400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ж.Молдағалиев "Мен қазақпын"поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сыныпқа сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін үлгі сабақ деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары


Пәні: қазақ тілі

Күні: 31.01.2018 ж

Сыныбы: 11 сынып

Сабақтың тақырыбы

Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасы

Мақсаты

Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу.

«Мен-қазақпын» поэмасының мазмұнын түсіну;
-поэманы бүгінгі өмірмен байланыстыру;
-өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау
.

Бағалау критерийлері

1. Поэманың тақырыбы мен идеясын ашады, мазмұнын толық меңгереді..

2.Бірін-бірі тыңдай алады, бір-біріне сұрақ қоя біледі.
-Постер қорғау арқылы тіл байлығы артады.
-Топтық жұмысқа белсене қатысады.

Қолданылатын әдістер

Блум. СТО, топтық жұмыс, сұрақ-жауап

Керекті жабдықтар


Оқулық, интерактивті тақта, слдайдтар, Ж.Молдағалиев туралы бейне-материалдар


Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдас

тыру

1 мин

Сыныпты 2 топқа бөлу

1-топ Намыс

2-топ Жігер

Стикерге жазылған сөздер арқылы 2 топқа бөлу

Үй тапсырмасы

«Зерделі сұрақ, ұтымды жауап»


2 мин

1) М.Иманжановтың  досы кім? (Б.Бұлқышев)
   2) М.Иманжановтың  тұңғыш шыққан  әңгімелер жинағы қалай аталды? («Жастық»)
   3) Халықтың көңілінен шыққан шығармасы қалай аталады? («Алғашқы айлар»)
   4) «Алғашқы айлар» повесіндегі  басты кейіпкер кім? (Жақыпбек)
   5)  Жақыпбектің ауылға  келгенде сол ауылдың тұрмыс –тіршілігіне көңілі толды ма?
   6) «Алғашқы айлар» повесіндегі мектеп директорының  аты-жөні  кім? (Күдері Қадіров)
   7)  Жақыпбек Әділбеков  келген  ортасына әсер ете алды  ма?
   8)  М.Иманжанов неше жыл өмір сүрді? (42жаста)
   9)  М.Иманжанов қандай аурумен ауырды? (өкпе ауруының  ашық түрі)
   10)  Повестегі оқушылардың өмірі қазіргі оқушылардың өміріне ұқсайды ма?

Сұрақтарға жауап береді

Ой шақыру.


Қазақ жері қандай жер?

 Қазақ деген қандай халық?

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964).    

Қазақстан жерін картадан көрсетеді

«Көргенімнен түйгенім»


1920 ж. 5 қыркүйекте Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келген.
1940 ж. Орал. Ауыл шаруашылық техникумын бітіреді.
1940 - 1947 ж. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, әскер қатарында болады.
1948 - 1952 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің орынбасары болады.
1949 ж. «Жеңіс жырлары» атты алғашқы жыр жинағы шығады.
1950 - 1951 ж. «Нұрлы жол» дастаны жазылып, жеке кітап болып шығады.
1984 - 1985 ж.«Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді.
1986 ж. Айтулы Желтоқсан оқиғасына қатысады.
1989 ж. Ақын қайтыс болады.
2010 ж. Ақынның 90 жылдық мерейтойы республика көлемінде ұйымдастырылды.

Бейне материалды көру арқылы ақын туралы мағлұмат алады

«Тереңнен маржан терейік»


5 мин

   Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығы. 

   І топ: Сандар сыры (Ж.Молдағалиев өмірі)

   ІІ топ: Кластер әдісімен топтастыру (Ж.Молдағалиев шығармашылығы)


Топтық жұмыс


10 мин

    Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.«Мен қазақпын» поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды? 

Поэманы мәнерлеп оқу.

  1. топ-І бөлім

      Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген,
      Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
      Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
      Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

      Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,
      Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
      Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
      Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.  

  1. топ -ІІ бөлім

     Мен - қазақпын, белдімін, байтақ елмін,
     Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
     Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
     Мен Ленин есімін айта келдім.

     Айта келдім ақ - адал жүрегіммен,
     Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен.
     Ақын тілі, махаббат, бұлбұл тілі –
     Жыр ғып қазақ тілімен жүремін мен.

Дескриптор:

1.Поэманы түсініп оқиды

2. Сұрақтарға жауап береді

3. Өлеңді құрылысына қарай талдайды

ҚБ: мұғалімнің бағалауы

Берілген тапсырманы топта отыра орындайды.

Сергіту


«Мен-қазақпын» әнін тыңдау. Е.Құдайбергенов


Шығармашылық жұмыс

Ш ағын шығарма

«Автор орындығы» стратегиясы

7 мин

1 топ «Біз -қазақ деген елміз»

2топ «Менің елімнің болашағы жарқын

Дескриптор:

  1. шығарма құрылымын сақтайды

  2. талапқа сай сауаттты, әсерлі жазады



Берілген тақырыпта шағын шығарма жазады



Жазған жұмыстарын ортада орындыққа отырып оқиды

Жинақтау

«1 сөйлем






2 мин

«Мен-қазақпын» ...

Мен – ҚАЗАҚПЫН. Неткен керемет, неткен тамаша жазылған поэма! Бұл поэмада қазақтың барлық басынан кешкен азаптары, қайғы-мұңы жазылған. Осы поэмада нағыз қазақтың бейнесі көрсетілген. Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын. Және әлемге паш етуге әзірмін.


Бірінің айтқан ойын бірі жалғастырады

Рефлексия


2 мин

Бүгінгі сабақтан не түйдім, нені білдім?

Сабақтан не түйгенін айтады

Үйге тапсырма

1мин

Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді   жаттып келу.


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

1 мин

Топ басшысы топ мүшелерін бағалау

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
990
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі