Материалдар / "Жер сілкінісі кезіндегі іс әрекеттер" обьектілік жаттығу жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жер сілкінісі кезіндегі іс әрекеттер" обьектілік жаттығу жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жер сілкінісі кезіндегі іс әрекеттер" обьектілік жаттығу жоспарында педагогтер мен білім алушылардың ііс қимылдары туралы құрылған жоспар
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің басшы құрамымен,

оқытушыларымен 23.01.2024 жылғы жалпы мектептік объектілік жаттығуға

даярлық және өткізу

ЖОСПАРЫ


Тақырыбы: «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер»

Оқыту мақсаты:


  • Жалпы-оқу орнының жер сілкінісі қаупі туындаған кезінде АҚ шараларын орындауға даярлығын тексеру

  • Басшы, оқытушы құрамы үшін – кезінде АҚ шараларын ұйымдастыру мен өткізуге практикалық дағдыларын қалыптастыру.

  • Оқушылар үшін төтенше жағдай кезінде сауатты іс-әрекеттері мен өзін-өзі дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру.


Өткізетін уақыты: 12:00


Өткізетін жері: оқу сыныптары мен мектеп ғимаратының аймағы


Объектілік жаттығуға қатысушылар: мектептің басшысы, оқытушы құрамы, оқушылар.


Материалдық қамтамасыздандыру және әдебиеттер:


  • Төтенше жағдай кезінде халық іс-әрекеті жөніндегі жаднамада, кітапшалар.

  • Төтенше жағдай кезінде шаруашылық объектілерін ықтимал жәй күйінің таблицасы.

Мектеп ғимаратынан оқушыларды шұғыл көшіруді жоспар – схемасы

Объектілік жаттығу ды өткізу жөніндегі сынып жетекшілерінің жеке жоспары

Хабарландырудың техникалық құралдары.

Медициналық қамтамасыздандыру. Санитарлық кобдишалар, санитарлық зембілдер дәрі-дәрмектер.


Жалпы мектептік объектілік жаттығуды өткізу тәртібі


Басшының іс-әрекеті

Оқытушының (сынып жетекшісінің) іс-әрекеті

Үйренушінің іс-әрекеті

Кеңесте басшы және оқытушы құрамаға жалпы мектептік объектілік жаттығуды өткізуге даярлық және өткізу туралы бұйрық айтылады.

Сынып жетекшілері мектеп ғимаратынан оқушыларды көшіру жоспарын, мектеп аумағында сыныптарда жаттығу өткізу мерзімін нақтылайды:

1-11 сыныптар

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша өз іс-әрекеттерін нақтылайды. Төтенше жағдай кезіндегі халықтың іс-әрекеті туралы жаднамаларды, кітапшаларды зерделейді. Мектеп ғимаратындағы сыныптарда салыстырмалы қауіпсіз орындарын мектеп ғимаратынан шығатын бағытты мектеп аумағында сыныптарды орналастыратын жерді нақтылайды. Өзіне және өзара көмекті көрсетуге үйренеді. Мақта-мата таңғыштарын ықтимал пайдалануға әзірлейді.


сынып жетекшісі өз сыныбын даярлайды және бүкіл мектеп оқушыларына төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерін көрсетеді.


Мектеп басшылығы дәнекерлер сыныптар бойынша мектеп оқушыларымен жаттығулардың өткізілуін бақылайды, оны өткізуге практикалық көмек көрсетеді.

Барлық сыныптардың сынып жетекшілері басқа уақытта практикалық жаттығу өткізеді. Оқушылардың іс-әрекеті саналы, сауатты болу үшін әрбір жаттығу сайыскерлік рухын жіне ойын элементтерін өткізеді.

Төтенше жағдай кезінде сынып құрамында іс әрекеттерді пысықтауға қатысады.

АҚ штабының бастығы ТЖ құрамалары командирлері салдарын жою жұмыстарына құрамалардың әзірлік жағдайын нақтылайды.

Құтқару тобының, санитарлық тіректің, жер сілкінісі кезіндегі қоғамдық тәртіпті қорғау топтарының командирлері жеке құрамды, функционалды міндеттерді, жарақаттау тәртібін нақтылайды, жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі практикалық сабақтарын өткізді.

Құрамалардың жеке құрамы өздерінің функционалдық міндеттерін зерделейді

Адамды құтқару, зардап шеккендер жөніндегі іс-әрекеттерді нақтылайды.

Оқытушы құрамымен оқушылардың объектілік жаттығу кезіндегі практикалық іс-әрекеті

Сабақ басталғанға дейін директор басшы және оқытушы құрамының кеңесінде объектілік жаттығудың практикалық бөлігін пысықтауға арналған белгілен дабылды жеткізу тәртібін, уақытын нақтылайды,дәнекерлермен басшы құрамының орнын белгілейді

Бірінші сабақ өткізуші оқытушылар оқушыларға төтенше жағдай басталғаны туралы дабылдың мектепте орнатылғандығын осы дабыл бойынша оқушылардың іс –әрекеті мектеп ғимаратынан шыққаннан кейін жиналатын орынды естеріне салады. Жалпы мектептік объектілік жаттығуды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуына назар аударады.

Әр оқушы алғашқы дүмпу кезінде алдын ала өзі үшін салыстырмалы қауіпсіз орынды тағдайды партаның, бағананың асты, ішкі қабырғаның бұрышы, есіктің ойығы макта дәке алып пайдалануға әзірлеп оны қалтасына салады.

Сыныптарды сабақ өткізуші оқытушылар қауіпсіз орындарға тұрыңдар деп жариялайды оқытушыныөзі сынып журналын ұстап есік ойығындағы орынға барып тұрады.

Үлкен үзілістің алдындағы сабақтың аяқталуына 2-3 минут қалғанда төтенше жағдайдың басталғандығы туралы дабыл соғылады.

Барлық сыныптардың оқушылары терезеге арқасын беріп және бастарын қолдарымен жауып ішкі қабырға бұрышындағы арқалықтағы есік ойығындағы қауіпсіз орынға тұрып мұғалімнің әмірі бойынша сыныптан шығуға әзір тұрады

Бірінші дабыл аяқталғаннан кейін 1-2 ші қабаттағы сыныптардың жетекшілері «Көшеміз, шығамыз»

Деп әмір береді. Сынып оқушыларын сабақтан кейін оқытушы журнал бойынша түгелдейді. Нәтижесін мектеп директорына оқу бөлімінің меңгерушісіне баяндайды


Оқушылар мұғалімдер әмірімен дабырасыз ғимараттан шығып, мектеп аумағындағы сынып үшін белгіленген орынға барады. Қажет жағдайда зардап шеккендерге көмек көрсетеді.


АҚ құрамаларының командирлері, адамдар мектеп ғимаратынан шыққаннан кейін жиналуын мектеп АҚ штабының бастығы арқылы жариялайды, оларға құрал жабдық және мектеп ғимаратында қалған адамдарды құтқаруды, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді, қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады

АҚ құрамасының жеке құрамы мектеп ғимаратында қалған адамдары, құтқаруға,жер сілкінісі туындаған кезіндегі қауіпсіздігінен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге қоғамдық тәртәп сақтауға қатысады

Объектілік жаттығудың қорытындыларын шығару

Мектеп директоры тұрақты құрамының кеңесінде орынбасарларды, дәнекерлерді тыңдайды. Жалпы мектептік объектілік жаттығу қорытындысын шығарады, талдауды анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар береді. Жеке талқылау өткізу үшін уақыт белгілейді.



АҚ бастығы мектеп директоры ТЖ жөніндегі бөліммен аудандық қалалық білім бөліміне өткізілген жалпы мектептік жаттығу туралы есепті тапсырады.

Жалпы мектептік объектілік жаттығу қорытындыларын шығару жөніндегі кеңестен оқытушылар өз іс-әрекеттерінің бағалануын анықталған кемшіліктерді саралайды олардың жою жолдарын анықтайды, олардың жою жолдарын анықтайды, жеке объектілік жаттығуды өткізген оқытушылар мектеп директоры тағайындаған уақытта өздері сабақ өткізген сыныптар оқушыларымен жеке талқылаулар өткізеді.

Оқушылар объектілік жаттығу өткен кезден өздері жіберген қателіктерді саралайды және келесі жаттығудың барысында оларды жояды.



АҚ штаб басшысы, ДОІЖО: С.С.Кадирова





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!