Материалдар / Жоба жұмысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жоба жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба жазатын мұғалімдерге көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
2121
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



Тәрбие және тұлғаны әулеметтендіру кафедрасы







Қазақ тілін деңгейлік оқытуда жазылым дағдысын дамытудың белсенді әдіс-тәсілдері

Жоба жұмысы

Тыңдаушылар: Нурфазылова С.Г. Қарағанды қ. №16 ЖББОМ, Аятбекова Р.К. Қарағанды қ. №16 ЖББОМ, Нурекешова К.К. Теміртау қ. №14ЖББОМ, Толетаева З.Т. Абай қ. №10 мектеп-гимназия, Аксеркина А.Н. Қарағанды қ. №27 ЖББОМ



Жетекші: Тойымбекова Ж.Б.Тәрбие және тұлғаны әулеметтендіру кафедрасының аға оқытушысы

Жұмысты өткізу мерзімі: 18.0929.10.2017

Қарағанды, 2017

Мазмұны

Кіріспе ......................................................................................................1-4
  • Қазақ тілін деңгейлік оқыту жүйесінің тиімділігі.......................
  • Деңгейлік оқытуға негізделген сөйлеу әрекеттерінің сипаттамасы.....................................................................................
  • Жазылым әрекетінің ғылыми-теориялық негіздері.....................
  • Жазылым дағдысын дамытудың белсенді әдіс-тәсілдері...............
Қорытынды ...........................................................................................15-16Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................17

































КіріспеТіл дегеніміз – адамдардың қарым-қатынасында өте маңызды қызмет атқаратын қуатты құрал. Қазақ тілі қарым-қатынас жасау негізі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тілді меңгеру әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл, ұлттық құндылықтарды  түсінетін  жеке тұлға   қалыптастыруға ықпал етеді. Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді  шеше білетін және шынайы өмірге бейім  жаңашыл ұрпақ оқыту қазіргі білім талабы.Қазақ тілі пәні оқушылардың сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады. Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсіне білуге, ойлау және танымдық қабілеттерін дамытуға, коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуге және өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауды үйретеді. Жобаның өзектілігі: Оқушылар қазақ тілін үйрене отырып, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларымен қатар түсіну және жауап беру,  анализ,  салыстыру және бағалау дағдыларын дамытады, сонымен бірге оларды қоғамда тиімді қолдана білуді үйренеді. Солардың ішінде жазылым оқушылардың жоғары мотивациясын қажет ететін дағдылардың бірі болып табылады. Егер оқушылардың жазылымды орындауға қызығушылығы болмаса, оқу үдерісі кезінде алынған тәжірибе тиімсіз болады. Жазу – ойды жүйелі баяндауға негіз жасайтын таным әрекеті десек те болады. Жобаның қысқаша негіздемесі: «Қазақ тілін деңгейлік оқытуда жазылым дағдысын дамытудың белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбының маңыздылығы бүгінгі күннің білім беру бағытын әлемдік дәрежеге көтеру мәселесінен туындап тұр. Жалпы білім беретін мектептерде (оқыту қазақ тілінде емес) қазақ тілін оқытудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және тағы басқа нормативтік құжаттарын басшылыққа отырып дамиды. Жобаның мақсаты: Қазақ тілін деңгейлік оқытудың жалпы мақсаты – оқушылардың әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін өз қажетіне қарай қолдана алуын қамтамасыз ету бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, ожазылым әрекетіне сай оқушыларды тілдік білім негізінде тіл нормаларын сақтап, сауатты жазуға үйрету арқылы тілдік қабілетін дамыту.Жоба міндеттері: 1. Қазақ тілін деңгейлік оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама беру;
  • Деңгейлік оқытуға негізделген сөйлеу әрекеті дағдыларының қалыптасуына түсінік беру;
  • Жазылым әрекетінің теориялық негіздерін зерттеу;
  • Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлерін айқындау;
  • Жазбаша сөйлеу тілін қатысымдық бағытта дамытудың белсенді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Осы көрсетілген мақсат тар мен міндеттер уақыт сұранысына орайжаңа бағыттарды дұрыс жолға қою, білім жүйесінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің әлеуетін арттырып, тілді меңгерту әдістемесін жаңартып, педагогикалық тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік береді.Күтілетін нәтиже:5-9 сыныптарда қазақ тілін деңгейлік оқытуда жазылым дағдысын дамытуда күтілетін нәтижесі төмендегі мәселелерді қамтиды:
ДеңгейлерКүтілетін нәтиже
Негізгі деңгейҚалыптасу қарсаңындағы бастапқы игерім-А2.1. – 5 сынып Жазылым: ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарына сай хабарлама, хабарландыру, хат жаза алады, эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады, жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазады, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасайды, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Негізгі деңгей Қалыптасу қарсаңындағы толық игерім-А2.1.1. – 6 сыныпЖазылым: мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жаза алады, эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазады, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасайды, үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Негізгі деңгейҚалыптасқан игерім- А2.1.2. – 7 сыныпЖазылым: мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жаза алады, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады, жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазады, тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсынады, тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазып (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Орта деңгейҚалыптасқан орта игерім- А2.2. – 8 сыныпЖазылым: мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жаза алады, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынады, жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазады,тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолданады, тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазады (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер), сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Орта деңгейҚалыптасқан толық игерім- А2.+. – 9 сыныпЖазылым: мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, аннотация, шолу, нұсқаулық жаза алады, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, өз ойын дәлелдеп жазады, жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазады, түрлі стильдегі мәтіндер құрауда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме көрсетіп жазады, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазып, сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.




























1.1.Қазақ тілін деңгейлік оқыту жүйесінің тиімділігі

Қазақ тілін оқытудың деңгейлік жүйесі дегенде, алдымен, қазіргі қолданыста жүрген «деңгей» ұғымының ара жігін ашып алып, тілді деңгейлік оқытудың ғылымда қалыптасқан екі түріне: тілді оқыту деңгейі және тілдік материалды меңгерту деңгейі туралы айтылады. Деңгейлік оқыту тілді бастапқы дәрежеде білу, ана тілі дәрежесінде білу, коммуникативтік қарым-қатынасқа түсе алатындай дәрежеде білу деген ұғымдармен байланысты. Деңгейлік оқытудың негізгі ұстанымы – тілдік материалдарды өмір шындығындағы жағдайлардың негізінде ұйымдастырып сөйлеу жағдаятында қолдану. Соңғы жылдары Еуропалық елдерде тілді деңгейлік оқытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Деңгейлік оқытудағы материалдар тілдік құзіреті, әлеуметтік лингвистикалық құзіреті, дискурсивтік қызметі болады. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге деген мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені «ұлттың бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» (Н.Ә.Назарбаев). Ал оқушының тұлғалық мәдениетінің бір арнасын олардың мемлекеттік тілді білу деңгейі құрайтындықтан, бұл пәнді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолданудың жолдарын айқындау мәселесін шешу айрықша мәнге ие болып отыр. Қазақстан Республикасының Тіл саясатын, мемлекеттік тілді дамыту саясатын басшылыққа ала отырып, мектепте мемлекеттік тілді оқыту барысында жаңа парадигмаларға сай инновациялық жүйелерді енгізу керек. Қазақ тілі сабағында оқушы қызметін белсендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі – деңгейлік оқыту жүйесі.Деңгейлік оқыту технологиясының негізгі мақсаты:
  • Барлық оқушыға стандарт деңгейінде білім беру;
  • Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейінде оқыту;
  • Балалардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын туғызу;
  • Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тиімділігі мен ерекшелігі:
  • Оқушы білімі анық бағаланады;
  • Белсенділігі артып,қызығушылығы оянады;
  • Ой еңбегі жетіледі;
  • Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді;
  • Өзіне деген сенімділігі артады;
  • Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады.
Әдістері:
  • Материалды деңгейлеп беру;
  • Жаттығу әдісі арқылы бірнеше деңгейде жұмыстану;
  • Бірін-бірі тексеру арқылы жұмыстың дұрыстығына көз жеткізу.
Маңыздылығы:
  • Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі;
  • Бос отырған оқушы болмайды;
  • Әркім өзінің білім деңгейін біліп,оны дамытуға тырысады;
  • Қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады;
  • Ізденіс дағдысы қалыптасады.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша қазақ тілін оқыту әдіснамасын жетілдіру үшін, ең алдымен, оқытудың тиісті стандарттарын жетілдіру және үздіксіз білім беру моделін жасау арқылы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесін енгізу қарастырылып отыр. Көпдеңгейлі стандарт арқылы тілді А1-А2 деңгейлері бойынша қарапайым түрде пайдалану, тілді В1-В2 деңгейлері бойынша өз бетінше пайдалану және тілді С1-С2 деңгейлері бойынша біліктілікпен пайдалану көзделуге тиіс.

























































1.2.Деңгейлік оқытуға негізделген сөйлеу әрекеттерінің сипаттамасы

Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытудың əдістемелік мəселелерін зерттеу мемлекетіміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіліп келеді. Қай кезеңде де білім алушыға берілетін білімге қатаң талаптар қойылды. Көне еңбектерді айтпағанда, қазақ тілінің негізін қалаған А. Байтұрсынұлы ұстанымдарында білім алушының тілін дамыту, танымын кеңейту мəселелері басты назарда ұсталынған. М.Жұмабаев тұлға қалыптастыруда оның бойындағы мінез-құлық, қасиеттерін тəрбиелей отырып, тұлғалық дарындылықты қазақтың ұлттық тəрбиесі арқылы қалыптастыру керектігін айтады. Ы.Алтынсары тілдік дағдыны жетілдіру үшін қазақ тілі сабақтарында білім алушының өміріне, табиғатына жақын келетін мəтіндерді пайдаланудың тиімділігін көрсеткен. Оқушының тілдік қабілетін жетілдіру – білім беру үдерісіндегі басты міндет. Ғалымдардың еңбектерінде қазіргі білім беру барысында ненің маңызды екендігі көрініс тапқан. Сондықтан сол ой-тұжырымдарды басшылыққа алу болашақ мамандардың санасына ұлттық рух пен елжандылық қасиетті қалыптастыруға, ұлттық сананы оятуға, сабақ сапасын арттыруға, оқытушы шеберлігі мен оқушы білімін жетілдіруге ықпал етеді. Қазақ тілін үйретуде атқарылып отырған жұмыстар көп. Қазақ тіл білімінде осы мəселеге жете көңіл бөліп, арнайы зерттеген ғалым – Ф.Ш.Оразбаева. Ф.Ш.Оразбаеваның «Тілдік қатынас Оразбаева Ф. Тiлдiк қатынас: теориясы жəне əдiстемесi» атты еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазақ тіл білімінде тілдік қатынастың негізгі сипаты, құрамы мен басты қағидалары, оны қолданудың əдіс-тəсілдері қарастырылып, терминдері ғылыми айналымға түсті. Жұмыстың соңғы бөлімінде сөйлесім жəне сөйлесім əрекетінің түрлеріне талдау жасалады. Ф.Оразбаева сөйлесім əрекетін бес түрге бөліп қарастырады жəне оларға қазақ тілінде бұрын айтылмаған тың терминдік атау береді. Олар: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім. Қазақ тілі сабағын жаңа деңгейлік жүйеге негізделген оқулықпен оқыту барысында оқытудың кешенді әдістері өзара бірлікте қолданылады. Олар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Бұл сөйлеу әрекеттеріне төмендегідей анықтама беруге болады:Тыңдалымдыбысталып жатқан сөйлеуді бір сәтте қабылдау қызметі.Тыңдалым оқушының сөйлеу әрекетінің дамуына стимул бере отырып, оқыту үдерісін дұрыс басқаруды қамтамасыз етеді. Оқушы тыңдалым арқылы жаңа тілдік, сөйлеу және елтанымдық материалдармен танысып, сөйлеу әрекетінің барлық түрлеріне қатысты дағдысы мен шеберлігін дамытады.Оқылым – мәтіндегі жазылған ақпаратты алуға бағытталады,яғни жаттығуды оқи отырып,тапсырманы түсіну үшін қажет. Сондай-ақ мәтіннің мазмұнын айту үшін, ең алдымен, оны оқу керектігі беллгілі. Жалпы алғанда, оқылымтілді меңгерудің бір тәсілі, сөздік қорды көбейтудің құралы; оқылым грамматикалық құрылымдарды есте сақтауға мүмкіндік береді; сол тілде сөйлеуге, айтылымды жетілдіруді қамтамасыз етеді.Айтылымқабылдау және сөйлеудің туу үдерісімен байланысты. Барлық адамның сөйлеу ағзалары бірдей болғанымен, артикуляциялық базасы түрліше. Мұнда орфоэпияға көп көңіл бөлген жөн, өйткені қазақ тіліндегі сөздердің барлығы жазылуына қарай айтыла бермейді.Жазылымайтылған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді сауатты жазуға бағытталады. Жазылым арқылы оқушылардың сөздік қорын көбейтуге болады. Сондай-ақ оқушылар өзінің жеке басына қатысты хат жаза білуге;құжаттарды толтыруға үйренді; ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жазбаша білдіре алады.Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда отандық және халықаралық озық үлгілерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілі сабақтарында еркін қарым- қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырса, оқушы қазақ тілінде берілген кез- келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде оқыту қазақ тілінде емес мектептерде оқыту жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) дағдыларын қалыптастыру. Мектеп бітірген оқушылар ана тілін С 2+ деңгейінде, екінші тілді С2 деңгейінде меңгерулері қажет. Осы деңгейлерге жету үшін қазақ тілі сабақтарында келесі тілдік дағдыларды қалыптастыру қажет.Тыңдалым дағдысы бойынша:
  • негізгі ойды түсіну;
  • ақпаратты анықтау;
  • түсінгенін ;
  • ақпаратқа өз көзқарасын білдіру;
  • ой қорыта білу дағдылары.
Айтылым дағдысы бойынша:
  • белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру;
  • өз көзқарасын дәлелдеу;
  • шешім шығару, қорытынды пікір жасау;
  • зерттеушілік (анализ, синтез);
  • ақпаратты өңдеу дағдылары.
Оқылым дағдысы бойынша :
  • мәтіндегі негізгі және ;
  • астарлы ойды анықтау;
  • шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу;
  • зерттеп оқу;
  • сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары.
Жазылым дағдысы бойынша:
  • тақырыпты аша білуі;
  • өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуі;
  • қорытынды ;
  • өз көзқарасын дәлелдеуі;
  • цитатамен жұмыс істеу дағдылары бағаланады.
Осы дағдыларды қалыптастыруда мына әдіс-тәсілдерді пайдалануға бола алады:
  • оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
  • барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту;
  • өзін ойын жеткізу, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік , оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
  • проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру;
  • сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану;
  • мақсат қою, , жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау;
  • өз ойларын ашық айта білетін азамат тәрбиелеу;
  • ұжымдық оқыту технологиясысының мақсаты , еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқару.
  • жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор;
  • Оқушы өзінің , басқалардың да пікірін ескереді.


























2.1.Жазылым әрекетінің ғылыми-теориялық негіздері Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілін оқыту əдістемесі жан-жақты зерттеліп отырса да, əлі де жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Соның бірі – оқушылардың жазылым іскерлігін дамыту.
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!