Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жол ережелерін білесің бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты жолда жүру ережелері дұрыс сақтауға үйретеді. Мұнда оқушыларға жол белгілерімен қатар жұмбақтар дидактикалық ойындар қарастырылған. Әрбір бастауыш сынып мұғаліміне керек.Пайдалы кеңестер оқушыларға.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жол ережесін білесің бе?

Мақсаты:
1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру;
2. Жол белгілерін есте сақтауға үйрету;
3. Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақтарға жауап беру, тақпақтар айту, жұмбақтар жасыру.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, жол ережелері туралы кітаптар, жол белгілері бар плакаттар, видеоролик.
Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу.
- Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар, оқушылар! 
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жол ережесін білесің бе?»
Балалар, бала аяғымен тік тұрған күннен бастап – ол жаяу жүруші. Бала велосипедке отырды ма, - ол жүргізуші. Автобусқа мінді ме, – ол жолаушы болып есептеледі.  Ал, оған қай жерде болмасын қауіп төнуі мүмкін. Себебі, әр жыл сайын қала көшелерінде көліктердің санының көбеюіне байланысты, апатты жағдайлар да көбеюде. Осыған байланысты мұғалім, тәрбиешілер мен ата-аналардың балаларға жол қауіпсіздік ережелері мен жолда жүру тәртібі туралы ерте бастан айтып, түсіндіру басты міндетіміз болып табылады.
• Балалар, тақтада ненің суреті бейнеленген?
Ø Бағдаршамның суреті.
• Балалар, көшедегі жүру тәртібін кім басқарады, білесіңдер ме?
Ø Бағдаршам.
• Ал, бағдаршамның неше көзі бар?
Ø Үшеу.
• Бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
Ø Қызыл, сары, жасыл.
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бағдаршам - өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға ортақ. Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызға «Бағдаршам» қонаққа келіпті. Рүқсат болса бағдаршамды ортаға шақырамыз!
(I-кезең «Бағдаршам» туралы тақпақтар айту)
Бағдаршам:
Күндіз түні жанамын,
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар,
Белгілі жаспен кәріге.
Мен бағдаршам боламын!
Қызыл түс:
Қызыл көзі жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда. 
Сары түс:
Сары көзі жанғанда,
Сақ абай бол барынша. 
Жасыл түс:
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып. 

Үшеуі бірге: 
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда!
 

ІІ-кезең «Жұмбақ жасыру»
1.  Ала таяқ ұстаған,       
    Жол тәртібін нұсқаған.   
    Өміріңді күзеткен, 
    Ысқырықпен түзеткен. (Жол сақшысы)

2. Көше бойлап аяңдайды,
    Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, 
    Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
    Бақырайған үш көзі бар бірақ та.  (Бағдаршам)


IІІ-кезең «Мультфильм»
Балаларға  жолда жүру ережелері мен жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы «Жолдос көмекке асығады» атты видеороликті тамашалату.

ІV-кезең «Түйіндеу.»
Қай көше, қалаға қарай барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға – дей отыра бүгінгі «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Жолда аман - есен жүрулеріңізге тілектеспін!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
929
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12