Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жол жүру ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз:

Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.

 

Тақтадан https://bilimland.kz/kk/content/lesson/12027-zholdar_men_zhol_belgileri бейнеролигі көрсетіледі.

Бүгінде қалада да, үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер де көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдерші.

Аяғы жоқ жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді.

                     (Бағдаршам)

Бағдаршам өмірімізді апаттан сақтандыратын жалғыз көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам – жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де, құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Бағдаршамның жаяулар және автомашиналар жүрулеріне арналған түрлері болады. Олардың айырмашылықтары көздерінде: адамдарға арналған бағдаршамның екі көзі болады, қызылда тоқтайды, жасылда жүреді. Ал, жүргізушілерге арналған бағдаршамның 3 көзі болады: қызылда тоқтайды, сарыда әзірленеді, жасылда жүреді. Жол белгілері 4 топқа бөлінеді:

- Ескерту, тыйым салушы бұлар – қызыл түс.
- Сілтеуші, рұқсат беруші, бұлар – көк түс.

 



Бағдаршам ойыны.

Қызыл көтергенде – тұр, сары – күт, жасыл– жүр.
Бағдаршамның сұрақтарына жауап беріп көрелік.
1. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?
2. Қала көшесінде келе жатқанда қандай жермен жүру керек?
3. Көше тәртібін не басқарады?
4. Жолдың қай жағымен жүру керек?
5. Бағдаршамның әр түсі нені хабарлайды?

Мұғалім: енді бағдаршамның жұмбақтары бар екен, соны шешіп көрейік.

1. Сом дене, табаны бар сонша тісті,
    Бір өзі бітіреді сонша істі.

                                      (Трактор)

2. Кеудесінде жаны жоқ,
    Тамырында жаны жоқ,

    Май жейді,
    Су ішеді.

                           (Машина)

3. Дыз-дыз етіп жүрегі,
    Сымнан ұстап жүреді.
    Өзіне адам мінеді,
    Ол не, кім біледі?

                    (Троллейбус)

4. Ала таяқ ұстаған,
    Жол тәртібін нұсқаған.
    Өміріңді күзеткен,
    Ысқырығы күшті адам.

                     (Полиция қызметкері)

5. Көзін ашып жұмады,
    Бағыт сілтеп тұрады.

                         (Бағдаршам)

Мұғалім: Жарайсыңдар!

Келесі ойнайтын ойынымыз «Жанатын бағдаршам».

Бағдаршам қызыл көзін көрсеткенде орындарыңнан қозғалмай тұрасыңдар. Сары көзін көрсеткенде қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Жасыл көзі жанғанда орындарыңда тұрып жүресіңдер.

Бағдаршам:

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.
Басталар әр қадамы аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.

 

Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Жауап: Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.


2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.


3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жауап: 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.


4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмауы мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн.

 

Қорытынды.

Мұғалім: Ал балалар, біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?

- Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен таныстық.

- Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?

- Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2019
543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12