жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жігіт сұлтаны" сайысы
«Жігіт сұлтаны» байқауының ережесі
Тақырыбы: Ер жігіттің белгісі...
Өткізілетін уақыты: 31.01.2019 жыл
Қатысушылар: 8-10-сынып
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ұлттық кодты сақтауға үйрету.
2.
Әр баланың бойындағы қабілеттерін:
ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу,
өнерін көрсету, тапқырлық, сахна
мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3.
Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер
нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін
бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Байқау бағдарламасы:
І. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» таныстыру, 3 мин
Бағалау критерийі::
Ұлттық киіммен таныстыру;
Сахналық мәдениеті;
- Көркемдік ерекшелігі (көрініс, ән, өлең жолдарымен таныстыру);
- Дауыс ырғағы (дикция)
ІІ. «Білімді мыңнан озар» сұрақ-жауап бөлімі.
Шарты: Бес сұрақтан салт-дәстүр мен ер жігітке қатысты, мемлекеттік рәміздер туралы, бейне сұрақ (көркем фильмдер) сұрақтар қойылады. Бір дұрыс жауап 5 ұпай. Барлығы 25 ұпай.
Бағалау критерийі:
- Жауаптың нақты болуы;
- Дәлел келтіре алуы;
ІІІ. «Жігітке жеті өнер де аз...» үй тапсырмасы.
Шарты: Қолдан бұйымдар жасап келу. Ат әбзелдері, тұрмыстық бұйымдар, т.б.
Бағалау критерий:
Бұйымның әдемілігі;
Жасалу сапасы;
Қолданылуы;
Жасалуын түсіндіруі.
ІV. «Ел іші-өнер кеніші» өз өнерлерін көрсету, 5 мин
Шарты:
Поэзия оқу, монолог, домбыра тарты, қойылым қою, т.б.
Бағалау критерийі:
Сахналық мәдениеті;
Өнерінің ерекшелігі:
Өзін-өзі ұстауы;
Дауыс ырғағы (дикция)
Қойылатын талаптар:
Байқауға қатысушының бойы 160-170 см кем болмауы тиіс
Бойында қазақ жігітіне тән мінез пен қылық болуы тиіс.
Қатысушыға өзінің сыныбы демеушілік көрсетеді.
Марапаттау: Қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен, алғыс хаттармен марапатталады.
Тақырыбы: Жігітке жеті өнер де аз...
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ұлттық кодты сақтауға үйрету.
2.
Әр баланың бойындағы қабілеттерін:
ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу,
өнерін көрсету, тапқырлық, сахна
мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3.
Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер
нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін
бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
І
жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата -
аналар, оқушылар!
Асыл
тастан, өнер жастан шығады деп
дарынды,
Халық
айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол
өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны-2019
» сайысына қатысатын ер жігіттеріміздің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын
деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.
Бүгінгі
сайысымызда жігіттеріміз өнерлерін
көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді,
онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін
көрсетеді.
ІІ
жүргізуші:
Ата жолын жалғамақ,
Ел
дәстүрін қолдамақ
Ел
намысын қорғамақ.
Жігіттер
шықсын ортаға,
Бүгін
сұлтан атанбақ.
Құрметті
көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп
«Жігіт сұлтаны-2019» атағына үміткер
ханзадаларымызды ортаға шақырайық.
І
жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз
қайсар жігітті,
Нағыз
бұлбұл жігітті,
Нағыз
дүлдүл жігітті,
Анықтайтын
кез келді-деп ханзадаларымызға әділ
бағасын берер әділқазы алқаларымен
танысып өтейік.
1. ____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4._____________________________________________________________
ІІ
жүргізуші
Ер жігіттеріміз байқаудың кезеңдерімен
таныс болар. Сондықтан әділқазы
алқаларының алдынан жеребе алып, реттік
нөмірлеріңізді анықтап алыңыздар.
Реттік нөмірімді алған болсақ сахна
артына барып дайындалуларыңызға рұқсат.
______________________________________________________
ІІ жүргізуші Ендеше алғашқы кезеңнің шартымен таныс болыңыздар. Бұл кезең ««Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» таныстыру, деп аталады.
Шарты: Ән мен өлең жолдары арқылы таныстыруға болмайды! Интербелсенді тақта арқылы, видеоролик арқылы, сахналық қойылым арқылы таныстыру керек.
І
жүргізуші:
Уа,
халайық, халайық,
Мұнда
назар салайық!
Ата
жолын жалғамақ
Ел
дәстүрін қолдамақ
Ел
намысын қорғамақ.
Ханзада
шықсын ортаға,
Бүгін
сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға
«Жігіт сұлтаны -2019 » байқауына қатысушы
сайыпқырандарымыздың алғашқы үміткерін
таныстыру кезеңіне шақырайық! Қарсы
алыңыздар!
(Қатысушылар кезекпен сахнаға шыға береді.)
ІІ жүргізуші: Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан,
Ер жіггітер қасында,- дей келе, құрметті әділқазы мүшелері таныстыру кезеңі бойынша Жігіт сұлтаны атанбақ жігіттерімізге қойған бағаларыңызды беріп өтсеңіздер. Бірінші болып таныстырған...
І жүргізуші:
Ат
өнері білінбес,
Бәйгеге
түсіп жарыспай
Ер
өнері білінбес,
Қоян
- қолтық алыспай.
ІІ жүргізуші: Ендеше екінші кезеңімізді бастайтын сәтте келді. ««Білімді мыңнан озар» сұрақ-жауап бөлімі
Шарты: Сахнадағы экранда бес бөлім бойынша 20 сұрақ берілген. Сіздер берілген ұяшықтарды ұпайлар бойынша таңдайсыздар! Ескерту бұл ұпайлар байқаудың нәтижесіне есептеледі. Бірақ төрт кезеңнің нәтижесі жоғары ұпай көрсеткен ер жігіт жеңіске жетеді.
І
жүргізуші:
Арғымақ аттың құйрығы,
Әрі
жібек, әрі қыл,
Ер
жігіттің белгісі,
Әрі
мырза, әрі құл.
ІІ жүргізуші: 3- кезең «Жігітке жеті өнер де аз...» үй тапсырмасы. Қолдан бұйымдар жасап келу.
Шарты: Жігіттер бұйымды қолдан жасап келіп, жасағандықтарын дәлелдеу керек.
І жүргізуші: Құрметті ханзадалар жасаған қолөнер бұйымдарыңызды әділқазыларға алып келіп таныстыруларыңызға болады.
ІІ
жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі
түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан,
жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер
табылса, жарайды қылса сұхбат- деп
әділқазы алқалары сәні мен сымбаты
жарасқан ханзадаларға өз бағаларыңызды
беріп өтіңіздер!
І
жүргізуші:
Асқақтаған
ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал,
кәнекей, қырандар!
Босқа қарап
тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
Алыстарға
самғаңдар
ІІ
жүргізуші:
Құлақтан
кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді
сүйсең менше сүй.
І жүргізуші: «Ел іші-өнер кеніші» өз өнерлерін көрсету Аты айтып тұрғандай Ер жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді.
Шарты: Қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді. Тақырып еркін. Ән салып, би билеуіне тағы басқа да өнерлерін көрсетулеріне болады.
ІІ
жүргізуші:
Өнерің
барда ханзада,
Тоқталып
сірә, іркілме.
Жұрт
қарасын қызығып,
«Бәрекелді!»
деп шіркінге
(Қатысушылар реттік нөмірлері бойынша өз өнерлерін көрсете береді)
І
жүргізуші:
Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан
– тұлпар» шықты шың
Жігіттердің
ішінен шыққан
Ханзада шыққан мықтысын!.
ІІ
жүргізуші:
Құттықтайық ал енді
Сұлтан
болған баланы
Өрге
жүзіп өнері,
Тауға
өрлесін талабы.
Қуанышты
жанары,
Шоқтай
болып жанады
І жүргізуші: Бәрекелді, бүгінгі «Жігіт сұлтаны-2018» байқауының қорытынды сөзін әділқазы алқалары берейік.
(Әділқазы алқалары марапаттап болған соң)
1-жүргізуші:
«Еңбек ердің – санаты, білім елдің
қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен
сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып
тұрған шырағы емес пе?
2-
жүргізуші: Қазақта жігіттерді былай
деп атаған!
«Көсем
жігіт» - ел басқаратын жігіт,
«Шешен
жігіт» - дау шешетін жігіт,
«Батыр
жігіт» - еліне қамқор жігіт,
«Сері
жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің
алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып,
күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.
1-жүргізуші: Ендеше, біз сіздермен қоштаспаймыз. Келесі кездескенше аман-есен болыңыздар
ai

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген