Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жол жүру ережелері қашан пайда болды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Дайын сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: _____________

Бөлім:

7. Көлік және жол белгілері. Морфология

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып:


Сабақтың тақырыбы:

Жол жүру ережелері қашан пайда болды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5. 1. 4. 1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

5. 4. 4. 4 сын есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сын есімді зат есім орнына қолдана білу

Сабақтың мақсаты

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады.

Сын есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, сын есімді зат есім орнына қолдана алады.

Құндылықтарға баулу

Белгіленген жол ережелерін мұқият сақтаға үйрету

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басталуы

5 минут




Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Алма, шие, өрік, банан»

2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Ойтүрткі

1-тапсырма

Сабағымызды бастамас бұрын, суреттерге назар аударайық! Мына суреттер сендерге қандай ой салады?

1.Жолда жүру ережелері туралы не білесің?

2.Қазақстан Республикасында жолда жүру ережесі қашан қабылданған?

3.Жол белгілерін «халықаралық тіл» деп атауға бола ма?



Ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!






Оқулық

5-сынып

«Атамұра» баспасы

2017жыл










8 минут





















Сабақтың ортасы

10 минут



















7 минут








10 минут

2-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Мәтіннен тірек сөздерді жазып, негізгі ойды анықта. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Тірек сөздер

Мәтіндегі негізгі ой



1)Темір жол бағдаршамы тұңғыш рет қай жылы орнатылған?

2) Көше қиылысына ыңғайлап бағдаршамды қайта жасаған кісінің есімі кім?

3) Алғашқы кездері бағдаршамды қалай қолданған?

4) Үш түсті бағдаршам қашан пайда болды?




Тілдік бағдар

Қазақ тілінде зат пен құбылыстың сыны мен сапасын білдіретін сын есімдер мағынасы мен жасалу жолына қарай сапалық және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді.

Сапалық сын есім - біркелкі заттар мен құбылыстардың сын сипатын ешқандай қосымшасыз білдіретін сөздер. Мысалы: жеңіл көйлек, жібек мата, ақ көгершін тб

Қатыстық сын есім - басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғану арқылы жасалған, заттың әртүрлі белгілеріне қатысты сындық ұғымды білдіреді. Мысалы: жазғы көйлек, көктемгі демалыс,

балалық шақ тб.




Тас бағандар, дұрыс жүйесі,қысқа бағандар




Сапалық сын есім






Ондай белгілерді, алғашқы ережелер, төрт бұрышты, табиғи заттардан, мұндай белгі, әртүрлі формадағы, бұл белгілер




Қатыстық сын есім










3-тапсырма

Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағынасына қарай талда.

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.

Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.

Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.

Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында- алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.

Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ересектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.

Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.


Ықтимал жауап


1. Ертеректе аталарымыз атқа мініп немесе ат жеккен күймемен баяу жүретін болған. Уақыт өте келе жолдың қажеттігі туындаған. Жол пайда болғаннан кейін ар жеккен арбалармен қатар түрлі көлік түрлері де пайда бола бастады. Көлік түрлері көбейген сайын жолдағы тәртіпсіздік те көбейе түсіпті, сондықтан 1742 жылы ат жеккен күймелердің айдаушыларын жауапқа тартатын заң енгізіліпті. Тарихтан 1812 жылы Ресейде тұңғыш рет оң жақ қапталмен жүру тәртібі енгізіліпті және жылдам жүрушілерге шектеу қойылып, экипаждардың жүріс-тұрысын реттеуге алғашқы қадамдар жасалғанын білуге болады.

2. Елімізде жолда жүру ережелері алғаш рет 1931 жылы Алматы қаласында пайда болыпты және ол тек қала аумағындағы көшелер мен жұмысшы поселкілеріне қатысты болған екен. Сол дылы Алматы қаласы бойынша тек 109 көлік қана болыпты. Дегенмен көліктің санының аздығына қарамастан сол кездің өзінде жол - көлік оқиғалары орын алыпты. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жолда жүру ережелері  Жолда жүру халықаралық Конвенциясының талабына сай өзгертілген болатын.

3. Әрине, болады. Себебі жолда жүру белгілерін тану үшін шет тілін білу қажет емес, сіз қай тілде сөйлесеңіз де, жол белгілері ортақ, бірдей әрі түсінікті болады. Жол белгілері "халықаралық тіл" болғандықтан олардың көмегімен қандай бағытта жүру керектігін білуге болады.



















Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағынасына қарай талдайды.



























Берілген суреттерге қарап жол белгілерінің атауларының сәйкестігін анықтайды.


Дескриптор :


-мәтіннен тірек сөздерді анықтайды,

-тірек сөздер арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтайды,

-сұрақтарға жауап береді.

3 балл






























Дескриптор :


-сын есімдерді анықтайды,

-мағынасына қарай талдайды.

2 балл









Қалыптас

тырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

5-сынып





















Оқулық

5-сынып

«Атамұра» баспасы

2017жыл









Сабақтың соңы

5 минут




Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі

Рефлексия жасайды.

10 балдық жүйемен ҚБ қойылады.

Бағдаршам суреті





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2025
85
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11