Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоба "Бала тілін дамытудағы сөздік ойындардың маңыздылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
сөздік ойындар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Балабақшада жоба «Бала тілін дамытуда -сөздік ойындардың маңыздылығы»

Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес.

В.Сухомлинский


Жоба түрі:  Практикалық-бағытталған

Мерзімі: ұзақ мерзімді

Жобаға қатысушы топ: балалар,тәрбиешілер,ата -аналар 

Жұмыс әдістері диагностика, әңгімелесу,оқу қызметіндегі ойындар, бақылау, ойын жаттығулары, музыкалық және спорттық ойын-сауық, мерекелер.

Жобаның өзектілігі:

Ерте жастағы балалардың дене қимылымен бірге сөздік қорын молайту маңызды үрдістің бірі болып табылады. Балаға сөйлеумен қатар ойын арқылы жетілдіру қай заманның болсада талабы болған. Қазірде сол. Бала ойнай жүріп сөйлейді,қимылдайды,ойлау қабілетін дамытады. Сөзден сөйлем құрастырып ойын қимылымен жүйелейді. Сондықтан сөздік-қимылды ойынның өзектілігі бала тілін еркін түрде ойын арқылы әрі дыбыстарды дұрыс айтуға бағытталған.

-сөздік қорын молайту,

-дыбыстарды дұрыс қайталап айту,

-сөздік қорларын дамыту,

-дене қимылдарымен бұлшықеттерін дамыту,

-ойнай жүріп оқытуға баулу

Мақсаты:  баланың ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастыра отырып,дене қимыл-қозғалысын дамытады.

Міндеті:

Тілдегі кемшілікті жою;

  • Бұлшықеттерінің дұрыс дамып, жүйелі өсуі,

  • Ми қыртыстарына ойын үстін шабуыл жасалуы,

  • Күш-қуатымен,көңіл-күйі,қан айналымы жақсарады;

  • Дене күшінің ойын әрекетіне сай жас ерекешелігі мен жеке ерекшілігіне тиімді болуы.

Күтілетін нәтиже: Балалар анық сөйлеп, қоршаған ортада өзін–өзі тәрбиелеп, бағалап, қимыл–қозғалыс, ойындар әрекеті арқылы белсенділігі артады, халық ауыз әдебиетінің түрлерін саналарына меңгеріп, шығармашылық қабілеттері дамиды, мейірімділікке үйретеді.

Жобаның өткізілу кезеңдері:

1. Дайындық кезеңі:
Жоба тақырыбына сәйкес әдебиеттер мен  материалдар жинақтау.
Ойын түрлерін балаларға таныстыру.
Ата –аналарға кеңес Сөздік ойындар түрлерін ата – аналармен бірге талдау.
2. Негізгі бөлімі:
Жобаның теориялық бөлімімен танысу.
Ойын барысында айтылатын өлең шумақтарын меңгеру.
3. Қорытынды
Топта балалармен және ата – аналармен ойын түрлерін ойнау





Қосымша

Мысалы: «Аулада» ойыны

Мақсаты: Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.

Қажетті құралдар: Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді көрсетеді.

Ақ тауық ау ақ тауық

Ақ тауық неден қақсауық

Ертемен қыт - қыттайды

Ауламыздан шықпайды.

Балпаң басқан үйрегім

Бұлтыңдайды бүйрегің

Жалпақ тұмсық жем іздеп

Қырқылдайсың,қоймайсың

Тамаққа бір тоймайсың.

«Ән – жыр» ойыны

Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін дамыту.

Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді. Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.

Әнші төлдер

Жайылымнан кешкілік

Жамырады бес түлік.

Төңірекке тараған

Төлдер әнін естідік.

«Мә-мә» деген әні бар,

Секірер ор, жары бар.

Селтеңдеген лағым

Секіргіш бір жануар.

«Мәә-мәә» деген әні бар,

Жібек тоны - сәні бар.

Қошақаным момақан,

Сүйкімді бір жануар.

«Бөө-бөө» деген әні бар,

Енесін тез сағынар.

Жібек жүнді ботақан,

Мөлдір көзді жануар.

«Мөө-мөө» деген әні бар,

Үй маңынан табылар.

Ойқастаған бұзауым,

Ойнақтағыш жануар.

«Күмбірлеген» әні бар,

Желкілдеген жалы бар,

Желдей өсіп құлыншақ,

Желмен шапқан жануар.

Әдібай Табылдиев

Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтау.



«Айгөлек» өлеңі

Ақ көйлегім үстімде
Би билесем "Айгөлек"
Қой демейді ешкім де
Шаршамаймын дөңгелеп.

Достарым бар қуанып,
Тамашалар кештерде.
Тал шыбықтай бұралып
Биші болам өскенде 


Сөздік ойындар

«Тап, кім шақырды»

Дидактикалық міндеті. Есту анализаторын жаттықтыру, балалардың өз құрбы-құрдастарына достық қатынастарын, зейінін, есін, бірігіп ойнауға деген тілектерін тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Балаларға қарамай кім шақырғанын тек дауыс бойынша табу, оның атын дұрыс атау. Дауысын өзгертпей, атын қатты айту.

Ойын әрекеті. Кім шақырғанын іздеу.

Ойынның барысы. Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді:

  • Бүгін біз балаларды дауысы бойынша табамыз. Сендер бір-бірінің дауысыңды білесіңдер ме? Нұрым, Адинаны шақыра ғой! Адина, сен, Жанбекті шақыр! Балалар, Нұрым мен Адинаның дауысы әр түрлі ме?

  • Иә, – деп жауап береді балалар.

  • Бірақ оларды сөйлегенде көрдік.

Ал ойынды табатын балалар көзін жұмады да, тек дауысы бойынша кім шақырғанын тауып оның атын айтады. Осыдан кейін тәрбиеші ойыншылардың біреуін қасына шақырады. Ол келіп, көзін жұмады (немесе балаларға арқасымен қарап тұрады), ал жүргізуші ойынға қатысушылардың бірінің қасына келіп, белгі береді, ол оның атын қатты дауыспен айтады.

  • Кім сені шақырды? – деп сұрайды тәрбиеші.

Кімді шақырды, сол досының атын атайды. Барлық бала ойынға қатысқанша ойын жалғаса береді.















«Қостанай ауданының Тобыл қаласы әкімінің аппараты» ММ «Гүлдер» бөбекжай-бақшасы КМҚК











Жоба: «Бала тілін дамытуда-сөздік ойындардың маңыздылығы»






Дайындаған тәрбиеші

С.Токаева

















2020-2021 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2020
263
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12