Қордай ауданы
№9 орта мектеп
Зерттеу жұмысы
Зерттеу бағыты: Қоршаған әлем – экология, жан-жануар, өсімдік.
Тақырыбы: «Су және судың қасиеттері»

Орындаған 4 «А» сынып оқушысы Алибек Алина
Жетекші мұғалімі: Кипчакбаева К.И. .
Ауқатты ауылы 2016жыл
Мазмұны
-
Кіріспе
Су туралы жалпы мәлімет
-
Зерттеу
-
Судың қасиеттері
-
Суда еритін және ерімейтін заттар
-
Судың табиғаттағы күйі
-
-
Судың адам өміріндегі алатын орны
-
Қорытынды
-
Су туралы мақал-мәтелдер
-
Су туралы логикалық жұмбақ
-
Су туралы қызықты мәліметтер
-

Жұмыстың мақсаты:
-
Су туралы мәліметтер жинау
-
Іс – тәжірибе жасауға арқылы судың қасиетімен танысу
-
Іс – тәжірибе жасауға арқылы суда еритін және ерімейтін заттарды анықтау
-
Іс – тәжірибе жасауға арқылы судың табиғаттағы күйімен танысу
-
Судың адам өміріндегі алатын орнымен танысу
-
Суға қамқорлық жасауға үйрену.
-
Су туралы мақал-мәтелдер жинақтау
-
Су туралы қызықты мәліметтер
-
Жинаған мәліметтерді сыныптастарыммен бөлісу
Су туралы мәлімет
|
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Су – тіршілік көзі. Адам, өсімдік, жануарлардың барлығы сусыз тіршілік ете алмайды. Су түссіз, иіссіз, мөлдір болады. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Су – табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Қалған бір бөлігі құрлық. Судың тағы бір кереметі ол өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды. |
|
|
|
Табиғаттағы судың айналымы
Су,
ауыз су - тіршілік
көзі. Тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал
өсімдіктердің 90%-ы судан тұрады.
Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар
денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттері: жоғары жылу өткізгіштік , жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан.
Судың қасиеттері
Екі шыны ыдыс алдым: біреуіне су, ал екіншісіне шырын құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақыладым. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал шырын тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, шырын мөлдір емес».
Ыдыстағы таза суды ішіп көрдім. Оның дәмі жоқ екен. Салыстыру үшін суға қант қосып ішіп көрдім. Судың дәмі өзгеріп, тәтті болды.
Таза суды иіскеп көрдім, судың иісі жоқ екен. Оған көз жеткізу үшін ванилин араластырған суды иіскеп көрдім. Ванилин араласқан суда иіс пайда болды.
Суда еритін және ерімейтін заттарды анықтау үшін тұз, қант, саз балшық, құм алдым. Оларды стақандағы суға салып араластырып көрдім. Қант пен тұз ертіп судың түсі аз ғана өзгерді. Құм ерімей су түбіне шөгіп кетті, су ластанып кетті. Саз балшықта еріген жоқ, суы ластанып кетті.
Су табиғатта үш түрде кездеседі. Сұйық, газ-бу, қатты- мұз. Суды ыдысқа құйып қайната беріп едім ол буға айналды. Суды стақанға құйып тоңазытқышқа қойып едім ол қатып мұзға айналды.
Судың адам өміріндегі алатын орны
Ересек адамның денесінде 40-50
литр су болады. Қажетті мөлшерде адам ағзасына су жетпегенде: 1.Мидың жұмыс істеуі
баяулайды. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, қатты терлетеді, қалжыратады. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.
|
Су туралы мақал-мәтелдер
Ағын су жолын
табады,
Ақ адам оңын
табады.
Ақ қар көп болса — ақ нан
көп.
Ақпаса су
бұзылады.
Алпыс күн тасыған су алты күнде
қайтар.
Арық бар жерде
су бар,
Су бар жерде ну
бар.
Бұлағы болмаса
өзен де саркылар.
Көлдің көркі —
құрақ,
Таудың көркі —
бұлақ.
Су анасы —
бұлақ,
Сөз анасы —
құлақ.
Су байлық —
алты айлық,
Қар байлық — үш
айлық.
Су бергеннің
сауабы бар,
Су төккеннің
жауабы бар.
Судың да сұрауы
бар.
Су туралы логикалық жұмбақ
Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды?
Жауабы: Тұз суда еріп кетеді, салмағы өзгермейді. Ал мақта суды сіңіріп алып, салмағы артады.
Су - әлемдегі ең көп таралған зат. Кез келген нәрсе судан тұрады. Осы секілді қызықты мәліметтер.
1. Қызанақ 90 пайыз судан тұрады.
2. Жыл сайын төрт миллион адам судан тарайтын аурулардан қайтыс болады.
3. Табиғаттағы судың 1,1 пайызы ғана ішуге жарамды болып келеді.
4. Адамның қан құрамы суға қарағанда алты есе қою келеді.
5. Бір көлік машинасын жасап шығару үшін 177 литр су шығындалады.
6. Зерттеу нәтижесі бойынша, атмосфера құрамындағы су мөлшері барлық өзендерді бірге қосып санағандағы мөлшерден көп.
7. Сиырға 1 литр сүт беру үшін 5 литр су ішу керек.
8. Ер кісінің ағзасы шамамен 70 пайыз судан тұрады.
9. Жер шарының 3 %-да ғана тұщы су, ал қалған 97 %-ы ащы су.
10. Ғалымдар судан шыққан дыбыстың, ауадан тараған дыбыстан гөрі жылдам тарайтынына көздері жеткен.
11 Бір келі кофе өндіру үшін 22 мың литр су қажет.
12. Газет парақтарын шығару үшін шеберлер 300 литр суды керек етеді.
13. Ауыл шаруашылығы егін өсірумен айналысу үшін әлемнің 70 пайыз су қорын қажет етеді. Жай өнеркәсіпке 22 пайызы ғана керек.
14. Инфекциямен қатысты аурулардың 80 %-ы су тораптарынан жұғады.
15. 18 литрліксуы бар канистрдің 20 келілік салмағы бар.
16. Африка құрлығында жылына орташа есеппен 5-10 адам соғыстан емес диарея ауруынан өледі.
17. Егер адам ағзасына 2 пайыз су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді.
18. Жерімізде жалпы су қоры 1 500 000 00 кубтық километр.
Қорытынды
Су бар жерде тіршілік бар. Сулы жер –нулы жер. Судың да сұрауы бар демекші суды үнемдеп қолдану керек. Оны орынсыз құрта беруге болмайды. Су адам өмірінде ерекше орын алады.
Бізді қоршаған орта-табиғатты қорғау әрқайсымыздың міндетіміз. Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта басты міндетіміз. Біздің елімізде су қоймаларын қорғау туралы арнаулы заң қабылданды, зауыт, фабрикадан шыққан қалдықтарды суға ағызуға тыйым салған. Ол заң бойынша барлық сарқынды су, өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек.
Тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару — бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.
Қорыта айтқанда өзімнің сыныптастарыма, барша адамзатқа судың қасиетін біле отырып, оны қастерлейік, суды шашпайық, қадірін терең түсінейік және келер ұрпаққа сақтайық, - дегім келеді.
Қолданылған әдебиеттер
-
Дүниетану. 2 сынып, Алматы: Атамұра, 2013ж – 41-46 бет
-
Дүниетану. 4 сынып, Алматы: Атамұра, 2015ж – 40-44 бет
-
Интернет желісі www.google.kz
-
Википедия «Қазақ энциклопедиясы» сайты
-
Су туралы мәліметтер жарияланған сайттар
№9 орта мектебінің
4 «а» сынып оқушысы Алибек Алинаның «Су және судың қасиеттері» атты ғылыми зерттеу жұмысына
Пікір
4 «а» сынып оқушысы Алибек Алина зерттеу жұмысында су, судың қасиеттерімен танысып, адам, жануар, өсімдік яғни табиғаттағы орнын, пайдасын, қасиетін зерттеуді мақсат еткен.
Жұмыстың бірінші бөлімінде судың қасиеттерін, суда еритін және ерімейтін заттарға шолу жасаған. Екінші бөлімде судың табиғаттағы күйі, үшінші бөлімде судың адам өміріндегі алатын орнын сипаттап жазған.
Алинаның бұл зерттеу жұмысын дүниетану сабағында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.
Жетекшісі: №9 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Кипчакбаева Кульмира Ильясбекқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
жоба "Су және судың қасиеттері" 4 сынып

шағым қалдыра аласыз