Жетекші пікірі, рецензия

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жетекші пікірі, рецензия

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖОО ғылыми жетекшінің диплом немесе диссертация жазушы студентке пікіір
Материалдың қысқаша нұсқасы

7М01101 «Педагогика және пси­хология» ББ бойынша «педагогика және психология магистрі» дәрежесін алу үшін қорғауға ұсынылған Пәленшеев Түгеншенің «_____» тақырыбындағы магистрлік диссертациясына ғылыми жетекшінің


ПІКІРІ


Қазақстан Республикасында білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды бала тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту өзекті мәселелердің алдыңғы қатарында тұр. Қазіргі уақытта қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының жетекші факторы адамның зияткерлік және шығармашылық ресурстары болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беруді дамытудың қағидаттарының бірі «Білім алушының интеллектуалды дамуын, психологиялық-физиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету» деп белгіленген. Бұл міндет бойынша сапалы білім бере отырып, aйқын дapaлығы бap жaн-жaқты дaмығaн, шығapмaшыл, қoғaмдa бoлып жaтқaн өзгepiстepгe oңaй бeйiмдeлeтiн, өзiнiң физикaлық және интеллектуалды әлeуeтiн ұтымды ұйымдaстыpa жәнe қoлдaнa aлaтын дарынды тұлғa қaлыптaстыру – басты бағдар. Қазіргі уақытта қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының жетекші факторы адамның зияткерлік және шығармашылық ресурстары болып табылады. Осы келтірілген дәйектер Қазақстан Республикасында білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды бала тұлғасының ішкі әлеуетін дамытуды педагогикадағы өзекті мәселелердің қатарына шығарады.

Бұл ретте интеллектуалды дарындылықты дамыту білім берудің негізгі компоненттерінің бірі ретінде, әсіресе оқушыларды жоғары білімге дайындауға мамандандырылған гимназия үшін өте маңызды. Гимназияда интеллектуалды дарындылықты дамыту оқушыларға өз әлеуетін ашуға, сыни ойлау, проблемалық және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ танымдық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Пәленшеев Түгеншенің жұмысы гимназиялық оқыту жағдайында оқушылардың интеллектуалды дарындылығын дамытуға арналған.

Диссертация құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Магистранттың зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижелерінің маңызы зор деп есептелінеді. Диссертацияның құрылымында, мазмұнында жүйелілік пен сабақтастық сақталған.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми-тәжірибелік маңызы келесі міндеттерді қамтиды:

  • Гимназиялық оқыту жағдайында оқушының интеллектуалды дарындылығын дамытудың теориялық негіздерін айқындалып, «интеллектуалды дарындылық» ұғымының мәнін нақтылаған.

  • Гимназия оқушыларының интеллектуалды дарындылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеген.

  • Гимназиялық оқыту жағдайында оқушылардың интеллектуалды дарындылығын дамытудың арнайы бағдарламасын даярлап, сынақтан өткізген және ұсынымдар жасаған.

Сонымен қатар Пәленшеев Түгеншенің ғылыми жинақтарда диссертацияның жалпы мазмұнын қамтитын бірнеше мақалалары жарияланған.

Қорыта келе, «_____» атты диссертациялық жұмысын қорғауға ұсына отырып, Пәленшеев Түгенше «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алуға лайық деп «95 баллмен» бағалаймын.



Абай атындағы ҚазҰПУ-ті
профессоры, п.ғ.д. __
______________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2023
1071
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі