«Жолда жүру ережелері» күнтізбелік тақырыптық
жоспар

Сынып жетекшісі:
Сынып:
2023-2024 оқу жылы
«Жолда жүру ережелерінің» күнтізбелік жоспары
8 – сынып
|
№ |
Айы |
Сабақтардың тақырыптары |
Сағат саны |
Күні |
|
1 |
Қыркүйек |
Жолда жүру ережесін сақтаймыз. |
1 |
|
|
2 |
Қазан |
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік. |
1 |
|
|
3 |
Қараша |
Реттелмейтін көше қиылыстары. Бағдаршам. |
1 |
|
|
4 |
Желтоқсан |
Реттеуші және оның белгілері |
1 |
|
|
5 |
қаңтар |
Жол белгілері және жолға таңбалар салу. |
1 |
|
|
6 |
Ақпан |
Қай жерлерге ойнауға болады және қай жерлерге ойнауға болмайды? |
1 |
|
|
7 |
Наурыз |
Велосипедшілер, мопедшілердің жолда жүру ережелері.Велосипедпен, мотоциклмен жолаушыларды және жүкті тасымалдау ережелер. |
1 |
|
|
8 |
Сәуір |
Темір жол қиылысынан өту. Қала сыртындағы жолдарда жүру ережелері. |
1 |
|
|
9 |
Мамыр |
Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі. |
1 |
|
Сынып сағаты: Көлік құралдарын пайдалану ережелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көлік құралдары
ережелері туралы білімдерін толықтыру, іс – жүзінде асыра білуге
үйрету.
Дамытушылық: Жолда жүру ережелерін ойда
сақтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Тәртіптілікке, сақ болуға,
көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: топтық,
ұжымдық.
Сабақ
барысы:
Оқушыларды шаттық шеңбері арқылы шағын топтарға бөлу.
Оқушыларға негізгі жол белгілерімен танысып білу үшін, тапсырмалар беріледі, балалар шағын жеті топқа бөлу. Мәтін тарату. Балалар әр топта өз мәтіндерін оқып, талдап, флирчартқа түсінгендерін түсіруге тапсырма беру.
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.
Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
ескерту белгілері
-
Басымдылық белгілері. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

-
Тыйым салу белгілері. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына б
елгілі бір
шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды.
Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ
түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер
көрсетіледі.
-
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қ
ызыл
жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде
жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер
салынады.
-
Міндеттеу белгілері. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
-
Ақпараттық-көрсеткіш белгілері. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

қызмет көрсету белгілері. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.


Қосымша
тақтайшалар.
Қосымша ақпараттық белгілер бірге қолданылатын жол белгілеріне
қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш
кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты
белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша)
оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп
орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып
жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль и
нспекциясының келісімімен орнатылады
Шағын топтағы балалар шығып өздерінің жол белгілері туралы айтады. Флипчарттарын қорғайды.
Сабақты қорытындылап, рефлексия жасау.
Сынып сағатының
тақырыбы: Көлік құралдарының аялдау
және тұрақтау орындары
Сабақтың
мақсаты:
1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;
2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана
білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: топтық, ұжымдық.
Әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік әдістер, ойнау әдісі, талдау -
жинақтау
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивтік тақта,
бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер,
макеттер.
Сабақтың
барысы:
Түрі: сайыс сабағы
Сабақ жоспары:
Құрметті оқушылар сынып сағатымызды Шөмішбай Сариев ағамыздың мына
өлең жолдарымен бастағым келеді.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Біздің еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі
енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін
жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Көптеген мектеп оқушылары
жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбіреулері біле тұра жаяу
жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Жол
тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза
тауып, кейбіреулер жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте
оқытылатын жолда жүру ережесін мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды
жасап отыруы керек. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру
ережесін, заңын бұзбайды.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Енді сөз кезегін оқушыларға
берейік
I топ. "Бағдаршам"
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.
II топ. "Жол белгілері"
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
I топ. "Бағдаршам"
(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды.)
Мұғалім: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал
ендеше тыңдап көрелік.
Гүлжаһан: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап
тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына
ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер - механигі Д. Найт болатын.
Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам
орнатты.
Жұлдыз: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы
өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады
да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
Ұлжан: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью -
Йорк, т. б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі
болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл.
1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. Кеңес одағы
бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк
көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.
Ғалымжан: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз.
Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы
әмір сөздері бар.
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
Қарап қалма маңайға дейді.
Думан:
Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Қанағат:
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!
Сауле:
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп - тұруды реттеу қажеттілігі
сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы
Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен
алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол
көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы Америкада электр
бағдаршамы пайда болды.
Райхан:
Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы
басқару жүзеге асырылған. Қазақстанды бағдаршамдар барлық ірі
қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін небары 127 км
ғана жол болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт
жолдарының ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион
км - ден асады.
ІІ топ. "Жол белгілері"
Әділхан:
Үйрен таппай тыным бір.
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең.
Тартар жолың бұлыңғыр.
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
Нұрдана:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.
Айдана:
Жолдар қиылысында
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртіктеп тоспа оны.
Бос болмаса алайда
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып
Ол өткенше тос тұрып.
Нұрсұлтан:
Сақтандыру белгісі:
Қып - қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам,
Қауіптен сақ бол деп
Сәт - сапар жолдаған.
Гауһар:
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан - жақты.
Дидар:
Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартыңды міндетті орында!
Жаңылсын:
Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады.
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Олай болса оқушылар бағдаршам ойынын ойнап көрейік. Ойын
жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың
қаншалықты жинақы екенін байқайды.
Ойын шарты:
1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір
орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
Мұғалім:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Сергіту сәті: Оқушылар Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
Министрлігінің Жол полиция комитетінің тапсырысы бойынша жасалған
«Жолдос көмекке асығады» мультфилимін тамашалаймыз.
Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер.
Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса, қазір жұмбақ
шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1 - жұмбақ:
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2 - жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3 - жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Викториналық сұрақтар.
1 - сұрақ. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Жауап: Кез - келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2 - сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол
қоғалысын реттейді.
3 - сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге
болады?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4 - сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмауы мүмкін, ондай жағдайда
жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама - қарсы бағытта
жүрген жөн.
Қорытынды:
Мұғалім: Қымбатты оқушылар! Оқушылар жолда жүру ережесімен
таныстыңдар. Олай болса, оқушылар жолда жүру ережесін әрқашан есте
сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.
- Балалар, жол ережесін сақтаңдар! Аман жүріңдер! Қазір барлығымыз
ән айтайық!
«Әрқашан жолың болсын!» әні.
Көңіліміз күндей күліп,
Жүректерде гүлдейді үміт.
Өмір сүру мүмкін емес
Жол тәртібін білмей тұрып.
Әрқашан жолың болсын!
Жаныңа шаттық толсын!
Қасыңда болсын анаң,
Болайық біз де аман.
Балғын жаспыз, жас ұланбыз,
Гүл боп жаңа ашылғанбыз.
Жол тәртібін есте сақтап,
Болашаққа асыға
Тақырыбы: «Көшедегі қауіпсіздік»
Мақсаты:
Білімділік: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін
пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді
жалғастыру.
Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен
олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп
сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау
қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық
қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бағдаршам, аудио дыбыстар, венн
диаграмма, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер,
теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету, мультфильм, жол макеті,
әуендер.
Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер.
Методикалық әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ән,
қайталау, көркем сөздер, сұрақ - жауап.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік - безопасность, бағдаршам -
светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход, тыйым
салатын белгілер – запрещающие знаки.
Инклюзивтік әлеумет: Тілді жетік түсінбейтін бала аңғарымдылығын
арттыру, ұялшақ балаға көмек беру.
(Аудио дыбыстар естіледі, көше, көліктердің)
Шаттық шеңбері: (балалар бірге айтады)
Алтын сәуле арайлы.
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
Қайырлы таң қонақтар!
- Сәлеметсіздер ме?!
Тәрбиеші: Біздің тобымыз: - «Қызғалдақ»
Ұранымыз:
- Ережені білеміз,
Көшеде еркін жүреміз.
Біздің ұран осындай,
Сіздерге айтып береміз.
Біз бақшаға барамыз.
Оқу білім аламыз.
Тәрбиешінің айтқанын,
Есте сақтап аламыз
- Айтыңдаршы балалар, біз автобуспен қайда саяхат жасадық?
Көшеге саяхат жасадық
- Көліктер қайда жүреді? - Жолда.
- Көшедегі жолдар қандай болады екен? - Ұзын, қысқа, тар - кең
- Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді? - Жаяу
жүргіншілер.
Қазір қай мезгіл? - Күз мезгілі.
Күздің қандай аттарын білесіңдер? - Қоңыр күз, маужыраған күз,
алтын күз, берекелі күз, жемісті күз, салқын күз. қара күз.
Ендеше теледидарға қарайық. Слайд көрсетіледі
Өлең оқу:
Жапырақтар ұшады,
Айналады дөңгелеп.
Жапырақтар түседі,
Желмен бірге желбіреп.
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар ойнайды,
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
Қане, күз мезгілінің ерекшелігін айтып жіберейікші.
Жапырақтар сарғайып, жел тұрады, жаңбыр жауады, күн суытады.
- Қандай дыбыстарды естідіңдер?
- Ш - ш - ш - ш — жапырақтардың шулағанын.
Тырс - тыр жаңбыр жауғанын, желдің гуілдегенін, у - у - у - у.
(Балалардың жауаптары).
Күзді орысша не дейміз? - Осень
Тәрбиеші:
Балалар, біз бүгін сендермен «Қоршаған ортамен таныстыру» оқу іс -
әрекетінде көше қауіпсіздігі жайында айтамыз.
Айтыңдаршы, балалар!
Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?
- Бізді қауіптен қорғау.
Слайд: «Сақта жолдың тәртібін» (жәй әуеннің дауысы естіліп
тұрады).
Тәрбиеші:
Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек
болмайды. Себебі бағдаршамға бағынып жүру тәртібін қатаң сақтаған
адам өз өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.
Сұрақ - жауап алу.
Үлкен жолда доп ойнауға, велосипедпен көшеде жүруге бола ма?
Балалардың жауаптары.
- Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма?
Ой толғаныс: «Венн диаграмма»
Ортақ қасиетін салыстыру. Ескерту, тыйым салу, меңзеу (нұсқау)
белгілерін орындарына атап қояды.
Балалар белгілерді дұрыс қойып, қызыға ойнады.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік - безопастность, бағдаршам -
светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі - пешеходный переход, тыйым
салатын белгілер - запрещающие знаки.
Дұрыс, жақсы айтты.
|
Сабақтың тақырыбы |
Жолда жүру ережесін сақтаймыз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мақсаты |
Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бағдаршамның суреті, әр түрлі жол белгілерінің суреттері. Қолданылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, талдау, проблемалық сұрақтар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі. |
Жұмбақ. Көзін ашып жұмады Бағыт сілтеп тұрады. /бағдаршам/ Оқушылар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері оқылады. Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр, Деп тұрғандай: «Адамдарға жол ашық!» Кезек ашып, жұмғанында үш көзің Қалт жібермей, орында дәл, тос
өзін. Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Жолда жүру ережелері»
күнтізбелік тақырыптық жоспар
Сынып
жетекшісі: Сынып:
2023-2024 оқу
жылы
«Жолда жүру ережелерінің»
күнтізбелік жоспары 8 –
сынып
№ Айы Сабақтардың тақырыптары Сағат саны Күні 1 Қыркүйек Жолда жүру ережесін сақтаймыз. 1 2 Қазан Жол
тәртібін білейік, аман-есен жүрейік. 1 3 Қараша Реттелмейтін көше қиылыстары.
Бағдаршам. 1 4 Желтоқсан Реттеуші және оның белгілері 1 5 қаңтар Жол белгілері және жолға
таңбалар салу. 1 6 Ақпан Қай
жерлерге ойнауға болады және қай жерлерге ойнауға
болмайды? 1 7 Наурыз Велосипедшілер, мопедшілердің
жолда жүру ережелері.Велосипедпен, мотоциклмен жолаушыларды және
жүкті тасымалдау ережелер. 1 8 Сәуір Темір жол қиылысынан өту. Қала
сыртындағы жолдарда жүру ережелері. 1 9 Мамыр Жаяу
жүргіншілер қауіпсіздігі. 1
Сынып сағаты: Көлік
құралдарын пайдалану ережелері Сабақтың
мақсаты: Білімділік: Оқушылардың көлік құралдары
ережелері туралы білімдерін толықтыру, іс – жүзінде асыра білуге
үйрету. Оқушыларды шаттық шеңбері
арқылы шағын топтарға бөлу. Оқушыларға негізгі жол белгілерімен танысып білу
үшін, тапсырмалар беріледі, балалар шағын жеті топқа бөлу. Мәтін
тарату. Балалар әр топта өз мәтіндерін оқып, талдап, флирчартқа
түсінгендерін түсіруге тапсырма беру. Жол
белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік
жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат
беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы
белгілер. Жол
белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол
белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы
Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971)
талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы
КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан
республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы
ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде
анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа
бөлінеді: ескерту белгілері Басымдылық белгілері. Басымдылық белгілері көше
қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін
белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол
белгілерінен тұрады. Тыйым салу белгілері. Тыйым салу белгілері
жолдағы көлік қозғалысына б Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің
жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қ Міндеттеу белгілері. Міндеттеу белгілері бір
бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат
етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері
бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті,
пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден
тұрады. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері.
Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін
енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да
нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері,
пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету
белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан
қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік
төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі,
ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер
көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12. қызмет көрсету белгілері. Ақпараттық-көрсеткіш
белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін
жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы
туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр
түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және
жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары
туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып,
жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында
нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы
саны – 12. Қосымша
тақтайшалар.
Қосымша ақпараттық белгілер бірге қолданылатын жол белгілеріне
қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш
кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты
белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша)
оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп
орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып
жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль и Шағын топтағы балалар шығып өздерінің жол
белгілері туралы айтады. Флипчарттарын қорғайды. Сабақты
қорытындылап,
рефлексия жасау.
Сынып сағатының
тақырыбы: Көлік құралдарының аялдау
және тұрақтау орындары Енді сөз кезегін оқушыларға
берейік Айдана:
Тақырыбы: «Көшедегі қауіпсіздік»
Сабақтың тақырыбы Жолда жүру ережесін
сақтаймыз. Мақсаты Жолда жүру ережесін дұрыс
түсініп оны пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды жауапкершілікке,
сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға
жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Сабақтың
көрнекілігі: Интербелсенді тақта,
бағдаршамның суреті, әр түрлі жол белгілерінің
суреттері. Қолданылатын
әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, талдау,
проблемалық сұрақтар Мұғалімнің кіріспе
әңгімесі. Жұмбақ. Көзін ашып
жұмады Бағыт сілтеп тұрады.
/бағдаршам/ Оқушылар жұмбақтың жауабын
шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері
оқылады. Бағдаршам қамқорыңдай
жанашыр, Деп тұрғандай: «Адамдарға жол
ашық!» Кезек ашып, жұмғанында үш
көзің Қалт жібермей, орында дәл, тос
өзін. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||













