Материалдар / "Жеті тазалық" 7 сынып окушыларымен тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жеті тазалық" 7 сынып окушыларымен тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды салт-дәстүрмен тәрбиелей отырып, тазалық пен әдебиетті ұштастыра отырып шеберлік пен көркемділікке баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2021
769
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Ақтау қаласындағы

химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі»

жанындағы жатақханасының меңгерушісі м.а.

Умбетова Ж.Ж.___________________

________ ________________ 2021 жыл



Тәрбие сағатының жоспары

Мерзімі:19.10.21

«Заңғар»тобы

Тәрбие сағаты

Оқушылар саны: 20

«Заңғар» тобының тәрбиешісі:

Тажмагамбетова Гулсим Сейтхановна

Кәсіби даму мақсаты:

Балаларды салт-дәстүрмен тәрбиелей отырып, тазалық пен әдебиетті ұштастыра отырып шеберлік пен көркемділікке баулу.

Тақырып:

«Жеті тазалық»

Мақсаты:

Оқушылардың «Мейірімділік», «Қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. 

Міндеті:

- Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. - Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. - Мейірбандыққа тәрбиелеу. 

Материал:

Пікірлесу, ойтүйін жасау, топпен жұмыс. 

Дереккөздер мен ресурстар:

https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/42143/

уақыт

Сабақ барысы

ресурстар

3 мин.

Ұйымдастыру кезеңі



10 мин.

Психологиялық ахуал қалыптастыру. 

Мұғалім:

-Салеметсіздер ме,құрметті оқушылар және медбике Кунисова Гулшат Амантурлиевна!

Бүгінгі біздің «Жеті тазалық» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Енді балалар  бүгінгі тақырыбымызды өздеріңізден бастау алғым келеді.

-Балалар сіздер адам-жан ,тіл,көз,құлақ,ой тазалығы дегенді қалай түсінесіңдер? Әңгімелесу. (Оқушылардың пікірін тыңдау)

Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз бір - бірлерімізге қарап киінген киімізге,отырған отырысымызға мән бере отырайық.

Бұдан күтілетін ой яғни ,тазалықтың қаншалықты адамға сезілетіні. (ортаға үш түрлі киінген оқушыны шығарып:

А.Классика киген оқушы,

В.киімі үтіктелмеген күнделікті киіммен киінген оқушы.

С.кір киіммен отырған оқушы)

Көңіл күйлерін анықтау және сол кейіпкерге қандай көңіл-күйде сойлесесіз? Енді ортадағы кейіпкерлеріміздің осындай кейіпіне қарап қандай ой-қандай көзқарас туады?

/Оқушылардың ойын тыңдау/


-Оқушылар киінген түр сипатына әлде расымен де қымбат киінген немесе мәдени сөйлегені үшін немесе қорқыта сойлегеніне қарай қарым-қатынасты орнатасыздарма ?!.

-Осындай кейіпкерлерді ортаға отырғыза отырып адамның мейірімді, ақылды, білімді, қайырымды, қатыгез,арам ойлы,іші тар жандарды қалай ажыратысыз.

Ендеше біз бір-бірімізге күлімсіреп, мейірімімізді шаша отырып, бүгінгі сабағымыз көңілді , әрі жарасымды аяқталуы үшін бір-бірімізге жақсы көңіл- күй тілеп

«Жеті тазалық» тақырыптың не жайында екенін түсініп алып ортаға ойларымызды сала отырайық.


20 мин.

Жаңа сабаққа кіріспе.

Тазалық – жалпы тіршіліктің күнделікті өмірдегі өзіндік бір қасиеті. Оның екі түрі болады. Яғни астарлы мағынасы және тікелей мағынасы. Тікелей мағынасы қарапайым тірліктегі адамға керекті тазалық этикасы – қолдың, беттің, тәннің тазалығы болса, екіншісі жанның тазалығы. Жақсылыққа ұмтылу, жамандықтан жирену секілді.».

Тәрбие сабағымыздың 1-ші бөлімі мектебіміздің медбикесі,қонағымыз Кунисова Гулшат Амантурлиевнаға тікелей этикалық тазалық жайында сөз берсек.

Жаңа сабаққа дайындық.

Келесі бөліміміз жанның тазалығы,яғни тыйымдар мен ырым жіне мақалдарға сүйене отырып тазалықтың Шығыстың жеті түрлі қасиетіне тоқтала кетейік.

  1. «Қол тазалығы»

Бұл артық нәрсеге қол салмау деген сөз. Бұл жерде қарыз берудегі өсімге де қатысты. Қолыңызды жуып, таза ұстаудың да, оны іштей «таза» ұстаудың да өз маңыздылығы бар. Осы қол тазалығына сай келетін қандай тыйым немесе мақал білеміз.

«Қолыңмен есікті керме»,

«Енбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей» Ескеріңіз.

  1. «Құлақтың тазалығы»

Тазалыққа серік болсаңыз, жақсы естисіз. Бірақ кейде құлақ тазылығын сақтау үшін көрінген нәрсені тыңдай беруден қашу керек. Өсек пен жамандықты, біреудің әңгімесін тыңдамаңыз.

МақалАқпа құлаққа айтсаң, ағып кетер,
Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар»

3. «Көз тазалығы» Бұл көзіңіз қатігездікті көруден, ашудан қашу деген сөз. Көз мөлдір жаратылыс екенін де ұмытпаңыз. Мақал: « Көз көргенді қол сезбейді»

4. «Ауыздың тазалығы» «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» дегеннің дәл өзі. Әр нәрсені сөйлеуге қарағанда, көп тыңдап, ой түйіп, тоқсан ауыз сөздің түйінін айтыңыз. «Ана тілің алпыс тілге татиды»

« Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады

5. «Тәннің және киімнің тазалығы» Бұл қандай жағдай болмасын, өзіңізге қараңыз деген сөз. Сырт келбетіңіз де сіз жайында жақсы ой қалыптастыру керек.

Мақал:

«Тәнім – жанымның садағасы,
Жаным – арымның садағасы»,

«Кісінің кісілігі, Киімінде емес, білімінде»

6. «Ойдың тазалығы» Миыңыздан керегі жоқ дүниелерді шығарып тастаңыз. Жақсы нәрсені, бар дүниені ойлаңыз.

«Ойлай алмаған,Тереңге бойлай алмайды»

7. «Жан мен жүректің тазалығы» Бұл ең басты тазалық әрі құндылық. Сіздің жаныңыз таза болса, айналаңызға нұр шашасыз. Ал жүректің тазалығы адамдарды жақсы көруге, сүйіспеншілікке тәрбиелейді «Жүрек ауырмағанша – көз жыламайды»

«Сау денеде – сау жан»

Тәрбие сағатымыздың қорытындылай «Жеті тазалық» сөзін топтастыру.

(тақтаға оқушы осы бүгінгі тәрбие сағатында айтылған мақалдар мен тәрбиелік мәні бар слаидтан ұққанын жазып шығады)

«Жеті тазалықтың»- шуағы: жақсы адам,  

ақкөңіл, жаны таза,  бірлік,жарастық,  махаббат,

шыдамды  рақымшыл, ынтымақ, бауырмалдық, жылы, жүрек, сүйіспеншілік, қамқорлық, достық деген сиақты сөздермен толықтыру.

Қалған оқушылар «7 тазалық» кроссвордын құрастыру.

Кроссворд

12 мин

Ой түйінінен жасалған слайдты балалармен бірге талдап ашу./ойлаған мақсатқа жету/

«Жеті тазалық» слайды


Қорытынды. «Жеті тазалықтың»әр бір зияткер баланың бойынан табыла беруіне тамшыдай болсада үлес беруім менің тәрбиешілік міндетім.


Пайдаланған материал мен слаид

Shape1 Shape2 Shape3

Shape4

Shape5

Shape6

Shape7 Shape8

Shape9

Shape10



Кроссворд

СӨЗ ЖҰМБАҚ



7

Т

А

З

А

Л

Ы

Қ





























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!