Ж.Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ж.Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ж.Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

Мектеп:

Күні::

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.2.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау;

7.2.2.1. Эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Ж. Жабаевтың өмірі туралы мағлұмат алу, ізгі қасиеттерін өз бойларына сіңіре білу;

Көпшілігі: Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты талдау, эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

Кейбір оқушылар: Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау, эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.


Бағалау критерийлері

  • Өлеңдегі кейіпкерлердің тұлғалық болмысын гуманистік көзқарас тұрғысынан талдайды.

  • Өз көзқарасын білдіріп, өлеңнен шығатын тұжырымды айқындайды;

  • эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

ІІ. Қызығушылықты ояту: «Галереяға саяхат» жиналған оқушыларға төмендегі суреттер таратылады, оқушылар осы суреттер бойынша сабақ мазмұнына болжам жасап сөйлейді.


Оқушыларға БББ кестесін толтыру ұсынылады. Кестенің

1-бағаны толырылады.

«Жамбыл Жабаев жайлы не білемін?»

Білемін

Білдім

Білгім келеді

-ақын
-күйші
-жыршы
-айтыскер



Ж.Жабаев туралы деректі фильм көрсетіледі. Деректі фильм көргеннен кейін оқушылар БББ кестесінің «Білдім» бөлігін толтырады.

Ж.Жабаев туралы деректі фильм 

video.yandex.kzж.жабаев туралы деректі фильм

https://www.youtube.com/watch?v=Ji1jsPlLHoU

Оқушылар кестені толтырғаннан кейін,

Жеке жазып, жұппен және топта талқылап, араларынан спикер өз ойларын ортаға салады.

Оқу мақсатына қатысты талқылау сұрағы:

  • «Әдеби шығармадағы тұлғалық болмыс» дегенді қалай түсінесіздер?

  • Прозалық туындыда тұлға кім болуы мүмкін? (кейіпкер)

  • Поэзиялық туындыда, яғни өлеңде кімнің тұлғалық болмысын тани аламыз? (ақынның, лирикалық кейіпкердің)

  • Ал осы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау дегенді қалай түсінесіздер?

  • Гуманизм дегеніміз не? (Ізгілік)

Оқушылардың жауабы тыңдалып, түсініктеме беріледі.

Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.

Оқушыларға төмендегі суреттер таратылады, оқушылар осы суреттер бойынша сабақ мазмұнына болжам жасап сөйлейді.

Оқушыларға БББ кестесін толтыру ұсынылады. Кестенің

1-бағаны толырылады.





Деректі фильм көргеннен кейін оқушылар БББ кестесінің «Білдім» бөлігін толтырады.


Оқушылар жеке жазып, жұппен және топта талқылап, араларынан спикер өз ойларын ортаға салады.



Оқушылардың жауабы тыңдалып, түсініктеме беріледі.



ҚБ «Нысана»

Оқушылар стикер жапсыру арқылы бағалайды.











ҚБ «Нысана»

Оқушылар стикер жапсыру арқылы бағалайды.



Ж.Жабаев ту-ралы деректі фильм 

video.yandex.kzЖ.Жабаев туралы деректі фильм


https://www.youtube.com/watch?v=Ji1jsPlLHoU


Зілді бұйрық - Жамбыл Жабаев - Өлеңдер - Bilim - All


Сабақтың ортасы



















ІІІ. Мағынаны тану.

  • «Зілді бұйрық» дегенде ойымызға не келеді? Оқушылар ойларын ортаға салып, сыныпқа ұсынады.

Қосымша оқуға ұсынылады:

Өлең тұтастай оқиға желісіне құрылған және тарихи деректермен берілген, осыған қарап нақты тарихи оқиғаның берілгендігін аңғару қиын емес. Бұл 1916 жылғы сар даланы сабылтқан сұрапыл жарлық болатын. Өлең мазмұнынан халықтың толқынысты хал-жағдайын, күпті көңіл-күйін нақты көруге болады. Жамбыл Жабаевтың өзі де бұл тарихи оқиғаның саналы куәгері болғандықтан, қалтқысыз жеткізе білген. «Отыз бір – он тоғызды алад» деген Суық хабар халықты бұлқындырды. Жылады сорлы халық малын айтып, «Кеткен соң қолдан шығып келмес қайтып», - Дейді де, еңірейді, егіледі Қайғының күндіз-түні күйін тартып.  – Міне, қарапайым халықтың күйі осы. Халық нақақтан баз кешуде. Ал басы бір, намысы нар азамат ерлер бір тудың астына ат байлай бастады. Алайда атпалдай азаматтарды әскерге былай бір алып кетсе, арынды ерлерді тұтқынға салып, дарға асып жатты. Бұл қайғылы да қасіретті көрініс Жамбыл жыраудың жанын жаралап, боздақ күйін базыната берді. Жыраудың ендігі күйі – халықтың басына үйірілген қара бұлтты жырмен сейілту. Боздақтарынан айырылған халықтың есеңгіреген ымырт шағы шығармада жақсы көрсетілген. Тарихи тұтастықты теңдей ұстай отырып халық мақсат-мұратын жырлай білген дала жырауының жыр шумақтары үлкен бір тарихи жырды алып келе алды. Өлең көлемі тарихи жырдың көлем пішіміне еш келмесе де сипатталған сюжет пен жеткізілген оқиға сарыны тарихи жырдың күшін танытып тұр. Жөнелді абақтығы соры қайнап. Барады боздақтардың көзі жайнап. Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ Білмеді не боларын сырттағы ел Қамалғандарды тірідей тартты азап. Жырда шытырман оқиғалар да біртіндеп беріліп отырады. Халықтың жасаған әскери қимылдары мен басшы батырлардың ту көтерген ұрыстарынан дерек беріліп, сипатталып отырады. Шығарманың бұл ерекшелігі – оқиға мен жыраудың жеткізгісі келген идеясының сіңісіп кеткендігінен болса керек. Жырау толғап отырған жырдың идеялық қуаты жыр шумақтарының соңында кесіліп түседі: ... Аттандық ұлығының қонысына Елді сорған борсықтай болысына. Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып Көксеген азаттықтың соғысында. Азамат ердердің ардалы ісін жырына қосып, қос қолдап жырлай білген жыраудың мұраты да ерлердің ісін дәріптеу болатын. Қиямет заманда халқының мұң-қайғысы мен намыс арманы үшін жанын қиған Бекболаттай, Ботпайдай ерлердің батырлық болмысын келер ұрпаққа үлгі ету керек болды. Осылайша, қаһармандық жыр туа келді. Азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін танытқан осынау Жамбылдың жыры ұрпақ үшін жоғалмас қазына болмақ.  
1-тапсырма. Ж. Жабаевтың "Зілді бұйрық" өлеңін талдаңыз. «Әдеби шеңберге» қатысыңыз.

«Әдеби шеңбер». Екі топтан кезек-кезек рөлдегі оқушылар шығады.

1. Баяндаушы. Өлең жолдары бойынша түсінгеніңді баяндайды.

2. Байланыстырушы. Тарихи оқиғамен байланыстырып талдайды.

3. Талқылаушы. Өлең жолдары бойынша сұрақтар құрастырады.

4. Белгілеуші. Өлең жолдарынан түйінді ойды баяндап тұрған маңызды тұстарын анықтайды.

Дескриптор:

  • өлең жолдарын талдайды;

  • шығарманы тарихи оқиғамен сабақтастырады;

  • түйінді ой айтады;

  • негізгі идеяны анықтайды.

ҚБ

2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқы, төмендегі кестені негізге алып, сөздік жұмысын жасаңдар.

Мағынасы түсініксіз сөздер

Білдіретін мағынасы

Автор ойын жеткізудегі орны






















Дескриптор:

  • Мағынасы түсініксіз сөздерді анықтайды;

  • Білдіретін мағынасын анықтайды;

  • Автор ойын жеткізудегі орнын анықтайды.

ҚБ

3Shape9 Shape7 Shape8 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Қажеттілік

Мүдде

Ұстаным

-тапсырма. Өлеңде сипатталған екі кейіпкердің бейнесіне қатысты ұстаным, қажеттілік, мүдде тұрғысынан талдап, тұлғалық болмыстарына автор көзқарасы (гуманистік ) тұрғысынан баға бер. Екі кейіпкерге талдау жасауда төмендегі «Түйнек» сызбасын пайдалан.










Ұстаным

  1. 3-4 сөйлеммен өлеңнен шығатын тұжырымды жазып, өз қөзқарасыңды білдір.

  2. Жұмыстарыңды топта талқылап, тыңдап, бағалаңдар.

* Самсы - жер аты.
* Ботбай - ру аты.
* Шиен - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Суықтөбе тауының солтүстігіндегі елді мекеннің аты.

Дескриптор:

  • кемінде 8-10 түсініксіз сөздің мәнін ашып, синонимдік қатарын табады;

  • екі кейіпкердің бейнесіне қатысты ұстаным, қажеттілік, мүдде тұрғысынан талдау жасайды;

  • кейіпкерлердің тұлғалық болмыстарына автор көзқарасы тұрғысынан баға береді;

  • өз көзқарасын білдіріп, тұжырым шығарады.

ҚБ

Бекіту. БББ кестесінің 3-бағанын толтырады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

-ақын
-күйші
-жыршы
-айтыскер




«Ой шақыру» сұрағына жауап береді.


Қосымша деректермен танысады.

























Ж. Жабаевтың "Зілді бұйрық" өлеңін талдаңыз. «Әдеби шеңберге» қатысыңыз.

Өлең жолдарын талдайды;

шығарманы тарихи оқиғамен сабақтастырады;

түйінді ой айтады;

негізгі идеяны анықтайды.


Өлеңді түсініп оқы, төмендегі кестені негізге алып, сөздік жұмысын жасаңдар.








Өлеңде сипатталған екі кейіпкердің бейнесіне қатысты ұстаным, қажеттілік, мүдде тұрғысынан талдап, тұлғалық болмыстарына автор көзқарасы (гуманистік ) тұрғысынан баға бер. Екі кейіпкерге талдау жасауда төмендегі «Түйнек» сызбасын пайдаланыңдар.












БББ кестесінің 3-бағанын толтырады.



ҚБ «Нысана»

Оқушылар стикер жапсыру арқылы бағалайды.




























ҚБ «Нысана»

Оқушылар стикер жапсыру арқылы бағалайды.








ҚБ «Нысана»

Оқушылар стикер жапсыру арқылы бағалайды.
















ҚБ «Нысана»

Оқушылар стикер жапсыру арқылы бағалайды.




7-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы






http://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/25220/






























































































Рефлексия


Рефлексия .

«3-2-1» стр.

  • Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

  • Қиындық келтірген 2 мәселе

  • Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма:

  • Өлеңнің өзің қалаған тұсынан 3 шумақ үзінді жатта.

  • 1916 жылғы қазақ даласындағы тарихи оқиғалар туралы оқып, конспекті жаса.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.08.2025
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі