Материалдар / Жол қауірсіздігі тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жол қауірсіздігі тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2024
79
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары :

______________ Ә. Исаева

«____» _________2024 ж











Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!»

Қауіпсіздік сабағы № 4 Кибербуллингтің белшілері. Қалай ерте тануға болады, және қалай қорғануға болады?











Сынып жетекші: Бейбітжан Ақерке





















2024-2025 оқу жылы

Тәрбие сағаты


Күні

22.09.24

Сынып жетекші:

Бейбітжан А

Класс:

Қатысушылар саны: 20

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жол қауіпсіздігі»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.

Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.

Құндылықтарды дарыту

Заң және тәртіп

Қоршаған ортаға мән бере қарауға, байқағыштыққа, тәртіптілікке баулу

Апта дәйексөзі

Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы (Абай)

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы (10 мин)



І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.


Шаттық шеңберіне тұру.

Бағдаршам түстеріне байланысты топтарға бөлу.

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.

Шеңбер ішінде балалар бір-біріне жылы лебіздерін арнап, бүгінгі сабақта сәттілік тілейді



презентация




Сабақтың ортасы (20 мин)












Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.

- Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі деген не?

- Жолда жүру ережесі қайткенде бұзылады?

- Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер ме?

- Ол үшін не істеуіміз керек?


1. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың

- жол бойында қалай болса солай жүріп,

- доп қуалайтыны,

- ролик тебетіні,

- жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,

- қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүруережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.

Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.


- Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?




Жолда жүру ережесі видеоролик


Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді























Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала

презентация

 































https://youtu.be/Bo7mgQwTbuw




























































Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Жұмбақтар шешу:


1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)


2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус)


3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)


4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)


5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)


6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)


3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.


«Қасқыр мен Қоян»


Қоян: - Ой, Қасқыр саған не болған? Қасқыр: - Ештеңе болған жоқ. - Онда неге аяғың ақсаңдап қалған? - Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп... - Сен не көлікке жабысып жүрсің бе? - Иә


- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе? - Баратын жеріме тез жетейін деп... - Тез жетейін деп өзіңе не болғанын көрдің бе? - Көрдім - Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой. - Ал егер асығып тұрсам ше? - Қаншалықты асығып тұрсаң да, жол ережесін сақтау керек. - Жол ережесін? - Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек. - Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады? - Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады. - Қоян, жол ережесі деген не ол? - Ал сен оның не екенін білмейсің бе? - Жоқ. Ендеше « Бір дерек» айдарын көрейік. Сонда жол ережесін білетін боласың.


1.Кіріспе (2 мин)

Кибербуллинг туралы ақпарат беру. Белгілері және қалай алдын алуға болады.

2.Негізгі бөлім (6 мин)

Тақырып бойынша түсінік

1 тапсырма: Кибербуллинг белгілерін жаз

2 тапсырма: Қорғану әдістерін анықтап жаз.

Қорытынды (2 мин). Өтілген тақырыпты қайталау, кері байланыс беру.



Оқушылар жұмбақтардың жауабын табады

































Оқушылар әңгімені мұқият тыңдайды

Презентация

Соңы (5 мин)






Қорытындылау
1. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр көзінен сұрақтар алып жауап беру.

Ал енді сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.

- Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)

- Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)





Оқушылар сұрақтарға жауап береді







презентация











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!