15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жігіт сұлтаны
«Жігіт сұлтаны» сайысы.
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, слайд, шарлар, қанатты сөздер.
1 – жүргізуші:
Армысыздар ағайын құрбы – құрдас!
Бармысыздар, жанкүйер әз – қауымдас.
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғалық.
2 – жүргізуші:
Біздерде ойын – сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қоеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бой.ы шаршағанды.
1 – жүргізуші:
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
2 – жүргізуші:
Дария ой даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар,
Қазақтың қасиетті жігіттері
Халқына қалқан болған қаһармандар – деп Махмұтбай Әмірұлы жырлағандай халқымыздың әдет – ғұрпында отбасына ұл баланың келуі. «Ұл туғанға күн туған» деп оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, имандылыққа баулыған.
1 – жүргізуші:
Бүгінгі XXІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі, елге әкелген бақытпен тең. Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, ақылдылығын, қайсарлығын тамашалайық. «Жігіт сұлтаны» байқауын ашық деп жариялап, жігіттерімізді ортаға шақырамыз.
Сөз тауып күн қылатын көңіл – күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
Жүргенов мектебінің оқушысы
Шақырамыз ортамызға Ерназарды.
2 – жүргізуші:
Спортпенен білім жағын бір қосқан,
Кеш қалмаған табаспенен таланттан.
Қараңыздар Сағындық батыр ортада,
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан.
1 – жүргізуші:
Біледі ол жақсыменен жаманды,
Өнерімен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Дамир сынды жігіт болған сабазды.
2 – жүргізуші:
Еңбексүйгіш таудай талант бойында,
Барлық істі тыңдау да бар ойында.
Ахметов Наурызбай сынды батырды,
Шақыралық қошметтеп ортаға.
1 – жүргізуші:
Спорт десе ішкен асын қоятын
Футбол ойнап қызыққа әбден тоятын
Біздің Медет өзін – өзі көрсетіп
Жарыстарды жүлделі орын алады.
2 – жүргізуші:
Енді сайыстың барысымен таныстырсақ:
«Таныстырсам өзімді» таныстыру.
«Сегіз қырлы бір сырлы» өз өнері
«Күш атасын танымас» үш сынасу
«Мақал сөздің мәйегі» мақал – мәтел
«Шебердің қолы ортақ» қолөнер
«Ескірмейтін есті сөз» танымдық сұрақтар.
1 – жүргізуші: Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Утепбаева Гүлзат
Жетібаева Назерке
Кенжебаева Жанар
2 – жүргізуші:
Енді сайыскерлеріміз әділ қазы алқасынан жеребе алсын.Сәттілік тілейміз.
Ей тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І – кезеңі «Таныстырсам өзімді» деп аталады.Сонымен 1 – ші сайыскерімізді шақырамыз. 2 – ші, 3 – ші, 4 – ші, 5 – ші.
1 – жүргізуші:
ІІ. Еңбек ердің санаты, білім ердің қанаты демекші адам ақыл парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата – анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Олай болса сері жігіттерміздің өнерін тамашалайық.
Келесі шартымыз «Сегіз қырлы бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1 – ші талапкерімізді шақырамыз.
Ерназардың орындауында ән «Қазақ жастары».
2 – ші сайыскеріміз Сағындық би: «орыс биі»
3 – ші сайыскеріміз Медет «Ана тілі» жыр оқу.
4 – ші сайыскеріміз Наурызбай ән «Жаса Қазақстан»
5 – ші сайыскеріміз Дамир би «Қара жорға»
Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.
- жүргізуші:
ІІІ. Ер өнері білінбес
Қоян қолтық алыспай
Күш өнері білінбес
Бәйге түсіп жарыспай дегендей сайысымыздың келесі шарты « Күш атасын танымас» деп аталады.Қол күрес.Ортаға 1-ші сайыскерімізді шақырамыз 2-ші.3-ші,4-ші, 5-ші.
Әділ қазылар алқасы «сегіз қырлы бір сырлы» шартының бағасын беріңіздер.
2 - жүргізуші:
ІV.
Қой асығы демеңіз
Қолға жақсы сақағой
Жасы кіші демеңіз
Ақылы асса аға ғой дегендей келесі шартымыз «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады. 1- минуттың ішінде мақал айтқан баланың ұпайы жақсы болады. Ортаға бірінші сайыскерімізді шақырайық 2-ші,3-ші,4-ші,5-ші.Әділ қазылар алқасы «Күш атасын танымас » шартының бағасын берсеңіздер.
1 - Жүргізуші:
V. Жігіттің көркі өнері,
Талап кісі мұраты
Өнер қалмақ артында
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген бабаларымыздан қалған бұл сөздің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес.Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «шебердің қолы ортақ» деп аталады.Ортаға сайысқа қатысушы сайыскерлеімізді шақырамыз. Әділқазылар уақытты белгілесе. Әділқазылар «мақал сөздің мәйегі шартының» бағасын берсеңіздер.
2 - Жүргізуші:
VІ. Ей жігіттер
Сендерге
биік ата салтын құрметтеп,
Ақтай
білсең ата-ана үмітін
Әрбір сөзі
тәлімі мол бір мектеп. Жігіттеріміздің
өнерлерін білімдерін тамашалайық.Енді
ақыл ой тереңдігін ой – ұшқырлығын,
сарапқа салатын да кез келген сияқты.
Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін
есті сөз» деп атаалды. Сайыскерлерімізді
ортаға шақырайық.
Қазақ халықының тарихында қандай хандар өткен?
Қазақтың батырларын ата?
Қазақтың билерін ата?
Үш арсыз?
Үш даусыз?
Бес дұшпан?
Бес асыл?
Ұлттық ойын түрлерін атаңыз?
Аттың ер – тұрмандарына не жатады?
Жігіттің үш жұрты?
Үш бәйтерек?
1 – жүргізуші:
Әділқазылар алқасы «Шебердің қолы ортақ» шартын беріңіздер.
Ортаға флешмоб биімен қыздарымызды шақырайық.
Ортаға жігіттерімізді шақырамыз. Сайысты қорытындалу үшін әділ – қазыларымызды шақырайық.
– жүргізуші: бүгінгі «Жігіт сұлтаны» сайысы осымен өз мәресіне жетті. Сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген