Тоқтар Оңғарбайұлы
Әубәкіров- Қазақстанның тұңғыш ғарышкер
ұшқышы
1946 жылы маусымның 27-інде
Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданы, «Бірінші май» ұжымшарында
дүниеге келген,қазақ.Жоғары білімді.Техника ғылымдарының
докторы,профессор,академик,авиация генерал-майоры.1991 жылы 2
қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан «Союз ТМ-13»ғарыш кемесімен
ұшып,«Мир»орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз
тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.1991 жылы қазанның
10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды.Ғарышта өтеген мерзімі-7
күн 22 сағат 13 минут.
Тоқтар Әубәкіровтен кейін
ұшқан қазақ ғарышкері кім еді?
(оқушылар ойын
тыңдау)
Талғат Мұсабаев
Амангелдіұлы- ғарышкер
1951 жылы Алматы облысы,Жамбыл
ауданы,Қарғалы аулында дүниеге келген.Ол-Қазақстан Республикасының
әрі Ресей Федерациясының ұшқыш –ғарышкері.
Т.А.Мұсабаев Рига қаласындағы
авиация инженерлік институтын,кейін Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар
училищесін бітірген.1986 жылы азаматтық авиацияның 30 жаттығу
дайындығынан өтіп,осы саланың ұшқышы мамандығын
алды.
Қазақтың қара баласы Талғат
Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран кітапті,туған жердің бір уыс
топырағын,көк байрақты ала ұшқан.1994 жылы ғарышқа 1-ші рет ұшқанда
(Союз ТМ-19)126 күн ғарышта өткізген.
1998 жылы ғарышқа 2-ші рет
ұшқанда (Союз ТМ-27)208 күн ғарышта өткізген.Гиннестің үздік
табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут
ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып
алынған.
Ұшқанда американ ғарышкері
Л.Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтының өкілі)Николай
Бударинмен бірге.
Қонғанда ресей ғарышкерлері
Николай Бударин мен Юрий Батуринмен бірге.2001 жылы ғарышқа 3-ші
рет ұшқанда (Союз ТМ-32)8 күн ғарышта
өткізген.
Ғарышкерлер тағамдарының
қайда сақталатынын білесіздер ме?
(оқушылар ойын
тыңдау)
Қорытынды: Жұмбақ
шешу.
Самұрық құс
самғады,
Көктен
өтіп.
Айға
жетіп,
Жеңілдеді
салмағы. (Ғарыш
кемесі)
Аспанда бір алып
құс,
Ызғып ұшып
барады.
Қарап тұрсақ
ғажайып,
Соңында із
қалдырып. (Зымыран)
Құстан
аумайды,
Көкте
зулайды. (Ұш