Материалдар / Жол қауіпсіздігін меңгерту- бала қауіпсіздігін қамтудың маңызды бөлігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жол қауіпсіздігін меңгерту- бала қауіпсіздігін қамтудың маңызды бөлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жас инспекторлар отрядтары» бұл мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезімді тәрбиелейді, отряд мүшелері өзге білім алушыларға нұсқаулық жасау арқылы өздерінің бойында жауапкершілік міндеттерін сезінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2022
248
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жол қауіпсіздігін меңгерту- бала қауіпсіздігін қамтудың маңызды бөлігі



Бүгінгі таңда мемлекеттің басты байлығы- адам ресурсы. Оның ішінде бала қауіпсізідігі өзекті мәселе болып отыр. Бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түрлі ұжымдар қызмет етеді. Барлығының міндеті- кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өмірін қауіпсіз ету.

Статистикаға сүйенсек 2021 жылдың 23 тамызы мен 9 қыркүйегі арасында Нұр-Сұлтан қаласында жол-көлік оқиғасынан 47 жасөспірім жарақат алған.

Бұл өзекті мәселе әр білім ұйымын толғандыратын сұрақ. Білім беру ұйымдары оқушыларымызды үзбей оқытып, нұсқаулық беріп отыру арқылы ғана сақтандыра аламыз.

Мен мектеп мұғалімі ретінде осы мәселені шешуге өз үлесімді қосуды жөн көрдім. Оқушылардың саналы түрде жол ережесін сақтауын қамтамасыз ету керекпіз деп түсініп, өзімнің «Қауіпсіз жол» авторлық бағдарламамды құрастырдым. Бұл авторлық бағдарлама орта буын оқушыларына арналып жасалынды.

70 мектеп-лицейінде «Жас инспекторлар отрядтары» құрылды. Жолда жүрудің Жас инспекторлар отрядтары - оқушылардың ерікті ұйымы болып табылады. Ол оқушылардың бойында азаматтық белсенділік, патриоттық, эмпатия, зияткерлік, еңбексүйгіштік құндылықтарды қалыптастырып, төмен және орта жастағы балалар арасында қауіпсіз жолды насихаттауды ұйымдастыруға кеңінен тарту мақсатында құрылды.

Көшеде жүру ережесі курсының негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып жасалған бұл бағдарлама оқушылардың жолда жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білуге, есте сақтауға үйретеді.

Оқушылар сабақта жол ережелері мен жол тәртібін үйреніп қана қоймай, велосипед жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникаларын, алғашқы көмек көрсетудің алғы шарттарын үйреніп, тәжірибе жасайды.

Бағдарламаның мақсаты:

Балалар мен жасөспірімдер арасында орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу

Міндеттері:

  • оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін-өзі ұстауының негізгі ережелері туралы мәлімет беру;

  • жарақаттанғанда өзіне және жолдасына берілетін алғашқы көмек шараларын үйрету;

  • велосипедшілер қозғалысының ережелері туралы мәлімет беріп, тәжірибе жасату;

  • Насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын көрсету;

  • Сапта жүру дағдыларын арттыруға мүмкіндік тудыру;

  • Бағдаршам, көлік тарихына шолу.



«Жас инспекторлар отрядтары» бұл мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезімді тәрбиелейді, отряд мүшелері өзге білім алушыларға нұсқаулық жасау арқылы өздерінің бойында жауапкершілік міндеттерін сезінеді. Сонымен қатар білім алушылар бір- бірін оқыту үрдісі тиімді әдіс болып саналады.

Мен өз бағдарламамды жүзеге асыру барысында оқушыларымды жол жүру ережесіне арналған республикалық слеттерге қатыстырамын. Бұл отряд оқушыларының ынталандыруын арттырады. Мектеп оқушылары «Жас инспекторлар отрядының» мүшесіне қабылдануға тырысады. Отряд мүшесі болу - менің оқушыларым үшін үлкен мәртебе.

Қауіпсіз жол- әр жасөспірім, әр отбасы, әр білім ұйымы үшін маңызды.



Асқар Забенов, Нұр-Сұлтан қаласы

70 мектеп-лицейінің

дене шынықтыру мұғалімі.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!