400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеті ойыншық жобасы тақырыбы: Киіз үй

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балалар киіз үйді құрастыру арқылы оның бөлшектерімен жақын танысып,атауларын атап, ажырата біледі. Жеті ойыншықтарды бала тәрбиесінде қолдана отырып балалардың бойына ұлттық өнімдерді танып біле отырып Отанына деген мақтаныш сезімін дамыту. Құрастырмалы ағаш ойыншықтар арқылы балалардың логикасын,стратегиялық ойлау қабілетін,үздік көшбасшы болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қасиетті - киіз үй

Мақсаты: Балалар киіз үйді құрастыру арқылы оның бөлшектерімен жақын танысып,атауларын атап, ажырата біледі. Жеті ойыншықтарды бала тәрбиесінде қолдана отырып балалардың бойына ұлттық өнімдерді танып біле отырып Отанына деген мақтаныш сезімін дамыту. Құрастырмалы ағаш ойыншықтар арқылы балалардың логикасын,стратегиялық ойлау қабілетін,үздік көшбасшы болуға тәрбиелеу.

Кез келген бала ойын ойнап есейеді.Қоғамды,қоршаған ортасын ойын арқылы қабылдап үйренеді. Балалар « Жеті ойыншық» бөлмесіне саяхаттап барды.

Шаттық шеңбер орындалады. Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз.



Тәрбиеші балаларға киіз үйдің макетін көрсетіп, киіз үй қазақ елінің негізгі баспанасы болғанын айтып, киіз үй 8 қанатты, 6 қанатты болатынын түсіндіріп берді. Киіз үйдің құрал-жабдықтарымен таныстырып ,қазақ халқының салт-дәстүрін байланыстыра отырып киіз үй туралы мол мағлұмат береді. Тоғын - шаңырақтың дөңгелек шеңбері. Шаңырақ - үйдің бас бөлігі. Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш. Кереге –жиналған кереге (үй қабырғасы ) т.б атаулары туралы айтылды.Киіз үй ол қасиетті шаңырақ.Шаңырақ-күннің символы.









Тәрбиеші: Балалар біз нені құрастырдық? Балалар киіз үйді деп жауап береді. Балалар киіз үйдің құрал-жабдықтарын,құрылысын кім біледі? кім атай алады? ( Балалар иә,жоқ деп жауап береді.)

Тәрбиеші: Дидактикалық ойын: «Киіз үй « Көтеріліп шаңырақ ( қолдарын жоғары көтереді. ) Уықтары шаншылып ( қолдарын жоғары көтереді.) Керегелер керіліп ( алақандарын ашады ) Өрім дей болып өрілер ( қолдарын белге қояды ) Бәріміз бірге жүрсек айналып,киіз үй болып көрінер. Балалардың жауабы: Киіз үй. Киіз үй құрылысын атап береді.-Кереге,шаңырақ,уық,босаға,сықырлауық,табалдырық,маңдайша. Киіз үй жабдықтарын атап береді: Іргелік,туырлық,үзік,түндік,ши,есік



Сергіту сәті: Кел балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Шаңырақты көтеріп, Керегені құрайық. Уықтарша иіліп, Шаңыраққа қосылып. Қазақ үйді құрайық.







Тәрбиеші: Балаларға киіз үй туралы жұмбақтар жасырады.

Қабырғасы тор көз. Төбесінде зор көз. ( Кереге,Шаңырақ.)

Тұмсығын тесіп, Жүннен бұйда есіп, Қазыққа байлады. ( Уық.)

Төбедегі көзінен, Күн сәулесі түседі. Бұрышы жоқ төрінен, Самал еркін еседі. ( Киіз үй)

Жетпіс екі найзасы, Біріктіріп тұрады. (Шаңырақ)

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін не білдік? Не үйрендік? Ненің құрылысымен таныстық? -Киіз үйдің қандай құрал-жабдықтарын білдіңдер? –Киіз үйдің құрылысы қалай аталады? Балалар сұрақтарға топ болып жауап береді.









Күтілетін нәтиже:

Біледі: Киіз үй жайлы. Түсінеді: Киіз үйдің бөлшектерін. Жасайды: Киіз үйді құрастыра біледі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
1214
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі