400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жергілікті жерді бағдарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Жергілікті жерді бағдарлану туралы түсінік беру. Түрлі жағдайларда аспан денелеріне, жергілікті заттардың белгілеріне қарап, көкжиек тұстарын картасыз анықтай білу, бағыт табу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақтың тақырыбы: «Жергілікті жерде картасыз бағдарлану»

Мақсаты: бағдарлану туралы түсінік беру. Түрлі жағдайларда аспан денелеріне, жергілікті заттардың белгілеріне қарап, көкжиек тұстарын картасыз анықтай білу, бағыт табу.


Көрнекілік: құлабыз, сағат, плакаттар, оқулық.


Өтетін орны: Спорттық алаң


Уақыты:40 минут


Сабақ әдісі: аралас.


Пәнаралық байланыс: физика, астрономия, география, математика.


І.
Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут

Взводты сапқа тұрғызу, взвод командиры рапорты, сәлемдесу, түгендеу, отырғызу.


ІІ.
Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі: 7минут

Өтілген сабақты сұрау


ІІІ.
Жаңа сабақ: 20 минут


І V Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

-Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы керек?

- Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?

-Әскери топография нені зерделейді?

-Бұлтты күні Темірқазық көрінбегенде бағыт не арқылы табылады?
-Бағытты сағат және не бойынша анықтауға болады?
- Ағаш түбірлерінің оңтүстік жағында болатын жәндік мекені?

V. Үйге тапсырма. АӘД §2 VІ тарау.
VІ.
Оқушыларды бағалау.




«Жергілікті жерде картасыз бағдарлану»


Жергілікті жерде картасыз бағдарлану. Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет ету үшін қаруды мүлтіксіз меңгеріп қана қоймай, жергілікті жерде дұрыс бағдарлана білу қажет. Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекеттеріне елеулі ықпал етеді. Кейбір жағдайларда ұрыс қимылдары кезінде табысқа жетуге ықпал етсе, басқа жағдайларда кедергі жасайды. Сондықтан әрбір сарбаз жергілікті жерді мұқият зерделеп, бағалай және нақты ұрыс тапсырмасына сай тактикалық қасиеттерін дұрыс есепке ала білу керек.
Жергілікті жерде табиғи және жасанды объектілер болады. Олар біркелкі белгілері бойынша белгілі бір топтарға бірігіп, топографиялық элементтерді құрайды. Олар бедер, елдімекендер, өндіріс кәсіпорындары, жол торабы, топырақ, өсімдік жамылғылары, т.б. Жер бетін құрайтын біркелкі еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам еңбегімен немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы – жергілікті заттар деп аталады. Бедер жергілікті жердің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол бақылау пункттеріне орын таңдауға , атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын жасақтауған және әскердің орналасуына үлкен әсер тигізеді.
«Бағдарлану» сөзі латынның – шығыс деген сөзінен шыққан. Өйткені, шығыс ежелден қасиетті тұс болып саналған, Шығыстан күн шығады, одан жарық пен жылу тарайды.
Адамдар шығысқа табынған. Жергілікті жерде бағдарлану бұл – көкжиек тұстарына қарай бағыт табу – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс.
Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттармен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарынаң көрсетілуін айтамыз. Көкжиек тұстары жергілікті жерде құлабыз (компас), аспан денелері және жергілікті белгілер бойынша анықталады.Көкжиек тұсын анықтаудың ең көп тараған тәсілі – құлабыз көмегімен анықтау. ҚРҚК Адрианов құлабызы кеңінен қолданылады. Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босатып, құлабызды көлденең орнатып және оның магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нөлдік бөлік белгісіне қарсы тұруы керек.
Көкжиек тұстары күн бойынша да анықталады, бірақ нәтиже жуықтап алынады. Шамамен таңғы сағат 7.00де күн шығыста(заттар көлеңкесі батысқа түседі), сағат 13.00де оңтүстікте (көлеңкелер қысқа, солтүстікке түседі), шамамен 19.00де батыста(көлеңкелер шығысқа түседі).

Көкжиек тұстарын Күн бойынша сағат көмегімен анықтау үшін сағат көлденең орналастырылып, сағаттың тілінің ұшы күнге қарай бағытталады. Сағат меңзері мен күнге бағытталған циферблаттағы 1 санының бағыты арасын ортасынан бөлетін түзу оңтүстік бағытын көрсетеді. Оңтүстік бағытты білген соң , көкжиек басқа тұстарын оңай анықтауға болады.
Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны Жетіқарақшы шоқ жұлдызымен оңай табуға болады. Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы арқылы өтетін түзуді ойша жалғастырамыз. Осы екі жұлдыз арасындағы қашықтықты бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына салсақ, соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді.
Бұлтты күні Темірқазық жұлдызы табылмай, бірақ Ай көрініп тұрса, онда көкжиектұстары Ай бойынша анықталады. Көкжиек тұсын Ай толық болғанда анықтайды, яғни ол күнге қарсы орналасқан кезде. Бұл кезде кешкі сағат 19.00де Ай шығыста, түнгі 1.00де оңтүстікте, таңғы 7.00де батыста болады.


Көкжиек тұстары мейлінше жиі кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы шамалап анықталады:
Ағаш қабығының оңтүстік жағымен салыстырғанда, солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді;
Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады;
Ауа-райының ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей жағына шайыр көбірек жинақталады;
Құрмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді;
Жемістер мен жидектердің оңтүстік жағы қызғылттау болып келеді ;
Ағаштардың бұтақтары мен жапырақтары оңтүстік жағында қалың және ұзын болып келеді
Жеке тұрған ағаштар мен тастардың оңтүстігінде шөп қалың өседі;
Тау қырларындағы қар көктемде солтүстік жағынан қарағанда оңтүстік жағында тез ериді;
Мұсылман мешіттеріндегі айдың іш жағы әрқашанда оңтүстікке бағытталған.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: Н.Батырбеков

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
01.04.2026
7
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі