400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

жолда жүру нысандары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс –жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1 ЖОЛДА ЖҮРУДІ РЕТТЕУ НЫСАНДАРЫ 27.10.2020

Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс –жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Платформа: Зум

Сабақтың түрі: сұрақ -жауап

Сабақтың барысы:

Көше қиылыстарында, жолда сан мыңдаған жаяу жүргіншілер немесе автокөлікте жүріп жатады. Мұндайда жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де қауіпсіз болатын белгілі бір жағдай жасалуы тиіс. Ондай жағдай жасаудың басты жолы-қиылыстағы жүріс-тұрысты, кезегімен өтуді реттеу болып табылады.

Алғашында реттеушінің қатысуымен жүру реті белгіленді. Онан кейін бағдаршамдарың

Көмегі қажет болды.

Бірте-бірте автокөліктер саны көбейіп, жолда жүруді реттеуде қиынықтар туындаған кезде Бағдаршамның күшімен көшедегі көлік жүрісін реттеу жүзеге аса бастады.

Көлік көп жүретін қиылыстарда, оның бұрылу бағытын көрсететін негізі бағдаршаммен бірге стрелкасы бар қосымша секциялар орнатылады.

Реттелетін көше қиылыстарынан өту үшін арнайы бағдаршамның жасыл жарығында әрі қиылыста таңбалаған жаяу жүргіншілер өткелінен өту қауіпсіз болады.

Бағдаршам болмаған жағдайда арнайы реттеуші керек. Жол көліктердің жүрісін реттеу үшін реттеуші, жол полициясы инспекторы көмекке келеді. Олар көше қиылысының ортасында тұрып, көліктерді кезегімен өткізуге тырысады.

Реттеуші көлік жүрістерін реттеп қана қоймай, ереже талабын бұзатын жүргізушілерге бақылау жасауды да ұмыт қалдырмайды. Демек, көше қиылысында реттеушінің жолда жүруге қатысушыларға беретін нұсқаулары міндетті түрде орындалуға тиіс. Ол қиылыстың дәл ортасында тұрады. Белінде ақ белбеуі немесе сары түсіт күртешесі, қолындағы таяқшасы түнде жарыққа шағылысатындықтан, жан-жағына көрініп тұрады.

Ой қозғау:

  • Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

  • Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3 –топқа бөлініп, сайысқа түсеміз.

КЕЗЕҢДЕР

  • Өз орынды тап!

  • Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы

  • Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)

  • МАИ емтиханы

  • Сен білесің бе?

  • Шығармашылық жұмыс (өлең құрастыру).

Таңдап алған бағдаршамның көздерінің белгілеріне лайықты ма екенін білейік.

1 –кезең бойынша «Орнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды.

Қызыл топ

Сары топ

Жасыл топ

Тәрбиеші: -Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады?

Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерлерінің сауалы»

  • Өздерің қалар алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер?


  1. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла, балалар!) 5 ұпай

  2. Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады) 5 ұпай

  3. Сымға асылып, жүр асығып. (тролейбус) 10 ұпай

  4. Мына көліктер қалай аталады, көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? (өрт сөндіру -01, жедел жәрдем -03, МАИ -02) 10 ұпай

  5. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдынан түсіп, артынан мінеді) 15 ұпай

  6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа) 15 ұпай

  • Балалар, жол ережелер қаласында да қала әліппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз.

  • Ендеше «Жол белгілер» бөлімімізде топ басшылары сайысқа түседі. «Жол ережелері» қаласындағы жол белгілер бойынша білімдері сыналады. Өздерің таңдап алған белгілер бойынша белгілерді тауып жинақтап МАИ бастығына тапсырасыздар.

Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:

Ескерту белгісі: Қып –қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам

Қауіптен сақ бол деп

Сәт сапар жолдаған

Тыйым салу белгісі: Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде халқың жоқ жүруге,

Қауіп бар бағдарла, көз салып жан –жақта.

Нұсқау белгісі: Баратын жерінің бағыты тұратын

Үн –түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

  • Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі. Ендеше келесі 4 –кезеңіміз МАИ емтиханы. МАИ емтиханын сәтті тапсырсаңдар МАИ бастығы жүргізуші куәлігін табыс етеді.

4–кезең: МАИ емтиханы. Сауалнама

1. Жүргіншілер деген кім?

а) Машина жүргізетін адамдар

в) Көшеде жаяу жүретін адамдар

с) Белгілер

2. Мына белгі нені білдіреді?

а) Кіруге тыйым салынады

в) Басты жол

с) Жол беріңіз!

3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

а) Болады

в) Болмайды

с) Білмеймін

4. Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек?

а) Аялдамалардан

в) Кез –келген жерден

с) Дүкен алдарынан

5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс?

а) Кез –келген жолмен

в) Тротуармен

с) Автомобиль жолдарымен

6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?

а) 10

в) 12

с) 14

7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?

а) Ескрту белгілері

в) Көрсеткіш белгілер

с) Тыйым белгілері

8. Мына жол неше қозғалысты?

а) 4

в) 2

с) 1

9. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

а) Сары

в) Жасыл

с) Қызыл

5 –кезең: «Сен білесің бе?» . Бұл кезеңде берілген тапсырмаларды сандар, белгілер арқылы жауаптарын көрсетесіздер. Әр дұрыс жауапқа 5 балдық жүйемен бағаланады.

Велосипед жолы деген белгісін көрсет

«Р» деген нені білдіреді? Тиісті белгісін қой

Қызмет көрсететін белгілерді санмен көрсет.

Келесі соңғы 6 –кезең: «Шығармашылық жұмыс». Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру.

Өлең құрастыру

-------------балалар

-------------тротуар

-------------ұмытпа

-------------сақта!

Жол тәртібі кімге керек –бірге ойланып көрелік,

Әрқайсысың қылығына әділ баға берелік.

Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан,

Әділқазы алқаларда келесі сөз кезегі деп сөзді әділқазыларға береміз.

«Үздік жүргіншілерді» анықтау.

Қорытынды: Қай көше, қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,

Ол ортақ! Үлкен –кіші баршамызға.

Үй тапсырмасы

  1. Көше қиылысында тұрған көліктердің қайсысы жол беруі тиіс?

  2. Реттеушінің киімі қандай? Оны қалай түсіндіресіңдер?

  3. Балалар көшеден өткенде не істеуі керек?

  4. Реттеушінің қимылдарын көрсете аласыңдар ма?

  5. Бағдаршам болмаса, көшеден өту тәртібін түсіндіре аласыңдар ма?

  6. Реттеуші мен бағдаршамның айырмашылығы қандай?



Жолда жүру ережесіне байланысты жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес

9 «ә» -сынып оқушыларымен 2020жылдың 27 қазан күні өткізілген «Жолда жүруді реттеу нысандары» атты топтық сайыс хаттамасы


Қатысуға тиісті: 21

Қатысқаны: 18

Күн тәртібінде:

  1. Оқушылардың жол қауіпсіздік ережелерін сақтауды практикада қолдана алуға ықпал жасау.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Абдикасова Базаркүл сөз алып «Жолда жүруді реттеу нысандары» тақырыбындағы өткізілетін топтық сайыстың мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлерімен оқушыларды таныстырып өтті. Жалпы сабақтың мақсаты:Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс –жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.Сонымен қатар сайыстың кезеңдерімен таныстырып сыныпты «Қызыл», «Жасыл», «Сары» деп 3топқа бөлді. Алғашқы сұраққа Қуаныш Аслан қол көтеріп, сұраққа жақсы жауап берді,Мүсахан Мұхтархан. Болатбек Мардан сабаққа белсене араласты. Келесі кезеңде шығармашылық жұмыс бойынша 4 жолды өлең құрастырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Абдикасова Базаркүл жол қозғалысының адам өміріне қауіпті екендігі және жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтау керек екендігімізді айтып өтті.

Қаулы:

  1. Оқушылардың жеке және жол қауіпсіздік ережелерін сақтаулары тапсырылып, қадағалау жұмыстарын жүргізу сынып тәрбиешісі Абдикасова Базаркүлге жүктелсін.





Хатшы: Какпан Н

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
299
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі