жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жөлек тархынан
Мұсаев
Қайрат Қыдырәліұлы

ҚР Білім беру ісінің Құрметті Қызметкері
Қызылорда облысы,Шиелі ауданы
Жөлек қашан пайда болған ?
1810 жылы ағасы Әлім ханның орнын басқан Омар хан Ұратөбені, Түркістанды алып, 1818 жылы өзін Әмір ул-мүсілімін (мұсылмандардың билеушісі) деп жариялайды. Сыр бойына жасалған қоқандық басқыншылық тарихы осы Омар ханның есімімен тығыз байланыста өрбіді.
Орта жүз хандарының ордасы болып келген Түркістанды 1816 жылы Омар хан жаулап алды, басқыншыларға тойтарыс бере алмаған қала билеушісі Тоқай Темір қашып құтылды.
Қоқандықтар Түркістан қаласын басып алғаннан кейін, Cыр бойындағы қоңырат, бестамғалы руларына ықпалын жүргізу үшін, бекіністер сала бастады. Алғашқы қоқандық бекіністер Омархан (1809-1821) кезінде салынған.
Олардың салынған уақытын көрсетуде Т.А. Бейсембиевтің мәліметтерінде қоқандықтар 1814 жыл Шолаққорған, 1815-1820 жылдары Күмісқорған, Жаңақорған, Жөлек бекіністерін салған. Қоқан хандығының өз ішінде басталған билік үшін саяси текетірес кезінде қоқандықтар басып алған Сыр бойындағы бекіністерді Кенесары ханның кері қайтару жоспарлары болды. Бекіністерге шабуыл жасауға қазақтардың өзі ұсыныс жасады. 1845 жылы орыс әскеріне қолға түскен Кішкенбай Бекбасаров Сыр бойындағы қазақтарға қатысты «Қоқан ықпалынан қысым көрген қазақтар Кенесарыдан көмек сұраған. Олардың өтініштеріне орай, Кенесары 4000 адам жинап, Қоқан хандығына аттанды. Ол төрт бекініске шабуыл жасады: Жөлек, Жаңақорған, Бабайқорған, Тұрсынбайқорған. Сонымен бірге Ақмешітті төрт күн қоршап тұрды» деп хабарлады. Бекіністе тараған ауруға байланысты, қоршауды тастап, Сарысуға оралуға мәжбүр болды. Шабуыл кезінде Кенесарының бірнеше адамы ауруға шалдығып, қайтыс болды». 1845 жылы желтоқсанда Түркістаннан Ақмешітке дейінгі аймақта және Кенесары ауылдарында тырысқақ індеті тарап, Ақмешітті қоршау кезінде Кенесарының баласы Жапар сұлтан да ауруға шалдыққан. Ақмешіт бекінісіне жасалған шабуылдан кейін Кенесары қосынында басталған тырысқақ індетіне байланысты күнде бір жылқы құрбандыққа шалынған. 1847 жылы Кенесары хан қаза тапқаннан кейін Түркістан төңірегіне қоқандық ықпал бұрынғыдан да күшейе түскен.
Қоқан иелігіндегі қазақ жерлеріне жүргізілген барлау мәліметтері бойынша генерал-майор Ладыженский 1852 жылдың 21 тамызында Орынбор шекаралық комиссиясына, Орынбор генерал-губернаторына берген хатындағы деректерге сүйеніп, Сыр бойында Қоқандық бекіністердің салынған мерзімін анықтай аламыз. Ондағы деректерге сүйенсек, қоқандықтар Түркістан қаласынан бір күншілік жерде Жаңақорған, одан бір жарық күндік жерде Жөлек, одан екі күншілік жерде Ақмешіт, оған жақын жерлерге Күмісқорған, Қосқорған және Шымқорған бекіністерін салған.

Ақмешіт бекінісі. Перовск. Укрепление
Описание старой
фотографии: В
1853 году русские войска под командованием генерала В. А.
Перовского взяли штурмом кокандскую крепость Ак-Мечеть, которая
впоследствии была переименована в форт Перовский (с 1867 г. город
Перовск, в настоящее время – Кызылорда).
"16–20-ое августа [1866-го года] – пробыли в форте Перовском. По
наружности он производит довольно приятное впечатление. Дома
выстроены хорошо; кое-где есть и исправные полы. Хорошим постройкам
в форте немало содействует большое изобилие в окрестности так
называемых здесь лесов, которые, в случае крайней нужда, могут идти
на постройки. Впрочем, самая толстая джигда, которую мне
приходилось здесь видеть, не превосходила в диаметре двух вершков.
Зато топлива множество, что и доказывается тем, что джигиль и
джигда в большом количестве могут существовать около самой нашей
колонии. Луга, огороды и вообще угодья очень хороши. Рыбы много.
Только Сыр (река Сырдарья) чрезвычайно мутен против форта".
Описание укрепления составлено А. К. Гейнсом («Дневник 1866 года.
Путешествие в Туркестан»). Иллюстрация из «Туркестанского альбома»,
выпущенного в 1871–1872 годах по распоряжению Туркестанского
генерал-губернатора К. П. фон Кауфмана.
http://www.etoretro.ru/pic56334.htm

Жаңақорған бекінісі. Описание старой фотографии: Цитадель кишлака Яны-Курган.
http://www.etoretro.ru/pic166311.htm

Описание старой фотографии: Укрепление Джулек. «Туркестанский альбом» (1871—1872)
Вид Джулека издалека очень красив. Из середины укрепления поднимается высокая башня красивенькой церкви и протягивается невысокий, но хорошо содержанный вал. Около укрепления виднеется густой сад, оставшийся от кокандских времен. Согласно практическому вкусу азиатцев, этот сад состоит из осин и тала — деревьев, годных на постройки.
https://rbsysnn.livejournal.com/360518.html
Фотода бекіністің қоршауын қоқандықтар саз балшықтан тұрғызған және сыртына жағалай саялы ағаштар отырғызғаны көрінеді. Бекіністің ішінен орыс әскерлерінің салған шіркеуінің мұнарасы мен әскери казармалардың шатырларын байқаймыз. Сонда шамамен 1815 жылдары салынған Жөлек қорғанын 1853 жылы орыстар қоқандықтардан соғыссыз тартып алып,1861 жылы патша әскерінің гарнизонына айналдырған.

Православная церковь в укреплении Джулек. Мы оглянулись на Джулек,
проехавши версты две. Высокая прекрасная церковь укрепления виднелась еще издали; в этой церкви
помещается только молельня, нет престола и иконостаса; мудрено ли, впрочем, когда самый форт
основан в 1861 году. Джулек имеет все выгоды военного укрепления, только подмывается по временам
Сырдарьею. Эта быстрая река производит здесь большие чудеса: то меняет русло, то раздвояется на
рукава. (П. И. Пашино. Туркестанский край в 1866 году. Путевые заметки)
Жаңақорған, Жөлек, Ақмешіт бекіністері 30 жылдан сәл ғана астам уақытта, Шымқорған 25, ал Күмісқорған мен Қосқорған 15 жыл бұрын салынған. Ақмешіт 1818 жылдары салынған деп дәлелденген.Сонда Жаңақорған бекінісі 1813, Жөлек бекінісінің салынған уақыты 1815 жылға тура келеді.
Жақындап қалған орыс әскеріне қарсы қорғанысты күшейту мақсатында қоқандықтар 1850 ж. Жөлек бекінісін нығайтты. 1853 жылы орыс әскері Жөлекті алса, қоқандықтар Жөлек пен Түркістан аралығындағы қазақтарға ықпалын жоғалтпау үшін Жаңақорған бекінісін күшейтеді.
Бұл бекініс «қоқандық баскесерлердің ұясы» болғандықтан талқандалды. Оның орнына салына бастаған Дінқорған бекінісі де орыс әскерлері тарапынан қиратылды. Осылайша, 1864 жылдың сәуірінде орыс әскерінің алдыңғы шебі болған Жөлек пен Түркістан қаласының арасындағы 190 верст аумақта қоқандықтардың бір де бір бекінісі қалмаған.
1853 жылы Ақмешіт түбіндегі шайқастан кейін Ресейдің Сыр бойында соғыс қимылдары тоқтап, Жетісу жеріндегі әрекеті белсендірек болған еді.
Пайдаланылған материалдар «Менің Отаным – Қазақстан» сериясы аясында жарық көрген «Жаңақорған» ғылыми-көпшілік кітабынан алынды.
Орыс саяхатшысы әрі жазушы Пашино Петр Ивановичтің (1836-1891) «Туркестанский край в 1866 году» атты жолжазбасының «Укрепление Джулек» атты бөлімінде [302, 53-62] Бұхар әмірінің Жөлекке сапары, ислам дінінің таралуы, бақсы емі, қазақтардың көктас қоюы қамтылған. «Форт Джулек основан в 1861 году. Джулек имеет все выгоды военного укрепления, только подмывается по временам Сырдарьею. Эта быстрая река производит здесь большие чудеса: то меняет русло, то раздвояется на рукава» - деп жазады. Енді Жөлек бекінісінің гербіне үңілсек, ол туралы мынадай деректер табылды: «Укрепление Джулек (Джюлек) в 1850-х годах отвоевано российскими войсками у Кокандского ханства. Было укреплением
в составе Сырдарьинской линии. Ныне по-казахски именуется "Жолек" и является аулом.

Cуществовал проект герба Джулека 23.02.1867 года, в золотом щите изображалась червленая башня с проемом, сопровождаемая тремя зелеными листьями»-деп көрсетеді. Материалы геральдического архива В.Маркова,
рисунок подготовлен для "Геральдикума" Ю.Калинкиным
Қорыта келгенде Жөлек ауылының тарихы 19 ғасырдың 1815 жылынан басталады деуге толық дәлелдер бар.
Ал енді Жөлек ( Жулек, Джулек, Джюлек) атауының пайда болуында түрлі болжамдар айтылады. Дегенмен Жөлек атауы «желек» сөзі негізінде аталып кеткен деуге негіз көбірек.Өйткені Қоқандықтар 1815 жылы қорғанды тұрғызған кезде оның ішіне, айналасына түгел тал, терек ағаштарын отырғызған. Жемістерден жүзім, алма, шие, өрік т.б өсірген. Бақша өнімдерін еккен. Архив материалдарындағы жазбаларға сүйенсек Сыр бойындағы Жөлек аумағындағы табиғаттың кереметтігіне сүйсінген дәлелдер көп. Саялы ағаштармен қоршалған Жөлек қорғаныының әсемдігі , оның жасыл желегі алыстан көз тартатыны айтылады. Сонымен қатар Жөлек қорғаны маңындағы жергілікті қазақтар отырықшы болып, егін шаруашылығымен айналысып, түрлі жемістер отырғызған,қолөнер,өнеркәсіп дамыған. Жөлек 19 ғасырдың басындығы Сыр бойында өркениет пен сауда-саттықтың дамуында алғашқы елді мекендердің бірі болғандығы ақиқат шындық.
Демек, сырға толы Жөлектің тарихы Қызылорда мен Шымкенттен әріде, Түркістаннан беріде жатқанын байқаймыз. Қасиетті мекен Жөлегімізді қадірлей білейік, тарихынан тәлім алып, бүгінгісімен марқайайық. Жылдан-жылға еліміздің абыройы артып, туған жеріміз түлей берсін, ұрпақтарымыз ұлағатты болсын, абырой мен азаматтық биігінде көрініңіздер!
Жөлек ауылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген