Жоба "Су өмірдің мәні"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоба "Су өмірдің мәні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Судың пайдасы туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарабалқ ауданы әкімдігі білім бөлімінің М. Сералин атындағы орта мектеп» КММ




Жоба


Тақырыбы: «Су тамшылары»


Тәрбиеші: Жусупова О.А












2018-2019 оқу жылы

Жобаның тақырыбы: Су моншақтары


Жобаның түрі: танымдық -зерттеушілік.

 

Жобаның мерзімі: қысқа мерзімді (екі апта)               

 

Зерртеу нысаны: судың қасиеті.

 

Жобаға қатысушы: Тәрбиеші, 5-6 жас балалар


Жобаның өзектілігі:


     Су- баға жетпес байлық. Жер бетінде барлық тіршілік суға байланысты. 
Дүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқы да ерте заманда өзен,көл,бұлақ,әсіресе құдық суының тазалығына қатты көңіл бөлген. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу,суды лайламау,суды ластамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата- анасы «Суды сабама,балығын шошытасың», «Бұлақты лайлама,құсын кетіресің» деген тоқтау сөздер айтып,тәрбилеген. «Бұлақ көрсең,көзін аш» деп өсиет айтқан.Бұдан қазақ халқының суды қалай қастерлеп,қорғайтынын көреміз

             Біздің мемлекетте педагогтар балалардың экологиялық тәрбиелеріне көп назар аудара бастады. Бүгінгі күнде экологиялық сауаттылық, табиғатқа деген қамқорлық адамның жер бетінде тіршілікке қабілеттілігінің  кепілі. 

       Су – балаларға үшін зерттеуге арналған ең қызықты да түсінікті нысан. Балалардың сумен  жанасу дүниеге алғаш шыр етіп келген күндерінен басталады, танымдық қасиеттері  басталысымен –ақ  сумен байланысты  ойындарды ойнай бастайды.  Сол себепті де мен  «Судың қасиеті» атты жобаны алдым.


 Мақсаты:     Тәрбиеленушілерге судың қасеттерін таныстыру.

1. Білімділік: тәжірибелер арқылы судың қасиеттерін меңгерту.

2. Дамытушылық: оқушылардың байқағыштығыш, тәжірибе жасау барысында  бақылағыштық дағдыларын жетілдіру, ойларын жүйелі түрде қорытуын дамыту.

3. Тәрбиелік: қоршаған ортаны аялауға, ұқыптылыққа және үнемдеушілікке тәрбиелеу.

 

  Міндеттері

Балаларды судың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру

(дәмі жоқ, иісі жоқ, белгілі бір пішіні болмайды, мөлдір, түссіз, жақсы еріткіш болып табылады)

         Себеп - салдарлық қатынастарды белгілеу дағдыларын қалыптастыру арқылы балаларға судың мөлдір болатындығы жайлы, суда тірі ағзалардың өмір сүре алатындығы  туралы түсінік беру.

        Сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын арттыру.

        Қызығушылықтарын  туғызып, суға деген ұқыптылығын тәрбиелеу.

  

 І. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі Мақсаттық бағыттау.
1. Психологиялық дайындық.

«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
2. Сабақтың бағыт-бағдарымен таныстыру.
Тәрбиеленушілердің  білім, білік, дағдысының өзектілігін анықтау.  
• Су туралы тәрбиеленушілердің  су туралы білімдерін толықтыру, үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

 

Жобаны жүзеге асырудың  кезеңдері:

 

I.                   Ұйымдастырушылық:

- экологиялық аймақ ұйымдастыру «Су кімге? Неге қажет?»;

- қажетті әдебиеттер таңдау;

- жобаны жүзеге асыру жоспары.


II.                Іскерлік:

- перспективтік жоспарлау бойынша жұмыс: Бақылау:  тәжірибе «Судың қасиеттері» бу, мұз,су;   аралас сабақ «Судың қасиеттері».

- жобаны жүзеге асыру бойынша балалар мен ата- аналардың бірлескен жұмыс:  «Судың сырлары»  атты суреттер сайысы және су тақырыбында әңгіме құрастыру.


III.             Қорытынды:

- судың қасиеттерін зерттеу барысындағы суреттер;

- ата-аналармен бірлесіп салған суреттерден көрме;

- «Судың қасиеттері» қорытынды сабақ;

 

 

«Су тамшылары» атты жоба

бойынша перспективтік-тақырыптық жоспар


Қызмет түрі

Сабақ беру салаларына байланыстары

Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеттер

Ата-аналармен жұмыс

Ойын

Қатынас

Шығармашылық

Әлеумет

Таным

Денсаулық

Ойын жаттығулары: «Күн,су, ауа»,  

«Біз тамшылармыз», Дидактикалық ойындар:

«Ұлпақарға сыңар тап»,  «Қажеттісін таңда», «Бейнеле», «Бұл қай кезде болады?»

Мектептегі, топта болып жатқан барлық іс-шараларға белсене қатысу

Қозғалмалы іс-әрекет

Денсаулық

Қозғалмалы ойындар:

таңғы жаттығулар: «Біз суықтан қорықпаймыз»


Танымдық –зерттеушілік

Таным

Әлеумет

Судың қасиеттеріне зерттеулер жүргізу.

Сабақ «Судың қасиеттері»



Еңбек

Еңбек

Топтағы тазалық



Коммуникация

Коммуникация

Әлеумет

Тақырыптық-сюжеттік суреттер қарау, әңгіме құрастыру, әдеби шығармалармен танысу, мақал-мәтелдер, тақпақтар жаттау.


Өнімдің іс-әрекет

Шығармашылық

Судың түрлерінің суреттерін салу.


Музыкалық

Ән-күй

Өлеңдер жаттау, судың дыбысын тыңдау.




Қорытынды:

 

Өткізілген жұмыс барыснда  балалар судың табиғатағы және біздің өміріміздегі орнының қаншалықты қажеттілігі туралы білімдері қалыптасады.

Жүмыс барысында мынадай қорытындыларға келдік:

         Жер бетіндігі барлық тіршілік иелері сумен қоректенеді, суды қажет етеді;

         Мұздар жылудың әсерінен еріп суға айналады, су қатты қайнаса буға айналады;

         Судың түсі, иісі, дәмі болмайды;

         Ата –аналардың балабақшамен ынтымақтастығы.

 

 

 

 

 

 












Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері. Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған жылу шуақты
Бір-бірімізге сыйлайық.
Балалар қолдарын жоғары көтеріп сермейді,терең тыныс алып қолдарын созады.Бір-біріне сыйлайды.
Іздену ұйымдастырушы -Балалар табиғат өлі және тірі табиғат болып бөлінеді.Өлі табиғатқа құм,тас,топырақ,су,ал- тірі табиғатқа өсімдіктер,жануарлар жатады.
-Су қандай табиғатқа жатады?
-Ал қалай ойлайсыңдар,адамдар сусыз өмір сүре алама?
-Адамдарға су не үшін керек?
-Ал жанурлар мен өсімдіктерге су не үшін керек?
-Жер бетіндегі судың бәрін ішуге болмайды.Олар ащы,тұщы болады.Өзендердің,көлдердің сулары ащы болады ,оларды ішуге болмайды.Оларды бақшада пайдаланамыз,құстар мен аңдар ішеді.Адамдар құбырлардан ағатын суды пайдаланады.
-Судың пішіні бола ма?
Тарелкеге су құйып көрсету балаларға.
Тәжірибие жасату.
Әр балаға ыдыстар беріп судың түсін,дәмін зерттейді,Бояу қосып түсін бақылайды.Қант ,мақта,тас қолданып жасайды.

Бір ыдысқа сүт,бір ыдысқа су құйып қасық салып оның қайсысынан қасық көрінетін бақылайды.Яғни «Су-мөлдір,сүт-мөлдір емес».
-Балалар суды орыс тілінде вода дейміз.
Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өніп толамыз
Күнге қарап,талпынып
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз
Бір отырып,бір тұрып
Біз тынығып аламыз.

-Балалар сендерге жұмбақ жасырамын.
Дәміде жоқ,түсіде жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

Көз жасын төгіп елжіреп,
Жүреді көкте көлбіреп,
Жел қуса кетер селдіреп.
(Бұлт) 
Суға байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ма? 

Су анасы- бұлақ. 
Сөз анасы құлақ.
Судыңда сұрауы бар.
Сулы жер,нулы жер
.
Триз (ойын) «Жақсы,жаман»
-Қар жауса жақсы неге?

-Қар жаумаса жаман неге?

-Жаңбыр жауса жақсы неге?
-Жаңбыр жаумаса жаман неге?

Ойын: «Тез ойла»
Мақсаты:есте сақтау,тез ойлау,жылдам жауап беруге үйрету.
1.Су адамға не үшін керек?

2.Өсімдіктер сусыз өсе алады ма?
3.Балықтар қайда өмір сүреді?
4.Судің иісі,түсі барма?
5.Өлі табиғатқа нелер жатады?
6.Суды шашып,төгіп ластауға болама?
Балалар, су туралы тақпақтар білеміз бе?
-Бүгін не туралы әңгімелестік?
-Қыс мезгілінде су неге айналады?
-Су адамға қажет пе?
-Су қандай табиғатқа жатады?
-Судың дәмі,иісі болама?
Қандай суды пайдаланады адамдар?
-Суға шомылғанды ұнатасыңдар ма?
-Суды үнемдейміз бе?
Суды шашпай,ластамай,әр жерге төге бермей қадәрлеуіміз керек.Сусыз адамдар,жануарлар,өсімдіктерде өмір сүре алмайды екен.Балаларды мадақтау. Суреттерді көреді
-Өлі табиғатқа -Жоқ өмір сүре алмайды.
-Ішуге,шомылуға,кір жууғу,тамақ жасауға,гүлге құяды.

-Оларда су ішеді,шомылады.
-Жоқ болмайды
Өз бетінше жұмыс жасайды.
-Вода
Сергіту сәтін орындайды балалар
-Су
-Бұлт
-Су- тазалықтық досы
-Су табиғат ажары.
-Сырғанаймыз,аққала жасаймыз
-Қар болмайды,ойнамаймыз
-Гүлдер,шөптер өседі.
-Ағаштар,гүлдер қурайды
-Ішуге,шомылуға,таза жүруге,тамақ ішуге.
-Жоқ өспейді.
-суда.
-иісі,түсі жоқ.
-су,топырақ,тас,құм,
-болмайды 
Ал,халайық,халайық
Табиғатқа қарайық.
Жер,су,ауа тазарса,
Пайдалы екен бұл аса
.Су пайдалы адамға,
Шынығамын күнде мен
.Тоңбайды аяз,боранда,
Салқын суға үйренген.
-су туралы
-қарға айналады.
-адамға керек.
-өлі табиғат.
-түсі,иісіде жоқ.
-таза,құбырлардағы.
-ұнатамыз.
-ластамаймыз,бекерге төкпейміз.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Судың қасиетін,қалай келетінін 
Нені игеу керек:Сусыз өмір жоқ екенін,оны үнемдеу керегін түсінеді.
Нені істей алады:Тәжірибие жасайды,тақпақ айтады,жұмбақ шешеді.



































Су тіршілік көзі және оның қасиеттері

Мақсаты:
• Балаларды судың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру.
• Судың мөлдір болатындығы жайлы, суда тірі ағзалардың өмір сүре алатындығы туралы түсінік беру.
• Себеп - салдарлық қатынастарды белгілеу дағдыларын қалыптастыру.
• Қызығушылықтарын туғызып, суға деген ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын - ала жұмыс:
1. Дамыту ойындары:
«Кім судың қасиеттерін атайды?
«Қандай суды ішуге болмайды?»
«Жақсы - жаман» (ТРИЗ бойынша).
2. Д. Родаридің «Түрлі су» өлеңін оқу
3. «Ала - құла өзен» экологиялық дабыл.
Сабақта қолданылатын құрал - жабдықтар:
• Әр үстелдің үстіне стақандағы таза су, бос стақан, қасық, пробирка, тұз, құм, тастар қойылады;
• Демонстрация үшін: қарамен боялған суы бар стакан, қасық, тастар.
Сабақтың барысы:
Топқа нас бала кіреді. Ол балаларға оны жуындыратын әжесінен қашып кеткені туралы айтады. Бұл бала жуынбай жүргенді артық көріп, суды ұнатпай жүр. Нас балаға балалармен бірге сабақта қалып, су туралы тыңдауға ұсыныс білдіреді

Тәрбиеші:
Су туралы біз не білеміз? Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, судың дәмі барма? Сендердің үстелдеріңнің үстінде сумен стақандар тұр, оның дәмін татайықшы. Дәмі қандай?
1 - ші тәжірибе: Судың дәмін анықтау.
Қорытынды: Судың дәмі жоқ.
2 - ші тәжірибе: Судың иісі бар ма?
(балаларға суды иіскеу ұсынылады)
Қорытынды: Судың иісі жоқ.

3 - тәжірибе: Судың формасы бар ма?
Суды стақанға құяйық. Оның формасы өзгереді ме? Енді мен суды пробиркаға құямын. Қазір ол қандай болып тұр. Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады. Судың формасы бар ма?
Қорытынды: Су оны құйған ыдыстың формасын қабылдайды.
Тәрбиеші: Судың бұл қасиеті – «Ағушылық» деп аталады. Егер суды үстелдің үстіне құйып жіберсек, нені байқауға болады? (ол ағып формасыз болып жатады)
4 - ші тәжірибе: Су кейбір заттарды ерітеді, кейбіреулерін ерітпейді.
Стақанға бір қасық тұз салып, оны былғаңыз. Тұзға не болып қалды, қалай ойлайсыңдар? Оны қалай білдіңдер? (тұз еріді)
Қорытынды: Су – жақсы еріткіш.
Суда тағы нені ерітуге болады. Басқа стақанға құм салыңыз, не байқадыңыз? Неліктен құм еріген жоқ?
5 - ші тәжірибе: Судың түсі бар ма?
Стақандағы таза суға әр түрлі заттар салынады: қасық, тас. Сонымен, судың түсі бар ма?
Қорытынды: судың түсі жоқ, ол мөлдір.
Тәрбиеші: Егер боялған суға тағы да осындай заттарды салсақ, қандай құбылысты байқауға болады? Неліктен?
- Су әрқашан осындай мөлдір бола ма?
- Көл, тоған, өзендердің сулары қандай?
(ылғи лай)
- Егер су әрқашанда лай болса, су тұрғындарымен не болады? (өледі)
Тәрбиеші: «Су - өмірдің көзі» деген сөз бекер емес. Су - өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының құрамының негізгі бөлігі. Егер қарбыздың 1 килограмын кептірсек, 20 грамм құрғақ зат шығады. Демек, қарбыздың 98% - су. Адамның ағзасында да су көп. Су қан, сілекей, асқазан шырынының құрамына кіреді. Сонымен қатар, су – жас, тер стақанға дейін суды бу түріне болады. Адамның ағзасы ауа жұтқанда, күніне 2 стақанға дейін суды бу түріне шығады. Судың қатысумен ағзадан зиянды заттар бөлінеді.
Су - өмір, адам үшін де, барлық тірі жандар үшін де. Адам тамақсыз 30 күн өмір сүре алады, ал сусыз 3 күн ғана. Ендеше, су – адам үшін өте қажет.
Ойын: «Су, су емес».
Егер мен әр түрлі қалыптағы суды атасам, сендер қолдарыңды көтеріңдер, егер зат немесе тірі ағза сумен байланысты болса – отырыңдар, егер сумен байланысты болмаса – тұрыңдар.
(Қар, үйрек, стақан, шық, жаңбыр, кеме, орындық, кит, бұршақ, балық, т. т).
- Адамның денесінде су көп пе?
- Су ненің құрамына кіреді?
- Адам ауа жұтқанда су не түрінде бөлінеді?
- Біздің ағзадағы зиянды заттар ненің көмегімен бөлінеді?
- Адам тамақсыз қанша уақыт өмір сүре алады, ал сусыз?

Нас бала: Уа, балалар, сендермен қалай қызық. Жай ғана судың соншама қыр - сыры көп екенін білген жоқпын.
Тәрбиеші:
Көптеген ғалымдар тексеріп осындай шешімге келді: Судың дәмі, түсі, иісі болмайды. Сондықтан нас баланы тек қана таза су жуындыра алады.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолын жу.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
Нас бала: Балалар, мен қазір әжеме жүгіріп барып, жуынып, сендерден біліп алғанымды айтамын.
Рақмет! Сау болыңдар! (кетеді)
Тәрбиеші: «суды бекер төккен – күнә жасайды» - делінеді бір мақалда.
Бұлай неге айтылған, кім маған түсіндіріп береді? Бұл неге байланысты? (жыл сайын таза, тұщы судың азаюымен байланысты).
• Көптеген Еуропалық елдер таза, тұщы суды көп ақшаға сатып алады екен. Біздің Қазақстан Республикасында да ауыз суының сатылуы әдеттегі құбылысқа айналды. Бұл – Тұран, Сарыағаш – ауыз сулары, Құлагер - Арасан – минералды сулары т. б.
• Таза, тұщы суға артық ақша төлемеу үшін, не істеуміз керек, суды үнемді пайдалану керек.
• Егер су шүмектен, су бағанасынан қажетсіз ағып жатса не істеу керек? Шүмекті жабу кетек.
• Жуынғанда суды қалай жұмсау керек? Судың көп ағып кетпеуі үшін су ағысын азайту керек.
Тәрбиеші: Сондықтан да, таза, тұщы су – байлығымыз. Оны үнемдеп, сақтауымыз керек екендігін есімізден шығармауымы





 

 

 

 

 

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1095
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі