Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жол белгілер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маман тәрбиешілерге керек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жол белгілер еліне саяхат»

Мақсаты: Балаларға жол ережелері, белгілері туралы түсіндіру.

Білімділік:Жол белгілері, туралы мағлұмат беру.«Баланы ойын барысында баршаға ортақ ережеге бағынуға, белгі бойынша қимыл-әрекет жасауға баулу.

Дамытушылық:

Сөйлеу, зейін, ойдың жинақталуын дамыту.

Балада жол, көше туралы түсінігін қалыптастыру.

Тәрбиелік:Өзіне және қоршаған адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынас көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта,бейнежазба,

Билингвильді компонент:жол белгісі-дорожные знаки,көше-улица,жол-дорога, бағдаршам-светофор,жаяужол-тратуар,көлік-машина

Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері: Жақсы сөздер айтамыз, Шаршамаймыз қайта біз. Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүл шашылды. Қайырлы таң! Біз еңбекқор баламыз. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.

Тәрбиеші:Балалар,айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

Слайдпен жұмыс



Балалар өз жауаптарын айтады

Осы кезде көліктердің дауыстары шығады Тәрбиеші: Балалар не болып кетті, көліктердің дауыстары қатты шығып кетті ғой. Осы кезде топқа Қалқанқұлақ кіреді.

Тәрбиеші:Қалқанқұлақ бұл сенбе шулатып жатқан?

Қалқанқұлақ:Салеметсіздер ме мен бақшада мереке болады деп естіпедім соған асығып келе жатып, көлікке соқтығысып қалдым.

Тәрбиеші: МММ Мұның дұрыс болмады сен өзің жол ережесі не екенін білесің бе?

Қалқанқұлақ: Жоқ....

Тәрбиеші: Онда менің балаларымның жанына отыра ғой.

Слайдпен жұмыс

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы «Жол белгілер еліне саяхат» деп аталады.Қазіргі кезде көліктер өте көп.Жол - көлік оқиғаларының қаупіде арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Сондықтан да сендер,барлық адамдар жол ережесіне бағынса ешқандайда қауіп төнбейді екен.Ол үшін сендер жол белгілерін жақсы білулерің керек.

Балалар, жол деген не?

«Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды.Бұл қалалар мен елді мекендер де, олардан тыс жерлердегі жолдар.Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.

Балалар енді мұқият тыңдаңдар мен сендерді жол белгілерімен таныстырамын.

Жол белгілері

Бағдаршам бағдаршамның үш көзі болады қызыл,сары,жасыл.Қызыл түсі жанғанда тоқтаймыз.Сары түсі жанғанда дайындаламыз.Жасыл түсі жанғанда жүреді екенбіз.

Жаяу жүргіншілер өткелі

Асвалть жолдың бетінде,

Ақ сызықтан сызылған.

Жол адамдары өтсіндеп,

Осы белгі ілінген. жаяу жүргіншілерге арналған «зебра» жолағымен ғана жолдан өту керек.Жолдан өту үшін, жүргізуші сені байқап,тоқтағанына көз жеткізген соң ғана жүру керек.Жолға жүгіріп шығуға болмайды.

Бұл белгі жаяу жүргіншілерге арналған белгі.Жолдан өттер кезде осы белгінің көмегімен өтуге болады.
Телефон- жақын маңда телефон бар дегенді білдіреді

Дәрігерлік көмек көрсету пункті- бұл белгі аты айтып тұрғандай жақын маңда Дәрігерлік көмек көрсету пункті бар дегенді білдіреді

Автобус аялдамасы-бұл белгі тұрған жерге қоғамдық көліктер келіп тоқтайды . Балалар-жақын маңда балалар бар дегенді білдіреді

Билингвильді компонент:жол белгісі-дорожные знаки,көше-улица,жол-дорога, бағдаршам-светофор,жаяужол-тратуар,көлік-машина

Бұлар жол белгілері деп аталады. Балалар интербелсенді тақтаға назар аударыңдаршы.

Балаларға бейнежазба көрсету.

Тәрбиеші: Жолдос батырымыз үлгермей қалуымда мүмкін сендер жол белгілерін біліп жүріңдер деп өз ақыл кеңесімен бөлісіп жатыр. Ал енді балалар бір сергіп алайық.

Сергіту сәті: «Бағдаршам» әні

Тәрбиеші: Балалар, міне көрдіңдер ме жол ережесін сақтау керек. Және балалар, жол белгілеріне қарап жүру керек. Балалар, сендерге менің тапсырмам бар.

Қалқанқұлақ: Менде... Менде ойнасам болады ма?

Дидактикалық ойын: Балалар интербелсенді тақта арқылы Ақан есімді балаға көмектеседі .

Тәрбиеші: Балалар өте жақсы жұмыс жасадыңдар мен сендерді мақтан тұтамын.

Кері байланыс: Сұрақ қою арқылы оқу қызметін қорытындылау.

1.Балалар, жолдан өту үшін безге қандай белгі көмектеседі?

2.Жұмбақ

Жоқ өзінде бас та, ауыз да,құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та ол не? Бағдаршам 3.Автобус аялдамасын қандай белгі арқылы білеміз? 4.Жақын маңда мектеп,балабақша ,балалар жүргенін қандай белгі арқылы білеміз.

Міне балалар, біз сендермен жол белгілерімен таныстық,жолда қалай жүру керек екенін білдік.Жолда жүргенде жол белгілеріне мән беру керек,ол бізге дұрыс нұсқау беріп бізді қауіптен сақтайды.

Қалқанқұлақ: Сендерге көп рахмет сендердің арқаларыңда жол ережесін біліп алдым.Мен енді үйге қайтайын.

Тәрбиеші:Қалқанқұлақ сен енді жол ережесін бұзушы болма. Жолда абай болып жүр. Біз бүгінгі оқу қызметінде жол жүру ережесін білдік, жол белгілерімн таныстық. Енді жолда жүру ережесіне тақпағымызда бар.Сол тақпақты айтып Қалқанқұлақты шығарып салайық.

Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басыламыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта жүре алатын жас ұланбыз.

Күтілетін нәтиже:

Игерді:  Балалар жол белгілерін игерді

Білді:  Жол белгілері арқылы әрекет жасауды біліді

Қолданады: қоғамдық жерлерде өзін – өзі ұстау дағдыларын қолданады.

Тәрбиеші: Серикова Нурсулу Амангалиевна























































































Жол белгілері Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.

Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.

Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па.

Не істеу керек?

Соған қарап ұғасың,

Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,

Әлденеге қатаң тыйым салады.

Өміріңді қорғауға олар арналар,

Білемеген өкінішке қалады.

«Мына жерге кірмегенің жөн» дейді,

«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді,

«Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма,

Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».

Белгілердің мәнін білу — мықты күш,

Келесісі — шеті қызыл үш бұрыш.

Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,

Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.

Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.

Темір жолға таяп әлде калдын ба,

Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?

Мекені ме жабайы аң мен малдың да?

Соның бәрін біліп ал да абай бол, Сенің аман жүргеніңді қалайды ол. Белгілердің сырын еске сақтап ал, Болашақта жүресің ғой талай жол. Реттеуші Бақылап жол тәртібін, Өткізетін әр күнін. Реттеушіні көрдім мен. Қиылыстан дәл бүгін. Ала таяқ қолында Айтары көп оның да. Не істеу керек, тұрса Реттеуші жолыңда. Тік көтерсе таяқты, Баспа алға аяқты. Бағдаршамның бұл белгі Сары шамы сияқты. Кеудесімен бұрылса, Қарап саған бетпе-бет. Тұрғаны оның, ұғынсаң, Жолды жаптым, өпте деп. Арқа жағын қаратса. Өтіп кетпе аңғармай. Бағдаршамның бұл белі- Қызыл түсі жанғандай, Оң иық, не сол иық, Бұрылғанда сен жаққа. Тұрып қалма мөлиіп, Алға карай тез атта. Реттеуші бұрылды. Бір қырындап тік тұрып Жасыл жанды дегенді Жүргіншіге ұқтырып. Реттеуші бар көшеге. Тап болса егер кімде-кім. Тек сол берген белгіге Көну оның міндеті. Бағдаршам Жолды кесіп өтуге мен қамдансам, Қиылыста қарсы алады бағдаршам. Менікіндей екеу емес, үш көзді, Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң. Көзі алысты қалт жібермей қырағы, Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады. Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады: Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға, Қиылыста қарап тұрма аспанға. С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал, Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба. Жолдан өткенде Дастан деген баламын, Мектепке енді барамын. Жүруді де үйрендім, Көшесінде қаланың. Жол шетіне келгенде, Тоқтай қалып мен демде. Көз саламын арнайы Белгісі бар жерлерге. Қауіпті ғой көше тым, Қумай жолдың төтесін. Жолақтарды іздеймін Жаяу адам өтетін. Асықпаймын аптығып, Алдым мұны жақсы ұғып. Күйсандықтың тіліндей, Қатар-қатар ақ сызық. Ортасында тұра қап, Оңға, солға бір қарап, Жолдың арғы шетіне Жетіп алам жылдам-ақ. Көлікке мінгенде Қаламызда қырандай, Самғар көлік табылар. Троллейбус пен трамвай, Автобустар тағы бар. Автобусқа асығып, Жолды кесіп өтпеймін. Доп тепкендей асырып, Бос қалбырды теппеймін. Жол шетіне трамвай Келе алмайды күтсең де. Болу керек тым абай, Мінгенде не түскенде. Өзім барар бағыттың, Нөмірін де білемін. Ережеге қанықпын, Артқы есіктен кіремін. Жұрт аяғын баспаймын Бүлдірмеймін, шашпаймын. Жол ақысын «қоянша», Төлеместен қашпаймын. Шаршап кейде жүрсем де, Орын берем үлкенге. Қатты шулап тұрмаймын, Құрбылармен күлсем де. Аялдама аттарын Жаңылмастан жаттаймын. Жолда жүру тәртібін Мен осылай сақтаймын
Дерек көзі: https://erketai.kz/balalardin-olenderi/jol-erejeleri/































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2020
636
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12