Жеті өлшеп бір кес

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеті өлшеп бір кес

Материал туралы қысқаша түсінік
Интернеттің пайдасы мен зияны
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жеті өлшеп бір кес

Ия, есепсіз жүрү немесе жоспарсыз амал құрдымға апаратыны айдан анық. Адам баласының әрбір басқан қадамы өлшеммен, бірліктермен шауқатсыз сын-сағаттармен зырылдап жазылып жатыр, ол әріптерде ешқандай қателік жоқ барлығы туп тура тұрақтылықтың заңы. Дөңгелек әлем шарының тұрақтылығынан тартып,күн мен айдың жұлдыздардың орналасуына дейінгі тәртіп бір сарында, барлық құбылыс барлығы өз орнымен өз уақытымен ,оның басқсрушысы әміршісі бүкіл әлемнің раббысы “Зул жалали уал икрам” болған бір ғана жаппар иеміз Аллаһ қана.

Риасыз адам баласын махаббатпен жаратқан,адам баласын раббымыз өзіне құлшылық қылу үшін жаратты. Сонымен қатар күні бүгінге дейінгі ризығымыз, табысымыз, дүние тіршілігіміз барлығы аллаһ тарапынан екендігі шындық. Адам баласын бай болып тура жолда, дурыс өмір срүі үшін, сынақ үшін жаратты. Абай атамыз айтқандай Аллаһ саудагер емес біріңді бай біріңді кедей енді біріңді ауру қылатын. Осы күніңе дейін не тапқан болсаң сол болады. Аллаһ барлық мүмкіндікті артығымен беріп қойған. Ең бірінші берілген үлкен бір нығмет денсаулық, күш-қуат, бос уақыт т,б. Мысалы бір ауруға шалдыққан адамды айталық: ол 24/7 төсекте жатуға мәжбүр, есіктен кім кіріп шырақты жағады екен немесе орнымнан тұрғызады екен, дәретке деп телміріп күтіп жатқан адамдар бар, олармен біздің айырмашылығымыз жер мер көктей. Шүкір деп айтайық бізде мүмкіндік көп оны қолданбай жатқан өзіміз. Сонымен бай болуға аллаһтың өзі шектеу қойған емес. Өмірдің немесе Заманауи бұл ғасырдың талабы ақша табу, жақсы кәсіп істеу, отбасыңды асрау, нендей шаруа болсын түбінде қаражатқа барып тақалады, қаржыны дұрыс жумсау үшін қаржылық сауаттылық керек немесе көбірек ақша керек. Оның бәріне жету үшін жақсы кәсіп керек.

Жақсы сөз жарым ырыс, жақсы кәсіп анық ырыс”-деп Қазақ атам айтқандай кәсіп істеген адам қор болмас.


Ойшыл ойын ойлап болғанша, тәукелші ісін бітірер?

Тәк, қандай кәсіп істесем екен? деп аяқты созып, шалқасынан түсіп жату ойлану. Ия негізгі тақырып 7-і өлшеп бір кес емес па? Осы екеуінің арасында жоспардан бөлек бір жаман әдетке жататын жалқаулық бар. Ол қалай? Ол өз ойыңа келген немесе интернеттен көрген, біреу ұсынған т.б. Кәсіп түрлерінің мінін тағып сынын сынап істеп көрмей жатып сыртынан тон пішу. Бұл 100% жалқау адамның фәлсафасы. Ал туекелші адам болса, дәл осы тұста ешқандай жаман коментарий қалдырмай тым болмағанда жақсы ой ойлайды. Ал енді жоспарсыз әрекет қанатсыз құспен тең,әрекетсіз жоспар орындалмайтын Армандар. Жоспар бар екен әркет керек, кәсіп керек қысқасы басу керек. Даму үшін сол істеп жатқан кәсібіңді сүю керек, сонда жақсы нәтижелер болады. Тек позитивный пікірлеуді үйренуіміз керек, ойымызды жүрегімізді стилімізді өзгертпей ешнәрсе өзгермейді.


Сонымен жақсы табысты кәсіпті қайдан табамын?

Мен осы пікірдің иесі есімім Жуман. Бұл ойды таза жүрегімнен алып жаздым. Мақсатым бір адамға пайдам тисе екен деген ой. Қатты ксіпкерде психологта емеспін шындықты жазуға және өзім жіберген өзгелерде жіберіп жатқан қателіктерді жазуға тырыстым. Қысқасы осыны жазып өзімді тапқым келді.


Енді осыншама жазбалардың жүрегі болған сұраққа оралайық. Жақсы табысты кәсіпті қайдан табамын?

Дамыған алпауыт 30 елді қарастырайық. Қазақстан дамыған 50 елдің ішінде . Бірақ өзіне мақсат қойды дамыған топ 30 ға кіруге. Топ 30 ға кіру үшін шағын және орта кәсіптің көп болуы ең бірінші сектор. Демек сізбен біз сияқты жастар болсын орта буын болсын, аталмыш шағын және орта кәсіппен айналысатын адамдардың саны мөлшерден тыс асса, өз отанымыздың дамуына үлкен үлес қосқанымыз болмақ. Халықтың 60% шағын және орта кәсіппен айналысса, мемлекетке тәуелді адамдар саны азайып, көп адамдар өз ресурстарымен күн көріп табыс табатын елді дамыған топ-30 десек болады.

Әр адам өз өмірінің персонажы яғни басты кейіпкер өзіміз. Қандай дәрежеге қандай нәтижеге жетсекте басты кейіпкері өзіміз. Жақсы табысты қайдан табамын ? деген сурақтың жауабы меніңше өзіміз. Тек өзің ғана өзіңді алып шығасың.

Бұл хикая байлар үшінде,кедейлер үшінде, орта хәлді жандар үшінде бірдей, біз ешкімді алаламаймыз.Өмірдің кейбір тұстары бар кішгірім көзге ілінбейтін қателіктің артынан өз өзімізге деген сенімнің жоғалуы мүмкін. Жанып турған алаудың әп сәтте сөніп, сананың түпсіз шұңқырына батып кетуіміз, айналамызды белгісіз дүниелердің қоршап алуы өз-өзімізді жоғалту, депреция, жалқаулық, тіпті қуатымыздың кеміп ұйқышы болып төсектен бас көтермей жатып қалу, отбасыңыздағы кикілжіңдер, ішкілікке бет бұру, өз сүйіктіңізбен ұрыс-керістің көбейуі, табыстың азайуы, өз өміріңіздің және алтын уақытымыздың қадірсізденуі т.б муның барлығы сенімнің жоғалуы өз-өзіне деген сенімнен тартып, отбасы, жұбыңызға деген, жұмысқа деген т.б 5-әріптен тұратын СЕНІМ деп аталатын құндылығымыздың жоғалуы бізді үлкен бір шұңғымаға итермелеп жатыр. Сенім бұл қудретті термин, муны жоғалту ақыры қайғылы оқиғалармен бітетін дүниелер. Осы орйда тағыда Абай атамыздың сөздеріне тоқталайық.


Сенбе ешкімге турсада қанша мақтап,

Қор қылады қулығын ішке сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар

Еңбегің мен білімің екі жақтап.


Арадан қаншама уақыт өтсе де бұл өлең өзінің қадір қасиетін жоғалтқан емес. Өйткені бұл шындық, шындық қашанда таразыда ауыр келеді.Шындық жеңістің кілті. Абай атамыз бұл сөздерімен кімге сену керектігін жеткізді. Өкінішке орай қазіргі күнде жастардың көбі бос уақыттың қадірін білмей, қаншама уақыттарын мақсатсыз ғаламторда Tik-tok, instagram сияқты әлеуметтік желілерде өткізіп жатыр. Ол бергі жағы оданда сорақы түрлері бар, түрлі электронды ойындар фреафаер клаш т.б әр түрлі ойындар. Бұл ойындарды ойнау барысында адамның нерв жүелерінде, психологиялық, мойын омыртқасының қйсайуы, көздің көруінің нашарлауы сияқты түрлі түсті аурулар шығып жатыр. Жалпы телефон ғаламтор сияқты технологияларды бей мақсатта көп қолданып жатқанымыз, алтын уақытымызды пайдасыз дүниелермен толдырғанымыз бізді кедейлікке қарай тартқылап жатыр. Осы жерде үлкен бір шындық Смартфон және Ғаламтор Адам баласынының үлкен жетістігі, одан дұрыс мақсатпен мөлшермен пайдаланса көп нәрсеміз өзгермек. Ал біз не істейміз күніміздің жартысынан көбін ғаламтор әлеуметтік желілерде мақсатсыз өткізіп өз аяғымызға балта шабудамыз. Мунымен не жоғалттық?

1. Ұйқының тұрақсыздығын. Ол болмаса Ми жақсы дем алмайды демек бізге жақсы идеалар келмейді, себебі миымыз дұрыс дем алмайды.

2. Бос уақытты. Мақсатсыз интернетте отыруға болады уақыт өткізуге, жақсы фотоларды видеоларымызды жүктеуге, көруге Смартфон және ғаламтор таптырмас құрал. Біз оны тым көп қолданып жатқанымыз және оны сезбей қалатынымыз жаман, бұл денсаулыққа да табысымызға да өте зиян.

Смартфон ғаламтор әлеуметтік желілер арқылы өз кәсібін дөңгелетіп үлкен нәтижеге қол ұрып жатқандар қаншама. Демекші болғаным бәрібір смартфонды қолданамыз осыны дұрыс қолданып үйренсек деген ой ғана . Электронды комерциялық бизнес түрлері көбейіп келеді.Мысалы Kaspi, Ozon, pinduoduo, treading, т.б басқа сауда платформалары арқылы, сауда жасап кәсіп істеп жүрген жандар қатары көбейді.Мұны жақсы табысты кәсіптің заманауий бағыты деп бағалаймын. Осылардан бөлек тағыда жаман электронды азарт ойындар, электронды казинолар ақша тігіп құмартқан жандардың саны да көп. Бұл ойындар көпшіліктің жастығын құрытып әкені баладан айырып, жас жас жеткіншектердің өмірінің қайғылы аяқталып жатқаны шындық. Көптеген шаңырақтың осындай азарт ойындар, құмар ойындардың кесірінен берекесі қашып табысы азайып жатқаны өкінішті. Аллаһ кімге болсада ынсап берсін. Демек жақсы мен жаман сияты қараңғылық пен жарық, байлық пен кедейлік, дос пен душпан т.б. Жұп- жұп дүниелер. Бұл күндерде ақ пен қараны ажырату, дос пен душпанды тану, пайда мен зиянды білу қиынның қиыны. Халық қазір білімсіз емес барлығының көзі ашық, барлығы біледі, біліп тұрып, көріп тұрып алдайды, жаман істер істейді қысқасы соңы өкінішке апаратын дара да даңғыл жолдар. Осы күндерде хақтың жолында өзіңді тауып, адал, бай қуатты, дұрыс денсаулық, ынсап береке сияқты соңында шын бақытқа һақиқи бақытқа жеткізетін даңғыл жол бар тағыда жұп-жұп. Таңдау өзімізге берілген қайсы жолмен жүретініміз өзімізге байланысты.



Ананың ақ сүтін ақтау!

Қолыңда қандай дәулет болсада, басыңда қандай бақ болсада, алдыңда қандай сынақ тұрсада біз үшін анамыздың берген ақ сүтін ақтау ең маңыздысы. Хаққа қиянат жасамайық. Ата- анамыздың ақ үмітін ақтау, ол жаратушының разылығын алу мен пара-пар. Сынақ біздің үнемі алдымызда тұрады, бұл жерде шешімді біз шығарамыз, басқан қадамның қандай нәтиже көрсететіні, жоғарыдағы айтылған екі жолдың қайсысын таңдағаныңа байланысты. Ата-аналарымыз жәннаттарымыз, біз үшін үнемі мейрімін төккен, біз үшін барын берген бұл екі жан әрдайым аман болсын.

Қадір Мырзәлі атамыздың мына бір өлең жолдарына үңілсек:

Бір құдырет бізді өмірге, жолдайды.

Біз өмірді түсінбейміз, сол қайғы.

Бақыт үлкен болған емес, шынында.

Ал қайғының кішкентайы болмайды.

Қандай керемет өлең ия. Біз өмірді тым қиындатып тастап, бақытсыз болып жүрміз. Адам қандай қатыгез едің. Бақытты сәттер көп болсын! Өз өмірімізді қиындатпай барымызды бағалай білейік. Ия қазір жұмысың ақшаң, көлігің жоқ шығар. Бірақ алтыннан қымбат, күмістен қадірлі Ата-анаң бар, інің қарындасың, ағаң әпкең бар. Қысқасы кімің бар барыңды барынша бағалап білсең, қадіріне жетсең. Сеннен бақытты адам жоқ. Біз өзімізді дер кезінде таппасақ түсінбесек, болашақта ешқандай сезімдіде, қулшылықты да қадіріне жетпейміз. Қателік деген осы, сен өзіңді түсінбейсің басқаны қайдан түсінуші едің деген пікірдемін. Қысқасы өмірде ең керекті не екенін біліп алу, маңызды деп ойлаймын. Орыс халқының керемет сөздері бар. « В мужчине важно надёжность и харабрость, а не богатство. В женщине важно мудрость и верность, а не красота. В любимым важно терпение, а не требования. В дружбе важно приедность, а не пустое слово.» деп айтады. Бул сөздердіңде жаны бар. Қазір бойдақ жігіттер ойлайды. Ер жігітке ең маңызды оның байлығы деп. Ия мүмкін байлықтыңда керек жері болады, бірақ оның батылдығы мен сенімділігі болмаса ол шала. Ал қыздар жағы, әйел үшін ең маңыздысы сұлулық дейді, ол да шала, сұлулықпен бірге даналықпен адалдық болуы керек. Сол сияқты, бүгінгі қыздармен жігіттер ма әлде үлкен кісілерма себепші ма білмедім. Үйлену тұрмыс қуру өте қиындап кетті. Бойдақ жігіттер заманның талабына сай матиралдық құндылықтарды жинау үшін, өздерін оққа шоққа урып жумыс жасап жур. Ал қудай болса өзінің қуран кәламінда, бойдақ үйленбейінше мал төртеу болмайды деген. Үйленуде береке бар дейді. Ал неге өмірді қиындатып жатырмыз. Қыздар болса маһр дегенді үлкен үлкен дүниелерді сурап әлек. Недеген қиын өмір. Үлкендер болса үнсіз. Жастарға кімнің жаны ашиды. Бойдақтар кеш үйленіп, өмірінің күшке толған сәтін жалғыз өткізіп жатыр. Мендеде дәл солай негізі. Өзім сияқты достарымның 80% -ы осындай проблемалар. Ойланып қарасам ұйленуме ешкім қарсылық жасап жүрген жоқ. Тек өзімнің өмірімді қиындатып жібергенім, дүние жинап алайын, жұмысқа кіріп алайын, үй салып алайын, көлік алып алайын деген сылтаулар себепші. Осыны ұқтым. Негізінде үйлену бақытты болу байлыққа, ақшаға қарамайды деп білем. Осыны екі жақта түсінсе үлкендерде түсінсе екен. Қымбатшылық кезде керек емес дүниелерді артық шығындарды азайту, өте керек деп ойлаймын. Қаәзіргі тойлардағы шашылып жатқан шығындар, дәстурімізде жоқ әдет ғурыптардың шығып жатқанын. Айтпасамда өздеріңіз білетін шығарсыздар. Бұл дүниелер бақытты болуға қатты көмектесе бермейді. Жоғырыда айтылғандай,бақыт үлкен болған емес шынында. Ал қайғының кішкентайы болмайды дейді. Қазірге қоғамға қатты керек болып жатқан дүние, тойлардағы, құдалықтағы, жиындардағы. Шығындарды азайту керек. Бір күндік той үшін кридит алып өткізіп жатыр. Қандай өкінішті ия. Осындай қиындықтар бар. Бірақ түңіле бермейік қуанатын жағымызда көп. Білімділер, өнерлілер, спортшылар, кәсіпкерлер саны көбейіп келеді. Жігітке білім берсең, сауатты ер шығады. Қызға білім берсең, сауатты ел шығады. Өсетін елміз. Қазақстан ақыретке дейінгі мәңгі тұратын ел болсын деп тіледім аман болыңыздар, жасайбер Ата- жұртым Қазақстан.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2024
112
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі