«Жеті лақ» ертегісінің
сценарийі
Автор: Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі
көк майсада шөп жеп, мұп-мұздай су ішуге орманға кетеді екен.Ол
кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып, өздері ешқайда
шықпайды екен.Ешкі өрістен келген соң, есікті қағып: 7lak Лақтарым,
шырақтарым! Аша қойыңдар, аша қойыңдар! Енелерің келді- Сендерге
сүт әкелді Емешегім иіп тұр. Аппақ сүтім тамшылап, Тұяғыма тиіп
тұр! – Автор: деп өлеңдетеді екен. Жеті лақ есік күршегін ашып
енелерін кіргізеді.Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға
кетеді.Ал, лақтары есікті мықтап жауып алады. Автор:Ешкі орманға
кеткенін байқап қасқыр: О, мына орманда ешкі де тұрады екен
ғой!Өзінің неше лағы бар, оңай олжаға тап болдым ғой.Қарным бір
тоятын болды.(деп қарнын сипап қояды.) Автор:Ешкінің өлеңін қасқыр
тыңдап тұрады.Ешкі орманға кетісімен, қасқыр есікке келіп жұп-жуан
даусымен. Қасқыр: О, Лақтарым!Ой шырақтарым! Аша қойыңдар, Аша
қойыңдар! Енелерің келді- Сендерге сүт әкелді Тұяғым шылқыған су.
Автор: -дейді өлеңдетіп. Лақтар: -Естідік, естідік-біздің енеміздің
даусы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа. – дейді. Автор:Қасқыр не
істесін.Ұстаға барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін
сұрайды.Өлең айтқанда даусы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне
жіңішке тіл салып береді. Қасқыр: О, ұста менің көмейіме жіңішке
тіл салып бер әйтпесе жеп қоямын. Ұста:Қолымнан келмейді.
Қасқыр:Жеп қоямын, жіңішкертіп бер дейді. Автор:Үйшіктің жанына
келеді де, бұта арасына жасырынады.Өрістен ешкі келеді.Есікті
қағып. Лақтар: Бұл кім? Ешкі:Лақтарым, шырақтарым! Аша қойыңдар!
Енелерің келді- Сендерге сүт әкелді Емешегім иіп тұр. Аппақ сүтім
тамшылап, Тұяғыма тиіп тұр!- Автор:дейді әндетіп Лақтар:Есік ашып,
енесін кіргізеді.Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек
болғанын анасына айтып береді. Ешкі кетерінде: -Егер біреу келіп,
мен айтатын өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті
ашпаңдар,-деп қатты тапсырады. Автор:Ешкі кетісімен қасқыр есікке
келеді.Содан жіп-жіңішке даусымен. Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар, аша қойыңдар! Енелерің келді- Сендерге сүт әкелді
Емешегім иіп тұр. Аппақ сүтім тамшылап, Тұяғыма тиіп тұр! –деп
әндетеді. Лақтар анасы екен деп есікті ашады. Қасқыр:О, шырақтарым
менен қорықпандар.Мені сендерге енелерің жіберді, аналарың орманда
күтіп отыр,-дейді.Лақтар қасқырдың соңынан еріп жүре береді.
Автор:Ешкі өрістен келеді, өлеңін қанша рет қайталайды.Үн
жоқ.Қараса есік ашық, үйге кісе, бір лақ қалмаған.Пештің ішін
қараса, жалғыз лағы қалыпты.Лақтарынан айрылған ешкі есігінің
алдына отырып жылай береді. Лақ:Апа, сіз жоқта, қасқыр сіздің
даусыңызды салып, сіздің өлеңіңізді айтты.Біз есік аштық.Қасқыр
бізді алдап бауырларымды орианға алып кетті. Автор:Ешкі орманда
аңшыны көріп жылап көмек сұрайды. Ешкі:Аңшы, маған көмек
беріңіз!Қасқыр менің лақтарымды алдап, орманға алып кетіпті.
Аңшы:О, жүр мен оның сазайын тартқызайын. Ешкі аңшыны ертіп
қасқырдың ұясына келеді. Қасқыр:Ой, мынау аңшы ғой, қолындағы
мылтығы ма?Қой атып тастамай тұрғанда қашайын. Лақтар:О, анамыз
келді, апа кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз,-деп жылайды.
Автор: Ешкі лақтарымен табысып, орманда бақытты өмір
сүреді.