400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жергілікті жердегі төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарлардың арасында зиянкес түрлері де көп кездеседі. Түрлі жәндіктер мен кемірушілер егіндерге және қоймаларда азык-түліктерге зияң келтіреді. Паразит пен ауру тарататын жануарлар адам мен жануарларға зиян келтіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жануартану сабағында жергілікті жердегі төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Орта мектепте жануартану пәнінен сабақ беру әдістемесінің жалпы мәселелері

2. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысында табиғат қорғау дәстүрлерін пайдалану мүмкіндіктері мен маңызы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Кіріспе



Тақырыптың өзектілігі. Өлкеміздін табиғаты өте әсем, ал оңын жануарлар дүниесі алуан түрлі. Жануарларды адам қадамы жеткен барлык жерде: гүлге толы анғарлардан тартып биік қарлы шындарға дейін, зәулім ғимараттар бой көтеріп, тіршілік кайнап жаткан калаларда, тіпті тіршіліксіз көрінетің ұлан-байтақ кұмды шөлдерге дейін кездестіруге болады. Олардын арасында дене құрылысы қарапайым төменгі сатылы жануарлар өкілдері де кездеседі.

Төменгі сатылы жануарлар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 1,5 милионға жуық түрлері белгілі.Өлкеміздің топырағы да жануарларға бай. Топыракта да бір және көп жасушалы шұбалшандар, жәндіктер, көпаяқтылар, кенелер, шаянтәрізділер мен басқа жануарлардың сан алуан түрлерін кездестіруге болады.

Отанымыздың жануарлар дүниесі бүкіл Орта Азия жануарлар дүниесі сияқты өте ежелден калыптасып келген. Бірқатар түрлер осы жердін өзінде пайда болған, ал басқалары көрші өлкелерден келген.

Жануарлардын табиғата да үлкен маңызы бар. Кесірткелер, жыландар, кұрбақалар мен кұстар зиянкестерді және ауру тарататьш жануарларды кырып, адамға пайда келтіреді. Гүлдерді тозаңдандыратын жәндіктер егіндердін өнімділігін арттырады. Шіріп жаткан заттармен коректенетін жәңдіктер су коймалары мен Жер бетін ластанудан сақтайды.

Жануарлардың арасында зиянкес түрлері де көп кездеседі. Түрлі жәндіктер мен кемірушілер егіндерге және қоймаларда азык-түліктерге зияң келтіреді. Паразит пен ауру тарататын жануарлар адам мен жануарларға зиян келтіреді.

Сонғы жылдарда жануарлар мекендейтін алқаптар барған сайын қысқарып, коршаған ортаның ластаңуы салдарынан пайдалы жануарлардың саны азайып, зиянкес жануарлар көбейіп барады. Жануарлар дүниесін корғау, жойылып бара жатқан жануарларды сақтап қалу және көбейту үшін республикамызда бірнеше қорықтар, ұлттық бақ пен питомниктер кұрылды. Бірақ, мемлекетіміз тарапынан жасалып жатқан шаралардың өзі жаңуарлар дуниесін қорғау үшін жеткілікті емес. Бұл жұмысқа жалпы халықтың назарын аудару керек. Міне, сондықтан диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты табиғатта, топырақ түзуде маңызды роль атқаратың төменгі сатылы (омыртқасыз) жануарлардың биологиялық ерекшілігі, құрылысы, систематикасы, табиғаттағы маңызың қарастыру.



1. Орта мектепте жануартану пәнінен сабақ беру әдістемесінің жалпы мәселелері



Жануартану — жалпы білім беретін орта мектептің биологиядан жүргізілетін жүйелі курсының екінші бөлімі. Ол зоология ғылымының: морфология, анатомия, физиология, эмбриология, систематика, экология, жануарлар географиясы деп аталатын әр түрлі бөлімдерінің маңызды элементтерін біріктірумен ерекшеленеді. Сонымен бірге бұл курста мынадай: «жануардың клеткалық құрылысы», «ағзалық тірі әлем», «зат алмасу», «организмдердің жеке және тарихи дамуы», «организмдер мен қоршаған ортаның өзара байланысы» деген ұғымдар бар. Бұл ұғымдар биологияның мына курстарының: адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы және жалпы биологияның мазмұндарында дамып отырады.

Жалпы мектептер жұмыс істей бастаған алғашқы жылдардан бері оқушыларға ғылым негіздерінен тиянақты білім беру және оларды өндірістегі еңбекке дайындау мақсатында жалпы білім беретін, еңбек және политехникалық біртұтас мектеп ретінде дамып келеді. Орта мектепте өтілетін барлық оқу пәндерінің оқу-тәрбиелік міндеттерін осы мақсаты айқындайды

Жануартану курсының міндеттері мыналар:

1. VI—VII класс оқушыларына жануартану ғылымының қарапайым негіздерін игертуді қамтамасыз ету, тіршілік заңдылықтарын, жануарлардың дамып -жетілуі мен әр түрлілігі туралы түсініктерді қалыптастыру биологиялық кабинеттегі, тірі табиғат мүйісіндегі, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жануарларды бақылап, эксперимент жасаудағы оқушылардың практикалық іскерліктері мен дағдыларын ұластыру.

2.Оқушылардың ғылыми-материалистік кезқарас негіздеріне, еңбекке деген және патриотизмге, табиғатты сүйіп, оны қорғай білуге, адамгершілік пен эстетикалық сезімге тәрбиеленуіне баулу.

3. Мектеп оқушыларын ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы политехникалық оқуға, оқу-тәжірибе учаскесіндегі, ұжымдағы мал шаруашылығындағы әр түрлі үй жануарларын өсірудегі іскерліктері мен дағдыларын дамытуға баулу.

4. Жануартану оқыту проңесінде және политехникалық еңбек әрекетінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытьш, туған өлкесінің табиғатына қызығуға дағдыландыру және творчестволық қабілеттілігін дамыта түсу.



2. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысында табиғат қорғау дәстүрлерін пайдалану мүмкіндіктері мен маңызы

Жалпы орта білім беретін мектептерде бастауыш сынып оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеу тек қана сабақ үрдісі барысында ғана қарастырылып қоймай, бүкіл пәндер бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстарды халық педагогикасы тұрғысынан жүргізілсе, тиімді болары сөзсіз. Мысалы, байқаулар, сайыстар, шығармашылық кештер, ұлттық мейрам, экологиялық сабақ, тәрбие сағаты, т.с.с.

Мысалы ұлттық мейрам – Наурыз. Өте көнеден келе жатқан шығыс хылқының көпшілігінің жаңа жыл мейрамы. Наурыз – жаз бен қыстың, жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, қайырымдылық пен қатыгезділіктің т.б. күрес тартысының тоғысқан жері. Наурыз күні жас көшеттер егіліп бұлақтардың көзін ашады, ыдыстарды аққа толтырады. Халық салтында Наурыз күні жалпыға міндетті еңбек күні болып есептеледі. Бұл күні барша қауым ұйымдасып бұзылған көпірлерді жөндеп, су ағатын арықтарды тазалап, ірі ауқымды көпшілікке ортақ істерді атқарған. Ал аналарымыз жеті түрлі дақылдан араластырып Наурыз көже істеп, көпшілік жұмыс істеп жатқан жерге әкеліп көпшілікке ішкізетін болған. Наурыз тамағын не түскі ас етіп немесе жұмыстан соңғы ас етіп беріледі де астың алдында бата қайырылып жаңа жылға жақсы тілектер мен ниеттер білдірген. Наурыз еңбегінің соңы әнге, күйге ұласып, жастар жағы ақсүйек ойнап, алтыбақан теуіп тойға ұласқан. Халық бірін –бірі ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсылықтар тілеген. Әйелдер болса атып келе жатқан күнге тәу етін, «Армысың қайырымды күн – Ана!» деп келіп сәлем беріп, «Кеудесі түкті жер – Ана,құт дарып, жарылқа!» деп ашылған бұлақ өзіне май құйып жаңа егілген ағаштарға ақ шашқан.

«Наурыз» атты тәрбие сағатын ата – аналарды қатыстыра өту керек.Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлерін мектеп қабырғасында кеңінен тарату, оқушыларға эклогиялық білім мен тәрбие беру ісіне септігін тигізді. Табиғат қорғау дәстүрлерін мектепте қолдану жүйесі тек оқушыларда ғана емес, солармен қатар мұғалімдерді, ата-аналарды да қамтиды. Өйткені жас ұрпақты тәрбиелеуде негізгі орында жанұя мен мектеп тұрады. Ал жанұядағы басты тұлға – ата-ана.

Төменгі сыныптың оқушыларына экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуде отбасы тәрбиесі мыналардан тұрады:

1.Өзін күтуге, тұрған жайды таза және жылы ұстауға, өз киімдерін күтіп ұстай білуге дағдыландыру (бұл жерге балаларға қоршаған ортаның тазалығын, киімнің қайдан алатынын түсіндіре отырып, табиғат – қоғам адамның табиғатқа деген жаупкершілігі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру).

2.Ас әзірлеу, нан және ұннан жасалатын өзге тағамдар пісіру, азық-түлік тағамдарынсақтай білуге үйрету.

3.Үй малдарын күте білуге,: шөп слу, жем беру, суару, бағу олардың нағыз жанашыры болуға баулу.

4.Шөп шабу, шөмелелеу, маялау яғни қысқы азықты даярлауға үйрету(жыл мезгілдерінің бір-бірінен ерекшеліктерін білуге үйрету) балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Халықтық тәрбие үлкендер, ата-аналар мен балалардың бірлескен еңбегімен жалпы мақсатқа жетудегі олардың еріктерінің топтасуы болып, олардың мүдделерін ұмтылыстары мен тілектерінің жақындасу жолын көрді.

Табиғатқа жоғары құндылықпен қараған қазақ халқы, әр азаматқа жүктелер жақсы қадыр-қасиетті табиғатта мекен ететін жан-жануарлардың тұлғасы арқылы сипаттайды. Мысалы, қырандай алғыр, сұңқардай ер, арыстандый айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қобыландай сұсты, нардай төзімді, құландай сүйекті, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ т.с.с.

Табиғат қорғау дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін еңбек, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, құқықтық тәрбие түрлерімен біртұтас тәрбие процесі болып қарастырылады. Себебі, біз сабақ үрдісінде немесе сабақтан тыс тәрбие жұмысында кеңінен пайдалана отырып оқушылардың бойна адамгершілік, ізгілік қасиеттерді тәрбиенің барлық саласында қалыптастыруымыз қажет.

Қорытынды

1.Біржасушалы жәндіктер безгек паразитіне сипаттама беріліп,сабақ өту әдістемесі жасалынды және дайын препаратта арқалы безгек паразиті микроскопен көрсетілді.

2. Жалпақ құрттар типін оқу барысында, осы тип өкілдері түкті құрттар мен паразитті таспа құрттарға толық түсініктеме беріледі.

3. Жергілікті жердегі бас аяқтылар молюскаларға сипаттама беріліп, сабақ өту үшін көрнекі құралдар әдістемесі жасалынды.

4. Буынаяқтылар типін оқушыларға түсіндірген кезде оның оқу тәрбиелік міндеттері анықталды.

5. Өзен шаяны оқушыларға шаянның сыртқы құрлысына қарап олардың құрлысындағы өзендерге тән ерекшеліктер мен оның судағы тіршілік жағдайына сай екендігі табылады.

6. Жергілікті жердегі кенелер мен танысқан кезде оның өзіне тән ерекшеліктері және оның адамға жабылып кетуінен сақтау шаралары сақталынды.

7. Жергілікті жердегі насекомдардың классификациясы жасалынды.

8. Жануартану сабағында өлкетану материалдарын пайдалана отырып жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауда жаңа әдістерді қолдап оны әрі жетілдіре түсу.

Пайдаланған әдебиет

1. Н.М., Корсунская В.М. „Общая методика преподавания биологии” Учебник для студентов биологических специальностей. М., Просвещение, 1983.

2. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. „Общая методика преподавание биологии” М: Просвещение 1985.

3. „Хрестоматия по методике препордавания биологии” сост. И.Д. Карцева, Л.С. Шубкина. Учебное пособие для студентов педагогических вузов по биологическим специальностям. М. Просвешение , 1984.

4. „Школьные программы и учебники по биологии” Журналы Биология в школе

5. Анастасова Л.П. „Сомастоятельные работы учащихся по общей биологии” Пособие для учителя. М: Просвещение, 1989.

3


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі