жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін қалыптастыру жолдары
Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін қалыптастыру жолдары
Торсыкбаева Гульназ Жумановна -ШҚО Семей қаласы Т.Аманов атындағы №16 орта мектептің педагог-психологы,
өзін-өзі тану пәні мұғалімі.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанған, функционалдық сауаттылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.
Жоғары сынып оқушыларының дүние танымын кеңейтуде, танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің маңызы өте зор. Жасөспірім кезеңдегі жаңа сапалық өзгеріс әсерінен санасының оянуы, құндылық бағдарлануы шешуші маңызға ие болады. Жоғары сыныптағылар қоғам өмірімен табиғат құбылыстарының мәнін және олардың бір-бірімен байланыстылығымен өзара тәуелділігін түсінгісі келеді.
Өзіндік көзқарастың болуына талпынады, болып жатқан жағдайларға өз бағасын беруге тырысады. Оның өзіндік көзқарас, пікір-ақыл-ой еңбек арқылы жеткен ой тұжырымы қалыптасады.
Жеткіншек жастағылар дене күшін бағаласа, ал жоғары сыныптағылар интеллектуалдық сапаны бірінші орынға қояды. Сондай-ақ олар ақыл-ой тереңдігін, тапқырлықты, мәселені сезіну, шешу білігін, бағдарланушылықты бағалайды. Бұл жастағылардың ақыл-ой қабілеті едәуір дамып, өзінің пікірін дәләлдеу және өзінің ісіне талдау жасау қабілеті қалыптаса бастайды. Жоғары сынып оқушысының жеткіншек жастағыларға қарағанда жауапкершілігі ұлғаяды. Мектеп тарапынан аса жауапты тапсырмаларды орындауға қатысып, өзінен төмен жастағыларға кеңесші, басшы бола алады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің мазмұны мен кәсіби бағытын белгілейді. Жоғары сынып оқушысының алдына мақсат қоюшылық, ар –намысты , өзгелердің мүддесімен санасуы, қиыншылықтан бас тартуы, берген уәдесінде тұруы, өмірдегі белсенді ұстанымы, оның есеюі өмірдегі әлеуметтік қатынастардың жиынтығы. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны тәжірибеде қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады. Мазмұнды оқулық ақпаратында оқытудың мазмұныны құрайтын материалдан басқа оқытушы мен оқушының нысаналы қарым-қатынасын қамтамасыз ететін ақпарат қамтылады. Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін қажетті барлық шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажетсіндіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу түрлі нысандарды шешудің ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Танымдық белсенділік деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы, мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл адамның «ішкі» мүмкіндіктерін «сыртқы» факторлар арқылы жарыққа шығару нәтижесінде жүзеге асады. Танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектерді зерттеу мынадай қорытынды жасауға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық, және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады. Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеткеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын. Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне , біліктермен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне, жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Танымдық белсенділіктің өзін-өзі бақылау, бағалау, іс-әрекетке ие болу сияқты іс-әркеттерді қамтитын бағалау- нәтижелік компонентінің қалыптасуының нәтижесінде оқушының танымдық әрекеті нысаналы, шығармашылық сипатта және мазмұнды нәтижелі болады. Оқушыны өзін-өзі бақылай алу, басқара алуы, бұл өз кезегінде игерілуі тиіс білімдерді терең меңгергенін, іс-әрекеттің жетілдіруге қажет дағдыларды үйренгенін көрсетеді. Өзін –өзі бақылау ақыл –ой және дене іс-әрекеттерінде болатын түрлі үрдістерді үйлестіре отырып, жеке тұлғаның білім алудағы , практикалық, кәсіптік дағдыларды, меңгерудегі ізденімпаздығы, белсенділігі, табандылығы, сыншылдығы, ұқыптылығы сияқты қасиеттерінің көрініс түрінде байқалады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың ой еңбегі мен тәжірибелік әрекетінің қызметін болжайды. Яғни білім мен білік тек белгілі бір әрекеттерін орындаған кезде ғана толық әрі саналы меңгеріледі және де бұл әркеттерді оқушының өз бетінше орындағыны дұрыс. Қазіргі кезде мұғалімге қойылатын басты талап- оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол біріншіден , тек дайын ақпарат алатындай оқу материалын беруден гөрі өз бетімен ізденуге функционалдық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді. Екіншіден, оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің іс- әрекетінің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Яғни, мұғалім оқушылардың өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына, оқуда ұйымдастырушы және басқарушы болуына ықпал етеді. Мұғалім бағыттаушы болып табылады. Ол оқытудың әр кезеңдерінде: үй жұмысын тексерген кезде, оқушылардың жаңа білімді меңгеруге дайындығы кезінде, жаңа білімді енгізіп, оны тұжырымдаған және оларға алынған білімді қорытып, бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек. Оқушылардың оқу –танымдық іс-әрекетінің нәтижесі-олардың алынған білімді өз бетінше талдап ждәне бір жүйеге келтіретін шығармашылық тапсырмаларды орындауы болып табылады. Ж.Аймауытов «Оқушының пәнге көзқарасын өзгертетін, оларды белсенді жұмыс істеуге жұмылдыратын бір жол- баланың қытығына тиіп, тентектігін қоздыру, шәкірттің намысын оятып, өзіне ыза қылдыру секілді, оны қиын халден жеңіп шығуға итермелейтін күштерді ояту», -дейді. Оқыту үрдісінде мұндай әдісті қолдану оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырып, өз әрекетін дұрыс ұйымдастыруға түрткі болатыны сөзсіз.Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың негізгі факторлары ретінде, оқушылардың өз мүмкіндігін сезінуі: оқушылардың өз таңдауымен, қалауымен жұмыс істеуі; оқу үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы; Қабілеттер оқушыға дайын түрінде берілмейді, ізденудің арқасында жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу, білім қабілеттерінің өзі оқушының іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Қабілеттердің деңгейі әр оқушыда әртүрлі болғандықтан, мұғалім танымдық тапсырмаларды жас ерекшелігін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы жүзеге асыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Т.С. Сабыров Оқушылардың оқу белсенділігін артыру жолдары
2.М.И.МахмутовТеория и практика проблемного обучения
3. Т.И.Шамова Активизация учения школьников, Педагогика


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген