"Жолда жүру ережесін сақтаймыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жолда жүру ережесін сақтаймыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2.Жол қауіпсіздігін есте сақтауға үйрету,жол ережесі белгілерімен таныстыру. 3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп,жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жолда жүру ережесін сақтаймыз.

Б.К.Казбекова

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі.

Сабақты мақсаты:

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

2.Жол қауіпсіздігін есте сақтауға үйрету,жол ережесі белгілерімен таныстыру.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп,жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам,жол белгілері салынған суреттер.,интерактивті тақта,жол ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе: «Жол травматизмінің алдын алу» атты кітапханалық сабақты бастағалы отырмыз. Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді.Жол тәртібін бұзба,олқатер тудырады.Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп,доп қуалайтыны,шаңғы тебетіні,қалтарыстан жолға шыға келетіннен бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап,әр сабақтан қорытынды жасап отыру міндетті.Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде,жолда жүру ережесін,заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Балалар: Үлгілі,тәртіпті бала

Кітапханашы: Ал енді «Жолда жүру ережесін сақтаймыз»атты кітапханалық сабағымызды бастаймыз.

II.Негізгі бөлім: Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар:

1.Қызыл таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен.(Жол полиция инспекторы)

2.Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды.(Автобус)

3.Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып,алысқа жеткізген.(Жол)

4.Жоқ өзінде баста,ауыз да да, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақта.(Бағдаршам)

5.Арқаным бар тым ұзын,

Ала – алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы ,балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.(Жол)

6.Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта,жүр!»дейді.(Бағдаршам)

Кітапханашы: Бағдаршам өмірімізді жазымыштан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп,тілін алу баршамызға керек.

1.Неге біздің еліміздің қала,ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас енгізілген.Бұл ережесін оқушылар да,үлкендер де,яғни барлық жүргізушілер,көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

2.Балалар,сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен,көрейік. Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:

Жиек жол деген не?(Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?(Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

Тақтада.Қызыл- Тоқта! Сары- Сақтан! Жасыл – Жол ашық!

Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап,кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

«Бағдаршам» әні орындалады.

1-оқушы: Көшеде біз сақ болайық,

Қаймықпасын ата-ана.

Жолда сен бол лайық,

«Жас ұлан» деген атыңа.

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары».

Инспектор:Медбике апамыз бәрімізді емдейді,

Ауырса адамды,аңды да емдейді.

Отырған мынау Медбике апаға,

Айтыңдаршы,кәне кімдер келмейді?

(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған,сыртынан қан шып-шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

Инспектор: Апа,қараңыз мына сұмдықты,

Маймақты кім қыңжылтты?

Медбике: Маймағым,не болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас – көзің де?

Аю: Айтайын, мен жасырмай шынымды – ай,

Сақтап қал, апа жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне,

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Медбике: Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.

Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят-ақ,

Тәртіп керек,біліп ал,жан үшін!

Аю: Медбике апа.инспектор жолдас,енді тәртіпті бұзбаймынКешіріңіздер мені!

Кітапханашы:Бағдар шам жоқ көшелерден қалай өтеміз?



Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса ,көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде,оң жағымызға көз саламыз. Егер оң жақта машина келе жатса,өтіп кеткенше,сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз,бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.Оқушы қалай өтетінін көрсетеді.

2-оқушы: Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады,

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру ескерту белгісі: Қып қызыл ұшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп.

Сәт-сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді жаяу да ,көлікте,

Мен берген белгіні сақтаған,қолдаған.

Тыйым салу белгісі:

Қызылмен боялған, шеңбермін аумақты.

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.

Кітапханашы: Балалар,біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

Қортындылау.

Кітапханашы: Балалар бүгінгі сабақты қорыта келе, деніміз сау,еліміз тыныш,жол тәртібін сақтап,аман-есен жүрелік.Қорыта келе:

Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Қарағанды облысы,Балқаш қаласы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2018
504
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі