жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жігітті жолдасына қарап бағала
|
Сабақ: Қазақ тілі |
Мектеп: №47 жалпы орта білім беретін мектеп |
|||
|
Күні:16.11.18 |
||||
|
Сынып: 7 «в» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Жігітті жолдасына қарап бағала |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: |
7.Т/А1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау. |
|||
|
7ӘТН4.1. Негізгі және көмекші етістіктің түрлерін тілдесім барысында қолданады. |
||||
|
Сабақ мақсаттары: |
негізгі және көмекші етістіктердің ережесін меңгереді; мәтіндегі ойды жалғастыра алады; негізгі және көмекші етістіктерді ажыратып, оларға тән тілдік белгілерді анықтайды. |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Жетістік критерийлері |
|||
|
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: мәтіндегі ойды жалғасытырып, достарына мінездеме береді, мәтіндерден етістіктерді тауып, басқа сөз таптарынан ажыратады. |
|||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Адал дос пен амал дос ұғымын қалай түсінесіңдер? Достықтың ғұмыры деген ұғымды қалай түсіндірер едіңдер? |
||||
|
Сабақтың түрі |
Аралас сабақ |
|||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет, Өзін – өзі тану. |
|||
|
Қажетті құрал – жабдықтар |
Интеративті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, көрнекіліктер. |
|||
|
Оқыту әдістері |
|
|||
|
Дереккөздері |
7-сынып «Қазақ тілі»Мектеп баспасы, 2017ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар. |
|||
|
Тапсырмалар |
|
|||
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті: |
||||
|
Тапсырма |
Мұғалімнің іс – әрекеті |
Оқушының іс – әрекеті |
Дереккөздер/ресурстар |
|
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексереді. «Алақан жылуы» шаттық шеңберін құрады Топқа бөліну: Социометрия әдісі бойынша топқа бөлінеді. Үй тапсырмасы: «Сандар сыры» әдісі арқылы балалар үй жұмысына жауап береді. Қызығушылықты ояту: - Исатай Тайманұлы кім? - Оның батырлығын, тұлға екендігін біз кім арқылы білдік? Оның жолдасы кім? |
Оқушылар амандасып, оқу құралдарын дайындайды. Достарына бүгінгі сабаққа деген тілектерін айтады. Оқушылар топқа бөлінеді. - Батыр, көсем, қолбасшы. - Махамбет Өтемісұлы |
Шам |
|
|
Сабақтың ортасы |
Жаңа тақырып: «Жігітті жолдасына қарап бағала» 1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінмен жұмыс 1-топ: Мәтіндегі етістіктерді табыңдар, сөз құрамына талдаңдар. 2-топ: Мәтіндегі ойды жалғастырып өз достарыңа мінездеме жазыңдар. 3-топ: Адал дос пен амал дос ұғымын қалай түсінесіңдер? Мағынасын ашып жазыңдар. Ертеде бір ауылда көпті көрген, ақылды,шешен қария өмір сүріпті. Барлық ауыл тұрғындары сол кісіден барып ақыл сұрайды екен. Бір күні сол қарияға бір жас жігіт келіп: — Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, — депті. Қарт жігітке: — Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, — депті. Жігіт қарияның айтқанына құлақ асып жолдасын жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт оған: — Шырағым, жаман жігіт емес екенсің, — депті. — Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? Қалайша олай шештіңіз? — депті жігіт. Қарт күліп: — “Жігітті жолдасына қарап бағала” дейді халық, — депті. “Мөлдір бұлақ” журналынан. Дескриптор: - мәтінмен танысады; - мәтіннен етістіктерді табады, сөз құрамына талдайды; - мәтіндегі ойды жалғастырады; - берілген сөздің мәнін ашады. ҚБ. «Нақыл сөз» Тілдік бағдар.
2-тапсырма. Көмекші етістіктердің қандай грамматикалық мағына беріп тұрғанын және негізгі етістікпен қандай қосымшалар арқылы байланысып тұрғанын көрсетіңдер. 1. Сайлаушы төре жұрт көзіне шешілмейтін бір жұмбақ болып қалды (Б.М.). 2. Егер көңілді кірбің ой баспаса, бүгін Әбіш атқа мініп ап, ағындап шапқылар еді, әлденеге, әлдекімге душар болуды іздер еді (М.Ә.). 3. Ұлың үшін сені айыптай алмаймыз (Ғ.Мүс.). 4. Көкейдегі арманын айта білгенде ғана, мұрат-мақсаттарын көркем кестелегенде ғана ақынның бедел-абыройы арта түспек. 5. Бұл жердің жайын біле бермейтін адамдарға орталықтан шалғай жатқан ауыл сүлбесі тым көңілсіз болып көрінетін. 6.Алматы көктемінің салқындау ауа райы екі-үш күннен бері маужырап тұр. 7. Ұзын, тұмсықты, қара қоңыр құстар көгілдір айдынды қақ жарып, жағаға қарай қиқулап жүзіп келеді. Дескриптор: - сөйлемдерді оқиды; - негізгі және көмекші етістіктерді табады; - көмекші етістіктердің қызметін түсіндіреді; ҚБ. «Нақыл сөз» 3-тапсырма. «Досым үшін» Сауалға жауап іздеу. а) Досым екеуміз автобусқа міндік. Менде ақша болмаған соң, досым жол ақысын төлеймін деген болатын. Бірақ ол ақшасын түсіріп алған екен. Менің әрекетім ... ә) Досыммен компьютерлік клубта ойын ойнаймыз деп, сабаққа кешігіп қалдық, 1 сабақ ең қатал мұғалімнің сабағы. Бір қызығы сыныпқа кіргенде досым бар кінәні маған жауып тастады, менің әрекетім... б) Сіздің құрбыңыз жаман қылық көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сіз құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың ба? в) Сен физикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың 4-тапсырма. Төмендегі етістіктерді пайдаланып, бір шумақ өлең құра. 1-топ …………………. арылмасын, …………………..тарылмасын, ……………………………., ………………..жарылмасын. 2-топ …………………..осында едім, …………………..досымды елім. ……………………………., ………………..досым менің! 3-топ …………………. сыздаса, …………………..бізге аса. ……………………………., ………………..мұздаса. Дескриптор: - етістіктерді оқиды; - өлең құрап жазады. ҚБ. «Нақыл сөз» |
Тақырыппен танысады. 1-тапсырма. 1-топ:өмір сүріпті, барып, сұрайды екен, келіп, көрсет, айтамын, жіберіпті, сөйлесіп, шақырыпты, келген соң, көрген жоқ, депті, шештіңіз, күліп, қарап бағала. 2-топ. Менің досым адал, ақкөңіл, ашық жарқын жүретін, сабырлы, сыпайы жан. 3-топ: Амал достық дегеніміз- достықтың шындыққа ұласқан түрі, оны айыру қиын, мүмкін емес деп те айтуға болады. Өкінішке орай, оны білдіртпегенше дейін, біле алмаймыз,амал достық қазіргі кезде көбіне кездеседі. Адал достық барлығынан да артық. адал дос ол өте жақсы,әрқашан жаныңнан табылады . Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың. (Абай Құнанбаев) Есте сақта! Көмекші етістіктер қолданылу сипаты жағынан екі салаға бөлінеді. Тұрақты көмекші етістіктер. Бұған лексикалық мағынасы сақталмаған, тек көмекшілік қызмет атқаратын е, де, ет, жазда етістіктері жатады. Ауыспалы көмекші етістіктер. Бұған лексикалық мағынасын сақтап әрі негізгі қызмет атқаратын, әрі лексикалық мағынасын сақтамай, көмекшілік қызмет атқаратын бірқатар етістік жатады: ал, бер, сал, қой, шық, отыр, тұр т.б 2-тапсырма. 1. Сайлаушы төре жұрт көзіне шешілмейтін бір жұмбақ болып қалды (Б.М.). 2. Егер көңілді кірбің ой баспаса, бүгін Әбіш атқа мініп ап, ағындап шапқылар еді, әлденеге, әлдекімге душар болуды іздер еді (М.Ә.). 3. Ұлың үшін сені айыптай алмаймыз (Ғ.Мүс.). 4. Көкейдегі арманын айта білгенде ғана, мұрат-мақсаттарын көркем кестелегенде ғана ақынның бедел-абыройы арта түспек. 5. Бұл жердің жайын біле бермейтін адамдарға орталықтан шалғай жатқан ауыл сүлбесі тым көңілсіз болып көрінетін. 6.Алматы көктемінің салқындау ауа райы екі-үш күннен бері маужырап тұр. 7. Ұзын, тұмсықты, қара қоңыр құстар көгілдір айдынды қақ жарып, жағаға қарай қиқулап жүзіп келеді. Ситуациядан шығу жолдарын көрсетеді. 1-топ Достығымыз достар арылмасын, Пейіміз кеңейсін тарылмасын, Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек Жүрегіміз қалайша жарылмасын. 2-топ Мені іздесең осында кел, осында едім, Іздеп келем әлі де досымды елім. Мені білмейм дос тұтатын адам бар ма Бірақ, барлық жақсы жандар досым менің! 3-топ Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса, Қиыны сол, ауыры сол бізге аса. Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар, Әлде кімге көңілің бір мұздаса. |
Тақта, бор Оқудық, тақта, дәптер |
|
|
Сабақтың соңы |
Бағалау. 3 «нақыл сөзден» бастап, көп жинаған оқушылар бағаланады. Үй тапсырмасы: 4-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңдар да, етістіктерді табыңдар. Олардың жасалу жолын айтыңдар. Кері байланыс |
|
|
|
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген