жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жіппен бейнелеу
Пән мұғалімі: Алибекова Гулнара
Сабақтың тақырыбы: «Жіппен бейнелеу»
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік. Әр түрлі жіптер дизайнымен танысу, жіппен бейнелеу тәсілі және сәндік көркем өнер шығармалар құрылымының жасалу тәсілін игеру.
-
Тәрбиелік. Білімгрлердің қолөнерге деген қызығуын оятып, ұқыптылыққа, жұмысты өз бетімен орындауға тәрбиелеу.
-
Дамытушылық. Эстетикалық талғамдар мен шығармашылық қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: практикалық.
Көрнекіліктер: эскиздер, дайын бұйымдар.
Техникалық оқу құралдары: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Білімгерлерді түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Білімгерлердің білімін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. Жіп дизайны туралы түсінік, орындау ерекшеліктері.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Практикалық жұмыс.
VI. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру.
Жұмыстың мазмұны:
-
Теориялық түбірін ұғындыру.
-
Түстер үйлесімділігі, қасиетін айыра білу.
-
Ине, жіп арқылы геометриялық денелерді, бұрыштарды оңай тәсілдермен толтыру.
-
Сәнді көркем өнер шығармалар құрылысының жасалу тәсілінің суреті мен эскизін дайындау.
-
Бейнелерді барқыт қағазы немесе қатырма қағаз бетіне түсіру, жіппен толтыру.
Жаңа сабақ.
Біз осы уақытқа дейін матамен жұмыс тарауы бойынша жұмыс жасадық. Бүгін біз жаңа үлкен тарау «Жіппен бейнелеу» тарауын бастаймыз. Үй тапсырмасы берілген жоқ, себебі өткен сабақта біз матамен жұмысты бітірдік, қорытындылап, жұмысты өткізіп қойдық.
Енді біз жаңа тарау бастаймыз. Бастамас бұрын мен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр:
-
Өнер дегеніміз не?
-
Өнер сөзінің мағынасы қандай?
-
Өнер қай салада қолданылады?
Қысқа да нұсқа өз ойларыңды білдіріңдер.
Плакат бетіне «Өнер» сөзі жазылады, оны топтастырып кластер құрастырайық.
І. Кластер.
Театр, кино Сөйлеу мәнері
Би Көркем Сән еңбек Музыка Қолөнер
Сәндік-қолданбалы өнер – ол қолөнер. Қол өнерінің түрлері көп. Жүннен, киізден жасалған бұйымдар, теріні өңдеп, кілем тоқу, ши тоқу, ағаш бұйымдары, кесте тоқу, зергерлік өнер және т.б.
Халық шеберлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде өз жалғасын тауып келеді. Қолөнермен айналысатын адамдарды 4 топқа бөлуге болады.
Шебер – ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайды.
Ұста – қару-жарақ, әр түрлі темір түрлермен жұмыс жасайды.
Зергер – алтынмен аптап, күміспен күптеп түрлі сырға, білезік жасайды.
Ісмер – киім тігетін, қолынан іс келетін адам.
ІІ. Осылай көне өнердің бір түрі –жіппен сурет салу. «Жіппен бейнелеу» техникасын халық арасында «жіп графикасы» немесе «жіп дизайны» деп те атайды.
«Жіппен бейнелеу» техникасымен жұмыс жасау сәндік - қолданбалы өнер түріне жатады. Бұл өнер көне заманнан бері қарапайым еңбек құрал жабдықтарын пайдаланып, шикізаттардан әр түрлі дайын бұйымдар жасайтын қолөнер өндірісі екендігі белгілі.
Сәндік-қолданбалы өнер туындылары деп эстетикалық сапаларға ие, өзінің әдемілігімен адам көзін қуантатын заттармен, суреттерді, көркем туындыларды айтамыз.
«Жіппен бейнелеу» өнерінің тарихына үңілсек, бұл өнердің түрі алғаш рет XVI шы – ғасырда Ағылшын елінде пайда болған. Ағылшын тоқымашылары тақтайшаларға белгілі бір жүйемен шегелер қағып, сол шегелерге жіптерді керіп, орап байлаған. Нәтижесінде шілтерленген әдемі сурет өрнектері шыққан. Сол суреттерін үй ішін безендіруге пайдаланған. Тарихта бұл суреттер тоқымашылардың матаға салатын өрнектерінің эскизі деген де болжам бар.
«Жіпті бейнелеу» әдісімен қазіргі кезде декоративті паннолар, открыткалар, әдемі түрлі суреттер салып, сувенир қаптар, кітап арасына салатын белгілерді (закладка) безендіреді. Бұл әдіспен жұмыс кезінде, өрнектер тез орындалып, ойдан шығармашылық бағытта түрлі сурет ойлап шығару қасиеті дамиды. Әр түрлі, әр түсті жіп түрлерімен ізденіс жұмыс түрлерін орындап жеңіл тапсырмадан күрделі тапсырмаға ауысып отыруға болады.
Үйрену жолдарының негізі болып жіппен схема арқылы ;
а) бұрыш; в) доғал; б) шеңбер; г) сопақша денелерін

«Жіппен бейнелеу» техникасын тігіп үйрену барысында жұмыстың фоны ретінде түрлі – түсті қатты картон, былғары, барқыт қағазы, керілген бір түсті мата, CD дискілерін, пластика тақтайшаларын пайдалануға болады;
Жіптің түрлері: шарғы жіп, ирис, мулине, гарус, жүн жіп, алтын, күміс түсті люрекс жіптерін пайдалануға болады. Сонымен бірге ине, біз, оймақ, қайшы, желімді лента, пенопласт тақтайшасы керек болады. Сызғыш түрлері, бұрыш, шеңбер трафареттері, лекал түрлері, шаблондар;
«Жіппен бейнелеу» техникасымен жұмысты тігу барысында түстердің үйлесімділігін айыра білуіміз керек. Жұмыс сапасына түстерді сауатты түрде қолдана білгенде ған әдемі суретке қол жеткізе аламыз. Ол үшін түстік спектр шеңберіне тоқталып қасиеттерін білуіміз керек. Олар: негізгі , қосынды, ахроматикалық, хроматикалық, салқын, жылы, қосымша, контраст (қарама-қарсы) болып бөлінеді.
Негізгі түстерге қызыл, сары, көк түстер жатады. Бұл түстер бояу қосындыларынан алынбайды.
Қосымды түстер деп негізгі түстерді бір-біріне қосу арқылы алынатын түстерді айтамыз. Мысалы: сары + көк = жасыл; қызыл+ сары = қызғылт сары; көк+қызыл =сия көк.
Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ, сұр, қара түстерінің реңдері жатады.
Хроматикалық түстерге; түрлі түстердің бәрі жатады.
Контраст түстер яғни қарама-қарсы түстер. Мысалы: қара-ақ; қара-сары; қара-қызыл; көк-ақ; көк- сары т.б.
Салқын түстер деп мұз, қар, су, аспан түстерін яғни көгілдір , көк, күлгін , көкшіл жасыл түстерін айтамыз.
Жылы түстер деп күннің, оттың, қызған темірдің түстерін яғни сары, қызғылт - сары, сарғыш жасыл, қоңыр түстерін жатқызамыз.
Осымен біз түстер түрлерімен таныстық. Түстердің үйлесімділігі бір-бірімен сәйкес келу керек.
Жіппен бейленеу тәсілі – жіптерден жасалған дизайындардың әр түрі. Олардың негізі тегіс жерде қол инемен және жіптерден бейнелеу жасау. Көрнектелген қағаз бетіне тіке тартылған жіптер арқылы бейнелеу.
Түстерді қалай таңдаймыз солай біздің жасайтын жұмысымыз да әдемі-әсем болады.
ІІІ. Жұмыстарды көрсету.
ІV. Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Инемен жұмыс істеу тәртібі:
1. Инені арнайы түйрегіште түйре.
2. Ауызға салма.
3. Жіпті тіспен үзбе.
4. Жаныңдағы адамға бөгет жасама.
5. Жіпті инеге ұзын сабақтама.
Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:
1. Қайшының ұшты жағын жоғары қаратуға болмайды.
2. Бір-бірімізге бергенде сақина жағын қаратып беру қажет.
V. Бұрыштарды толтыру. (Тақта бетіне сызып, көрсету)
Жасалу техникасы:
а)қағаздың теріс жағына кез келген бұрыш сызу
б)теңдей бөлікке бөлу
в)бұрыштың шыңын «Орындалу реті» деп белгілеу
г)барлық нүктелерді инемен тесіп белгілеу
д) инеге жіпті өткізу
е) бұрышты көрсетілген сызбамен толтыру



VI. Берілген жұмыстарды аяқтау.
Қорытындылау.
Бағалау.
Болашақта осындай композициялармен мектеп дәліздерін немесе офистерге арналған безендіру жұмыстарына пайдалануға болады. Бұл туындылар адамдарға жақсы көңіл – күй, әдемі сезімдер сыйлайды.
VII. Үй тапсырмасы: Композициялық эскиздарды дайындау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген