Мұғалім:
Утепова
Айгерим
Мерзімі:
14.01.2019ж.
Сабақтың
тақырыбы: Жолдан сақ
бол!
Сабақтың
мақсаты:
1.Оқушыларға көше қатынасы
ережелерін меңгерту;
2.Есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3.Оқушыларды жол ережелерін
бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: сайыс сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: жол ережелерінің, бағдаршамның
суреттері
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
-Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін
сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Мұғалім сөзі: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп
келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе
түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп
келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да
жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше
тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының
зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген
мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.
Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жолда сақ бол » атты
жол ережелеріне арналған сынып сағатын
өткіземіз.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті
белгісі бар оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер - «Сарылар», жасыл
түстілер – «Жасылдар».
Сайыс 3-кезеңнен тұрады. Олар:
1.Әр топ басшысы өз тобын
таныстырады;
2.Мықты болсаң тауып
көр;
3.Жұмбақтар
шешу.
1-кезең.
«Қызылдар» тобы:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы:
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы:
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
2-кезең. Бұл кезеңде әр топқа бір сұрақтан
қойылады.
-Балалар, көшедегі жүру тәртібін не басқарады,
білесіңдер ме?
Бағдаршам.
-Ал, бағдаршамның неше көзі
бар?
Үшеу.
-Бағдаршамның көздерінің түсі
қандай?
Қызыл, сары, жасыл.
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бағдаршам – өмірімізді
қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу
баршамызға ортақ.
3-кезең. Ал, балалар, енді жұмбақ
шешейік.
1.Көше бойлап
аяңдайды,
Адам тасып
аялдайды.
(Автобус)
2.Көліктің қаншасын үстінен
өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
(Жол)
3.Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ
та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)
Сабақты қорытындылау
Мұғалім:
Бүгін
сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білетін ойларыңызды
көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін
сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да
Қай көші, қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен-кіші баршаңызға-дей келе бүгінгі
сынып сағатымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп-көп
рахмет! Сау болыңыздар!