жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жолда жүру ережесін сақтаймыз"
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мемлекеттік ән ұран
МАД «Ғ» тобы
Жол тәртібін
сақтаймыз,
Әдептен біз
аспаймыз,
Оң жағымен
көшенің,
Жүруді есте
ұстаймыз.
Жан жаққа сақ
қарап,
Бағдаршамға
тоқтаймыз.
ІІ. Кіріспе бөлімі:
1 - жүргізуші:
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.
Олай болса, «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
МАД «Е» тобы «Жолдан өткенде» тақпағын тыңдайық.
2 – жүргізуші:
Балалар, Жол заңы - дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
- Қалай ойлайсыңдар, қандай бала жол ережесін бұзбайды?
1 - жүргізуші:
- Жаяу жүрген адамға қай жолмен жүруге болмайды?
2 – жүргізуші:
- Көшенің келесі бетіне қарай қай жерден өту керек?
1 - жүргізуші:
- Жолда жүру ережесі қайткенде
бұзылады? Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер
ме?
Қай көшке, қай қалаға, барсаңыз
да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз
да.
Жолда жүру ережесі – заңды
тәртіп
Ол ортақ үлкен кіші
баршамызға
ІІІ. Негізгі бөлім:
2 – жүргізуші:
1. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың
- жол бойында қалай болса солай жүріп,
- доп қуалайтыны,
- ролик тебетіні,
- жүріп бара жатқан машинаға жабысатындығының нәтижесінде қатер тудыруы мүмкін.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.
МАД «Б» тобының сахналық көрінісі «Маймақ аю»
1 – жүргізуші:
Жұмбақтар шешу:
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.
(Милиционер)
1 – жүргізуші:
2. Жоқ өзінде бас та,
ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)
2 – жүргізуші:
3. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.
(Жол)
2 – жүргізуші:
4. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.
(Бағдаршам)
1 – жүргізуші:
Патриоттық ән тыңдайық МАД «Д» тобы «Атамекен» әні
МАД «Б» тобының «Бағдаршам» және «Жолда жүру ережелері» туралы тақпақтары.
Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
МАД «Ә» тобының
«Бағдаршам» туралы тақпағын тыңдайық.
Қалада көлік көп,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам.
Бағдаршам біледі,
Бәрін де көреді.
Адам да, көлік те,
Сол шаммен жүреді.
Үлкен біздің қаламыз,
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам,
Көшеде тұр бағдаршам.
Бағдаршам, бағдаршам.
2 – жүргізуші:
Сахналық көрініс:
МАД «Ғ» тобының
«Жолда жүру ережесі» туралы сахналық көрінісін көрейік
«Аю мен Қоян»
Аю көлік жүретін жолмен асығып келе жатып, қатты жүріп келе жатқан көлікке ұрынады. Содан көлік жүріп кетеді, аяғы ақсаңдап аю қала береді.
Қоян:
- Ой, аю саған не болған?
Аю:
- Ештеңе болған жоқ.
- Онда неге аяғың ақсаңдап қалған?
- Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке
жабысамын деп аяғымды жарақаттап алдым.
- Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?
- Иә
- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?
- Баратын жеріме тез жетейін деп едім.
- Тез жетейін деп өзіңе не болғанын көрдің бе?
- Көрдім
- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды
ғой.
- Ал егер асығып тұрсам ше?
- Қаншалықты асығып тұрсаң да, жол ережесін сақтау керек.
- Жол ережесін?
- Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған
ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек.
- Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады?
- Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен
сияқты жарақат алады.
- Қоян, жол ережесі деген не ол?
- Ал сен оның не екенін білмейсің бе?
- Жоқ.
-Енді мына балардың жол белгілері туралы мәліметінен соң «жолда жүру ережесі туралы» білетін боласың.
Балалар қолдарындағы жол белгілері туралы мәлімет айтады.

Бағдаршамды үйрету: әр топтан балалар велосипедшілер және жаяу жүргіншілер шығады.
МАД «В» тобының «Бағдаршам» әні.
1 – жүргізуші:
МАД «А» тобының «Бағдаршам» туралы тақпағын тыңдайық. Бағдаршамның түстерін жағып тұрып айтады.
Қызыл көзін ашқанда,
Аяғыңды баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
2 – жүргізуші:
МАД «Г» тобы хор «Менің атым - Бағдаршам»
МАД «Ә» тобының «Жаяу»
әніне биін тамашалайық
МАД «Е» тобының «Жолдан өткенде» тақпағын
тыңдайық
IV. Қорытындылау
1 – жүргізуші:
Патриоттық ән тыңдайық МАД «А» тобы
Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген