Жоғары буын оқушыларында емтиханға дайындықта кездесетін стресстік жағдайлардың алдын алу жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоғары буын оқушыларында емтиханға дайындықта кездесетін стресстік жағдайлардың алдын алу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада автор оқушылардың стресс мәселесін қарастырады, оқушыларда стресстің пайда болуына әсер ететін факторларды талдайды және емтиханға дайындықта кедергі келтіретін стресстің алдын-алу жұмыстарын ұсынады. Стрессті болдырмаудың негізгі ережелерін және оқушылардың сол жағдайлардағы әрекетін қарастырады. Жасөспірімдердің басым әрекеттері, жасалып жатқан әрекеттерді дұрыс түсініп, күйзелістерді арнайы әдістермен жеңіп шығуы мақсатталған қоғамдық әрекеті ретінде қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

159.944.4


Таскенова Айнагуль Ораловна

2 курс магистранты, БҚИТУ, БҚО.,Орал қ.


ЖОҒАРЫ БУЫН ОҚУШЫЛАРЫНДА ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДЫҚТА КЕЗДЕСЕТІН СТРЕССТІК ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Аңдатпа

Бұл мақалада автор оқушылардың стресс мәселесін қарастырады, оқушыларда стресстің пайда болуына әсер ететін факторларды талдайды және емтиханға дайындықта кедергі келтіретін стресстің алдын-алу жұмыстарын ұсынады. Стрессті болдырмаудың негізгі ережелерін және оқушылардың сол жағдайлардағы әрекетін қарастырады. Жасөспірімдердің басым әрекеттері, жасалып жатқан әрекеттерді дұрыс түсініп, күйзелістерді арнайы әдістермен жеңіп шығуы мақсатталған қоғамдық әрекеті ретінде қарастырылады.


Кілт сөздер: емтиханға дайындық, стресс, алдын-алу жұмыстары

Адам өмірі бірнеше кезеңдерден тұрады. Ол кезеңдерден әр адам әр түрлі деңгейде өтеді. Біреулер жеңіл өткерсе, енді біреулер стрестік жағдайларға тап болып жатады. Ал стресс дегеніміз - адам ағзасының тітіркендіргішке тəн реакциясы. Стрестің басты ерекшелігі - адам денсаулығына, оның мінез-құлқы мен сипатына зиянды əсер ету. Бізді барлық жерде шабуыл жасайтын стрестік ынталандырулардан қорғауға мүмкіндік беретін қорғаныс реакциясы стресске қарсы тұру немесе стресске төзімділік деп аталады. Күн сайын түрлі стрестік жағдайлармен кездесетін білім алушыларды оған төзімділікті дамыту процесіне ерекше назар аудару керек. Дəл осы жаста тұлға стресті басқаруға жəне басуға үйренеді.

Соңғы жылдары стресс мәселесі әлемдік психологиялық ғылым мен тәжірибеде өзекті тақырыптардың бірі ретінде қарастырылуда.

Ең алғаш стресс терминін У. Кэннон «Күресу немесе қашу» еңбегінде стресстік жағдайға ағзаның әсерлесуі ретінде сипаттайды [1]. Белгілі ғалым Г. Селье стрессті термин ретінде алғаш қолданушы болып табылады. Аталмыш ғалым бастапқыда стрессті сыртқы күшті тітіркендіргіштерге ағзаның және сүтқоректілердің жауап қайтаруында туындайтын ерекше қалып ретінде, кейіннен зерттеуді тереңдей түсіп, стресс кез келген оған қойылған талапқа ағзаның кездейсоқ жауабы деп тұжырымдайды [2].

Ғалымның ізбасары Р. Лазарус нақты тітіркендігіштермен байланысты физиологиялық стресс жəне адамның жеке білім мен тəжірибесі негізінде, алдағы жағдайды қорқынышты немесе қиын деп бағалайтын психикалық (эмоционалды) стресті бөліп көрсетті [3]. Жасөспірімдердегі стресске төзімділік мəселесі кеңестік психологтар Л.И.Божович, А.П.Жуков, А.И. Захаров, А. Здравомыслова, В.А. Иванников, Л.Е. Личко, М.С. Лебединский, В.Н. Мясищев, Е.Рожнов жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды. Қазақстандық ғалымдардың ішінде Ғ.М. Құдиярова жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықты сипаттап, талдаған, А.Т. Ақажанова жасөспірімдердегі девианттық мінезқұлық ерекшеліктерін зерделеген. Стресстің психофизиологиялық механизмдерін С.Д. Атабаева талдаса, М.К.Жолдасова стресс пен қажудың зейінді реттеуге жəне когнитивтік тапсырманы орындауға əсерін зерттеген. Қазіргі кезде стрестің əр түрлі психологиялық аспектілерімен, сондай-ақ стрессменеджмент мəселелерімен А.А. Қасымжанова, Г.Э. Саринова жəне т.б. қазақстандық ғалымдар айналысуда. A.K. Бикадамова оқушы жастарда кездесетін емтихан стресінің көріністерін жан-жақты талдаса, В.Ван жасөспірімдерде кездесетін стрестік күйлердің релаксация техникалары көмегімен алдын алу жолдарын қарастырған.

Жасөспірім кезіндегі стрестің ересек адамның сезімталдығынан айырмашылығы жоқ. Денеде бірдей реакциялар пайда болады, ағзада пайда болған кортизолдың салдарынан психика зақымдалады. Стрестік жағдайлармен жиі соқтығысу баланың жүйкесінің сарқылуына əкеледі. Стресс психикалық денсаулыққа да, физикалық денсаулыққа да əсер етеді. Жасөспірімнің жүйке жүйесін сондай-ақ, психологпен жұмыс істеу арқылы теріс созылмалы эмоционалдық жағдайлардан құтылу арқылы нығайтуға болады. Өйткені, мұндай жұмыстарда үнемі психикалық энергияның үлкен мөлшері жұмсалады. Атап айтқанда, бұл ресурстардың жетіспеушілігі адамдарға стрестік жағдайға тез жəне сəтті бейімделуге мүмкіндік бермейді. Жасөспірімнің эмоцияларының маңызды бөлігі ең алдымен қарым-қатынасқа байланысты. Өмірде тəжірибенің болмауынан жасқспірімдер белгілі бір адамдар мен кумирлерге еліктейді. Соның салдарынан өз-өздерін жағымсыз бағалайды. Осындай мінез-құлықтың нəтижесінен жасөспірімдерде ынта-жігердің болмауы, ал теріс эмоцияларға бейімділіктің нəтижесінен жиі депрессияға ұшырауы байқалады. Үміттерді ақтауға, мақұлдауға немесе билікке көңіл бөлу жасөспірімдердің мінез-құлқының тұрақсыздығын, олардың сыртқы əсерлерге тəуелділігін анықтайды. Жасөспірімдер құрдастарының арасында өз-өздерін көрсетіп, бекітетін топтарды іздейді жəне жақын достарға мұқтаж болғандықтан, олардың пікірлері көбінесе шешуші болады. Кейде досының немесе топтың əсерінен жасөспірімдер өздері шешпейтін жəне кейінірек өкінуі мүмкін əрекеттер жасайды [4].

Жастардағы психологиялық стрессті бастан кешіруі көптеген факторлармен шарттасады. Олардың ішінде:

1. Әлеуметтік факторлар – бұл факторлардың тобына қоғамдағы әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, көптеген әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, жұмыссыздық, әлеуметтік жанжалдар, жас отбасылардың мәселелері.

2. Әлеуметтік-психологиялық факторлар – түрлі типтегі әлеуметтік және тұлғааралық қатынаспен байланысты мәселелер, позициялық және эмоционалды дау-жанжалдар, қарым-қатынастық мәселелер, кіші топтағы жағымсыз психологиялық көріністер.

3. Тұлғалық факторлар: а) обьективті-тұлғалық – жастық шақтағы дағдарыстар, жыныстық ерекшеліктер; б) субьективті-тұлғалық – темпераменттің, жоғары жүйкелік іс-әрекеттің ерекшеліктері, «бұрынғы стресстік тәжірибенің» болуы, адекватсыз өзін-өзі бағалау, жоғары тұлғалық мазасыздық, қысым, агрессивтілік, ригидтілік, мотивациялық ерекшеліктер және т.б.

4. Іс-әрекет ерекшелігімен байланысты факторлар – оқу, кәсіби, кәсіби-оқыту, қызметтік. Мысалы, оқу еңбегінің бұзылысы, ақпараттық қысымдар және т.б.

Теориялық және қолданбалы зерттеулерді талдай келе, әсіресе, жастық шақтағылар орта жастағыларға қарағанда стресске әсер етулері біршама қарқынды болады деген қорытынды жасауға болады. Шектен тыс стресстің салдары көбінесе жас адамдарда 21 жастан 22 жасқа дейінгілерде көп байқалады [5].

Көптеген зерттеулерге қарамастан, стресске төзімділік мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді, өйткені адамның психикалық және физикалық денсаулығы көбінесе стресстік жағдайларға қарсы тұру қабілетіне байланысты. Қазіргі таңда мектеп оқушысы емтихан тапсыруға, оқу орнын, болашақ мамандықты таңдауға байланысты қатты күйзелістерге ұшырайды. Ерте Жастық шақ тұлғаның үлкен өзгерістерімен сипатталады, мектеп оқушылары мазасыздықты, өзін-өзі бағалаудың тұрақсыздығын, сезімдердің сәйкессіздігін сезінеді, бұл көбінесе стресске төзімділіктің төмендеуіне әкеледі. Өкінішке орай, стресске төзімділігі төмен оқушылар әрдайым мектеп жағдайында қолдауға ие болмай жатады, стресске төзімділікті дамыту бойынша арнайы сабақтар да жоқ. Сондықтан әр жоғары сынып оқушысы өзін-өзі басқаруды іс-әрекет барысында үйреніп, эмоционалды тұрақтылықты дамыту жолдарын игеруі қажет.

Зерттеудің мақсаты - жоғары сынып оқушыларының стресске төзімділігінің ерекшеліктерін зерттеу және стресске төзімділіктің даму жолдарын сипаттау.

Зерттеу мақсатына сай зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу базасы ретінде Ә.Молдағұлова атындағы № 38 мектеп-лицейі белгіленді. Зерттеуге 11а және 11б сынып оқушылары қатысты: 11а сыныбында 15 оқушы, 11б сыныбында 18 оқушы, барлығы 33 оқушы. Зерттеу әдісі ретінде сауалнама сұрақтары қолданылды. Оқушыларға емтихан стрессіне бейімділігін анықтауға бағытталған «Емтихан стрессіне ұшырау сауалнамасы» ұсынылды. Сауалнама 12 сұрақтан тұрды. Сауалнама нәтижесі бойынша эксперимент тобының стресске ұшырау деңгейі 6 (33%) оқушыда жоғары, 9(50%) оқушыда орташа, 3 (17%) оқушыда төмен көрсеткішті көрсетіп отыр. (1-сурет).

1-Сурет. Эксперимент тобының стресске ұшырау деңгейі

Алынған нәтижелерден эксперимент тобының 33%-ы өздерінің болашақ емтихандарына алаңдайтынын көрсетті. Зерттеуге қатысушылардың 50%–ы стрессті өзбетімен шешуге талпынатынын байқауға болады. Дегенмен алынған зерттеу мәліметтері оқушыларды эмоцияларды тиімді басқару, стресске төзімділігін дамыту жұмыстарына тарту қажеттілігін көрсетеді. Себебі барлық оқушы стрессті бастан кешіргенімен стресске деген реакциялары әрқалай, біреулері емтиханды қатты қайғырса, екіншілері аса мән бермейді, осының бәрі стрессті басқара алумен байланысты.

Бүгінгі мектептің психологы оқушыларды емтихан алдында эмоционалды даярлау мәселесіне ден қоюы керек, мысалы балаға деген жеке психологиялық ықпал көрсетуде баланың қабілетін дамыту үшін оларда жағымды эмоцияларды қолдана білу, стрессті азайту жолдарын іздестіру, педагогикалық қарым-қатынас өнерін білу, сабақта, сабақтан тыс оқушымен жағымды қатынас орната білу, әсересе сабақта эмоцияның қандай маңызды рөл атқаратынын білуі керек. Әр сыныпта оқитындардың өздерінің жастарына қарай қандай психологиялық ерекшеліктері болады, қандай психологиялық дағдарыстар, қиындықтар болады, стресс туралы психологиялық сауаттылығы, өзара түсінісу қарым-қатынасының негізі неде екенін ажырата білуі керек. Сабақта бала шаршамай, стресстік күйді көп рет бастан кешірмеу үшін мұғалімде баланы қандай-да бір шығармашылық бағытта ұйымдастыра алу қабілеті мен мұғалімнің өзінің тұлғалық сапаларының дұрыс болуы қажет. Тек баламен ғана емес басқада педагогикалық іс-әрекет субъектілерімен қарым-қатынас жасай алу икемділігі үшін психологиялық қызмет жүйесі көптеген тренингтер ұйымдастырады, яғни қарым-қатынаста вербалды және вербалды емес құралдар арқылы сабақта психологиялық қолдау көрсете алу ептілігін дамыта алады.

Әдебиеттер тізімі

    1. Кэннон У. Интернет ресурс: https://theoryandpractice.ru/posts/15713-bey-ili-begi-kak-ustroen-stress-i-pochemu-ondelaet-nas-silnee

    2. Селье Г. Стресс без дистресса. − М.: «Прогресс», 2009. 123-139 с.

    3. Лазарус Р. Теория стресса и психофизиологические исследования. - В кн.: Эмоциональный стресс. М., 2018, с.178-209.

    4. Грегор О. Как противостоять стрессу // Стресс жизни: Сборник. – СПб.: Лейла, 2017.

    5. Аязбаева А.Т., Болатбекова Н.Ж. Жастардағы стресстің пайда болуына әсер ететін факторлар мен оның жастардағы көрінісі // ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР СВЕТА ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ БЕРДІБАЕВАНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТ: СТРЕССТІ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАСЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 20-23 беттер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2025
264
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі