жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЖОББМ инклюзивті білім беру бағдарламасының ерекшеліктері
ЖОББ мектептегі инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Сұлукөл ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жұмабекқызы Аружан
Жалпы орта білім беретін мектептердегі инклюзивті білім беру туралы түсінік. Инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың жағдайлары да өзгереді. мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, яғни типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Оқушылардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған [1].
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін қоғам мүшелері болып табылады. Әлеуметтену – әлеуметтік рөлдер мен мәдени нормаларды игере отырып, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қызмет етуге мүмкіндік бере тін білім, құндылықтар мен нормалардың беогеле бір жүйесін меңгеретін және көрсететін барлық әлеуметтік прцестердің жиынтығы.
ҚР МЖБС- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ПМПК – психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация ПМПк –консилиум БСА – оқушылардың сал ауруы, ОЖЖ- орталық жүйке жүйесі, ПДТ – психологиялық дамуы тежелген, АХЖ-10 - аурулардың халықаралық жіктемесі 10-қайта қарастыру ТҚАБ – тірек- қозғалыс аппараты бұзылған, СТКБ – сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар; СТЖД – сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, ОӘК – оқу- әдістемелік кешен [2].
Кемтар оқушыларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық- медицина- педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген болатын, атап айтатын болсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатынла 2009 жылғы ҚР инклюзивті бәләм беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады. Бағдарламаның басты міндеттерінің бірі болып – еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады [3].
Жалпы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып – үйретудің бір формасы. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады. Әртүрлі елдерден түзету педагогика саласындағы жетістік талдауы паймдау негіз береді, бұл арнайы білім беруде компьютерлік технологияның рольі шегінен шығуда.
Инклюзивті білім беруде оқыту ерекшелігіне байланысты оқу үрдісіндегі компьютерді қолдану міндеттері:
- оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету;
- оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету;
- кең таралған білім көздерінен ақпаратты іздестіру;
- оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;
- ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру [4].
Баяндап өткеніміздей мүмкіндігі шектеулі оқушыларды түзете – дамыта оқытудың негізгі жүйесі инклюзивті білім берудің тәжірибелік аумағы неғұрлым ерте ғылыми теориямен өзіндік үндестікте дамып, қалыптасса, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген оң көзқарас қалыптасар еді. Инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалрдың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигфрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер оқушы көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе анықтама ғана алады. Егер ата – анасы баласын арнайы мектеп – интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті [5].
Инклюзивті оқытудың – негізгі принциптері:
- адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады;
- әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
- әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы;
- барлық адам бір-біріне қажет;
- білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;
- барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;
- әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;
- жан – жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді [6].
Жалпы орта білім беретін мектептерде, мектептің жылдық жоспарына сай, мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы құрастырылған. «Инклюзивті білім беретін мектептердегі жалпы білім мазмұны» (кесте 1) көрсетілген.
Кесте 1
Инклюзивті білім беретін мектептердегі білім мазмұны
Инклюзивті
білім беретін мектептердегі білім
мазмұны
Жалпы
мектептерге арналған типтік оқу
бағдарламалары
Мүмкіндігі
шектеулі балалардың ақаулық типтеріне
сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы
оқу бағдарламалары
Мүмкіндігі
шектеулі балалардың психофизикалық
ерекшеліктерінесепке ала отырып
әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы
«Инклюзивті білім беретін мектептердегі білім мазмұны» (кесте 1) жалпы орта білім беретін мектептерде жылдық жоспар құру кезінде инклюзивті бағытта білім алатын оқушылардың білім алу жоспары бөлек қарастырылады. Арнайы психологиялық – медициналық – педагогикалық түзеу орталықтарының мамандарымен кеңесе отырып құрылады [7].
Жалпы инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып – үйретудің, жан –жақты бейімдеудің бір формасы болып табылады. Атап өткендей, инклюзивті білім беру жүйесін екіге бөліп көрсетуге болады. Бұл екі жүйе бір – біріне қарама – қарсы болмай, керісінше жақындатады. «Инклюзивті білім беру жүйесі» (кесте 2) мынадай бағытта жүзеге асады.
Кесте 2
Инклюзивті білім беру жүйесі
Инклюзивті
білім беру жүйесі
Жалпы
Арнаулы
«Инклюзивті білім беру жүйесі» (кесте 2) жалпы және арнаулы болып жіктеледі. Жалпы білім беру – бұл жалпы орта білім беретін мектептерде дені сау балалармен қатар мектеп программасымен білім алу.
Зерттеу жұмысына сәйкес мүмкіндігі шектеулі оқушыларға дайындалатын оқытудың жеке жылдық жұмыс жоспары әзірленеді. «Т.Жүргенов атындағы ЖОББМ КММ – нің 2018-2019 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспары» көрсетілген (кесте 3).
Педагогикалық сараман барысында инклюзивті білім беру бағытында сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып – үйренуіндегі қиындықтарын ескере отырып, оларға коррекциялық – педагогикалық қолдау көрсетіліп, жан – жақты бейімдеу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген. Сондықтан, жалпы мектептерде отырған инклюзивті білім беру үрдісіндегі, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін жұмыстар, баланың жас ерекшелігіне сай болуы міндетті [8].
Кесте 3
Т.Жүргенов атындағы ЖОББМ КММ – нің 2018-2019 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспары
№ |
Білім беру салалары және оқу пәндері |
Сыныптар бойынша апталық сағат сандары |
|
|
|
апталық |
жылдық |
І |
Тілдік және әдебиет |
|
|
1 |
Оқу, жазу және тіл дамыту |
2 |
68 |
II |
Математика |
|
|
1 |
Санау |
2 |
68 |
ІІІ |
Жаратылыстану |
|
|
1 |
Айналадағы әлем |
2 |
68 |
IY |
Адам және қоғам |
|
|
1 |
Адам және әлем |
2 |
68 |
Y |
Технология және өнер |
|
|
1 |
Бейнелеу өнері |
1 |
34 |
2 |
Шаруашылық еңбек |
- |
- |
3 |
Әлеуметтік – тұрмыстық |
1 |
34 |
|
Инварианттық оқу |
10 |
340 |
«Т.Жүргенов атындағы ЖОББМ КММ-нің 2018-2019 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспары» (кесте 3) білім беру бойынша 5 салаға: тілдік және әдебиет; математика; жаратылыстану; адам және қоғам; технология және өнер. Осы салалар оқу пәндеріне жіктеледі. Барлық пәндер аптасына 2 рет, барлығы 10 сағат, ал жыл бойынша есептегенде – 340 сағат.
Инклюзивті бағытта білім беретін мектептердегі мұғалімнің алатын рөлі ерекше. Арнаулы (коррекциялық) сынып мұғаліммен, пән мұғалімдерімен, сонымен бірге психологпен, арнаулы және әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады. Жалпы орта білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің, дамытудың басты бағыттарының бірі болып табылуы тиіс [9].
Инклюзивті бағытта білім беретін мектептерде жүргізілетін жұмыс түрлері көп. Оқушының ортамен еркін араласуы мен қатар сабаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында түрлі бағытта жұмыстану қажет. «Инклюзивті бағыттағы жұмыс түрлері» (кесте 4) құрылып, жүргізілді.
Кесте 4
Инклюзивті бағыттағы жұмыс түрлері
Инклюзивті
бағыттағы жұмыс түрлері
Арт
– терапия
Жекелеген
кеңес
Шаттық
шеңбер алаңы
Инклюзивті баламен мынадай бағытта жұмыс түрлері жүргізіледі (кесте 4)
- жекелеген кеңес;
- шаттық шеңбер алаңы;
- арт – терапия.
Жекелеген кеңес – бұл жұмыс түрінде баламен жеке психологиялық кеңес жүргізіледі;
Шаттық шеңбер алаңы – сынып оқушыларымен бірге шаттық шеңберге тұрып, көңіл – күйлерін қалыптастырады;
Арт – терапия – балалардың түрлі фигураларды танып білуімен қатар, фигураларды ретімен орналастырады.
Зерттеу жұмысыма сәйкес алынған 5 сыныпта психикалық дамудың тежелуі (ПДТ) бойынша тіркелген, инклюзивті білім алатын 1 оқушы болды. Күнделікті сабақта осы инклюзивті оқушыға арнайы жұмыс түрлері бойынша тапсырмалар дайындалды. Дайындалған тапсырмалар сабақ барысында мазмұнына сай қолданылды. Ал сынып оқушылары жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламасына сай құрылған қысқа мерзімді жоспар бойынша жүргізілді.
Жалпы орта білім беретін мектептегі инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін анықтау мақсатында, инклюзивті білім алатын оқушысы көп мектеп зерттеу базасы ретінде алынды. Аудан бойынша 32 оқушы болса, соның 11 оқушысы психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінде тіркелген.
Зерттеу базама сәйкес «Әйтеке би ауданы бойынша инклюзивті білім беретін мектептер» (кесте 5) анықталды.
Кесте 5
Әйтеке би ауданы бойынша инклюзивті білім беретін мектептер
№ |
Мектеп атауы |
Бала саны |
1 |
М. Жұмабаев атындағы ЖОББМ |
6 |
2 |
Т. Жүргенов атындағы ЖОББМ |
11 |
3 |
Комсомол атындағы ЖОББМ |
12 |
4 |
Қарабұтақ атындағы ЖОББМ |
3 |
5 |
Талдысай атындағы ЖОББМ |
2 |
6 |
Ярослав атындағы ЖОББМ |
9 |
«Әйтеке би ауданы бойынша инклюзивті білім беретін мектептер» аудан бойынша (кесте 5) инклюзивті білім беретін бағыттағы 6 мектеп тіркелген. Бұл мектептер арнайы психологиялық - медициналық - педагогикалық түзету орталығының рұқсатымен құрылған жылдық жоспар арқылы жұмыс атқарады.
Педагогикалық сараманнан өткен мектеп Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов атындағы ЖОББ мектебі. Бұл мектепте жалпы оқушы саны - 514, соның ішінде 11 оқушы инклюзивті бағытта білім алады. Мектептің жалпы оқушы саны бойынша инклюзивті оқушылар 2 пайызын құрайды. Қалған 98 пайызы қалыпты оқушылар. «Т.Жүргенов атындағы ЖОББ мектептегі инклюзивті оқушылардың пайыздық мөлшері» (сурет 1) көрсетілген.
Сурет 1. Т.Жүргенов атындағы ЖОББ мектептегі инклюзивті оқушылардың пайыздық мөлшері
«Т.Жүргенов атындағы ЖОББ мектептегі инклюзивті оқушылардың пайыздық мөлшері» (сурет 1) бойынша жалпы мектеп оқушыларының 2% құрайтыны көрсетілген. Қалған 98% жалпы орта білім беретін мектептегі қалыпты оқушыларды құрайды.
Т.Жүргенов атындағы ЖОББ мектепте соңғы 3 жылдың деректері бойынша, 3 ауру түріне сай оқушылар санының жоғары өсімін көруге болады. «2016 – 2019 оқу жылдарындағы Т.Жүргенов атындағы ЖОББ мектептегі инклюзивті білім алатын оқушылардың ауру түрлеріне байланысты сандық көрсеткіші» (сурет 2) көрсетілген.
Сурет 2. 2016 – 2019 оқу жылдарындағы Т.Жүргенов атындағы ЖОББ мектептегі инклюзивті білім алатын оқушылардың ауру түрлеріне байланысты сандық көрсеткіші
«2016 – 2019 оқу жылдарындағы Т.Жүргенов атындағы ЖОББ мектептегі инклюзивті білім алатын оқушылардың ауру түрлеріне байланысты сандық көрсеткіші» (сурет 2) бойынша оқушылар санының көбейгенін көрсетеді. 2016-2017 оқу жылында психикалық дамудың тежелуі бойынша - 4 оқушы, 2017-2018 жылдары 5 оқушымен толықса, 2018-2019 оқу жылында 2 оқушы болып кеміді; сөйлеудің жалпы дамымауы, Ғ-83 ІІІ деңгей бойынша 2016-2017 оқу жылында 3 оқушы, 2017-2018 оқу жылында 4 оқушы, 2018-2019 оқу жылында 7 оқушыға көбейді; туа біткен катаракта бойынша 2016-2017 оқу жылында 2 оқушы болса, 2018-2019 оқу жылына дейін 2 оқушы тіркеліп келді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыттары. ҚР-ның Президенті –Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 2012ж, 28 қаңтар.
2 2011 – 2020 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2010, 18 – маусым.
3 Волкова А.С., Граш Н.Е., Волкова А.М. «Некоторые проблемы интегрированного образования а российской дефетологии на современном этапе» Дефектология, 2002 - № 8, 3-8 б
4 Рахманова А.Е Педагогика. //Қaзaқcтaн мeктeбі. Қазақстан Рecпубликaсы Білім және ғылым министрлігінің республикалық ғылыми – пeдагогикaлық журнaлы, Алматы, 2008. №11 -Б.16-23.
5 Мұхамбетова С.Қ. Педагогика.- Ақтөбе,2002. – 167 б.
6 Сулейменова Р.А. Организационно-технологические основы ранней коррекционной педагогической помощи детям с ограниченными возможностями (на материале РК): автореф. дис.д.пед.наук:.13.00.01.,13.00.03.- Москва, 2001 -50 с.
7 Н.В. Борисова, С.А. Прушинский «Инклюзивное образование: ключевые понятие» – Алматы –1999 - С.30.
8 Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың үлгілерін жүзеге асыру// Абай атындағы ҚазҰПУ ХАБАРШЫ 2011, № 3/5.- Б. 11-17
9 Форман Н., Пратен А. Новый подход к обучению детей с особыми потребностямиМ.: Педагогика 1999 – С – 201.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген