Жетістікке толы жыл – жарқын болашақтың кепілі

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Жетістікке толы жыл – жарқын болашақтың кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас жеткіншектердің Отан туралы түсініктерін қалыптастыру және болашақ офицер мамандығына баулу, тәрбиелеу жолындағы ұстаздар еңбегі айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

КӘДІРБЕК БӘЙДІБЕК ШӘРІПБЕКҰЛЫ

Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» әскери колледждің

қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, зерттеуші-педагог, Білім беру ісінің құрметті қызметкері.



Жетістікке толы жыл – жарқын болашақтың кепілі



ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж өз жұмысын бастағанына небәрі бір жыл болса да, болашағына зор сенім ұялатқан іргелі оқу орнына айналды. Әскери колледж бүгінгі таңда білімі мен тәрбиесі қатар үйлескен, әскери тәртіп пен отансүйгіштікке негіздеп, ел қорғанысын сеніп тапсыратындай келешек сержанттарды тәрбиелеп, жас ұландарға патриоттық рух пен темірдей тәртіптің үлгісін сіңіріп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясында: «Білім сапасын жақсарта түсу қажет. Қазір ғылым мен білім технология өте жылдам өзгеріп жатыр. Кеше алған білімің ертең өзекті болмай қалуы мүмкін. Сондықтан мұғалімнің білікті болуы – өте маңызды мәселе» екенін атап өтті. Колледж бастығы полковник Ахшалов Мақсат Есалыұлының басшылығымен жасалған жүйелі жұмыс нәтижесінде бір жыл ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Ұландардың ғылыми, мәдени, спорттық сайыстарда белсенділігі жоғары. Олар түрлі деңгейдегі конференцияларда, олимпиадалар мен байқауларда бақ сынасып, жүлделі орындарға ие болды. Атап өтсек, 2025 жылдың 29-ыншы сәуір күні Алматы қаласында орналасқан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында “Ғылым және жастар. Ұлы Отын соғысы батырларының ұлт тарихына қосқан үлестері туралы” тақырыбында курсанттар мен студенттердің жыл сайынғы ХІV ведомоствоаралық ғылыми-теориялық Республикалық конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан он жоғары оқу орындары курсанттары мен студенттер арасында ең жас ізденушілер болса да, Әскери колледждің ұландары жүлделі үш бірдей І орын және ІІІ орын иеледі.

"Айбын-2025" XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиын қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжінің командасы: пневматикадан атудан 3-орын; АК-74 шашып жинаудан 2-орын; белтемірге тартылудан 1-орын; роботехникадан 2-орын; «Айбынды дарын» зияткерлік сұрақ-жауап сайысынан 1-орын; кросс жүгіруден 1-орын; эстафетадан 1-орын; арқан тартудан 1-орын иелене отырып, нәтижесінде жүлделі ІІ орын иеленді. Бұл жетістіктер — оқытушылар мен әскери-қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен ұландардың талапты еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ 2025 жылдың 1–4 наурыз күндері аралығында Ақмола облысында Кеңес Одағының Батыры, ерлік пен қайсарлықтың символына айналған Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған қысқы спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл айтулы додада еліміздің әр өңірінен жиналған әскери колледж кадеттері және ұландары, «Жас ұлан» республикалық мектептері мен мамандандырылған лицейлердің тәрбиеленушілері бақ сынады. Бұл — тек спорттағы жеңіс емес, әскери тәрбие мен патриоттық рухтың, қажырлы жаттығу мен тәртіптің жемісі. Ұландардың бұл жетістіктері – әскери колледж ұжымының жүйелі жұмысы мен үздіксіз еңбегінің айғағы. Елдің болашағы – сержанттардың ерік-жігері мен мақсаткерлігінің жарқын көрінісі.

2024 жылы үшінші қазанда ұстаздар күніне орай іс-шара аясында полковник Мақсат Есалыұлы Ахшаловтың бастамасымен оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен педагогикалық мәртебесін көтеру жолындағы еңбегі еленіп, А.Тоқсанбаева мен Ж.Шымырбекова Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қабылдауында болып, Қорғаныс министрінің арнайы Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл — ұстаз еңбегіне берілген лайықты бағамен қатар, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестің жемісі.

Оқу орны заманауи біліммен қатар рухани тәрбиені де қатар ұстанып келеді. Жас буынға патриоттық рух дарыту мақсатында ардагерлермен кездесулер, тарихи тағылымы мол шаралар ұйымдастырылып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай түрлі іс-шаралар атқарды. Қазақтан шыққан тұңғыш генерал – Сабыр Рахымовтың ерлікке толы өмірі мен даңқты жолына тағзым ету мақсатында Әскери колледждің ұжымы мен жас ұландары оның кіндік қаны тамған қасиетті Қазығұрт топырағына арнайы барып, рухына құрмет көрсетті. Бұл – ұрпақ пен ұлт қаһарманы арасындағы рухани сабақтастықтың жарқын көрінісі. Бар болғаны бір жылдың ішінде-ақ Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледж ел аумағында кеңінен танылып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде оқу орнының абыройын асқақтатты. Жас ұландар мен әскери қызметшілер әскери колледждің мақсат-міндетін, әскери білім мен тәрбие берудегі маңызын көпшілікке таныстырып, патриоттық рухтағы үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізді. Бұл – ел болашағы үшін сапалы сержант кадрларын даярлаудағы маңызды әрі тағылымды қадам.

2024–2025 оқу жылының алғашқы семестрі Әскери колледж үшін ерекше серпінмен басталды. Колледж бастығы полковник Мақсат Есалыұлы Ахшаловтың бастамасымен, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдіжамитұлының қолдауымен, білім басқармасына қарасты №2 оқушылар сарайымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – жас ұландардың жан-жақты дамуына жол ашатын маңызды қадам болды. Меморандум аясында болашақ сержанттар журналистика, шешендік өнер, физика, робототехника, барабанда ойнау, дебат секілді түрлі үйірмелер мен факультативтерге белсенді қатысып, білім мен өнердің сан саласында өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды. Ұландардың ой-өрісі кеңейіп, өз бетімен ізденуге, тұлғалық дамуға деген ынтасы арта түсті. Сонымен қатар ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты "Сабыр Рахымов атындағы" Әскери колледж бен ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы Оқу орталығы арасында ынтымақтастық меморандумы жасалып, екі мекеме өзара тәжірибе алмасуға, әскери педагогикалық әлеуетті дамытуға бірлесе кірісті. Бұған қоса, Түркістан облысы мен Шымкент қалаларындағы Сабыр Рахымов атындағы жалпы орта мектептермен де байланыс орнап, патриоттық тәрбие мен әскери бағыттағы білім берудің сабақтастығы нығая түсті. Бұл бастамалар – әскери білім беру ісіндегі ілгерілеудің, келешек сержанттарды жан-жақты тәрбиелеудің нақты дәлелі. Әскери колледж кәсіби дамуы мен үздіксіз білімін арттыру үшін жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастық та орнатылған. Бұл білікті кадрларды дайындауға берік негіз қалайды.

Мемлекет басшысының сөзін - «Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс» ұранмен алға басқан Әскери колледж оқытушылары алда да биік мақсаттарға жету жолында табанды еңбек ете бермек.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2025
29
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі