Жоба қорғау. Қына-қасиетті өсімдік. Жобаны дайындаған 3 сынып оқушысы Амандық Айым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоба қорғау. Қына-қасиетті өсімдік. Жобаны дайындаған 3 сынып оқушысы Амандық Айым

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба қорғау арқылы оқушы өз өлкесіндегі пайдалы өсімдіктер туралы мағлұмат алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Республикалық ғылыми зерттеу жобалар байқауы

Тақырыбы: «Қына- қасиетті өсімдік »

Бағыты: Биология

Орындаған: Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, С.Оразалин атындағы орта мектептің 2 сынып оқушысы

Амандық Айым 8 жаста.

Жетекші мұғалім: Кулунтаева Лиза Мухамбетжановна

Бастауыш сынып мұғалімі.



















Ақтөбе 2017 ж

1

Мазмұны



Кіріспе---------------------------------------------------------------- 5-бет

Негізгі бөлім---------------------------------------------------------6-бет

1.Қына туралы

1.1.Қына туралы мәлімет ------------------------- 6-бет

1.2. Қынаның түрлері------------------------- 7 бет

1.3. Қынаның пайдасы мен зиянды жағы ----- 8-9 бет

2. Қынананы бояу ретінде қолданылуы.

2.1 Қынамен асық бояу . (Зерттеу жұмысы ,диагностика жасау) -10-11бет

2.2.Ертеректе қынамен ұлттық бұйымдарды бояу түрлері ---12-13-бет

Қорытынды------------------------------------------------------------------14-бет

Пайдаланған әдебиеттер------------------------------------------------15-бет

















2

Аннотация

Жобаның мақсаты: өз туған өлкемізде өсетін табиғи өсімдіктердің бірі қына туралы өз бетінше зерттеу және түсінік беру. Қынаның өсу ортасы мен бейімділігі, құрылысы оның түрлері, көбеюі туралы жан жақты зерттеп білу. Қынаны ертеректе аталарымыз ұлттық бұйымдарды (асық) бояу ретінде пайдаланғаны туралы ақпарат беру. Қына дәрілік өсімдік екенін және қынаның табиғатқа пайдасы мен зиянды жақтарына түсінік беру. Ертеректе қынаны не үшін пайдаланғаны қазіргі таңда одан нелер жасалатыны жөнінде мәліметтер таныстырылады.







Цель моего проекта, даполное представленияие о расстении –мок, который растет нашей родной земле. Самостоятельно изучить растение со всех их рост, строение, их размножение. Доказать, что мок является красителем национальных (асык). Рассказать что, мок является лекарственным растениям.А также для чего пользовали и как пользуются сегодняшних времен.





















3

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қына өсімдігінің өз туған өлкесінде кездесуі, ол өсімдіктің өзіндік ерешеліктері мен қасиеті, өсу ортасы және олардың түрлері туралы түсінік беру. Қынамен ұлттық бұйымдарды (асық) бояу түрлерін таныстыру. Қынаның табиғатқа пайдасы мен зиянды жақтарын және де дәрілік қасиеттерін таныстыру.

Зерттеу кезеңдері :

*Зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау.

* қына туралы ақпараттар жинастыру, танысу.

*Материалдарға іріктеу жүргізу,саралау,жинақтау

*Зерттеу жұмысы негізінде нұсқаулар шығару.

Зерттеу әдістері:

*Түрлі деректер мен зерттеулер қолдану

* тәжірибе жасау, дәлелдемелер

* қорытынды жасау

Зерттеу жұмысының жаңалығы : Қынаның табиғатқа пайдасы мен зиянды жақтарымен танысып, ұлттық ойын құралы асықты бояу әдісін үйренеді және қынаны дәрілік өсімдікке жататынын біледі.

Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: зерттеу барысында қынаның табиғатта алатын орны мен түрлері, қазіргі таңда қолданылуын. Сондай ақ, қынаны бояу ретінде қолданғанын танып білді.











4

Кіріспе.

Зерттеу өзектілігі: Қынаның құрылысы мен түрлерімен таныса отыра, өз туған жерінде қынаның түрлерінің кездесуі мен оның бояғыш ретінде пайдалануы .

Зерттеу мақсаты: қазіргі таңда өз туған өлкемізде өсетін қыналардың адам өміріне пайдасы мен оларды қорғауға және ертеректе ата –бабаларымыздың пайдаға жарата алғандығы туралы түсінік беру.

Зерттелу нысаны: Қазіргі таңда қыналардың қандай түрі өз жерінде кезедесетіні, қынаның осу ортасын танып білді.

Зерттеу болжамы: Қына туралы түсініктерін кеңейту. Қынаның өсу бейімділігі және табиғаттағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

Зерттеу жаңалығы: Қынаны ұлттық ойын құралы асықты бояу әдісін үйренуді және қынаны қасиетті өсімдік түрінде танып білетіні .

Нәтижесі: зерттеу барысында қынаның табиғатта алатын орны мен қазіргі таңда қолданылуын. Сондай ақ, ертеректе қынамен киіз үй жабдықтарын бояу ретінде қолданғанын және дәрілік қасиеттерін танып білді.



















5



Негізгі бөлім. 1.Қыналар көбінесе тірі табиғаттың жеке дүниесі ретінде қарастырылады. Олар - ерекше және ғажап ағзалар. Бұлар сырттай қарағанда бір ғана өсімдік болып байқалғанымен, екі ағзаның селбесуінен құралған. Қынаның денесі саңырауқұлақтай және балдырдан түзілген. Қынаның ішкі құрылысы ерекше. Оның денесі- қабаттама.Ол бір-бірімен тығыз байланысып, бір ағзаны беретін балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. Түрлері .1) Қаспақ қына, 2)жапырақ тәрізді қына,3)Бұта тәрізді қыналар. Саңырау - құлақтың жіпшумағы көк-жасыл балдырды (цианобактерия) орап жатады. Қына түсінің жасыл болуы құрамындағы көк-жасыл балдырдың түсіне байланысты. Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орнықтырады. Оның құрамындағы балдырларды ауалан ылғал мен шаңды сіңіру арқылы минерал ды заттар түзеді. Осыған орай саңырауқұлақ зерттеушілер (микологтар) қынаны саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі ретінде қарастыруда. Қабық тәрізді қыналардың ең ескісі антарктикалық қына, оның жасы кем дегенде 10 000 жыл деп есептеледі. Қыналар 80-100 жылға дейін, кейбіреуі 600 жылға дейін тіршілік етеді. Қазіргі таңда қыналардың 26 мыңға жуық түрлері бар. Қынаны зерттеушілер грекше «лиhен» -қына, «логос»-ілім деп аталады.

Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді.

  1. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық (қаспақ) тәрізді қына. Бұлар сары-қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр түсті, жұқа қабыққа ұқсас болады.

  2. Орманда ағаш діңіне, түбіріне зкабысып өсетін жапырақ пішініне үқсастары - жапырақ тәрізді қыналар.

  3. Қарағайлы орман да төсемікте өсетін бүтақталған ақшыл-жасыл, ақшыл түстілері - бұта тәрізді қыналар.

1-сурет

Жапырақ пішінді қына Қаспақ тәрізді қына Бұта тәрізді қына



6

2сурет 2. Қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, елбесіп тіршілік етуінен пайда болады. Саңырау - құлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді. Өздері балдырлардың фотосинтезі нәтижесінде түзілген ағзалық заттарымен қоректенеді. Қына талломдарының бөліктерімен (үзіктерімен) немесе арнайы органдарымен (соредияларымен, изидияларымен) көбейеді. Соредия — балдырлардың клеткалары мен саңыр ауқұлақ жіпшелерінің топтасқан жиынтығы. Қабыршақ дененің жарықшағы нан соредия тозаң сияқты төгіліп, ауамен таралады. Қолайлы жағдайда саңыр ауқұлақ жіпшелері өсіп, балдыр клеткаларымен біріге Қына денесін құрайды. Изидия Қынаның денесінде бүртік тәрізді пайда болып, сосын бөлі ніп, өз алдына жаңа Қына организмін түзеді. Қына суды бүкіл денесімен сіңіреді. Қоректік заттарды — минералдық элементтерді тастан, тіпті ауадағы шаңнан да ала алады. Бойынан қымыздық қышқылын бөліп шығарып, тау жыныстар ының еріп, мүжілуіне ықпал етеді. Өте аз қоректенетіндіктен Қынаның өсуі де өте баяу, мысалы, бұталы Қына жылына 3 — 5 мм-дей ғана өседі. Қына ның қай түрі де ауаның ластануына, ондағы шаңға, түтінге, күкіртті газдарға төзімді. Қына тундрада ерекше маңызға ие. Жазда бұғы азығының 75%-ын құраса, қыста бұғылар тек Қынамен ғана қоректенеді . 3 сурет

Shape1

«Қына тасқа бітеді» деп бекер айтпаған.

Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез жүреді. Сондықтан қыналар тек жарық жерде ғана өседі. қараңғыда денесі ыдырап кетеді. Қыналарға ең қажетті жағдай – оттегі бай таза ауа. Сондықтан қына қалалы жерден гөрі ауылдық жерлерде көп өсетітінін түсіндім.Олар қаланың лас ауасына өсе алмайды. Олар әсіресе, ылғалды жерде көп өседі.Ауылдық жерлерде өзен жағалауында тастардың үстіне өсіп,оған жасыл түс беруі осыдан екен. Олар топырақты жерде көп кездеспейді.Қыналардың топырақта қоректенуі нашар жүреді.Тастардың бетіне өсіп,қонысануының себеі осы екен. Олар өсіп тұрған жеріне қына қышқылын бөліп,тасты үгітіп жарып жібереді екен.

7

4Shape2 Shape3

Менің мекенім «Қыналы» деп аталады

Қыналы ауылы.

сурет

.Осы қына өсімдігін зерттеуге себеп болған, өзімнің туған жерімнің бір бөлігі «Қыналы» деп аталуында. Бұл елді мекенде қына өсімдігі көп өседі. Сондықтан елді мекеннің табиғаты ерекше. Жерлері тау,тасты, қыратты болып келеді. 3.Қынаның пайдасы.Қынаның өзі тірі табиғатқа қажетті оттегі ауасын көп бөліп шығаратындықтан, бұл елді мекеннің топырағы құнарлы , жерінде улы ,зиянды өсімдіктер көп өспейді. Ал, сай салалардың жағалауларының барлығының тастары жап-жасыл түсте. Себебі, бұл жерлерде қаспақты қыналар көп кезедсетіндіктен тастарға жасыл түс беріп тұрады. Қыналарға ең қажетті жағдай - оттегіне бай таза ауа. Сондықтан олардың еліміздегі далалық,ауылдық жерлерде өсуінің бірде бір себебі осы екен. Олардың қалалы жерлерде өспейтін себебі, қалалардың лас ауасында өсе алмайды. Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының көрсеткіші есебінде пайдалануға болады. Бұл жерде басқа өсімдіктер мен ағаштар сирек кездеседі. .Қынаның қазіргі таңда емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңдерінде өсетін жерқынаны қайнатыл, дизентерия (сатқақ) ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәрілер жасалады.

5 сурет

Бірқатар түрлерінен дәрілік глюкоза, спирт, лакмус, бояу, С витамині алынады.







8

Қынаның зиянды жағы. Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орнықтырады. Оның құрамындағы балдырларды ауалан ылғал мен шаңды сіңіру арқылы минералды заттар түзеді. Осыған орай саңырауқұлақ зерттеушілер (микологтар) қынаны саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі ретінде қарастыруда Кейбір түрлері орман шаруашылығына зиян келтіреді. Ағаш қабығына жабыса қаптай өсіп, ағаштың газ алмасу процесіне кедергі келтіреді, онда зиянды жәндіктердің, паразитті саңырауқұлақтардың өсіп дамуына жағдай жасайды. Кей түрлерін жергілікті жердің ауасының тазалығын анықтайтын индикатор ретінде пайдалануға болады.

6 сурет

Shape5 Shape4

Қына ағаштардың өсуіне зиян

Қына ағаш тар арасын да да өседі.

20170428_103420.jpg

Өзім тәжірибе - зерттеу жүргізудің арқасында өзімнің туған жерімдегі ағаштың қабығының арасында өсіп түрған қыналардың сол ағашты өсуіне кедергі келтіріп тұрғандығына көз жеткіздім. Зерттеу жұмысын жасамай тұрғанда ,мен қына тек далалық жерде өседі деп ойлайтын едім. Ауылымның қасында өзен бар.Жазғы демалыс кездерінде саяхатқа шыққанда өзен жағалауынан жартастардың жасыл түске енетінін көрген болатынмын. Оған жасыл түс беріп тұрған қаспақ қына екенін осы зерттеу жұмысынан кейін түсіндім. Ал, ағаштардың шіріп кетуіне, бұтақты қынаның залал келтіруінен екенін әбден түсіндім. Сондай ақ, қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерде де өсетінін көз жеткіздім. Қорыта келе, алдағы уақытта өз үйімнің, мектебімнің ауласында өсіп тұрған ағаштардың шіріп кетпеуін бақылап отырамын. Сондай ақ ағаштарда өсіп тұрған қыналарды байқасам, алдын алу жұмыстарын жүргізуге ат салысамын. Сонда ғана туған жерімде ағаштар саны көбейіп, туған ауылымның жасыл желекке оранып, көркейетіні сөзсіз деп ойлаймын.









Ерте замандағы ата-бабаларымыздан сақталып келе жатқан ұлттық ойындардың бірі «Алтын сақа» ойыны. Алтын сақа ойынын малдың сүйегінен алынған асықтармен ойнаған. Сүйектерді кептіріп, олардың санын көбейтіп алып асықтарды осы қынамен бояған. Қынамен боялған асық ойын шартында ең жоғарғы нысан болып саналған. Асықтарды қынамен бояу әдістеріне тоқталсақ,

*Асық бояу үшін жапырақты қына қажет.

*Қынаны теріп әкеліп, кептіреді.

*Түсі өзгергенше суға қайнатылады.

*Қайнатылған дайын бояуды суытады.

* Асықты қынамен бояйды, кептірді.

ПShape7 Shape6

Қынаны қайна тып,тұнбасын алдым.

Қынаны даладан теріп әкелдім

рактикалық әдіс

Shape9 Shape8

Қынамен боялған асықтар

Қызғылт түспен асықты боядым.

20170428_102056.jpg

20170428_102056.jpg

7сурет





Нәтижесі. Қынамен боялған асықтар түсін бермей біразға дейін сақталады. Қыналарды қайнатқанда әр түрлі түстер береді. Олар,сары түс,қызыл түс,сұры түс болып келеді. Менің бояған асықтарымның түсі қызғылт түске айналды. Асықты қынамен бояу ерте кезден ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келеді. Әрі асықтың түсі қызыл бояуға қанық, әрі түсі жылтыр, асық ойынына баланың құмарлығы артады әрі асықтары бір-бірімен алмасып кетпеуіне көмегі зор. Қазіргі таңда асықты балалар қынаның орнына әр түрлі улы қоспалар қосылған тырнақ бояйтын лактер, фломастерлермен , бояғыш заттармен бояйды. Мен, өз басым бұған қарсымын. Күні бойы ойын баласы далада асықпен ұзақ ойнайды.Ойнап жүріп ,қолын жумай тәттілер мен тағамдарды жейді. Әрине, бұл адамның денсаулығына зиянын тигізері сөзсіз. Сондықтан асықты таза табиғи қынамен бояған өте дұрыс деп санаймын. Бұл тәсіл әрі бала денсаулығына пайдалы,әрі асық бояу түрлерін өз ұрпақтарына үйретеді және де ұлттық ойындардың ұрпақтан-ұрпаққа сақталуына көмегі зор. Зерттеу жұмысымның барысында өзімнің сыныптас достарыммен де тығыз байланыста болып, пікір алмасып, олардың да асық бояу әдісіне өз көзқарастарын мен қызығушылықтарын қалай танып біліп, асық бояуды қалай қолданатынын және сыныптағы ер балалардың қаншасы асық бояу туралы қаншалықты білетініне анықтама алып, диагностика жасадым.







Сыныптас достарымның арасында асық бояу әдісін білуі мен қолдануына

Диаграмма

Асық бояу әдісін қолданатын балалалар-66% Асық бояу әдісін қолданбайтын балалар-33%



11



2. Қыналарды ұлттық бұйымдары бояу ретінде пайдалануы. Ертеректе ата-бабаларымыз киіз үй бөліктеріне қынаны бояу ретінде пайдаланған. Олар киіз үйдің уықтарын,керегелерін, есігін және ұлттық құрал жабдықтар сандық, кебежелерді әр түрлі түспен бояған. Алыстан қарағанда қынамен боялған киіз үйлер ерекше көз тартады.

8-сурет

Қазақтың ұлттық бұйымдарының барлығы да дерек ою-өрнектермен өрнектелген. Әрбір бұйымдағы ұлттық ою-өрнектердің үйлесімді орналасуы, яғни композиция арқылы талғаммен жасалғанын көреміз. Әр оюлар әр түрлі түстермен қанық боялып, көз тартатынын көреміз. Ендеше ,бір сәт кейін бұрынғы заман ата-бабаларымыздың уақытына оралсақ, ол кезде бояу түрлері болған емес. Сонда да ұлы данышпан аталарымыздың киіз үйлер бөліктері мен жабдықтарын және киген ұлттық киімдерінде, қолданған бұйымдарынан осы әдемі түрлі түстерді көреміз. Ендеше,олар бояуды қайдан және қалай алған деген сұрақ келеді ойымызға. Әрине, менің жобамның барысына бұл мәселені де байланыстырып, қарауымның себебінің өзіндік мән-мағынасы бар. Себебі, осы ұлттық бұйымдарды бояу әдісінде бабаларымыз қазақ елінің кең байтақ жерінде қына өсімдігі көп кездескендіктен және оларды осы қасиетті қына өсімдігін бояп қолданып , тиімді пайдаланған. Төмендегі суреттердегі ұлттық бұйымдардың барлығы дерлік қынамен боялған. 9сурет

Ағаш үй есігі Сандықтар Қоржын,аяққаптар.

12

«Атадан қалған асыл мұра » деген, қазақта даналық сөз бар. Осы сөздің астарында ата бабаларымыздан қалған салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыптарды сақтау , яғни жас ұрпақтың біздердің міндетімізде. Өзінің салт дәстүрін сақтай білген оқушы ғана өз елінің мақтанышы бола алады. Жобамның тақырыбы қынаны жан-жақты зерттеу туралы жұмысымда өзімнің отбасымдағы адамдардың да маған көп көмегі тиді. Олар маған отбасында үнемі қазақтың салт-дәстүрі туралы әңгімелеп, қолөнер түрлерін таныстырып, көрсетіп отырады. Әсіресе, атам мен әжемнің менің осындай дәрежеге жетуіме зор үлесі бар деп мақтанышпен айта аламын. Себебі, атам маған ертедегі ұлттық бұйымдардың қалай жасалатынын әңгімелеп бере, оларды өз отбасымызда сақталуын таныстырса,әжем үлкендерден қалған көздің қарашығындай сақтап жүрген қынамен боялып басылған киіздерді үнемі айтып отырады. Отбасымда осы киіздердің бірнешеуі бар. Мен олардың қалай жасалатынымен толық таныстым. Олар төмендегі киіз түрлері.

Қынамен боялған киіз түрлері

10 сурет

Қынамен боялған ұлттық бұйымдар өте әдемі, әрі бояуының сапасы да жоғары. Өйткені қынамен боялған киіздің түсі ұзақ мерзімге дейін сақталады. Жобамның соңында қынаның қаншалықты адам өміріне маңыз дылығы мен пайдасын біле отыра, аталарымыздан қалған ұлттық бұйымдарды сақтап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырамын деп ой түйіндеймін. Осындай мағынасы бай да , мағыналы салт дәстүрлерді бойыма сіңіруіме ықпал еткен отбасыма, ата-әжеме,ұстазыма алғысым шексіз.









13

Қорытынды.



Қазіргі кезде қыналардың 26 мыңға жуық түрі белгілі. Қынаны зерттеушілер лихенологтар деп аталады. Қына жер талғап өсетін өсімдік. Ол көлеңкелі жерлерде көптеп өседі. Қына көп өсетін жерлерде ағаштар көп өспейтіні белгілі. Сондықтан қыналы жерлерге ағаштарды көп өсіріп, орман шаруашылығын көркейту керек. Қына ауылшаруашылық жұмыстарына көп зиян келтіретіндіктен, қына өсетін жерлердің топырағын тыңайту жұмыстарын жүргізу керек. Қынамен бұғы көп қоректенетіні белгілі.Бірақ та қынаны түйе де сүйіп жейді. Мен тұратын аймақта Қазақстанның Батысында түйе малы көп кездеспейді. Түйе шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтар санын көбейту қажет.

Елбасымыздың саясаты арқасында елімізде өнеркәсіп жақсы дамып келе жатыр. Мен осындай табиғаты сұлу, пайдалы қазбаға бай, егеменді, дамушы елде тұрып жатқанына мақтанамын



Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Биология оқулығы. 7 класс. Атамұра баспасы. 2012 ж.

  2. Ғаламтор ақпараттары. Htt.kk.bilimdier.

  3. Еңбекке баулу . 2 кл Атамұра 2009ж.











































15



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
1681
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі