400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жобалау технологиясы – пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген бағдарлы жұмыс түрі. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген жобалау технологиясы пәндік білімнің мақсат, міндеттеріне сәйкес табиғаттың, қоршаған ортаның, өмірдің заңдылықтарын зерделеуде мәселені өзінше жоба ретінде жоспарлап шешімін табу жолдарын іздестіреді. Бұл әдістің оқу үдерісі барысындағы ерекшелігі оқушының өз жобасын құрып, шығармашылықпен айналысуында[1].
Материалдың қысқаша нұсқасы


«№ 36 жалпы орта білім беретін мектеп» география пәні мұғалімі Карипжанов Нурбек Амангелдыевич


ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ



Мектеп оқушыларының интеллектуалдық шығармашылық қабілеттерінің дамуы және шыңдалуы үшін пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, пікірталастар (дебат), семинарлар, конференциялар және жобалау тапсырмалары жұмыстар жүргізу тұлғаны дамытудың заманауи құралдары болып табыладых.

Жобалау технологиясы – пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген бағдарлы жұмыс түрі. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген жобалау технологиясы пәндік білімнің мақсат, міндеттеріне сәйкес табиғаттың, қоршаған ортаның, өмірдің заңдылықтарын зерделеуде мәселені өзінше жоба ретінде жоспарлап шешімін табу жолдарын іздестіреді. Бұл әдістің оқу үдерісі барысындағы ерекшелігі оқушының өз жобасын құрып, шығармашылықпен айналысуында[1].

Сонымен бірге сабақтан тыс уақытта орындалатын жобалау технологиясынын іс-әрекетпен айналысқысы келетін оқушыларға арналған жобалау технологиясынын жұмыс сабақ барысында бастау алады және басталған жұмыс сабақтан тыс уақытта аяқталады. Бұл жағдайда жобалау технологиясымен жұмыс істеу балалардың нақты білім саласы бойынша көзқарастарын кеңейтуге және тақырыпты тереңдетіп оқуына мүмкіндік береді[1].

Жобалау технологиясы негізінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің нәтижеге бағытталу идеясы жатыр, практикалық немесе теориялық маңызы бар проблемелерды шешу барысында нәтиже пайда болады.

Жобалау технологиясында тапсырмаларды орындау алты бөлімнен тұрады:

  1. зерттеуді жоспарлау;

  2. дереккөздермен жұмыс;

  3. экспериментті өткізу;

  4. мәліметтерді өңдеп талдау;

  5. нәтижелерді ұсыну;

  6. жобаны басқару [1].

Аталған бөлімдер тарауларға бөлінген, онда келесі нәтижелер күтіледі: дағды немесе ептілік, білу немесе түсіну (1-кесте). Әр тарауда ұйымдастырылған оқытудың бұл мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға және білім алушының жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы оларды ақпараттандыруға мүмкіндік береді.


1-кесте – Бөлімдер мен тараулар тізбегі


№

Бөлімдері

Тараулары

1

Зерттеуді жоспарлау


2

Дереккөздермен жұмыс

Дереккөз түрлері



Дереккөз жұмыс жасау алгоритмі



Академиялық адалдық

3

Экспериментті өткізу

Зерттеуді өткізуге жағдай туғызу



Деректерді анықтау, өлшеу, жазу

4

Мәліметтерді өңдеп талдау

Эксперимент мәліметтерін өңдеу әдістері



Эксперимент мәліметтерін ресімдеу



Нәтиже мен қорытындыны талқылау

5

Нәтижені ұсыну

Зерттеу нәтижелерін көрсету формалары



Презентациялау

6

Жобаны басқару



Сабақты жоспарлау кезінде бір сабақтың шеңберінде қол жеткізілетін мақсатты ғана жазып отыру маңызды.

Сондай–ақ, жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар жеке пәндік тақырыпта да, бірнеше пәнді қамтитын кіріктірілген болуы да мүмкін.Ғылыми-жаратылыстану пәндерінің бірі география – өзінің құрылымында: этнография, биология, экология, тарих, медицина, экономика, саясат, астрономия сияқты көптеген ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысып жатқан көпқырлы ғылым[2].

Сондықтан да «География» пәні бойынша жобалау технологиясынын тапсырмалар таңдау ауқымы өте кең болып табылады. ғылыми-танымдық сала бойынша «География» пәні сабағында «Қазақстанның табиғат зоналары» тақырыбында жобалау технологиясынын тапсырмаларын қолдану.

Типтік оқу бағдарламада «Қазақстанның табиғат зоналары» тақырыбын оқуға 5 сағат бөлінген. Өте қызықты тақырып, аталған тақырып бойынша әр түрлі ақпарат көздерінде материал көп, алайда берілген уақытта толық зерделеп шығу мүмкін емес. Осы жағдайда жобалық іс-әрекет арқылы аталған тақырыпты толық және қызықты формада оқып шығуға мүмкіндік бар.

Жобаны жүзеге асырудың кезеңдері:

  1. Зерттеуді жоспарлау – оқушылардың көңілін қызықты жұмысқа бағыттау, мұғалім оқушыларға жобалау технологиясынын тапсырмасының мақсатын және оның аяқталу нәтижесін нақты түсіндіруі тиіс.

  2. Дереккөздермен жұмыс

  3. Экспериментті өткізу

– сыныпты топтарға бөлу, топ мүшелерінің атқаратын қызметін белгілеу;

– тапсырманы орындауға қажетті дидактикалық материалдарды (қосымша әдебиеттер, альбомдар, карталар т.б.) және техникалық құралдарды дайындау.

4. Мәліметтерді өңдеп талдау (зерттеушілік іс-әрекет):

– ақпарат іздеу;

– алынған ақпаратты өңдеу;

– жинақталған ақпаратты топ мүшелеріне ұсыну, талқылау;

– іріктелген ақпаратты жүйеге келтіру;

– жобаның слайдтарын әзірлеу;

– жобаны қорғау;


– жоба тапсырмалары мақсатының орындалу дәрежесін талқылау (пікірталас).



5. Нәтижелерді ұсыну:


– табиғат зоналарының географиялық орны мен шекаралары;

– Қазақстан флорасы мен фаунасының геологиялық кезеңде қалыптасу тарихы;


– орманды дала зонасы;

– дала зонасы;

– шөлейт зонасы;

– шөл зонасы;

– табиғат зоналарының климаты;

– зоналардағы экологиялық проблемалар;

– адамдардың іс-әрекеті және т.б.

Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша жұмыс істеу барысында оқулықтан, қосымша әдебиеттен, интернеттен, басқа да ақпарат көздерінен деректер жинастырады, жинақталған деректерді жүйелейді, компьютерде слайдтар (компьютер болмаған жағдайда реферат, баяндама, альбом) жасайды. Сыныпқа өз жұмыстарының нәтижесін көрсетеді, баяндайды.

Сондықтан, жобалық тапсырмалар арқылы оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Білім мен дағдылар оқушылардың жоғары оқу орындарында ойдағыдай оқуына ықпалдасып, қазіргі заман талаптарына сәйкес маман болуына жол ашады.


Бұл қазіргі әлем өркениетіндегі оқу мен ғылыми зерттеу жұмыстар тұтастығы жүйесіндегі көрсеткіштер оқушының барлық деңгейдегі оқу кезеңдерінде іздену, зерттеу қабілеттерін дамытады.


Меңгерілген ұғымдардың тереңдігінде, яғни жобалау технологиясы тапсырмаларды пайдалану арқылы олардың көпқырлы дәйектері ескеріліп, білім деңгейі артады. Зерделенетін мәселелер арасында табиғи өзара байланыстың орнауымен, жетекші идеялардың бағытындағы оқу материалын қарауды қамтамасыз ететін, зияткерлік әрекет деңгейі өзгереді.



Әдебиеттер

1. http://mtdi.kz/oku-adisteme/orys-auditoriasy/539-jobalau-adisin-koldanu


2. 6–9-сыныптарға арналған «Жобалық іс-әрекет» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік құрал. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 20 б.

3. Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 48 б.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1072
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі