Кіріспе
Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау-озық қоғамның алғышарты. Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаған орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялык жағдайымен танысудың маңызы зор.
Жобаның көкейкестілігі: Облыс аумағында көбінесе кеңінен таралған табиғи апат, ол - су тасқыны. Су тасудың жоғары деңгейлері болған кезінде жеке өзендерде ауыл шаруашылық аумақтарын, өндірістік кәсіпорындар мен жергілікті орындарды уақытша су басулармен бірге топан сулар пайда болады. Сол себептен, Павлодар облысында су тасқыны орын алатын аймақты зерттей отырып, алдын - алу шаралар тізбегін ұсыну қажет.
Бүгінгі таңда бүкіл әлем мен еліміз де жиі байқалатын табиғи апаттар мен олардың қалыптасуы мен тигізетін зардаптары өзекті мәселелердің бірі.
Жобаның әдіснамасы: Бүгінгі таңда, Павлодар облысында орын алған табиғи апаттардың бірі - су тасқыны. Бұл мәселемен қарқынды жұмыс жасап, адамдарды қауіптен құтқаратын төтенше жағдай қызметкерлері баршылық. Олар өз жұмыстарын тиянақты атқарып, ел-жұртқа яғни облыс тұрғындарына өз көмектерін беруде. Бірақ кенеттен орын алған апатқа бірден төтеп беру мүмкін емес. Сол себепті табиғи қауіп төніп тұрған аймақты зерделеу керек. Бұл аймақтар қызметкерлердің жіті қадағалауында болуы шарт.
Жобаның мақсаты: Павлодар облысындағы табиғи апаттарды анықтау және олардың алдын-алу іс-шараларын қарастырып, ұсыныс білдіру.
Жобаның міндеттері:
-
ғылыми және оқу әдістемелік әдебиеттермен танысу және жоба жұмысының тақырыбына байланысты теориялық шолу жасау;
-
Павлодар облысындағы су тасу қаупі бар жерлерді анықтау;
-
анықталған зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізу;
Зерттеу обьектісі: Павлодар облысында су тасқыны орын алатын аймақтар.
Жобаның практикалық мәні: Өлкемізде соңғы уақыттарда жиі көрініс табатын табиғи апаттардың (су тасқыны) байқалатын аумақтарын кешенді зерттеу, олардың алдын-алу бойынша тиімді шаралар тізбегін ұсыну.
Жұмыстың жаңалығы: Аймағымызда байқалатын ең қауіпті табиғи апаттар мен олардың пайда болуын жан-жақты қарастыру.
I. Негізгі бөлім
1.1 Павлодар облысындағы табиғи апаттар
Тілсіз қияпат немесе табиғат апаттары (стихийное бедствие) — алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақұйын, құйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың қар жауу, цунами, қар көшкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Сондықтан 1994 жылдың мамыр айында Йокогамада (Жапония) тілсіз қияпат қауіптілігін азайту проблемалары қаралған. Тілсіз қияпаттардан (немесе табиғи алапаттардан) 3,6 млн адам қаза тауып, 3 млрд-тан астамы зардап шекті. Ал жалпы экономикалық шығын 340 млрд доллар болды. Жер сілкінісі эпицентрдін айналасынан едәуір қашық жерлерде басқа да табиғи құбылыстарды күшейтеді.
Облыста мынадай табиғи төтенше жағдайлар орын алады: қысқы қар және мұз,көктемгі және жазғы су тасқыны, дауылды жел, орман және дала өрттері, су апаттары.
Облыс териториясында ұзындығы 10 км болатын жүзге шақты су көздері мен 9 шағын өзен жүйесі бар. Облыс аумағы арқылы 140-тан астам ағып өтеді. Негізгі өзен – Ертіс өзені(720 км). Ертістің жылдық ағыны-шамамен жүз мың текше шақырым. Әр жыл сайын су тасуының кезінде өзен суы тек жағалауын ғана басады, елді мекендерге қауіп туындайды. Осы кезеңде Ертіс өзенінде 4 гидрологиялық станциялардан басқа, 5 су өлшеуіш датчиктер қойылған. Қ.Сәтбаев атындағы канал 22 сорғы станцияларымен жабдықталған әлемде теңдесі жоқ бірегейі болып табылады.
Облыстың климат ерекшеліктеріне байланысты жазда аңызақ (ыстық құрғақ) желдер жиі болады. Аңызақ желдер егістіктерге зиянын тигізеді, күшті дауылдар тұрғын үйлерді, байланыс жүйелерін, жолдарды қиратуы мүмкін. Ғарыштық метеорологиялық зерттеулер арқылы аңызақ желдер алдын ала болжанады. Табиғаттағы апат құбылыстарын алдын алу үшін тұрғын үйлерді апатқа төтеп беретіндей етіп салу, елді мекендерді орналастыруда табиғат ерекшелігін ескерудің маңызы зор. Табиғаттағы заңды түрде жүретін ырғақтық (циклдық) апат әкелетін өзгерістерді (теңіз деңгейінің көтерілуі, жұттардың болуы және т.б.) ескерген жөн.
Су тасқыны жайлы туындаған бірнеше сауалдарға мен жауап іздеп көрген болатынмын. Бұл сауалдарға жауап төменде нақтылай жазылған.
Биылғы жылғы Павлодар облысындағы су тасқынын алдын-ала болжауға болатын ба еді? Селдің алдын аламыз деген сөз еміс-еміс естіліп жатса да, дәл бүгінгідей дәрежеге жетуінің себебі не?
Су тасқыны табиғаттың төтенше апатты құбылыстарына жатады. Әлем бойынша ең көп зиян мен адам шығынына әкелетін табиғи құбылыс су тасқыны болып табылады, ал жер сілкінісі 4 орын алады. Әсіресе, қыс мезгіліндегі атмосфералық құрғақшылық, қысқы жауын-шашынның қарқынды түсуі, қар мөлшерінің көп жиналуы, нөсерлік жауын-шашын сияқты төтенше табиғи құбылыстардың жиіленуі климаттың жылынуымен байланысты екені дәлелденген. Қазақстан климатологтарының талдауы соңғы 30 жылда қысқы жауын-шашын мөлшері жаздағыдан көп екенін, Қазақстан аумағы бойынша соңғы 50 жылда ауа температурасы 2,5 С-қа өзгергені, әр 10 жыл сайынғы өзгерістер 0,28 С-ты оң бағытта құрайтыны осының айқын көрсеткіші болып табылады. Қысқы және көктемгі жауын-шашындар, қар жамылғысының тез еруімен қатар, үлкен су тасқындарына әкеледі. Осы жағдайларда су тасқынының су шаруашылық нысандарына, елді мекендерге тигізетін әсері келесі себептерден болады: көптеген елді мекендер мен нысандар су тасқыны әсер ету аймақтарында орналасқан. Екіншісі, кейбір елді мекендерде келген суды игере алмайтын бөгеттер орналасқан. Мәселен, Көкпекті сияқты бөгеттердің бұзылуы орасан зор экономикалық және рухани зиян келтіреді. Тұрғылықты халықтың және әлеуметтік-экономикалық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді алдын алу шараларын, апаттың даму кезіндегі және оның зардабын жою шараларын қамтитын ғылыми негізделген басқару жүйесін қайта қарастыру қажет. Халыққа алдын ала ескерту – болжам мәліметтерінің негізінде іске асырылады.
Жалпы сел, көктемгі су тасқыны мен нөсер жаңбырдан немесе ұзақ жауған ақ жауыннан, сондай-ақ қардың аяқасты күрт еруінен болады. Бұлардың барлығы бірдей гидрологиялық апаттық құбылыстар болғанымен оларды зерттеу әдісі, жалпы, бұлардың кеңістікке таралуы, уақыт бойынша қайталану жиілігі, бұзып-жару қуаты әркелкі. Жалпы өзендер және жазықтық болып бөлінеді. Сел тасқыны тек қана таулы жерде болса, ал көктемгі апаттық су тасқыны жазықтарға, өзендерге тән құбылыс. Төтенше жағдайлар Агенттігіне қарасты «Қазселден» қорғау мекемесі осы құбылыстармен айналысады. Бұл мекеме негізінен сел тасқынына мамандандырылған. Олардың міндеті – сел тасқындарының алдын алу, тасқын жөнінде дер кезінде құлақтандыру, сел тасқынын болжау және қар көшкіні мен лайлы көшкіндерге де мониторинг жасау. Қазіргі уақытта «Қазселден» қорғау мекемесініңбарлық гидрологиялық апаттық құбылыстарға жауап беруіне тура келуде. Ал, жалпы, су тасқынын болжау «Қазгидромет» мекемесінің құзырында. Ол мекеменің апаттық құбылыстарды болжау департаменті бар. Енді, Павлодардағы көктемгі су тасқынын алдын ала болжауға болар ма еді деген сұраққа келетін болсақ, ресми түрде міндетті түрде болжам жасалған болуы мүмкін. Себебі, Орталық және Солтүстік Қазақстанда орын алуы мүмкін апаттық су тасқындарына болжау ертеде жасалған. Осы өңірдің табиғи заңдылықтарын барынша сипаттай алатын әдістемелер бар. Орталық Қазақстанда көктемде айтарлықтай үлкен су тасқыны болатыны осы мәселемен айналысып жүрген мамандардың қай-қайсысына болсын белгілі. Жалпы, Қазақстанның Орталық, Солтүстік, Батыс аймақтарында да көктемгі су тасқынының қалыптасуын айқындайтын бірнеше фактор бар: Ең басты фактордың бірі – күзде алапқа жауын-шашынның тым көп, яғни қалыпты шамадан артық түсуі, су жинау алабының топырақ-грунтының көктемгі қар ерір алдындағы шамадан тыс ылғалды бойына сіңіру қабілетіне байланысты. Екіншісі – температуралық фактор. Қыстың қатаң, аязды болуы бойында ылғалы мол топырақты терең қабаттарына дейін жетеді. Үшінші фактор – қардың қалың жауып, су қорының молаюы. Сондай-ақ, еріген қар суына жауынның үстемеленуі міндетті түрде апаттық құбылысқа алып келеді. Себебі, көктем ерте шығып, күн күрт жылынған жағдайда жердегі тоң еріп үлгермейді, еріген қар суы молаяды. Жерге сіңбегендіктен еріген қар суының барлық жерді басып кету қаупі туындайды. Егер күзде жауын-шашын шамалы болса, ылғал аз болып, тоңның қалыңдығының жұқалығынан еріген қар аса үлкен тасқын туғызбаған болар еді. Сондықтан болжам жасай алмай қалдық деген бекер сөз. «Казгидрометте» бұл ақпараттың барлығы түгелге дейін болған немесе болуы тиіс еді. Расында табиғат құбылыстарына болжам жасау аса абырой әперетін іс емес. Су тасқыны жүздеген факторлардың қабаттасуынан тұтқиылдан болатын құбылыс. Бірін болжасақ, бірін болжай алмай жатамыз. Бірақ ең басты факторлар апаттық құбылыстан міндетті түрде хабар береді. Соны дер кезінде аңғармау – елдегі осы салада қызмет істейтін білікті мамандардың аз екендігінің көрінісі. Көктемгі су тасу құбылысы көктемдегі асатын ағынды шамалау сияқты өте маңызды мәселелер ғалымдардың назарынан тыс қалып қойды деуге болады. Бүгінгі таңда мұндай мәселемен айналысып жүрген кім бар десе, менің ойыма өзімнің ғылыми жетекшім Р.И.Гальпериннің ғана есімі оралады. Ғылыми-зерттеу мекемелерінен тек Ахметқал Рахметоллаұлы жетекшілік етіп отырған география институты бар. Мұндай келеңсіз құбылыстардың болатын себебі де сол – ғалымдар мен мүдделі мекемелердің бірлесе жұмыс жасай алмауынан туындайды. Әрі қазіргі таңда ғылымға бөлінетін ақшаның аздығына да тікелей қатысты. Биыл ғана Гальперин осы су тасқындарын зерттеу бойынша грант ұтты, 1 жылға бөлінген ақшаның көлемі небары 5-ақ млн. теңге. Ондай ақшамен не тындыра аласың? Космостан түсірілген түсірілімдерді сатып аласың ба, жоқ әлде білікті мамандар тартасың ба? Біздердегі ғалымдар өз елінің патриоты болу керек қой. Өзінің ғылымға деген ынтасын қанағаттандыруы тиіс деген көзқарас қалыптасқан. Жалғыз патриоттық сезіммен алысқа бара алмайсың. Кез келген салаға қомақты қаржы құйылуы керек және ол қаржы нағыз мамандардың қолына түсуі тиіс. Шындығында біздерде ақшаны қайдағы біреулер ұтады да, сабылып осы жұмысты орындайтын маман іздеп, ақ тер, көк тер болады. Соңы осындай келеңсіз жағдайларға алып келеді. Сосын Төтенше жағдайлар мекемесінің Ішкі істер министрлігіне берілуі мүлдем ақылға қонымсыз нәрсе. Тағы да бір айта кететін жай, көпшілікте егер апаттық құбылыс болжанған болса, онда оның алдын алуға болар еді деген қате ұғым бар. Апаттық құбылысты алдын ала болжау осы құбылысты болдырмай тастау деген сөз емес. Табиғи құбылысты тоқтату мүмкін емес. Тек болатын шығынды азайтуға, яғни апаттық құбылыстың зардабын бәсеңдетуге ғана болады. Бұл күрмеуі қиын өте күрделі мәселе. Әсіресе, құқықтық жағынан, жауапкершілікті мойынға алу сияқты шешімі қиын қиын сұрақтар көп.
Біз көшпелі өркениеттің ұрпағымыз. Ата-бабамыз табиғатпен тел өсіп, қоршаған ортаның өзгерістерін қапысыз бағатын, түрлі амалдарды алдын-ала болжап, қысқасы үйлесімді өмір сүретін. Қазір сол қабілеттерден айырылып қалып отырмыз. Жалпы табиғатты зерделей, зерттей білмеудің ақыры неге әкеліп соғады деп ойлайсыз?
Көшпелі халықтар табиғатпен бірізді өмір сүрді. Қоныстар мен тұрақтарды таңдауда олар әрқашан табиғи үрдістердің, соның ішінде су басулар мен сел ағындарының және өзге де қолайсыз табиғи құбылыстардың қауіпсіздігіне аса назар аударған. Сол себепті тұрақты тұрғындарын мұндай апатты құбылыстардың әсер ету аумағынан алшақта ұстаған. Сонымен қатар, көшпенділер қоныстанған аумақтар ресурстардың қалпына келуін есепке ала отырып, тиімді пайдаланылған. Бірақ қазіргі заманда пайдаланылатын аумақтар жайлылық және қызығушылық бағыттары бойынша, көп жағдайда апатты үрдістер аумағында орналастырылады. Көп жағдайда адамның өзі осы үрдістердің асқындауына түрткі болады. Сол себепті, қоныстану аумағын таңдауда әлеуметтік объектілермен қатар, табиғи ортаның қауіпсіздігін де есепке алу қажет. Елбасының Қарағанды облысындағы су тасқынының зардаптарына қатысты сұхбатында мұндай табиғат құбылыстары белгілі уақыт кезеңінде қайталанып отыратындығы және тұрғылықты халық мұндай құбылыстарға дайын болу қажеттігін атап өткен. Мемлекеттің бар күші қарапайым халық пен мүлікті сақтауға жұмылдырылуы қажет. Мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін су тасқындары туралы мағлұмат болу қажет, яғни жеке құрылысқа тыйым салу мақсатында әлеуетті қауіпті аумақтарды (өзен алқабы, су қорғау зоналары, құрғақ сайлар) анықтау қажет. Сонымен қатар, қауіпті табиғи құбылыстарды алдын ала ескерту жүйесін құзырлы қызметтер, әкімдіктер және тұрғылықты халық деңгейінде жақсарту қажет. Әрине, бұл жұмыстар ғылыми-зерттеу негізінде жасалу қажет.
Табиғаттағы климаттық процестер, биосфераның тіршілігі, адамның іс-әрекеті қоғамның экономикалық жағдайымен тығыз байланысты. Табиғаттың құдіретінде шек жоқ. Табиғатта энергияның сақталу заңы бар. Ол әрдайым өзінің тепе-теңдік күйін сақтауға ұмтылады. Ал адамның шектен тыс килігуінің салдарынан тепе-теңдік бұзылып, табиғат ресурстарының қалпын сақтау қабілеті төмендейді. Тоқпақтай берген соң табиғат та болдырады. Оның «жанайқайын» ұғатын қоғам кәне, адам кәне. Пейілімізге, ниетімізге қарай еккен егісіміздің «жемісін» орамыз. Адамзат басына төніп келе жатқан қатерді әлі толық сезінген жоқ. Адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің үйлесімсіздігі, бір-ақ рет берілетін өмірде ішіп-жесем, игіліктің бәрін алып қалсам деген тоғышарлық пиғылы экологиялық дағдарысқа, әсіресе, су ресурстары дағдарысына алып келеді. Экологиялық дағдарыс басталып та кетті. Арал, Лобнор, Манас, Ебінұр, Каракошун, Теңіз көлдері құрғап кетті немесе сарқылуда. Өзендер мен көлдер ластанып, сулары сарқылғанша өнеркәсіп және ауылшаруашылығы сұраныстарын қамтамасыз етуге бейберекет жұмсалып жатыр. Судың да сұрауы бар. Обал, сауап деген ұғымдар әдіре қалғалы қашан. Қазіргі адамдардың келешек ұрпақ алдында жауапкершілігі жоқ секілді. Қоғам осылай кете берсе, тығырыққа тірелуіміз сөзсіз. Тығырыққа тірелуіміздің себеп-салдары не? Көкейге оралған сансыз сұрақтардың жауабы бар ма? Бұдан шығудың жолы қандай? Жол нұсқар білікті мамандар, батагөй ақсақалдар қайда? Жауапты халық даналығынан, салт-дәстүрден, ділден, діннен іздеген дұрыс болар. Бұл мәселелердің барлығы экологиялық мәдениетті қалыптастыру кезінде есепке алынуы тиіс. Біз экологиялық мәселелерді тек жоғары технологиялық, инновациялық, суды үнемдеп пайдаланатын, қалдықсыз өндірісті енгізу арқылы ғана емес, иманы мен ділі, патриоттық сезімі жоғары адамдарды, ғылымды терең игерген мамандарды тәрбиелеу арқылы шеше аламыз. Өйткені, терең техникалық ғылыммен қаруланған біздің замандастарымыз Арал, Балқаш, басқа да экологиялық проблемаларды туғызды. Ал, мыңдаған жылдар Дарияның бойын жайлаған диқандар, малын қоныстан-қонысқа көшіріп отырып, жайылым шөбінің қайта қалпына келуіне мүмкіндік жасап беріп баққан ата-бабаларымыздың ішкі түйсік деңгейіндегі жинақтаған тәжірибесі, қабілет-қарымы таңғалуға тұрады. Олар қазіргі тілмен айтқанда экологиялық мәселелерді, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін салт-дәстүрмен ұштастырып, санаға сіңіріп жіберген болатын. Демек, барлығы да қоғамдық санаға, оның мүшелерінің санасына, қала берді ұлттық идеологияға барып тіреледі. Қазақстанда табиғи ортаны ластаушы көздерге мыналар жатады: табиғи объектілер: кен орындары, геохимиялық аномалиялар; техногендік ластаушы көздер, ауылшаруашылығы ластаушы көздері және өндірістік ластаушы көздер болып екі топқа бөлінеді. Антропогендік жүктеменің шамадан тыс болуы табиғаттың басқа объектілеріне қарағанда су ресурстарына барынша тез ықпалын тигізеді. Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы өткен ғасырдың 80-ші жылдарымен салыстырғанда экономикалық дағдарысқа байланысты айтарлықтай жақсарды, бірақ көңіл көншітерлік күйде емес. Қоршаған ортаның геоэкологиялық режимі, өзен, көлдердің санитарлық режимі бұзылған. Адамның іс-әрекетінен болған экологиялық дағдарыстың айқын мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық апатқа ұшырауын атауға болады. Суы тартылған теңіз табанының тұзы желмен көтеріліп теңізден мыңдаған шақырым шалғайға таралып жатыр. Арал өңірі табиғатының бұзылуы халықтың денсаулығына, әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізуде. Өзен алаптарындағы улы заттарды сақтау, қайта өңдеу мәселелері де өз шешімін тапқан жоқ. Оның үстіне табиғатты ластаушы заттар әлі толықтай есепке алынған жоқ. Бақылау жүргізілетін ластаушы көздерден бақылаудан тыс қалған ластаушы көздерден келетін зиян орасан үлкен. Қазақстанда экологиялық жағдайдың нашарлауына трансшекаралық өзендерде өз үлесін қосуда. Ертіс, Іле, Сырдария, Шу өзендері алаптарында қалыптасып отырған ахуал алаңдатушылық туғызуда. Ертіс өзені алабындағы табиғат өнеркәсіп қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанып жатыр. Қытай елі аумағынан Ертіс, Іле өзендері ластанып келуде. Өзен суында зиянды заттардың шекті рауалы шоғырлануынан (ПДК) әлденеше есе асып түседі.
Селдің болу себебі неде ?
Сел тасқыны кенеттен туындайтын жойқын күшке ие, жолында кездескен кедергілердің барлығын жайпап кететін, таудан буырқанып құлайтын су мен лай, тас аралас қоймалжың ағын. Қазақстанда сел тасқыны тау баурайында және тау алды аңғарларда орналасқан көптеген елді мекендерге қауіп төндіреді. Сел тасқынына анағұрлым жиі ұшырайтын аймаққа Алматы облысының таулы және тау алды аумақтары жатады. Қазақстан Республикасының сел қаупі бар 13 мың км шаршы сел қауіпті аймағының 11 мың км шаршысы Алматы облысына тиесілі. Сел тасқыны әсер ететін аймақта өмір сүретін тұрғындардың жартысынан астамы Алматы облысында тұрады. Еліміздің 1226 сел ошағы анықталған. Ал сел тасқынының туындау себептеріне келсек, климаттық, метеорологиялық, гидрологиялық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық және геологиялық және т.б. жағдайлар әсер етеді. Бұл факторлардың сел үдерісіндегі рөлі әртүрлі. Сондай-ақ бұлардан басқа сел тасқынының қалыптасуына қосалқы факторлар да ықпал етуі мүмкін. Сел үдерісінің көп факторлығы, таулы аудандардағы әртүрлі табиғи-климаттық жағдай, таралу сипатының өзі айтарлықтай қиындықтарға алып келеді. Кей кездері жауын-шашынның да әсері мол болады. Десек те, бұл әр жерде әрқалай. Себебі әр жерде топырақтың құрамы бірдей емес. Сондықтан сел тасқынының пайда болуына әсер ететін себептер көп. Сел нөсерлі, гляциалды және сейсмогенді болып бөлінеді. Егер селдің негізгі көзі жауын-шашын болса, сел тасқындарын нөсерлі (жаңбырлы) деп аталады. Ал сел тасқындар қар жамылғысының еруінің нәтижесінде қалыптасса, онда олар қарлы сел тасқыны деп аталады. Сел тасқынының туындауына алып келетін мұндай өзгерістер сейсмикалық құбылыстар нәтижесінде пайда болса, онда олар сейсмогенді болып табылады. Егер сел тасқындары адамның шаруашылық іс-әрекетіне байланысты туындайтын болса, онда олар антропогенді деп аталады. Мұздардың еруі және гляциалды-нивалды белдеудегі көлдердің ақтарылуы нәтижесінде туындайтын сел тасқындарын гляциалды түрге жатқызамыз. Мәселен, күні кеше болған Қарғалы өзеніндегі селді осы түріне жатқызуға болады. Яғни мұнда күннің ыстығы мұздықтардың еруіне әсер еткен. Соңғы 10 жылда осы мұздықтардың әсерінен болатын сел тасқындары күшейіп келеді. Бұл ауа райының жылынуына да байланысты мұздықтардың тез еруінен, мореналық көлдердің ақтарылуынан орын алып отыр. Морена мұздықтардың қозғалысынан пайда болған өнім. Мореналық көлдер әртүрлі жағдайларға байланысты қозғалыстарға түсіп, қауіп тудырып отырады. Жалпы мореналық көлдердің тұрақты және тез жоғалып кететіндері болады. Суын ұстап тұратын мойнағы бар. Көп жағдайда сол көлдердің мойнағының ақтарылуы сел тасқынын тудыру қаупін әкеледі. Сондықтан осындай қауіптің алдын алу шаралары ретінде көл өз ернеуінен асып кетпеуі үшін олардың деңгейін сифондық трубалар арқылы түсіріп отыру қажет.
Мұның қандай әдіс-тәсілдері бар?
Қолданылатын әдістердің бірі – брезент арқылы суды арналар арқылы төмен жіберу кеңінен қолданылады. Жалпы сел тасқынындағы басты мәселе мониторинг, яғни бақылау, басқару, содан кейін болжау. Сел тасқынын басқару ұғымына осы бақылау мен мониторинг нәтижесі бойынша сел тасқынын болдырмау, оның алдын алу шарасын жасау, тасқын болған жағдайда атқарылатын шаралар, сел тасқынынан кейінгі қауіпті анықтау кіреді. Егер сел тасқыны болады деген қауіп болса, онда алдын ала ол қай аумаққа таралатыны, қаншалықты күшті не әлсіз болуы, сол маңдағы нысандарға қандай қауіп төндіретіні ерте есептеледі. Бұл да басқаруға жатады.
Бүгіндері сел мәселесімен қандай мекемелер шұғылданады? Селді зерттеп жүрген ғалымдар бар ма?
Бүгіндері сел тасқынымен айналысатын екі мекеме бар. «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мен «Қазгидромет» мекемесі. «Қазселденқорғаудың» құзыретіне бақылау, мониторинг жүргізу, селден қорғау ғимараттарын салу, оларды пайдалану, олардың жай-күйін бақылау кіреді. КСРО кезінде бұл мекеме тек селмен ғана айналысатын. Ал қазір оның құзыретіне қар көшкіні сынды басқа да апатты жағдайларды бақылау кірген. Бұл мекеме жұмысына қиындықтар туғызып отырғаны сөзсіз. КСРО кезінде Алматыда Қазақ гидрометерологиялық ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Соның құрамында сел тасқынымен айналысатын үлкен бөлім болды. Қазақстан бойынша емес, Кеңес Одағына кіретін барлық елдер сел тасқынына байланысты есептерін сол институтқа беретін. Себебі Алматы осы мәселемен айналысатын басты ғылыми орталық болған. Кезінде «Қазселденқорғаудың» техникалық, ғылыми базасы ауқымды еді. Олар Қазақстанның таулы аймақтарындағы селден қорғаудың бас сұлбасын жасаған. Көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізді. Алайда 90-жылдары бұл салада тоқырау басталды. Осылайша селтану ғылымы елімізде 2000-жылдарға қарай ғана жандана бастады. Сондықтан селмен айналысатын мамандар жеткіліксіз болды. Қазірдің өзінде селмен айналысатын Б.С.Степанов, Т.Л.Киренская, А.Р.Медеу, Ю.Б.Виноградов, Е.А.Таланов, Р.К.Яфиязова, В.Виноходов сынды ғалымдарды атап өтуге болады. Алайда бұл ғалымдарымыз бүгіндері алпысты еңсерген шақта. Осы аға буын өкілдері мен бүгінгі жастар арасында сабақтастық болмай отыр. Мен өзім «Қазселденқорғау» мекемесінде сел проблемасы бойынша зертхананың меңгерушісі болдым. Бірақ мен өзімді селтану маманы болып қалыптастым дей алмаймын. Себебі бұл саланың ішінде жүрген соң 10 жылдың өзі тәжірибе үшін аз екенін ұқтым. Нағыз маман сел тасқынын сезіне біледі. Бір айта кетерлігі, сел мамандары ешқайда даярланбайды. Селтану көптеген ғылымдардың ұштасуынан, кірігуінен туындайтын ғылым. Сол себепті кәсіби маман атану үшін геоморфология, геология, гидрология, метерология, сейсмология ғылымдарын жетік білу қажет. Ал мұндай маман бірден шықпайды. Ұзақ жылдар бойы жиналған тәжірибе де кей кездері аздық етеді. Яғни, селтануды меңгеру үшін жан-жақты болу қажет. Ал осы аталған ғылымдардың ішінде ең жақыны гидрологтар. Алайда қазіргі білім жүйесіне сәйкес гидрологтар геология мен геоморфология пәндерін оқымайтыны өкінішті.
Сел тасқынын алдын ала болжау мүмкін бе? Апат болғанға дейін қанша уақыт бұрын болжам жасауға болады?
Қазір сел тасқынын болжауға деген талпыныс бар. Оны болжау тіпті мүмкін емес. Болжаудың қиындығы сел тасқынының қандай түрге жататынына байланысты. Тау жыныстарындағы тас эрозияға ұшырап, біртіндеп төмен түсіп, бір ойысқа жиналады. Бұл ойыс сел ошағы деп аталады. Егер қатты нөсер болып, жауын-шашын мөлшері көбейіп кетсе, осы ойыстардың тепе-теңдігі бұзылып, селдің болуына әкелуі мүмкін. Бұл жерде жағдай жауын-шашын мөлшеріне байланысты. Бірақ жауын-шашын мөлшерінен бұрын, топырақтың құрамы да үлкен рөл атқарады. Селтанудың геологиямен байланысты дегенім осы. Мәселен, Ақжар өзен алабында сел тасқынының қаупі жоғары. Себебі бұл жердің топырағы босаңдау, жаңбыр жауса тез қозғалысқа түсіп, тепе-теңдікті жоғалтады. Бір жерлерде жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аспауы керек болса, топырағы босаң жерлерде 70 мм-ден аспау керек. Егер нөсер жаңбыр сел ошағына тура түсетін болса, онда сел жүреді. Ал кей кездері жаңбыр сел ошағын жанап өтіп жатады. Сондықтан бұл қауіпті алдын ала болжау қиын. Біз тек сел қаупін ғана айта аламыз. Т.Л.Киренская деген ғалым гляциалды селді болжаудың жүйесін жасаған. 30 күн бұрынғы температуралар жиынтығы, 10 күн бұрынғы температуралар жиынтығы, 30 күн бұрынғы жауын-шашын мөлшері, 10 күн бұрынғы жауын-шашын мөлшерінің жиынтығы және нөлдік изотерманың көрсеткіші. Міне, осы бес есеппен селді болжауға болады. Нөлдік изотерма бұл таудың 0 градус сызығынан 3000-нан бастап көтеріліп түсіп отырады. Осы нормадан асып кетсе, мұздықтар еріп, қауіп тудырады. Болжаудың тағы бір қиындығы көлдер кенеттен пайда болады. Мореналық көлдердің астында, жер астында бос кеңістіктер болады. Олар кейде толысып отырады. Оны «Қазселденқорғау» мекемесі де, «Қазгидромет» мекемесі де бұның барлығын бақылап отыр. Кенеттен пайда болған көлдерді бақылау мүмкіндігі төмен. Мәселен, Қарғалы өзеніндегі апатқа дейін бұл мекемелер тікұшақпен барлығын алдын ала тексергенде су деңгейі тұрақты болған, көлдер болмаған. Бұл кенеттен пайда болған көл. Қарғалы өзеніндегі сел тасқынына адами фактор да әсер етті. Себебі бөгет өзінің қызметін атқарды, суды ұстап қалды. Ал үлкен тастардың қозғалысқа түсіп, елді мекендерді қиратуының бірден-бір себебі, өзен арнасын көркемдеп, габиондарды салудан деп айтуға толық негіз бар. Негізінде өзеннің арнасынан заң бойынша 50-100 метр қашықтықта ешқандай ғимараттар, нысандар салынбауы керек. Бұндағы басты кемшілік, қандай ғимарат салынса да, арналарды абаттандырса да гидрологтардың рұқсатынсыз жүргізілмеуі қажет. Заңсыз салынған ғимараттар да кедергі болды.
Сел тасқыны кезінде не істеу керек?
Сел тасқыны болады деген қауіп болса, ұялы байланыс операторлары ғана емес, бүкіл телеарналар, радиоарналар дабыл қағу керек. Халықты алдын ала құлақтандыру жағы әлі де кемшін түсіп жатыр. Мұндай жағдайда не істеу керектігі айтылуы керек. Сел қаупі бар аймақта тұратын адамдар бәріне дайын болуы керек. Қаншама шығын болса да, оның барлығын Үкімет өтеп бере алмайды. Сондықтан сел қаупі жоғары елді мекендердің тұрғындарына үйлерін міндетті сақтандыру талап етілу қажет. Шетелде өмірді, мүлікті сақтандыру жақсы жолға қойылған. Біз әлі күнге дейін осы мәселені шеше алмай отырмыз.
1.2 Су тасқыны
Су тасқыны - ең қатерлі апаттардың бірі. Ол қардың еруінен, нөсер жаңбыр мен найзағай әсерінен болады. Су тасқындары табиғи және апатты болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Табиғи тасқын өзендердің, көлдердің, мұхиттардың су деңгейінің көтерілуінен немесе жауын-шашынның толассыз жаууынан, дауылдардың, цунамилердің кенеттен басып қалуынан болатын тасқындарды айтады. Табиғи тасқындар бұдан әрі өзен тасқыны, нөсер тасқыны, жағалау тасқыны және апатты тасқын болып тағы да бөлінеді.
Көптеген өзендер бір-бірінен әрқилы жағдайларда судың ағып кетуінің құрылымына байланысты. Осыдан, субасулар дың пайда болу шарттарына байланысты 4 типке бөлінеді:
1 - жазық даладағы қардың еруін тудыратын ең үлкен ағыс.
2 - тау мұздақтары мен қарлары нан туындауын ескертетін ең үлкен ағыс.
3 - Су тасқыны бұл жерлерде бір жылдың шінде бірнеше рет бақылануы мүмкін.
4 - Қатты жаңбыр жаууды есекертетін ең үлкен ағыс.
Олардың мерзімі қардың еруінен су басып, сонымен қатар күзгі жауын-шашынның әсерінен болады.
1 - ші түрге сәйкес субасуды, әдетте су тасқыны деп атайды.Бұл жыл сайын бір мерзімде қайталанып тұратын өзендегі судың көтерілуі. Әдетте су тасқынықыстың жылы күндеріндегі қардың еруіемен және жаңбырдың жауумен қалыптасады.
Аталған түпнұсқалардан басқа, басқа да метереологиялық құбылыстардың салдарынан, мысалы тоқтатылу, бегеттердің үзілуінен қалыптасуы мүмкін.
Су тасқыны кезіндегі суды пайдаланудың барынша шығыны мен деңгейі негізгі маңызды сипаттамасы болып табылады. Барынша деңгеймен көлем, жерді су басуының уақыты мен қабаты байланысты.
Негізгі сипаттамасының біреуіне су деңгейінің көтерілуінің жылдамдығы жатады.
Барынша су шығыны мен деңгейінің көлемін көктемгі су тасқыны жағдайына себепші болатын факторына төмендегілер жатады:
- көктемгі ерудің алдында қар жамылғыларындағы судың қоры, қардың еруі мен су тасқыны кезіндегі ауа райының жауын-шашыны;
- көктемгі қар еруі алдындағы жер қыртысының көктемгі-қысқы ылғалдануы;
- жер қыртысының қату тереңдігі;
- жер қыртысындағы мұздың қабығы;
- қар ерудің күштілігі;
Негізгі сипаттаманың мөлшеріне әсер ететін су тасқынының факторына төмендегілер жатады:
- жауын-шашынның мөлшері;
- олардың күштілігі мен уақыты;
- жауын-шашын түсетін аумақты қамту;
- бассейннің ылғалдылығы;
- жер қыртысының су өтуі;
- хауыздың бедері;
- өзен көлбеуінің шамалары;
- қатты қабаттың бар болуы мен тереңдігі;
Субасудың негізгі сипаттамасының салдарына:
- субасу зонасында қалған тұрғындардың саны;
- субасу зонасында қалған мекенжайлар;
- өнеркәсіп саны;
- су басу аймағында қалған көлік және жолаушы жолдары, электр жүйелері;
- өлген жануарлар, туннель мен қираған көпірлердің саны.
Субасудың тікелей және жанама залалдарға ажыратылады. Тікелейге – мысалы, тұрғын үйлер мен өнеркәсіп ғимараттарының, жолаушылар және көлік жолдарының, байланыс пен электр жүйелерінің, жануарлар мен егіннің өлуі, шикізаттардың бұзылуы, қирауы, отынның және құнды заттар мен тұрғындарды көшіру жатады.
Жанама залалға әдеттегідей зара шеккен аудандарға азық-түлік құрылыс материалдары және малдардың азығыа шығындар, өнімдерді даярлауды қысқарту, тұрғындардың жағдайының нашарлауы. Тікелей және жанама залалдар 70%-дан 30% қатынасында болады.
Кейде субасулар қысқа тұйықталудың салдарынан өрттермен қоса жүреді, ғимараттар іргелерінен қозғалады:сылағы құлайды,фундаменттері шайыла бастайды, ағаш үйлесімдерінің шіриді.
«Еру» және «Су басу» мағыналары да бар. Еру кезінде су жертөлелердің астына канализациялық жүйелері , коллекторлар мен траншея арқылы өтеді. Субасу кезінде жер белгілі биіктікте жоғары көтеріледі.
Метереологиялық жағдайларына қарай Қазақстан аймағы әр түрлі болып келеді. Сонда да субасулар әдетте біресе бір аумақта, біресе басқа аумақта болып тұрады.
Субасудың болуына байланысты себептеріне қарай 4 топқа бөлінеді:

2 - тау мұздақтары мен қарлары нан туындауын ескертетін ең үлкен ағыс. Су тасқыны бұл жерлерде бір жылдың шінде бірнеше рет бақылануы мүмкін.
3 - Қатты жаңбыр жаууды ескертетін ең үлкен ағыс
Жауын-шашын мен қардың еруімен бірге туындайтын ең үлкн ағыс.
4 - қатты желдің әсерінен көлдер мен су қоймаларына судың тұрып қалуы.

Субасудың 5-ші түрі де болады, бірақ олар ТЖ техногендік сипатына жатады.
Қазақстанда 1- ші, 2-ші типтегі су басулары басым болады.
Мөлшері мен масштабына қарай олар тағы да 4-ке бөлінеді.
Бірінші –төменгі субасулар. Көбінесе жайпақ өзендерде кездеседі, олар 5-10 жылда 1 рет қайталанып тұрады. Соның салдарынан төменгі бөлікте орналасқан ауылшаруашылық жерлерінің 10 пайызын су басады. Олар қатты әсер ететін шығындарға әкеліп соқпайды және тұрғындардың өміріне зиянын келтіре қоймайды.
Екіншісі – жоғары субасулар. Көптеген жерлердің аумақтарын қамтып, материалдық шығындары басым болып келеді, тұрғындардың өміріне зиянын келтіреді. Кей жағдайларда адамдарды көшіруге тура келеді. Рухани және материалдық шығындары өте маңызды болып келеді. 15-20 жылда 1 рет болып тұрады.
Үшіншісі - өте маңызды субасулар. Олар толық өзен су хауыздарын қамтиды. Шаруашылық кәсіпкерлікке зиянын тигізіп, рухани және материалдық шығынға әкеліп соқтырады. Өте жиі тұрғындарды жаппай көшіруге әкеліп соқтырады. 50-100 жылда 1 рет қайталануы мүмкін.
Тасқын суымен келген субасулары Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерінде кездеседі. Осындай субасулары Оңтүстік Қазақстанның өзендерінде ақпан- наурыз айларында болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыста және шығыс қазақстанда наурыз-шілде айларында, ал жайпақ өзендерде – наурыз-маусым айларында болуы ықтиамал.
Су тасқыны - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.Су тасқыны жиі және жүйелі қайталанып тұратын табиғи апаттардың қатарына жатады.
Су тасқынының негізгі себептері:
1. Ұзақ нөсер жауын;
2. Қардың және мұздың еруі;
3. Қатты желдің өзен,көл суларын жағалауға аударуы;
4. Өзен жолдарының бітеліп қалуы;
5. Гидротехникалық құрылымдардың бұзұлуы;
6. Жерасты суларының көп көлемде жер бетіне шығуы;
Кез- келген су тасқынының негізгі сипаттамалары: Судың көтерілу деңгейі,су шығыны және көлемі,су басу ауданы және ұзақтығы,ағыс және су денгейінің көтерілу жылдамдығы,су ағысының құрамы және т.б.
Қазақстандағы су тасқынын тудыратын себептеріне байланысты үш топқа бөлінеді:
-
Ауа-райы факторрлары тудыратын су тасқын;
-
Арна жағдайына байланысты немесе күшейген су тасқын;
-
Көпірлердің, гидротехникалық құрлымдардың бұзылуы ;
Судың тасуы - көктемде қар ерігеннен кейінгі судың көтерілуі,бұндай су тасқыны өзендегі су денгейінің елеулі және едәуір ұзақ уақыт бойы көтерілуімен ерекшеленеді.
Су тасудың жоғарғы деңгейлері болған кезінде жеке өзендерде ауыл шаруашылық аумақтарын,өндірістік кәсіпорындар мен жергілікті орындарды уақытша су басулармен бірге топан сулар пайда болады.
Ертіс өзенінде су тасу-топан су кезеңнің ұзақтығы 36 айға жуығын құрайды-сәуірден маусымға дейін.Шілде айынан бастап жазғы жаңбырлардың салдарынан су деңгейлерінің көтерілуі қайталанады.Шілде айынан бастап жазғы жаңбырлардың салдарынан су деңгейлерінің көтерілуі қайталанады.
Павлодар облысының аумағында қар қарқынды ери бастағанда,жыл сайын қардың қарқынды еруі,төмен жерлерде орналасқан кейбір елді мекендер олардың арасында,Баянауыл ауданындағы Көкдомбақ,Теңдік және Қарасшы ауылдары,Ақтоғай ауданындағы Шолақсор ауылы, облыстағы Шұға ауылы, Ленин кенті жиі су басуға ұшырайды.
-
Алдын-алу шаралары
Тасқын кезінде не істеу керек?
* Тасқынды суды кешіп өтуге тырыспаңыз;
* Судың тереңдігін сырықпен өлшеп алыңыз;
* Электр желілері мен сымдарынан аулақ жүріңіз;
* Үйлердің кәріз (канализация) жолдарын су өтпейтін заттармен тығындап тастаңыз;
* Газеттердің, радионың, теледидардың сақтандыруларына құлақ асыңыз;
* Тасқын аймағында машинамен жүруден сақтаныңыз;
Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары.
Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары зақымдану ошақтарындағы адамдарды құтқару, жапа шегушілерге көмек көрсету, зақымданудың қайта туындаған факторларынан материалдық шығындар мен адамдардың құрбан болуының алдын алу және кезекті қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін жағдайлар жасау мақсатында жүргізіледі.
Құтқару жұмысына жататындар: қозғалыс жасау маршруты мен жұмыс аймағын барлау, жұмыс аймағы мен қозғалыс жасау маршруттарындағы өртті сөндіру және жою, зақымданушыларды іздеу және оларды үйінділердің бүлінген және жанып жатқан ғимараттардың астынан алып шығу, қиратылған қорғаныш құрылыстарын ашу, оған ауа жіберу және ондағы адамдарды құтқару; зақымданған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және оларды тасымалдау; халықты қауіпсіз жерге шығару, зақымданушыларды санитарлық өңдеуден өткізу және олардың киімдерін, аумақты, көлік пен техниканы залалсыздандыру.
Жедел қалпына келтіру жұмыстарына жататындар: үйінділердегі көлік пен техника қозғалысы үшін жүру құрылғылары мен лек жолдарына жол төсемдерін жасау; құлау төндіретін конструкцияларды нығайту және опырып құлату; энергетикалық желілердегі апатты жайылдырмау, құтқару жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған энергетикалық желілер мен байланыс желілерін уақытша қалпына келтіру.
Құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарына АҚ-тың жалпы мақсаттағы әскерилендірілмеген құрамалары мен бөлімдері, әр түрлі мақсаттағы қызмет көрсету құрамалары (медициналық, өртке қарсы, инженерлік, қоғамдық тәртіпті сақтау, материалдық және техникалық қамтамасыз ету жәнет.б.) тартылады.
Құтқару командалары келіп жеткенге дейін барлау топтары аймақтағы зақымдану деңгейін анықтайды, құрылыстарға кіру мен шығу жолдарын іздестіреді.
Қираған ғимараттардағы үйінділер астынан адамдарды іздеу және құтқару зақымдану ошақтарына құрамалар кіргізілген кезден бастап дереу басталады.
Зақымданушыларды іздеу кезінде адамдардың болуы мүмкін жерлер мұқият зерттеледі.
Құтқарушыларға кезең-кезеңмен дауыстап немесе ғимараттың сақталып қалған бөлігіне және үйінді элементіне соққы беру арқылы қатты сигналдар беріліп отырады.
Құтқарушылар түтіндеген жерлерден адамдарды іздеу үшін сүзгіш газтұмылдырықтарда жұмыс істеуі қажет. Зақымданушыны түтіннен қорғау үшін шүберектер немесе тығыз емес матаның бөлігі қолданылады.
Үйілген қорғаныш ғимараттарын қазу мен ашу олардан шығару жұмыстары жалпы мақсаттағы құрамалардың өртке қарсы, инженерлік, апатты-техникалық және дәрігерлік қызмет көрсету құрамаларымен бірлесе әрекет етуімен жүзеге асырылады.
Қорғаныш ғимараттарын қираған құрылыстардың арасынан іздеп табу жұмыстары алдын ала жасалған жоспар мен сипатты белгілері бойынша жүргізіледі.
Қорғаныш құрылыстарын іздеп тапқаннан соң ең алдымен онда тасаланып отырған адамдармен байланыс орнатып, олардың жағдайын, ғимараттың бүліну дәрежесін және оның ішкі жабдықтарын анықтау қажет.
Зақымданушыларға көрсетілетін дәрігерлік жәрдемді дәрігерлік қызмет көрсету мекемелері мен құрамалары ұйымдастырады. Объектілердегі құтқару жұмыстарын тікелей алғашқы дәрігерлік көмекті санитарлық дружиналардың жеке құрамы немесе АҚ-тың басқа да құрамалары көрсетеді.
Дәрігерлік көмекке зәру зақымданушылар тиеу орнына көлікпен тасымалданады да, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жасақтарына немесе қалалық дәрігерлік пункттерге жеткізіледі.
Алдын-алу іс-шаралары толық қарастырылғанымен дер кезінде құтқаруда адамдар байбалам салып, күйзеліске түседі. Сол себептен, бұл құтқарушыларға аздап зиян тигізеді.
II. Практикалық бөлім
2.1 Мектеп оқушыларынан алынған сауалнама қорытындысы
Кесте-1. Сауалнама қорытындысы
|
Сұрақ |
Оқушы саны |
Пайыздық көрсеткіш |
||
|
Иә |
Жоқ |
Иә |
Жоқ |
|
|
1 |
26 |
4 |
75% |
25% |
|
2 |
29 |
1 |
99% |
1% |
|
3 |
15 |
15 |
50% |
50% |
|
4 |
23 |
7 |
77% |
23% |
|
5 |
26 |
4 |
87% |
13% |

Кесте – 2. Әр сынып бойынша сауалнама қорытындысы
|
Сынып |
Оқушы саны |
Оқушы саны бойынша |
Пайыздық көрсеткіш, % |
||
|
Иә |
Жоқ |
Иә |
Жоқ |
||
|
6 |
9 |
7 |
2 |
78 |
22 |
|
9 |
17 |
12 |
5 |
71 |
29 |
|
10 |
4 |
3 |
1 |
75 |
25 |

Осы тақырып негізінде мектеп оқушыларынан табиғат апаттары оның ішінде су тасқыны жайлы не білетіндіктерін анықтадық. Оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнама бес сұрақтан, жалпы 30 оқушы, 6,9,10 сынып оқушыларынан алынды. Бірінші сұрақ бойынша “ Сіз табиғи апаттардан хабардарсыз ба?”,бұл сұраққа 26 оқушы - 75% біледі деп жауап берді. Ал 4 оқушы - 25% табиғи апаттардан хабарсыз екенін көрсетті. Екінші сұрақ бойынша “ Су тасқыны табиғи апаттарға жата ма?” 29 оқушы - 99% иә деп, 1 оқушы - 1% жоқ деп жауап берді. Үшінші сұрақ бойынша “ Павлодар облысында су тасқыны байқала ма?” 15 оқушы - 50% иә деп,15 оқушы - 50% жоқ деп жауап берді. Төртінші сұрақ бойынша “ Ертіс өзенінен су тасу қаупі бар ма?” 23 оқушы - 77% иә деп,7 оқушы - 23% жоқ деп жауап берді. Бесінші сұрақ бойынша “ Су тасқыны болғанда өз-өзіңді ұстай білесіз бе?” 26 оқушы - 87% иә деп, 4 оқушы - 13% жоқ деп жауап берді.
Қорытынды
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.
Табиғи апаттар-адамдар мен жануарлардың өліміне, халықтың өмірінің күрт бұзылуына, материалдық құндылықтардың жойылуына әкәлетін адамның қатысуынсыз, табиғаттың әсерінен болатын құбылыс. Бірақ, адам қатыспаса да,өзінің іс-әрекетімен табиғи апат туындатуы мүмкін. Кей жағдайда бір апат екінші апатты туындатып, оны қиындатып, өлімнің санын одан әрі көбейтуі әбден мүмкін. Сол себепті қорғаныш шараларын жақсылап орындау қажет. Соңғы кезде Павлодар облысында орын алған су тасқыны зардабынан, облыс маңындағы қалалар мен аудан-ауылдар көптеп зардап шекті.Төтенше жағдай қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен ауыл аймақтарда әр түрлі қорғану іс-шараларын жүргізуде. Біздің ойымызша, бұл іс-шараларды одан әрі жетілдіре түсу керек. Егер де сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.
Оқушыларға апаттық жағдайлар кезіндегі алдын алу шаралары жайлы толықтай мәлімет беру қажет. Сауалнама қортындысына қарайтын болсақ, мектеп оқушыларымыздың табиғи апаттар жайлы білетіндіктерін көруге болады.
Мен табиғат апаттарының алдын-алу мақсатында мынадай ұсыныс білдіргім келеді.
- Облыстың аудандарда, қалаларда және қызметтерде ТЖ жөнінде штабтар және комиссиялар құру;
- Су тасқыны маусымындағы төтенше жағдайларды жою жоспарларын түзету;
- Тұрғындарды көшіру үшін уақытша резервтегі тұрғын үйді көрсетіп, су алуы мүмкін аймақтан тұрғындарды, жануарларды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарларын түзету;
- Қар көп жиналған жерлерді тазалау, су өтетін арналарды және каналдарды тазарту, механизмдерді және су өткізетін құрылғыларды жөндеу;
- Су алуы мүмкін аймақтардан және телімдерден еріген сулардың кедергісіз өтуін ұйымдастыру;
- Су тасқыны маусымында негізгі қамтамасыз ету базасымен қатынассыз қалатын елдімекендерде, шопандардың тұрғын жерлерінде азық-түлік, отынның қажетті қорын құру.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006ж.
2. dchspavl.kz сайт Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области
3. www.vkopgps.kz
4. http://emer-mangistau.kz/
5.Болдаков Е. В. Жизнь рек.— М. Гос. изд-во технико-теоретической литературы. 1993ж.—64 с.
6. Виноградов Ю. Б. Этюды о селевых потоках.— Л. Гидрометеоиздат. 1990ж.— 144 с.
7. Гинко С.С. Катастрофы на берегах рек.— Л. Гидрометеоиздат. 1997ж.— 128 с.
8. Наводнения и борьба с ними.— Серия „Науки о Земле", № 6. 1982ж. Изд.-во „Знание". М.—48 с.
9. Пясковский Р.В.,Померанец К.С. Наводнения (Математическая теория и предсказания).—Л. Гидрометеоиздат. 1982ж.— 176 с.
10. Авакян А. Природные и антропогенные причины наводнений/2001ж, №9 – с.22-27
11. Осипов В.И. Природные катастрофы на рубеже 21 века/Вестн.РАН.-2001ж.-№4-с.291-302
12. Нежиховский Р.А.Наводнения на реках и озерах.– М.: Гидрометеоиздат, 1988ж.
16
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жергілікті табиғи апаттар

шағым қалдыра аласыз