Материалдар / ЖМБ 11-сынып қмж 1-тоқсан қазақ әдебиеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖМБ 11-сынып қмж 1-тоқсан қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖМБ 11-сынып қмж 1-тоқсан қазақ әдебиеті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2024
196
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11-сынып, Қазақ әдебиеті(жаратылыстану-математикалық бағыты),

Қысқамерзімді жоспар

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Оралхан Бөкей. «Атау кере» повесі. Таған. Ерік. Айна. Адам және ара. Неге біз осы?Шығармадағы уақыт пен кеңістік

Бөлім:

1-бөлім. Кеңістік пен уақыт

Педагогтің аты-жөні:

Жаңылова Г

Күні:


Сыныбы:11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Оралхан Бөкей. «Атау кере» повесі
• Таған
• Ерік
• Айна
• Адам және ара
• Неге біз осы?
• Шығармадағы уақыт пен кеңістік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;
11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

Көпшілік оқушылар үшін:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді.

Кейбір оқушылар үшін:

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді.

Құндылықтар

Ұлттық мүдде: тілімізді, дінімізді қастерлеу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3.Оқушыларды топтарға біріктіру.


Мұғалім таратқан қима қағаздар бойынша топқа бірігеді. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ;

2 топ;

3 топ.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Қима қағаздар

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Сұрақтар:

1.Оралхан Бөкей кім?

2.Оралхан Бөкейдіңқандай шығармаларын білесіңдер?

3. «Атау кере» повесін естігенсіңдер ме?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Мұғалім оқушыларға Оралхан Бөкейдіңөмірі мен шығармашылығы жайлы жалпы түсінік береді.

«Атау керек» повесін түсіндіреді.

Ұжымдық жұмыс:

Оқушылар бір-бірімен ой бөліседі. «Атау кере» повесін талдайды.

Дескриптор:

-Оқушылар ойларын айтады;

-Повестьті талқылайды.Жалпы-3 балл.


Оқулық

11-сынып


Топтық жұмыс


Повестен алған әсерлерлерімен ой бөлісуге нұсқау береді.

1.Оралхан Бөкейдіңөмірбаянын талқылайды.

2. Повесть туралы пікір алмасады.



Дескриптор:

-Оралхан Бөкейдің өмір тарихынынан үзінді баяндайды.

-Повесть туралы анықтамасын айтып, мысал келтіреді.

Жалпы-4 балл

Оқулық

11-сынып


Жұптық жұмыс


Тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.

Повестің бөлімдеріне ат қойып, баяндалатын оқиғаға өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

-Повесть бөлімдеріне ат қояды;

-Өз пікірлерін ортаға салады.

Жалпы-3 балл

Оқулық

11-сынып


Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23











Қысқамерзімді жоспар

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Оралхан Бөкей. «Атау кере» повесі. Таған. Ерік. Айна. Адам және ара. Неге біз осы? Шығармадағы уақыт пен кеңістік

Бөлім:

1-бөлім. Кеңістік пен уақыт

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Оралхан Бөкей. «Атау кере» повесі
• Таған
• Ерік
• Айна
• Адам және ара
• Неге біз осы?
• Шығармадағы уақыт пен кеңістік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;
11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

Көпшілік оқушылар үшін:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді.

Кейбір оқушылар үшін:

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.

ә). Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.

б). Топтастыру.





Мұғалімнің нұсқауы бойынша оқушылар екі топқа бірігеді.

І-топ:

ІІ-топ

Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Тоқыма жіп


1900 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!