Тақырыбы: "Жол белгілері елінде"
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол белгілері, бағдаршам, жол белгілері суреттері, жол ережесі суреттері, дидактикалық ойын үлестірмелі материалдары.
Билингвалды компанент:Бағдаршам-светофор-
қызыл-красный-red ,сары-желтый- welloy, жасыл-зеленый-green , жол-дорога-
Тәрбиеші:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:
-Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші:
-Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы "Жол ережелері" деп аталады.
Алдымен көңіл-күйімізді көтеру үшін шаттық шеңберін орындайық.
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз
Тәрбиеші:-Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Атап беріңдер.
-Бір жылда төрт мезгіл бар. Олар: Қыс,көктем,жаз және күз.
Тәрбиеші:-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың жаз мезгілі.
- Тәрбиеші:Жаз мезгілінің айларын атап беріңдер.
-Жаз мезгілінің айлары: Маусым, шілде, тамыз.
Тәрбиеші:-Жаз мезгілінің ауа-райындағы қандай ерекшеліктерді білеміз?
-Жаз мезгілінде күн ыстық болады. Балалар суға шомылады. Жемістер мен көкөністер пісе бастайды.
Тәрбиеші:-Балалар, кеше бізге бір хат келіпті , сендерге ашып оқып берейін:
"Біз жол белгілері елінің тұрғындарымыз. Бізге көмек керек. Бізді Кесірбек сиқырлап тастады. Сол себептен біздің елде көптеген жол белгілері шатасып, жол қауіпсіздігі ережелері бұзылып жатыр."
Балалар, бұл елге көмек керек екен. Бұл жағдайда бізге жол полициясы көмек бере алады. Ал, көмекке жол инспекторын шақырған болатынмын.
Әуенмен жол инспекторы кіріп келеді.
Жол инспекторы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:-Сәлеметсіз бе!
Жол инспекторы: -Мен асығып, тез жүгіріп жүріп қайда келгенімді байқамай қалдым. Ал, сендерден сұрап алайын. -Бұл Қызылорда қаласы ма?
Балалар:-Әрине, Қызылорда қаласы.
Жол инспекторы: -Амангелді Иманов көшесі ме?
Балалар:-Иә,бұл Амангелді Иманов көшесі.
Жол инспекторы: -Бұл қай балабақша?
Балалар:-Бұл "Жайна Құлыншақ" балабақшасы.
Тәрбиеші:Жол инспекторы, қош келдіңіз. Сізге хат жолдап шақыртқан біз болатынбыз.
Мына хатта, "Жол белгілері елінде Кесірбек бәрін шатастырып тастағанын жазыпты. Біздің көмегіміз қажет екен. Көмектесуге барамыз ба?
-Әрине көмектесуге барамыз.
Алдымен айтыңдаршы, жолдан өту үшін ең алдамен қандай белгі керек?
-Жолдан өту үшін бағдаршам керек.
Олай, болса мен сендерге бағдаршам туралы тангыстырып өтейін.
Әуенмен Карлсон ұшып кіріп келеді.-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:-Сәлеметсіз бе!
-Мені танымасаңдар, өзімді таныстырып өтейін. Мен жер жаһанды ұшып аралаушы Карлсон боламын. Төбеде ұшып жүрып, түрлі жағдайларды, қызықтарды тамашалап жүремін.
Калсон ортада айналып ұшып жүреді.
Тәрбиеші:-Карлсон, мүмкін мақтанғаныңды тоқтатып, сәл тынығып аларсың? Біз мұнда "Жол белгілері еліне" көмекке баруға дайындалып жатырмыз.
Карлсон:-Иә, иә мен жаңа ғана сол жерден ұшып келе жатырмын. онда жол белгілерінің бәрі шатасып кетіпті. Сол себептен жол қауіпсіздік ережелері бұзылып жатыр. Көмекке мен де барайын. Мен жол белгілерін жақсы білемін. Өтінемін, мені де апарыңдаршы.
Тәрбиеші:- Балалар, Карлсон жол белгілерін жақсы білемін дейді. Өзімізбен бірге апарамыз ба?
Балалар:-Әрине, баруға келісеміз.
Жол инспекторы: -Біз жолға шықпас бұрын, өзімізге көлік таңдап алайық. Көліктің түрлері көп болады. Оны ойын арқылы таңдайық.
Дидактикалық ойын: "Көліктің жолын тап"
Мақсаты: Көлік түрлерін атау. Әр қайсысының өз жүретін жолын тауып жанына орналастыру.
Жол инспекторы: -Осының ішінен қай көлікті таңдаймыз?
Балалар:-Автомобиль көлігін таңдайық.
Жол инспекторы: -Олай болса, барлығың менімен бірге қайталаңдар.
"Автомобиль" жаттығуы
1)Оянамыз
2)Моторды қосамыз
3)Қауіпсіздік белдігін тағамыз
4)Тежегішті тексереміз
5)Автомобильмен жүру.
Жол инспекторы: -Міне, "Жол белгілері еліне де жеттік.
Тәрбиеші:-Мында жол белгілері жатыр екен. Қане, барлығымен танысып, тақтаға орналастырайық. Жол белгілерімен таныстыру.
Мына белгілерді құрастыру керек сияқты, алдымен құрастырып көрейік.
Тәрбиеші:-Балалар, Жол ережесі жайлы білімімізді толықтыру үшін, мына суретке қарап әңгіме құрайық.
Суретпен әңгіме.Балалар суретке қарап әңгіме құрап айту.
1 Ерсұлтан: "Жолдан өткенде үлкен адамның қолынан ұстап жүр"
2 Арсен: "Жол бойында ойнама"
3 "Бағдаршамға қара"
4 "Жолға жүгіріп шықпа"
5 "Жаяу жүргіншілер жолымен өт"
-Ал енді балалар, осы жол ережесі және жол белгілері туралы тақпақтарымызды айтайық.
А.Арсен:
Санап кетсек сіз бен біз
Сан көлікке мінеміз
Тролейбус, трамвай
Автобуспен жүреміз
Ерсұлтан:
Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған
Әліби:
Түнде, күндіз, кеште де
Жөн сілтеймін жолға
Аңғармайсың ештеңе
Анықтама болмаса
Мейіржан:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау-саламат жүреміз
Ә.Арсен:
Ой-щұңқырды алдағы
Қалай өту керегін
Жылдамдықты ал қане
Анық айтып берейін
Тәрбиеші:-Балалар енді сендердің білімдеріңді тексеру үшін мына менің қолымдағы тапсырмаларды орындайық. Ол үшін бағдаршамның шамындағы түстерді таңдап, орындарға бөлініп отырамыз
Карлсон:-Менің де балалармен бірге тапсырмаларды орындағым келеді. Менің қолымнан барлығы келеді. Сендермен бірге жұмыс жасайын.
1)Шырпы қорабынан машина жасау.
2)Бағдаршам жапсыру.
3)Легодан машина құрастыру.
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар балалар! Жол инспекторы, Калсон сендер де жарадыңд ар! Барлық тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар.
-Балалар, біз қайда бардық?
-Біз "Жол белгілері еліне" бардық.
-Балалар, бүгін біз жол ережелерімен танысу барысында нені үйрендік?
-Жолда жүру ережесін үйрендік.
-Қауіпсіздік ережелерін білдік.
-Қандай жол қауіпсіздіктерін білдік?
-Жолдан өткенде үлкен адамның қолынан ұстап өту керек.
-Жолдан жаяу жүргінші жолағымен өту керек.
-Жол бойында ойнауға болмайды.
-Бағдаршамның қызметі қандай?
-Қызыл шамы жанғанда тоқтау керек. Сары шамы жанғанда жүруге дайындалу қажет.Жасыл шамы жанғанда жолдан өтуге рұқсат.
Жарайсыңдар, балалар! Карлсон мен жол инспенторын шығарып салайық.
Сіздерге үлкен рахмет! Сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жолда жүру ережесін сақтаймыз!"

шағым қалдыра аласыз