Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жолың болсын,жас түлек!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы педагогтарға, бітіруші түлектерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жолың болсын,жас түлек!

«Аялаған алтын ұя мектебім», – деп ,кеше ғана тарыдай болып кірген, бүгін болашағынан үлкен үміт күттірген таудай азаматтарымызды үлкен өмірге қанаттандырып отырмыз!!!

Әр баланы қолынан жетектеп алғаш мектепке алып келгенде ата – аналардың жүрегі қалай толқыса, ұлағатты ұстаздың алдына үлкен үміт пен арман арқалаған шәкірттеріміз 11 жыл бойы алған білімдерінің жетістігін жетелеп, ата-аналарының үмітін арқалап, бүгін мектеп бітіріп, үлкен өмірге қанат қағып барады. Баланың жеткен жетістігі ата-ананың абыройы, келешекке деген үміті. Ал ұстаз үшін он бір жыл бойы білім нәрімен сусындаған оқушы білімі – оның көрсеткіші. Жетекшілік етіп, өз баласындай көрген оқушы жетістігіне ұстаздарының да жүрегі дәл ата-ана көңіліндей толқып тұр.

Ұстаз үшін әрбір оқушының мінез-құлқы, өзін-өзі ұстауы мен ортаға алғаш бейімделуін бақылап, қобалжығанда бірге уайымдап, баланың толқыған көңіл-күйіне демеу болып, бес саусағындай танып, алақанында аялап, мәпелеп, бәйгенің атындай баптап, ыстығы мен суығына төзіп, мектеп бітіретін жылы сырлас досына айналады. Шәкірт пен ұстаздың арасындағы рухани қарым- қатынас осылай қалыптасады. Шәкіртіне нұсқаушы бола білген ұстаз есімі ұлағатқа айналады.

Биыл біздің мектебімізді 65 оқушы жалпы орта білім курсын аяқтап оқушы отыр. Соның ішінде 9 оқушымыз «Алтын белгі» төсбелгісі иеленсе, 4 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.

Мектеп абыройын асқақтатып, «Алтын белгі» иегері атанған оқушыларымыз түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. Көптеген ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарды қанжығасына байлап, мектебіміздің, ауданымыздың, қаламыздың абыройын асқақтатқан оқушылар.

Мектеп мерейін үстем еткен, ата-ана үмітін ақтай білген шәкірттерімізге ақ жол тілей отырып, болашақта үлкен маман иесі атанып, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қоса берсін дегіміз келеді.

Алматы қаласы

59 мектеп –гиназия директоры

Касымова Айжан Тойбекқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.06.2021
576
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12