Жиын дегеніміз не?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жиын дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Саба0 жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Математика

Мектеп:Д.А.Қонаев атындағы Ойық ауылы мектебі

Ортақ тақырып: «Тәні саудың-жаны сау»

Мұғалімнің аты: СиримбетоваГ

Күні:22.06.2018ж.


Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жиын дегеніміз не?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.4.1.3. заттар жиындарын жұп құру арқылы салыстыру; тең жиындарды бос жиынды анықтау.

1.4.1.1. екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Жиын және оның элементтерін біледі, жұп құрады, салыстырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Жиындарды олардың белгілері бойынша жіктейді, топтастырады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Әр түрлі заттарды жиынға біріктіреді және жиын элементтерін түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

Жиындарды жұп құрады, салыстырады.

Тең жиындарды салыстырады.

Екі жиынның қосылуын және жоюды көрнекі түрде бейнелейді.

Тілдік мақсат

Сабақ барысында оқушылар түйінді сөздерді қолданады, мағынасын түсінеді.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Жиын-множество, элемент-element

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жиын дегеніміз не?

  • Ол қандай элементтерден тұрады?

  • Мына элементтер қандай жиынға жатады?(орындық,шкаф,үстел)

  • Көктем айлары жиынының элементтерін ата.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық құндылықтарын бала бойына дарыту.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану- Жануарлардың түрлері

АКТ қолдану дағдылары

Ай мектеп.kz сайт материалдарын пайдалану арқылы АКТ дағдыларын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Жиынға кіретін элементтерді біледі, атайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі


ресурстар


Басы


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Тренг «Ақтілек»

Күнмен тілек айту.

Топқа бөлу.

Бағдар шамның түсін таңдау арқылы .

1-топ «Қызыл»

2-топ «Сары»

3-топ «Жасыл»


Әр топқа бір шеңбер беріледі. Оларға сыныптағы заттар бойынша ортақ белгісі бар элементтерді жинауды ұсынамын.

  • Балалар, неге бұл заттарды жинадыңдар?

  • Оларға қандай белгі ортақ?

  • Жиында неше элемент пайда болды?

Демек, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Жиын дегеніміз не?» деп аталады.

Сабақтың оқу мақсатын хабарлау.

  • Жиын ұғымымен танысасыңдар.

  • Жиын элементтерін білетін боласыңдар.









Тренинг









Түрлі-түсті ленталар ілінген шаңырақ, шеңберлер

Ортасы


1.Жиындар. «Қоржын» ойыны. Ұ.Ж.

Оқушыларға қалташаға салынған кеселердің, құстардың, жылқылардың суреті беріледі. Оқушылар оларды бір-біртіндеп алып, шеңберлерге орналастырады, жиын құрастырады.

Жиын-ортақ белгісі бар заттар жиынтығы. Мысалы: алма, алмұрт, апельсин-жемістер жиыны.

Элемент саны бірдей жиындар тең жиындар деп аталады. Ешбір элементі жоқ жиынды бос жиын деп атаймыз.

Дескриптор:

  • Заттар жиынын атайды.

  • Жиындарды санайды, салыстырады.


Кері байланыс: «Ыстық картоп»

Қалыптастырушы бағалау: смайликтер беру арқылы балаларды бағалап отыру.


2.Табиғатта. «Қолшатыр» құрастыру. Т.Ж.

Оқушылар қолшатырға түрлі-түсті қағазға жазылған элементтерді топтастырып жабыстырады.


«Ағаштар» жиыны

«Гүлдер» жиыны

«Бунақденелілер» жиыны

Қалыптастырушы бағалау: смайликтер беру арқылы балаларды бағалап отыру.


3. Элементтер. «Сәйкестендір» Т.Ж.

Оқушылар суреттерге мұқият қарап, жиын атауларын элементтерімен сәйкестендіреді.



ҚShape2 Shape1 арлығаш ағаштар жиыны

СShape3 ары өрік құстар жиыны

ҚShape4 айың бунақденелілер жиыны

Көбелек жемістер жиыны

Дескриптор:

  • Жиындарды атауына қарап, элементтерімен сәйкестендіреді

  • Жиын мен элементті ажыратады.


Кері байланыс: «Ыстық картоп»

Қалыптастырушы бағалау: смайликтер беру арқылы балаларды бағалап отыру.


Сергіту сәті. «Ұшты –ұшты »

Оқушылар жанды және жансыз заттарды ажырата біледі,ұшатын мен ұшпайтын заттарға толық анықтама береді.


4. Дәптермен жұмыс. «Жиындарды толықтыр» Ө.Ж.

Оқушыларға сиқырлы тақта беріліп, әр жолды тиісті элемент атауларымен толықтырып жазады, дәптерге көшіреді. Жаратылыстану пәніндегі «Жануарлардың түрлері» тақырыбын еске түсіреді.

  1. ҚShape5 ұстар:.........................

  2. Үй жануарлары:.......................

  3. Жабайы жануарлар:................


Дескриптор:

  • Оқушылар берілген атаулар бойынша өз беттерінше жиын құрастырады.

  • Элементтерін дұрыс анықтайды.


Кері байланыс: «Ыстық картоп»

Қалыптастырушы бағалау: смайликтер беру арқылы балаларды бағалап отыру.


5.Шығарып көр. «Ойлан, жұптас,бөліс». әдісі Ж.Ж.

Оқушыларға карточкалар беріледі. Суретке мұқият қарап, жиынға жатпайтын артық заттарды атайды.

Бунақденеліліер жиыны: (артығы: балық)

Жемістер жиыны: (артығы: пияз)

Төртбұрыштар жиыны: (артығы: үшбұрыш)

Shape7 Shape6

Shape9 Shape8


Дескриптор:

  • Жиын ішіндегі артық элементті анықтайды.

  • Жиындарды атайды.

Кері байланыс: «Ыстық картоп»

Қалыптастырушы бағалау: смайликтер беру арқылы балаларды бағалап отыру.


6.Орындап көр. «Сиқырлы паравоз» Т.Ж.

Оқушылар паравозға отбасы мүшелерін орналастырады.

  • Балалар мен ересектер жиынын біріктірсе қандай жиын шығады?

  • Отбасы жиынынан ұлдар жиынын алып тастаса қандай жиын пайда болады?

Дескриптор:

  • Екі жиынды біріктіріп, жаңа жиын жасайды.

  • Жиын бөлігін алып тастап, жаңа жиын жасайды.

Кері байланыс: «Ыстық картоп»

Қалыптастырушы бағалау: смайликтер беру арқылы балаларды бағалап отыру.



Суреттер, шеңберлер, сандықша









доп



смайликтер





Қолшатыр сұлбасы, түрлі-түсті қағаз, маркерлер

















Ватман, маркерлер, суреттер















Аудиожазба, доп







Сиқырлы тақта, маркелер



















карточкалар

























паравоз суреті

Соңы




Кері байланыс «Бағдаршам»


Бағдаршам суреті, қызыл, сары, жасыл түсті шеңберлер

Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • «Сиқырлы паравоз» Т.Ж.

Барлық оқушы:

Жиын ішіндегі артық элементті анықтайды.

Жиындарды атайды.

Көпшілігі:

Екі жиынды біріктіріп, жаңа жиын жасайды.

Кейбірі:

  • Жиын бөлігін алып тастап, жаңа жиындар құрастырады


Смайликтер- оқушылардың тапсырманы қаншалықты орындағандығын, қызығушылығы мен белсенділіктерін арттыру үшін беріледі.

Техника қауіпсіздігін сақтау. Сыныпта үшкір заттармен ойнамау, дене мүшелеріне зиян келтіретін заттарға жақындамау.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысынада сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі