Сәлемдесу. Класты
түгендеу
Миға шабуыл. «Суреттер
сөйлейді» әдісі.
Суреттерге мұқият қараңдар, не
байқадыңдар?
Топқа тірек сөздермен
бөлу.
1-топ: Ескерту
белгілері
2-топ: Тыйым салу
белгілері
3-топ: Жаяу жүргіншілер
жолы
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен
мақсаты және бағалау критерийлері
таныстырылады.
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ
ТАПСЫРМАСЫ

1. Суреттерге қарап, өздері
білетін белгілерді таңдап алып, суретін
салады.
2. «Жол белгілерін білудің
қандай маңызы бар» деген сұраққа шағын мәтін құрап
жазыңдар.

3-тапсырма. Суреттегі жол
белгілерінің қалай аталатынын
анықта

ТЫҢДАЛЫМ
ТАПСЫРМАСЫ
4-тапсырма. Өлеңнің мазмұнын түсініп,
негізгі және қосымша ақпаратты
анықтайды.
Жол
белгілері
Қиылыста, жол шетінде,
бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар
тұратын.
Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс
па.
Не істеу керек? Соған қарап
ұғасың,
Қызыл шеңбер
ішіндегі таңбалар,
Әлденеге қатаң тыйым
салады.
Өміріңді қорғауға
олар арналар,
Білемеген өкінішке
қалады.
«Мына жерге кірмегенің жөн»
дейді,
«Мына жермен жүрмегенің жөн»
дейді,
«Кері бұрыл, тоқтама не
бұрылма,
Сонда саған ешбір қауіп
төнбейді».
Белгілердің мәнін
білу — мықты күш,
Келесісі — шеті
қызыл үш бұрыш.
Бұл белгілер
ескертеді, біліп ал,
Көңіл бөлмей өтіп
кетпе тып-тыныш.
Қиылыс па, бұрылыс па
алдыңда.
Темір жолға таяп әлде калдын
ба,
Өзен бар ма, көпір бар ма, ор
бар ма?
Мекені ме жабайы аң мен малдың
да?
Соның бәрін біліп ал
да абай бол,
Сенің аман
жүргеніңді қалайды ол.
Белгілердің сырын
еске сақтап ал,
Болашақта жүресің
ғой талай жол.
5-тапсырма. Тыңдалған өлең
бойынша сұрақтарға жауап
береді.

Негізгі
ақпарат
|
Қосымша
ақпарат
|
Тыйым салу
белгілері
(Қызыл
шеңбер)
Ескерту
белгілері
(қызыл үш
бұрыш)
|
Белгілердің сырын
білу
Сенің аман жүргеніңді
қалайды.
|
ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІНГІ
ТАПСЫРМА
1. Сын есім
дегеніміз не? Сын есімнің мағыналық түрлерін
ата.
2. Сын есімнің
құрамын ата, мысал келтір.
3. Сын есімдердің
түрлеріне талдау жаса.
«Бағдаршам»
әдісі.
«Тілдік бағдар»
оқу
Сабақта белсенділік
танытқан оқушылар
бағаланады.
|