400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеті лақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды халық ауыз әдебиеті - халық шығармаларының түрлерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ

Білім беру саласы Вариативтік бөлім «Қатынас»

Бөлімі Ертегілер елінде

Тақырыбы Жеті лақ

Мақсаты

Білімділік Балаларды халық ауыз әдебиеті - халық шығармаларының

түрлерімен таныстыру. Аңыз туралы түсінік беру.

Дамытушылық Балалардың ұлттық әдебиет негіздері туралы білімдерін

дамыту. Сауатты, мәнерлі, әсерлі ертегі айтуға баулу.

Тәрбиелік Балаларды ертегіні тыңдап, оны айта білуге тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілі сұрақ-жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс

Көрнекілігі суреттер, үлестірмелі қағаздар



Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің

іс- әрекеті Баланың

іс - әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық

Психологиялық дайындық

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Балалар өздерінің көңіл күйлерін мимика арқылы орындайды.

Ұйымдастыру – іздестіру Жеті лақ

Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:

- Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде

-«Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», - деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты:-



Шырақтарым –лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәріде аман-есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады .Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады .Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті.

Сергіту сәті

Кел, балалар

Келіңдер

Ертегіні көріңдер

Қиялға бір беріліп

Сергіп, сергіп алайық.

Ертегілер тыңдайық

Балалар өздері білетін ертегілері туралы айтады.



Балалар мақал-мәтелдерді жаттайды

Рефлексивті түзетушілік Қорытынды

-Лақтар қасқырдың даусының бөтен екенін қайдан білді?

-Қасқыр даусын қалай жіңішкертті?

-Қара лақ қалай аман қалды?

-Балалар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже

Нені білу керек

- Балалар ертегі туралы түсінік алды



Нені игереді

- Балалар өз беттерінше ертегі айта біледі



Нені біледі

– Ертегі түрлерін біледі



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі