Материалдар / Жоба "Барыс" жас сақшылар клубы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоба "Барыс" жас сақшылар клубы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларының тәртібін бақылауда ұстау, құқықбұзушылық пен бопсалаудың, зорлық-зомбылықтың алдын алу. Кіші буын оқушыларының үлкен буын оқушыларына деген сыйластығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2022
545
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Келісілді» «Бекітілді»

Шыңғырлау аудандық Мектеп директоры

полиция бөлімінің бастығы _____________Г. Бисенгалиева _______________С. Астафьев 2021 жылғы «___»_____________

2021 жылғы «___»________



«Барыс» жас сақшылары клубының 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жоспары



Мақсаты:Мектеп оқушыларының тәртібін бақылауда ұстау, құқықбұзушылық пен бопсалаудың, зорлық-зомбылықтың алдын алу. Кіші буын оқушыларының үлкен буын оқушыларына деген сыйластығын арттыру. Тәрбие беру бағытында құқық қорғау органдарымен серіктестік құру, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу.Өз құқығын білетін, өзгенің құқығына қол сұқпайтын, қазіргі заман талабы қалайтын мінез-құлық дағдылары қалыптасқан, өз ойын еркін жеткізе алатын азаматтық-патриоттық санасы жетілген тұлға қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

  • Жеке тұлғаның құқықтық сауаттылығын дамыту;

  • Адамгершілік, имандылық қасиетті бойға сіңіру;

  • Құқық қорғау органдарымен бірлеске жұмыс атқару;

  • Құқықтық тәрбиені заман талабына сай жүргізу;

  • Құқықтық лекториялар, кинолекториялар ұйымастыру;

  • Құқықтық тәрбиенің әдістерін пайдалану;

  • Жастар жұмысын жандандыру.




Тақырыбы

Уақыты

Нәтиже

Жауапты


1.«Жас тәртіп сақшылары» клубының мүшелерінің жалпы жиынын өткізу.


1.1.Клуб командирін сайлау.

1.2.Міндеттерін бөлу. 1.3.Клуб жұмыс жоспарын бекіту.

1.4. «Заңға бағынамын» акциясын жүргізу.

1.5. «Ақиқат» құпия жәшігін ұйымдастыру.










2. Құқықтық күнтізбелік күндерді белгілеу, шаралар жоспарын құру


Қыркүйек











1.Оқушылар ұйым белсенділерімен бекітіліп, жылдық жоспармен танысады. Бос уақыттарын белгілеп, жұмысты жүргізу бағытын айқындайды.







1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

20 қараша – Бүкіл әлемдік балаларды қорғау күні

10 желтоқсан – Адам құқықтары күні

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айткулова Ж.С.

Шыңғырлау ауданының ПбЖПқбКТІЖ УПИ полиция капитаны Усмангалиева М.А

АӘД жетекшісі

3.Велосипедшілердіңқауіпсіздікережелерінжүргізу.

қыркүйек

Мектепке келетін велосипедшілер саны анықталады, жолдағы қауіпсіздік шаралары жүргізіледі.

Клуб мүшелері


4.«Жас тәртіп сақшылар» жиналысын өткізу


Айына 1 рет

Ай сайын қорытынды есеп жасап, талқылау үшін жиын өткізіледі. Қолданылған әдіс-тәсілдер талқыланып, қосымша жұмыстар ұйымдастырылады. Тәртіп бұзушылар саны анықталып, жүргізілген жұмыстар қорытындысы шығарылады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айткулова Ж.С.

Шыңғырлау ауданының ПбЖПқбКТІЖ УПИ полиция капитаны Усмангалиева М.А

5.Жалпы мектепішілік жиналыстарда жол-көлік оқиғалары және оның алдын алу туралы ақпарат беру.

Жыл бойы

1-11 сынып оқушыларына ақпараттық сағат айдары жүргізіледі. Жолдағы қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С.

Усмангалиева М.А.

6.Күзгі демалыс кезіндегі жол жүру ережесін сақтауда оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Фликерлердің болуын қадағалау (1-11 сыныптар үшін)

Қазан



Мектеп оқушыларының фликермен қамтылуы назарға алынып, сынып жетекшілермен байланыс орнатылады.



Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С.

Усмангалиева М.А.

7.МАИ қызметкерлерімен кездесу

Қазан



Күзгі демалыстағы жол қауіпсіздігі назарға алынады.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С.

Усмангалиева М.А.

8.Бүкіл әлемдік балаларды қорғау күніне арналған апталық өткізу

Қараша


Апталық жоспары құрылып, 1-11 сынып оқушыларымен шаралар өткізіледі.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С.

Тәлімгер

9.Салауатты өмір салтын қалыптастыру

орталығымен, аудандық аурухана қызметкерлерімен

нашақорлық және

алкогольдік өнімдерді қолдануды алдын-алу

бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу

Жыл бойы

Аудандық аурухана қызметкерлерімен бірлескен іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар назарына ұсынылады.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С.

Мектеп медбикесі

10.Нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсы

бағытталған кең ауқымды акциялар өткізу;

Қараша-желтоқсан

Флешмоб, тренинг, спорттық сайыстар мен челлендждер ұйымдастырылады.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С.

Мектеп медбикесі

Тәлімгер

11.«Менің құқығым» қабырға газеттер байқауы

желтоқсан

Қабырға газеттер байқауын ұйымдастыру арқылы оқушылардың өз құқықтары туралы қандай ақпараттар білетіндігі анықталады.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С.

Тәлімгер

12.Қысқы қауіпсіздік кезіндегі шараларын түсіндіру.

желтоқсан

Қысқы каникул кезіндегі кауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, оқушылармен байланыс ұйымдастырылады.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С

Усмангалиева М.А.



13. «Заң бәрімізге ортақ» лекториясы



Қаңтар

1-11 сынып оқушыларына «Заң бәрімізге ортақ» атты дәріс оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С

Усмангалиева М.А.

Мектеп психологы


14. «Менің құқықтарыммен міндеттерім» пікірталас

Ақпан

9-11 сынып оқушылары арасында пікірталас сайысын ұйымдастыру, жеңімпаз топтарды анықтау.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С.

Дебат жетекшісі

15.«Сіз өз құқықтарыңызды білесіз бе?» киолекториясы

Ақпан

5-8 сынып оқушыларына бейнефильмдер көрсету арқылы, құқықтарын қорғай білуге жағдай жасалады.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С.


16.«Жол таңбаларының мақсаты» суреттер байқауы

Сәуір

1-4 сынып оқушыларының жол белгілері туралы білімін анықтау.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С

17.«Жарақаттанғанда алғашқы жәрдем көрсету ережелері» семинар

Мамыр

Оқушыларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек түрлері туралы түсіндіріледі. Жағдаят сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың деңгейі анықталады.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С.

Мектеп медбикесі

18. Клуб жұмысының жылдық есебін жасау

Мамыр

Жылдық қорытынды есебін жасау,клуб жұмысының атқарған жұмыстарын талдау.

Клуб мүшелері

Айткулова Ж.С

Усмангалиева М.А.

Мектеп психологы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!